ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
БІРІНШІ БӨЛІМТУҒАН АПАН І
Құдіретті «тергеушім», өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Атым – Биғабіл, әкем – Жаппар ғой. Жаппардың әкесінің әкесі – Балпаң деген кісі, алыпсоғар би де, азулы бай да болған екен. Балпаңның Құрман, Бекназар, Құлназар, Байназар деген төрт ұлы болыпты. Құрман – тұңғышы, Жаппардың әкесі. Ол ерте үйленіп, қырық-отыз қоймен бір ат енші алып, төрт қанат керегелі отауымен бөлініп шығыпты. Қойдан қоңыр мінезімен, қоңыр күйлі домбырашы болған екен. Ондайға мал құралған ба, ұзамай бай інілеріне жалбарынды күйге түсіпті. Солардың астығын диірменге апара жатқанда түйеден жығылып, мерт болыпты. Қырық жасқа жетер-жетпестей ғана өмір көріпті. Балпаңның байлығы қара шаңырақ иелерінде – кішілерінде қалған екен. Мал шаруашылығымен айналысатын халықтың жер-суы малға тиеісілі меншік қой. Мал қай жаққа кетсе, жер-су да сол жақта болмақ. Құрманның оншақты қойы жер-суға таласа алсын ба, «жетісі» мен «қырқына» жетпей құрыпты. Одан қалған кішкентай-кішкентай үш жетім, қып-қызыл борбайларын отқа қақтап отырып та қалыпты. Оның ішінде отқа мініп отырса да жыламайтын естиярлауы Жаппар екен. Ал, оның Айсапа, Нұрсапа дейтін інілері әкесі өлісімен-ақ қылмысқа кіріптар болыпты. Жылауық болып алыпты. Қасіреттен өлгелі жүрген шешенің құлағын ыңғырулап, миын шұқып жегендей күндіз-түні бебеулеп кеп отырады екен. Егін салмайтын малшы ауылдың балалары малдан айырылса, тамаққа жари ма! Оның үстіне бүтінірек киімдері де жоқ, оларға желді сүркей күндері қырық шоқпыт киіз үйдің көмусіз іргесі қандай айбынды. Тергеушінің қабағындай ызғардан қысылған кішкене қылмыстылар бүрісіп отқа тығылады екен. «Қарның ашса от жақ», «тоңсаң от жақ!» – дейді екен шешесі. Тозған шүберекке тері жапсырудан қолын босата алмай отырып, төмен қараған бойы, жылағандарын осы нұсқауларымен жұбатқан болады екен. Бұл сөзді ұғарлық Жаппары отынға жүгіреді екен сонда. Он шақты тал шырпыдан ала, апыл-ғұпыл қайта жүгіріп кіріп: – Апа, насыбайым тоңып кетті! – деп дірдек қағып, отты аяғымен көсеп-көсеп жібереді екен. – Аяғым ғой еш нәрсе болған жоқ. Бұтым!.. Маған шалбар тігіп берсең, отынды үйіп тастаймын! Жастай әжім басып мейіздей семген Мейіз ана Жаппарының «көсеуіне» көзінің астымен қарап қойып, ауыр күрсінеді екен! – Үлкен үйден бір қойдың терісін сұрап әкеліп, оған и жағып қойдым. Екеуіңе шалбар шығады. Мұны естіген Жаппар жалаңбұттың қуанышы қойнына сыймай, далаға – отынға және жүгіре жөнеледі екен. Сөйтіп жүріп қылмысқа белшесінен батыпты: кіші әкелерінің қой–қорасының төбесі тесік-тесік болыпты да қалыпты. Оған жапқан бұта-шырпыларын шөкімдеп ұрлап тауысыпты. Сөйтіп, отынмен азын-аулақ қамдай алса да, үйдегі азан-қазан құрсақ дауын кішкене Жәкең шешіп бере алсын ба? Мейіз ана өзінің иесіз үйінің жұмысын тастай салып, еріксіз жүгіреді екен де, бай қайындарынан жәрдем сұрауға кетеді екен. Қайындары ұялғандарынан азын-аулақ көмек етсе де «көмектің» ақыры Мейізді күңдікке айналдырыпты: абысындары кезек-кезек жұмысқа салатын болыпты. Оны істемесе, үйдегі күшіктері күн көрсетер ме! Жесір ананың өмірі үшін, дүниеде жас жетімдердей жауыз қылмыскер жаралмаған болса керек. Өйткені, олар қарыны ашқанда ананың жүрек-бауырын суырып, миын сорады ғой. Сөйтіп, Мейіз ананы күңдікке салушы – үйдегі үш қылмыскер. Бұлардың ең үлкені – менің әкем Жаппар болады. Балқаш көлінің шығыс солтүстік жағында Тауқұм деп аталатын шағыл-шағыл құм болады. Біздің ата-бабаларымыздың қыстауы сонда. Оқшауырақ жерден қазылып, құм басып қалмауы үшін айналасына тал тоқып шегенделген таяз құдықтан біздің ауыл су ішеді екен. Сол құдықтан су алып дағдыланған Мейіз ана ернеуіне қатқан түйетайлы мұздың қатеріне қарамай, іңірде де су тасып жүреді екен. Ақшұнақ аяздың шақылдап тұрған бір кешінде Мейіз ананың аяғы тайып кетіп, сол құдыққа күмп беріпті. Ет пісірім уақытқа дейін қайтпағанын еске алған адамдар жүгіріп келіп құдықтан үн-түнсіз жатқан Мейіз ананы көреді. Құдықтан әрең шығарысып, көтеріп үйіне әкелгенде ол шала жансар екен. Үш баласы үш жағынан жабысып шуласа да үні шықпай үзіліпті. Әділетті «тергеушім», ақ-нақақты адамзатта сіз ғана айырар деп сенемін. Осы үлкен шешемнің өз құрсағынан шыққан балаларын зар қақсатып, ләм демей рақымсыз ызғарлы күйінде кетуін қарашы, не деген тасбауыр еді! Кішкенелерін есіркемей, тым болмаса маңдайынан ақтық рет бір сипамай, бір жібімей тас болып қатып, панасыз, иен құмға тастап кетуін қарашы!.. Неткен рақымсыз қылмыс.
ІІ
Қорғансыз қалған үш жетімді қолдарынан жетелеп, үш әкесі үш үйге әкетіпті. Бұл кезде үш бай қыс қысыммен бір шұңқырда отырса да, жаздай жайылған үш ауыл екен. Өздерінің мүсәпір суық лашығынан бай да, жылы үйлерге кіргендіктеріне қарамай, «әке-шешесін жұтып алған» бұл үш қылмыстының сойқаны тағы түгемепті. Үшеуі үш үйде жылапты. Неден екені белгісіз, бай үйлері өз үйлерінен де кедей, өз үйлерінен де суық, өз лашықтарынан айтуға тіпті тіл жетпестей тар көрініпті. Бірін-бірі іздеп тұра-тұра қашады екен. «Жәкетайымның қасына барып қайтайыншы» деседі екен. «Жәкетайы»: «Нұркештің қасына барайыншы!», «Айкенмен бірге жатайыншы» деп жалбарынады екен. Мұндай күнәлі жалбарынуды кім тындасын. Асырап алған шешелері «жат» деп жұлқып әкеліп, ауыз үйдегі әлде бір малайдың қойнына тыға салады екен. Жәкең сонан соң сыбырлап қана малайға жалынады екен: – Ағатай, мен ақырын барып қана көріп келейінші! Сен үндемесең, төр үйдегілер білмейді ғой! Малай да сыбырлап жұбатады екен: – Сен қазір барма, ана үйлер жатып қалды, күндіз ойнаған болып барып көр!.. Түнде жүрсең қасқыр жеп қояды. Содан соң кіші әкең мені өлтіреді. – Ағатай, кішкенемін ғой! Түнде қасқыр мені қайтып көреді. Ал, күндіз болса, мыналар көріп қояды. – Қасқырдың көзі түнде шам сияқты жарқырап кетеді, битті де көреді. – Олар бит жей ме? – Жоқ, қойды бит сияқты сығып жейді. – Аузы үлкен бола ма? – Үлкен болады. Әрбір тісі атаңның асасындай болады. – Кеше кіші апам мені сол асамен бір салды. Қиын қатты екен. Басым ісіп кетті, міне, міне! – Малай оның басын сипап көріп, кеңк ете түсіпті де құшақтап қатты қысып, арқасын сипалай беріпті. Сол түннен бастап Жаппар сол Малайға бауыр басып, сонымен бірге жатып, күндіз де соны маңайлап жүретін болыпты. Бұл малай Жаппардың атасы – Балпаңмен бір туысқан Майлы деген кісінің баласы – Құйқа еді. Жаппар бір қылмысты Құйқадан үйреніпті: Айсапа мен Нұрсапаны көру үшін Құйқаның үйреткен әдісі бойынша жүретін болыпты. Бірақ, бір-екі реттен кейін бұл қылмысы да әшкере болып қалыпты. Інілерін бірнеше тамдардың сыртынан айналып барып, ұрлап көріп жүреді екен. Бір күні Айсапаның қасына енді жете берген Жаппарды «кіші апасы» аңдып барып шап беріп ұстап алыпты да, құлашын кере-кере бірнеше лақтырып, үйіне жеткізіпті. Іздеп баратын аға да, көре салып ұмтылатын іні де осы қорқынышты жазадан үн қоса бақырып, талай рет жылапты. Ақырғы бір ретте үлкендердің бірі көріп, әйелдерге ұрысқан болса керек, ол лақтыру жазасын тоқтатыпты да, желкеден ғана жітірмелете түйгіштеп, қалтарыстарда бір-екі ғана домалатып, ағаны бауырдан байбаламсыз ғана, шулатпай айырып әкететін болыпты. Мұндай епті таяққа епсіз бақырудың қажеті қанша, еппен ғана жылап айырылысып жүріпті. Дегенмен, қылмысқа әбден кәніккен сұмдар ересек тартқан сайын көбірек көрісетін болыпты. Сөйтіп қылмысқа көбірек бататын болыпты. «Тергеушім», менің әкем түрме тәртібін туа сала бұзған қылмыскер екенін осы тараудан көрдіңіз. Әділетті тергеуіңізге өзіңіз адалдық деп сенетін жауап бермесем, адам есебіне қоспай, «жын-шайтан» деп ақыратыныңызды, жендет шақыратыныңызды ұмытпаймын. Жаппарды сол қылмысы үшін кіші апасы өгей болса да өте жеңіл жазалапты. Тіпті жазаламапты деуге де болады. Бұл әділдікті сіздің қамқор түрмеңізден ғана көріп үйрендім. Сіздер аға-бауырларымен көрісіп қоюшыларды қан құстырмай, шонданайын үзіп шоңқайтпай тоқтайсыздар ма?! Неше ретте де жеңіл жазаланған Жаппар, жалпылдай ұшып қылмысын осылай үдете түсіпті. Сіздің әділетті тырнағыңызға түссе ғой, әлдеқашан өлетін еді.
ІІІ
Жаппар Құйқаға ертерек серік болған екен. Отынға бірге бара, су да тасыса жүріп, ақыры он жасқа шыға екі шелек суды дік көтере алатын болыпты. Сөйтіп, қыс күндері өзінің марқұм шешесіндей, сол үйдің суына бүтіндей міндетті болып шыға келіпті. «Кіші апасы» абысыны Мейіз тіріліп келгендей көріп, «әйтеуір құдыққа түсіп кетпесең болды» деп қояды екен. «Аяғыңа қалыңырақ бір шарық тіккізіп берейінші» депті бір күні есіркеп. Ол шарық тігушінің қолына тигенше кідіре тұрмай, «апыл-ғұпыл» қыс та өте шығыпты. Есіркеуді тасбауыр табиғат түсіне ме. Әйтеуір, Жаппар шешесінше құдыққа түсіп кетпей, құлдық міндетін қылмыссыз орындап шығыпты. Сөйтіп күн жылына келе қойға еріп шыға алатын да болыпты. Құйқа «шүйкебас» алып күркеге ие болған кезде, Жаппар қойшылық міндетті деңгелек айналдыратын болып шыға келіпті. – Саған да қатын әперемін депті кіші әкесі Бекназар бір күні шай ішіп отырғанда. – Өр көкірек, аусарау сөйлейтін Жаппар онысына наразылық рай білдіріпті: – Жоқ, әке, қатын деген немені қоя тұр! Құйқа ағаның қатыны сияқты күс аяқ күңді қайтейін. Көрсем-ақ қорқамын. – Е, сен өзің де аяғыңа қарасаң болар, осы түріңмен ақ патшаның қызын алармын деп жүрсің бе! – Ақ патшаның қызы қатын болмай ма екен! – дей салған Жаппардың сөзіне үй іші ду күліпті. – Пырт, адыра қал! – деп кіші апасы ернін шығарыпты. «Кіші апасының» аты – Кенжесары еді. Ол қушық бет, істік тұмсық, жыртық көз, қисық ауыз, шикіл сары қатын екен. Кезінде көрікті де ақылды бәйбіше үстіне келген Кенжесары осы өңсіздігінен құлдырап, тоқалдыққа түскені болмаса, аспансыған бай қызы екен. Інілерін көргісі келіп барғандығы үшін өлімші етіп талай таяқтаған осы Кенжесарыға есейген сайын Жаппардың өштігі қозатын болып қалыпты. Ернін шығарғанына тағы бір қарап қойған Жаппар оның «сүйкімді» бетіне қараудан көрі пайдалырақ пікіріне көшіпті: – Әке, қатынды қойып, молдаға берші мені. Нұржанмен бірге біраз оқып алайын! – Бәрің бірдей молда болсаң, қой арам өледі, балам, сен қойыңды баға бер! «Асық ойнаған азар, дойбы ойнаған тозар, бәрінен де қой жайып, к… жеген озар», түбінде Нұржаннан сен озасың. – Нұржан-ақ озсын, әке, көп оқыды ғой, енді қой бақсын да, тағы озсын. Мен біраз оқып алайын! «Жата-жата жамбасқа, жата келе қойынға», қарай көр мұның құтыруын! – деп кіші әкесі өне бойымен селкілдей күліпті. Шүңіректеу көк сұр көзді, селдір сары сақалды кіші әке, күлімдегендей көрініп отырып-ақ көз ілестірмей қағып жіберетін қатыгез адам екен. Жаппар одан алысырақ, есік жақта болғандықтан батыл сөйлеп отырыпты. – Енді Нұржанмен бәс таласпақпысың? – деп Бекназар тағы күлімдей қарапты. – Ол менің інім емес пе, бәс талассам несі бар! – дей берген Жаппарды кіші әкесі қолындағы шынымен беріп кеп жібереді. Жәкең де байқап отырған екен, қисая кетіпті, дәл басты көздеп атылған шыны босағаға тиіп быт-шыт болыпты. Бекең асыға ұмтылғанда, Жәкең далаға жалғыз-ақ ытқыпты. Кенжесарыға Нұржан да өгей екен. Ол Бекназардың қайтыс болып кеткен, сол ауылдың ең кеңпейілді қамқоры – Мәрия дейтін бәйбішесінен туыпты. Бекназардан қорқатын Кенжесары Нұржанға «әй» дей алмай күбіжіктейді екен де, ашуын Жаппардан алады екен. Бірақ, Жәкең енді жуыр маңда қолға түсе қоймайтын, ытқи жөнелуге шебер болып алыпты. «Әке» мен «шешеден» кезек-кезек ытқиды екен. Ытқу жиілей түсіпті, өйтетіні, қылмыс жиілей туылатын болыпты. Жауабы дайын әлгіндей сөздерге жауап қайыра ытқуы керек қой. Ытқыған сайын бірер күн жоғалып, «әке-шешенің» ашуы басылғанда келіп, қой соңына әрең еретін болыпты. Бұл қашағандықтан Бекназар секем ала бастады. Осындай ер жетпей тұрғанында басын байлап, Құйқа сияқты тапжылмайтын құлға айналдырып алмаса, «мына қу ертерек жоғалатындай» көрініпті. Сондықтан, Бекең қасына мықты азаматтардан бірнешеуін ертіп, екі жылдан бері бітпей келе жатқан мал дауын қузап кеп жөнеліпті. Ауылынан жоғалған екі-үш түйенің жаласы көршілес сыбан руының бір кедей ауылында екен. Екі жылдың алдында түйе ізі сол ауылға барып жоғалған сияқты. Кезінде сол рудың «ел адамдарына» айтып, ізін көрсетіп қойған Бекназар, енді сол ауылға бір топ адаммен барып жатып алыпты. Қазақтың ру-бұтақ қуалап танысатын қарапайым қаншылдық әдеті бар-ау, бірақ. Соны ру төрелері іріткіш уға айналдырғаны қашан. Сол рушылдық у сүйегіне сіңе уланып, өзара ырылдасумен өткен қазақтан көп ұрылған халық жоқ-ақ шығар! Жоңғар хандығынан жүз жылдап жеген ұмытылмас соққылар тек сол рудың, сол рушылдықтың ғана кесірі емес пе. Менің үлкен аталарым да сол руды мәпелеушілер екен. Қаракерейдің семіз найман аталған бір бұтағы «бес семіз» болып тармақталады. Бес семіздің бірі – Жаңқұлы. Жанқұлыдан таралған Қожан дейтін шағын рудың билерінің бірі – сол кездегі осы Бекназар екен. «Қожанды сойыл беріп жауға ғой» деген мәтелге айналған жауынгер Қожанның мықты бір тобы әлгі момын, кедей ауылды жеңбей қойсын ба! Малға даумен жығып, жеңістің соңын түлкі еппен құдалыққа айналдыра қойыпты: сол ауылдағы Смайыл дейтін ең момын біреудің Күмісжан атты он екі жасар қызын Жаппарға атастырыпты. Қалың малы – сол жоғалған үш түйе ғана. Қасқыр боп келіп түлкіге, түлкі боп келіп қасқырға айнала қоятын құбылмалы жау – ең қиын жау ғой. Момын ауылдың аузына тәтті салып, «құда түстік» дегенімен, шын мәні барымта еді. Және бұл құдалық үстінде Жаппардың «Бекназардың баласы» болып аталуы да ауызға тәтті салу екенін аңқау байғұстар түсіне қоймапты. Келесі жылы жазда құл байлайтын «қазық» болып Күмісжан ұзатылып келіпті. Байекең ауылынан жоғалған үш түйеден басқа еш нәрсе ауыспапты. Ол үш түйенің біреуі ғана Бекназардың өзінікі екен. Демек, Бекең бұл жорықта жоғалған бір түйе арқылы он бес жасар құлдың «басын байлап», он үш жасар күңге де ие болыпты. Құрметті «тергеушім», бұл жәйттерден менің әкемнің де үлкен қылмысты екенін түсінген боларсыз. Бір момын кедейдің кішкене қызын бір тиын шығармай айттырыпты да, күңге айналдырыпты. Бұдан үлкен қылмыс сирек кездесер.
ІV
Жасынан тұрмыстың ауырын көріп, азаптың сойқанын тартқан Күмісжан еңбекқұмар, пысық келіншек болыпты. Кенжесарыға жағу сол ауылдағы әйел біткеннің қолынан келмей жүргенде, сол машақат түйіншекті жас Күмісжан ғана шеше алыпты. Тапжылдырмай Кенжесарының да үй жұмысын тындырып, өз күркесін де тап-тұйнақтай үйі іспетті ұстапты. Бұл кезде бүтіндей бөлек ауыл болып кеткен Құлназар үйіндегі қайнын – Айсапаны да есті Күмісжан тартып, баурап әкетіпті. Өз күркесіне келтіріп алыпты. Бірақ, бекер жүрген жетім «жын қуып кетеді ғой». Оқыса Нұржанмен «бәс таласуы да, молда көбейсе қойдың арам өлуі» де мүмкін. Сондықтан, бұл ауылға келгеннен кейін, оған түйе қайыру міндеті тапсырылыпты. Тым аусар болғанымен қорқақтау өскен Айсапа «басын байлауға» тым ерте – он екі жасында көнген екен. Сондықтан өте мықты «қазыққа» байланып қалыпты. Бұл ауылға кірме малай болып жүрген Рақым дейтіннің толық бойжетсе де дәупірім долылығынан ешбір жігіттің алуға батылы жетпей қойған Гүлжан атты қызына байланыпты. Бекназардың мұны әперудегі көздегені – бірінші, қалың мал кетпейтін «арзан қыз», екінші, қаншалық дәуперім болғанымен Кенжесарыдан аса ала ма. Айбатынан ай жасырынған Бекназар тұрғанда, моп-момын келін, қайратты күң бола қалмай ма. Әсіресе, аусар Айсапаны құлағынан басып, тапжылдырмай ұстауы үшін Гүлжан табылмайтын келін ғой. Гүлжан қайын атасы ойлаған жерден-ақ шығыпты: Айсапа жуасып сала беріпті. Ол уақытында малға шықпай, домбыра шертіп отырып алған кезінде, үлкен үйдің әмірі Гүлжанға түседі екен. Өзінен әлдеқайда үлкен келіншек қойсын ба, күйеуін күзеннің айғырынша күркеден шақылдап қуып шығатын болыпты. Шақылдағанға көне қоймағанда, аюдың тырнағына түскендей талай жұлмаланған Айсапа, ол қуғанда домбырасын ала сала қашады екен. Сөйтіп қашып шығып, әудем жерге бара, өшін өлеңмен алатынды шығарыпты: «Домбырам менің қайың-ды, Білемін Гүлжан жайыңды. Төсекке кешке кіргенде, Құшақтайсың байыңды», – деп шырқатады екен. Өлеңге қару ретінде адуын келіншек қуып кеп береді екен. Талай жерге шейін қуса да жете алмаған келіншек қайтуға бұрыла бергенде, тағы шырқалады екен әлгі өлең. Келіншегі қуаламаса «әнші» күйеу отырып алып шырқамасы бар ма. Айсапа осылай үшінші, иә төртінші рет қуалағанда ғана түйесіне жетіп алып жүріпті. Алда-жалда бесінші рет қуаланса, батырың күндізгі өлеңнің есесіне түні бойы өңірейтін жазаға ұшырайды екен: кейде шымшумен, кейде шапалақпен аралас: «Енді айтамысың!.. Енді қалжақтаймысың маған!» – деген зейіл үн естіліп қалып жатады екен. «Тергеушім», тым ерте үйленіп, кексе қатыннан таяқ жеу де жігітке жеңіл қылмыс емес қой. Бұл феодализмнің қара батпағына белшеден емес, тіпті кеңірдектен батқандық болмай ма?
V
Нұрсапа – сол дәуірдегі ауылымыздың ең зор қылмыстысы. Бірақ, ол кенже әкесі – Байназардың қолында оншалық ауыр жаза көрмепті. Себебі ол үйдегі «тергеуші» мен «соттардың» «әлсіздігінде» болса керек. Уақытында жазалауды білмейтін «надан» сияқты және Байназар Балпаңның кенжесі болғандықтан кіші әже сол үйде тұрады екен де, кішкене жетім немересіне қормалдау болыпты. Нұрсапаны Байназардың жалғыз ұлы Қуандықпен тең көруді келініне қадағалап бұйырып отырады екен. Бірақ, сол әже қартайып, қолынан билік кете бастаған кезде Нұрсапа да жетімдігін байқай бастапты. Сонда да Құрманның басқа жетімдерінше көз ашпай жатып «қазыққа» байлана салмай, ұзынырақ арқандаулы күйінде өскен екен,. Нұрсапа енді ғана жігіттікке іліне бергенінде оған ақ патшаның ноқтасы ілініпті. Қазақтан әскер алу жарлығы шыға қалыпты. Байлар өз балаларын абын-күбін тыққыштап, ұлықтарды барлап жүргенде, Нұрсапа сойдиып, алаң-ашықта қалып қойыпты. Ақ патшаның қазақ арасындағы «жаналарлары қорғансыз жетімді қағып әкетпесін бе! Жаппардың сөзімен айтқанда: Нұрсапаны «баберкеге» әкетіпті.(«Баберке» дегені – «проверка» болса керек). «Жабайы» да жау қазаққа патша мылтық ұстатсын ба! Дүниежүзілік бipiнші соғыста Шарруссия Германиямен соғысқанда қазақтан әскер жиямыз деп келіп, ақшалы байлардан бала емес, алтын-күміс жиған ғой. «Әскердің» eceбiн пара бере алмайтын кедей-кепшіктен, қорғансыз жетімнен толтырған. Патшаға анығында қазақтан әскер емес, окоп қазатын қарулы құлдар керек еді. Сондықтан Нұрсапа дәлдің өзі болып суырыла жөнеліпті. Нұрсапа сол кеткеннен үш жылда оралған екен. Ол окоп қазып қайтты ма, иә, патшаның көpiн қазып қайтты ма, онысын Жаппар толық білмейді.Әйтеуір үш жыл жер қазғанын ғана ecтіпті. «Жетімдік қылмысын» өтеп қайтты дейді. Нұрсапа ауылына қайтып келгенде «орысша» жүріпті.Жанқалтасы көп, шолақ-шолақ киімдері бар екен. Қылаяғы тымақты да тастап, «маңдайындақалқайған бірдемесі бар, сырылмаған жепек» киіп келіпті. Мұнысы шапка болуы керек. Біздің ауылға тұңғыш пайда болған «орыс та, патша әскері де» әкемнің осы iнici екен. Өзi де маңдайы шодырайған, алпамсадай жігітболып өсіпті. «Жетім орыс» болып аталғаны – ақсақалдардың енді оны тiптi жек көретін болғаны ғой. «Орыста» шоқынып қайтқандай көрініпті. Намаздыталкуайттағыш болып келген сияқты. Өзі ораза ұстамай, ораза ұстағандарды шойын сағатына бағындырып, ашықтырыпойнайды екен. Ауылдағыларға бұлтты күндері cәpeciн ерте ішкізгенімен қоймай, ауызашарда «әлі күн батпады», деп ымырт үйірілгенде ішкізетін болыпты. Тіпті Бекназар биді де ауыз ашқызбай, аштықтан шиқылдатып ойнапты. Қатты жүдеген би шорт бұзылыпты ақырында: – Ей, шоқыншық, жоғал көзімнен! – деп қуып шығып, күн батпағаны рас болса да, сенбей тамағын жей беретін болыпты. – Қазақты былай қойып, орысқа бағынбай келгенімде, енді сенің осы алақандай шойыныңа бағынайын ба! – деп кіжіне "ашады" екен аузын. Ақсақалдар жағынан Нұрсапаға тағылған кінәнің тағы бipi – «кішілікті» ұмытқандығы екен. Ақсақалдардың «кішілік» деп білетіні, сәлем ғана емес. Сәлемді, басқа да жәй әдет- Ал, құлдық дейтініміз – мұндай бүгежектеушілікті әмсе міндетім деп тану, іздеп жүріп icтey. Нұрсапа бұл «кішілікті» істемейтін болыпты. «Ақсақалдарда да құдай берген қол бар, олардың қолдары біздің қолымыздан әлдеқайда ұзын да. Ұpa қалғанда тіпті қатты ғой. «Біз жоқта өздері істей салса нeci кетеді!» дейді екен. Ал, ақсақалдар Нұрсападан бұл «кішілікті» қатты іздейтін болыпты, бірнеше рет шақырып алып зекіпті де. Ондайда: «не бола қалды» дейді екен Нұрсапа. Себебін ұққан соң жаймашуақтап сөйлеп, жақсылап қана шенейтін болыпты. Бұл – үй арасындағы ұсақ-түйек «қылмыс» қой. Нұрсападан көп өтпей ipi қылмыс та туылыпты: Әскерден қайтқан соң Байназардың Қуандығы бip жақсы ат сыйлаған екен. Сонысын мініп, ауыл ақсақалдарына ілескен топпен бipгe бip тойға сол «орыс» та бара қалыпты. Ол кездегі ас-тойларда ақсақалдар ру тартысына түспей, шайқаспай, мүйіздеспей қалған ба. Кекетісіп-мұқатысып, мақалдасып-мақамдасып, қорласып-қомсынысып отырып, артынан қызыса кетеді екен. Сөйтіп, әрқайсысы өз руының ұранын шақырып кеп қалғанда, тап-тату ойнап-күлісіп отырған азаматтар дүр eтiп бөлінісіп, аттарына міне қамшыласып, сойылдасып ала жөнеледі екен. Әлгі «жетім орыс» төбелес шыққанда «ұялмай-қызармай» атын жетелеп, жеке барып отырып алыпты. «Қожан атаның» Шымырбай ұраны әлдеқашан шақырылса да, желп еткен ол болмапты. Жап-жаңа құлын-тайдай айқасып жүрген жігіттеренді әп-сәтте айғыр болып шайнасып та, тебісіп те жатыр, қызылшеке бipiн-бipi шықпыртып жүр, қамшылар ысқырып, оқжыландай ыршиды ту талақай. – Ей орыс, аттанға шықпасаң, атыңды бер! – депті бip қожан тепсініп келіп. – Мұндай қанішерліккеат бермеймін! – депті «жетім орыс». – Ей шоқыншық, қан жоқ па сенде! – Қан жоқ болса, қан ішкізейін деп пе едің?!. Алжыған – Қап, сені! – деп әлгі қожан жерді бip тeyiптi де,өзінің жауырына жүгіріпті. Бірнеше адамды соққыға жығып, шер-құмардан шығысқанқожандар тобымен ауылына қарай беттегенде, Нұрсапа да арттарынан ілесе қайтыпты. Әлгіқожан жалт қарапты да, жауырын тебініп қалып, алдағыақсақалды қуып жетіпті. Өзін Бекназарға шағыстырыпбара жатқанын сезгенНұрсапа тізгінін тарта беріпті. Бекназар артына жалт бұрылып: – Ей,сен бepiкелші, ей! – депті Нұрсапаға. Нүкең де жалт бұрылып тұра кеп қашыпты. – Қуыңдар, ананы! Ұрып-жығып, байлап әкеліңдер! – деп зіркілдепті шал. Бірнешeyi тұра кеп қуыпты,«Қуандық-Қоңыр» шалдыра қоймапты да, қуғыншының көбі тізгінін тартып артынақайырылыпты. Қара үзіпкеткен Нұрсапа артынақараса, екі қуғыншы қалмайқуып келеді екен. Артына қайырылашауып,өздерін қуып кеп бepiптi. – Мен сендерге не ғыппын! – деп екеуінқамшысымсн екі осып қайырыпты да, аяңдап нағашысы жаққа тартыпты... Содан бepi ай өткенде, шалдар оның жақсы көретін Жаппарымен Қуандығын жіберіп, қайтарып алдырған екен. Бұл қылмысына ақсақалдаркешірім еткен бейне көрсетіпті де, абын-күбін « басын байлауды» ойластырыпты. Байлағанда да бұл «қашаған қансызды» өздерінің ықпалынан шыға алмайтын, шырма–шату, мықты байланған әйелге қосақтауды ойластырыпты:Бұл ауылға ең алал күң бола алған Құйқаның әйелінің монтанақтай «сіңлісі» бар екен.Оның әкeci – «қой аузынаншөп алмас момын шал» аталас ауылға жасынан малай болып келген, ұя бұзбас бағынышты шал, қызына қалың мал кетпейді, бұл қыз да әпкесі тәріздес, «аузыңқайсы десе танауын көрсететін бip байғұшым».Оның үстіне әпкесінен гөpi өңдірек. «Жетіморыстың» көзін тарта алады. «Жаңа келінге» әпкесі – «көне келін» қазық болады да, «жаңакелін» қайсар тұлға қазық болады. Мұнымен үйленсе, бұл «қансызға» қан бітіп, ауылдан қия басып кете алмайтын болады. – Осылайтұжырымдалыпты да, осылай құпталыпты. «Жетім орыстың»құптау-құптамауына қарасын ба,шалдар дереу құда түciп, қойға бата қылысыпты да, «қазір үйленбеймін»деген «орысқа» ақырысыпты: «Ақ батаны бұзу – Хақ тағалаға да, аруаққада ауыр қылмыс» дейтінүкімге қарсы үн шығарушының аузын қарымай ма! «Күйеу» бармай қашып кетсе де « келін» түсірілгенекен. Нұрсапаны бірнешежігіт жіберіп ұстатып әкеліпті де,«келінінің» төсегіне сүйреткізіпкіргізіпті. Төсекке қыздан дабетер еріксіз кірген«күйеудің»мұндай ақылды тіл жақты болуы некен–саяқкездесер. Жазықсыз қызды жәбірлемей,зорекер құдалыққақарсы «дұғасын» үшкіріпті келіп:өзінің қашып жүрген себебін, бұлардың зорлап қосақтағандағы мақсатын жас қызға түсіндіріпті.Бұл үйлендірудің жігітті ағаларыншатапжылдырмай құлдану үшін, қызды әпкесінше күңдікке түсіруүшін болып отырғанынтолық ұқтырыпты сөйтіп. – Ceнi менсінбегендігімемес, менің бұларға басымдыбайлатып,Жаппармен Айсапаша құл болғым келмейді, әcipece кедейболса да әке-шешесі бар, кінәсізтаза сен бейшараныәпкең сияқты шөмішбаскүң еткім келмейді. – Ағатай,олай болса, – депті қыз, мені үйіме өзіңіз ертіп апарыңыз. Осы сөзіңізді әке-шешеме толықұқтырып, өз қолыңызбен тапсырыпберіңіз, әйтпесе,ол ауыл мені қинайды!Осы сөзге келіскен соң Нұрсапа сол түні өзінің атымен қызды үйіне апарып тапсырып беріп,өзi сол бетімен тағы жөнеліпті... Сонымен жыл өтіп, шалдардың ашуы басылды-ау деген кезде Жаппардың үйіне келіпті. Алғаш келгенде ешкімнен жаман сөз естімеген екен. Шалдардың алдына кірмептіде, Жаппар мен Айсапаның қасында болып, одан далдалана жүріп Нұржан, Қуандықтармен көрісіпті. Желтоқсанның сүркей бip күні таңертең жарқ ете түскен жазасын бip-aқ көріпті сөйтіп. Жақын сыбайлас, туыс ауылдардан жиырма шақты жігіт Жаппардың қырық шоқпыт үйін қоршай қалыпты да, жаңа киініп жатқан Нұрсапаның мойнына қыл шылбырдан екеу-үшеуін тастап-тастап жіберіп, сүйрете жөнеліпті. Сүйреткеннен сүйретіп құдық басына апарыпты. Күні бұрын қағылып дайындалып қойылған төрт қазыққа Нүкеңді екпеттете керіп тастап, жалаңаш арқаны қамшымен осыпты келіп. Алпамсадай бірнеше жігіт тыпыр еткізбей ұстап тұрған Жаппар мен Айсапада үн салып боздаудан басқа не шара болсын. Нұрсапада үн жоқ. "Ақырын ұр" дей алатын да ешкім жоқ. Шалдар ақшиып тұр. Дағдап отырып қырықты соққан дүреші ақсақалдарға қараған екен. "Қырық шелек су!" депті олардың бipi саңқ ете түсіп. Күз ақырының мұздай суы құдықтан тартылып, Нұрсапаның үстіне төгіліпті келіп. Дүре арқаға ғана соғылғанымен, су ала қалдырмай, бар денесіне құйылыпты. "Ақ батаны" бұзғанқылмыстының "ақ жазасы" осы екен. Қамшыдан тілім-тілімболып қолдырап, қызып кеткен қып-қызыл оттай арқаға мұздай су құйылып, күнәдан "тазарғанымен" қасқырдан қалғанжемтіктей алжа-алжа болған екен. Есінен танып қалған,Нұрсапа Жаппар мен Айсапаның көтеруімен бip кезде орнынан әрең тұрыпты. У ішкен адамдай ішіне бүріліп, сенделектей беріпті де шалдарға қарапты. – Кезі келгенше өліп кетсеңдер, осы суларыңды көрлеріңе құярмын! – деп қатты тістене қалшылдапты. – Бірақ өліп кетсеңдер қамшыларың қайтарылмай қалады екен ғой, қап!.. – Мына бәтшағар не дейді?! – деп бip шал анадайдан тепсіне ұмтылғанда, Нұржан мен Қуандық оның алдын тоса қалыпты да, Жаппар мен Айсапа аузын басып Нұрсапаны ала жөнеліпті. Ағалары тоқты-серкеш, әлуеттілері қой сойып, бауырларын сорпалаған екен. Бірақ, Нұрсапа содан көп өтпей, оба дертінен опат болыпты да, шалдардың дүресі мен суын «қайтарып бере алмай» кетіпті. «Құдайдың қарғысы дәл тиіпті, аруақтың дәлдеп атқаны осы!» – депті шалдар. « Ақ батаны бұзу деген оңай күнә ма!» Әділетті «тергеушім», мұндай зор қылмыстың жазасын ұлы құдай бермесе, оған адам пенденің күші шақ келер ме! Дүре өлтіре алмағандықтан оба жіберілген ғой. Менің әкемнің ең жақсы деген iнici осыншалық қылмыс өткізіпті, әcipece жиһангер ақ патшаға әскер болуын қайтіп қана ұмытарсың! VI Құрманның ұлдарын қырсық тағы шалыпты. Қылмыскер ұрпақты қырсықтар қашанда оңай тауып шалмай ма.Бұл жолы келістіріп шалыпты: Күмісжан артықша азаптанып жүріп тапқан ауруымен мезгілсіз дүние салыпты да, одан туған біздің үлкен ағамыз Бигелді мен әпкеміз Бижан тағы да кішкентайынан жетім қалыпты. Туа салып жетім атала қою қылмыстыпенделердің әдеті ғой. Бижанды әкеміз Байназардың үйіне бесігімен апарып бере салыпты да, Бигелдіні өз қойнына тыға салыпты. Қырсық зорық дерт болып келіп, алдымен Күмісжанды қаққан соң, шала болып қалды дегендей, іле-шалаоба болып келіп, нардай Нұрсапаны соғып жiбepiптi. Бұдан жетім қала қойған ешкімжоқ екенін білгенсол жойқын қырсық, жиырмашақты күн өткенде қайта оралып, Айсапаны ала жөнеліпті. Бисара дейтін кішкенеқызын құшақтап зарлап адуын Гүлжан қалғанда ғана қанағаттанғандайболған оба тоқтай қойыпты. Бақадай шақырған бірүлкен ауылдан таңдапәкеткені – бip жесір жалшы мен Жаппардыңосы екі інісі ғана екен... «Тергеушім», сіз қырсықтардың қылмыстыны қалай табатынына оншалық назар аудармаған сияқтысыз. Бұл жайыңызды сіздің қылмысты тергеп табамын деп көп шұқшиятыныңыздан байқаймын. Cізгe менің жөнүйретерліктиттей де құқығым жоқ. Бірақсіздің бұл әдiciңiздeн мен де көп қиналдым.Сондықтан, айыпқа бұйырмасаңыз, қылмысты тез мойындату жайлы кеңес бергім келеді: қырсық сізбен кәсіптес әулие ғой. Қырсықты Құдай тағала іске салады да, сізді үкімет іске салады. Парықтарыңыз сол ғана. Былайша айтқанда, сіздің сыйынар піріңіз қырсық болуға тиісті.Себебі, ол тарихтан бepi барлық сорлы «сойқандардың» қылмысын мойнына артып, жазалап келе жатқан, өте тәжірибелі әулие. Оның тергеу тәжірибесі – ауыл-қыстақ, көше үстінен бip-бip рет ұшып өту ғана. Сонда нағыз қылмыстының өзі бадырайып, көзге көрініп кетеді. Өйтетіні, нақтылы қылмыстыда қорған-пана, қолдап қорғаушы деген болмайды. Тергеуші аспаннан төніп келе жатқанда қылмыстының өзі жасырынар жер таба алмай, алаң-ашықта мен мұндалап тұра қалады. Сіздің піріңіз Айсапа, Нұрсапа, Күмісжан сияқты қылмыстыларды дәл осы әдіспен тауып ала қойды ғой. Әйтпесе бүкіл ауылда бұдан да басқа адамдар аз ба еді. Әсipece, жерін жеп, жасарын жасап болған кәрілер де көп емес пе еді. Ал, аналардың талассыз, жалаңаш қылмыстылар екенін білісімен, оларды сөзге келтірмей мойындатып, мәңгілік түрмесіне ала жөнелмеді де! Сөзге келсе, бұлардың қайсысы оңайлықпен жан бере қоймақ. «Тергеушім», сіздің де осы әдісті қолданғаныңыз жөн шығар. Қылмысты «менмұндалап» тұрғанда тергей бepiп қинаудың қажеті қанша?! Осы тергеуіңізбен бірдеме тапсаңыз да, таба алмасаңыз да бәpiбip аласыз ғой. Нұсқаушыңыздан бұйрық келіп болды ма! Құрман тұқымынан сопиып жалғыз қалған Жаппар, соңынан қалмай қойған қырсықтарға қатты ызаланыпты. Мал бағу, отын алу сияқты үйреншікті міндеттерін тастапты да, әкeci Құрманнан бepi қарай шалған қырсықтың бәрін іздеп, жалғыз шолағын мініп ап, ел кезіп кететін болыпты. Мұндайда көзге қырсық шалынсын ба! Әр ауылға барып, қырсықты деп білген үйлерге әдейілеп қонады екен. «Құтырған ит көрдің бе оттап тұрған, Пәле бар ма ауылыңда жатқан-тұрған? Өзім қырсық таба алмай жүргенімде, Менен қырсық сұрайды қай антұрған!»
Атақты шатақтардың осы өлеңін Жаппар қонақ кәдесі ретінде қонған үй басы айтып жүріпті. Ақыры шатақ өлең өзіне дарып, бұл жанрда ол суырып салма ақын болыпты. Tiптi қылығының барлығы қырсықтың дәл өзi сияқты болып кеткендіктен, бұл шатақтан өз ауылдарының кәрілері де қаймықпайтын icпeт байқатыпты. Kiші шешeсi Кенжесары оның көзіне көрінбеуге тырысатын, көріне қалса бәйпек қағатын болыпты. Қырсық таба алмай әбден зарығып жүрген Жаппар қыстың айт болып жатқан бip күндері, өзi көбірек кезенген бip ауылдың жолын торыпты. Бұл – Нұрсапаның арқасын тілгілеген мықты дүрешінің ауылы екен. Мереке күндерінде қыз-келіншектер сәнденіп жеңіл киінеді ғой. Қызыл-жасылды болып келе жатқан бip топ атты қыз-келіншектің арасынан дүрешінің қарындасын, артынан келе жатқан ендігі бip топтың арасынан қатынын таныған Жәкең, eкi топты айғырша қайырып қосып, қуа жөнеліпті. Оларды шашау шығармай тау құмының бip тұйық шұңқырына айдап апарып, кешке дейін қамапты. Күн шақылдаған аяз. Әйелдердің жылауы мен жалынышын тыңдайтын адам қырсық іздей ме. Күн батып, қас қарая бергенде: – Салқындадыңдар ма? – деп сұрапты Жаппар. – Yciп кеттік, ағатай! – деп шу ете түсіптi қыз-келіншек біткен. – Е, алдымен борбайларың үciгeн шығар? Онда әдемі киімдеріңнің рақатын бүгін ғана көріпсіңдер, ал қайтыңдар! – деп алдымен Жәкеңнің өзі шауып ала жөнеліпті. Өзi де тонған болса керек. Мұны ecтiгeн дүреші ертеңіне қасына eкi жігіт epтіп, Жаппардың iзiнe түciпті де, түс ауа бергенде бip иен ойпаңда онымен кездесе кетіпті: Янаттап қамшы үйіpe келген олар бipep қамшы салып та үлгеріпті. «Іздегенге сұраған», қырсықты өзі іздеп жүрген шатақтың да бip сенгені болса керек қой. «Көптен бepi іздеп жүргенім де осы қамшыларың еді, мұнша зарықтырып қайда жүр едіңдер!» – деп салыса кеткен Жаппар, үшеуін де аттан домалатып түcipiптi. Қорғасын жіпшілеп өзі өрген дойыр қамшысын білеп, жазықсыздау екеуін отырғызып қойыпты да, дүрешіні желкеден басыпты келіп: – Кедейді кезеңнен тосып, ойпаңнан тонайтын қырсығы сен екенсің ғой! – деп, шалбарының бауын үзіп жіберіп, жалаңаштанған құйрыққа жиырманы ұрыпты. – Енді жиырма қамшы қалды мойныңда, Нұрсапаға құран оқы!.. Нүкешім кешірімшіл еді, ол үшін мен де кештім! – деп жылай бұрылған Жәкең атына қарғып мініп жүре бepiптi. Бұл қырсықтан кегін алғанымен бұдан кейін Жәкеңе тағы бip үлкен қырсық жабысыпты. Бозқырауда боздаған соншама қыз-келіншектің көз жасы қойсын ба, «жынды Жаппар» атандырып жіберген екен. Жәкең келе жатқанда сол өңірдегі әйел біткен «жынды Жаппар» келе жатыр деп шулай қашатын болыпты. Өзі тапқан ауруға дауа жоқ, Күмісжан қайтыс болғаннан кейін, ол осы атақтың салдарынан төрт-бес жыл бойына үйлене алмапты. «Жындыға» қай eci дұрыс әйел табылсын. Жәкең де қасарысып «eci дұрыс» әйел іздеумен болыпты. Ал шалдардың тапқанына Жаппар көнсін бе, шалдардың: «әмеңгеріңді жатқа жіберсе, теріс батамызды береміз» деп сақылдауы жиілей түсіпті де, Жаппардың басқа әйел іздеп шапқылауы жиілейтүсіпті. «Мына шалдар салт бойынша Гүлжанды маған қоспай қоймайды, ал Гүлжан үстіне әйел алдырмайды. Не болса да әуелі өз еркіммен бip әйел тауып алып, көргілікті содан кейін көрейін!» деп шапқылапты. Құйқа өзінің Байжұрқа деген інісін астыртын қосып беріп, Жаппарға: «Қасқа атаңның Марқа дейтін ауылында Жанқожа атты момын молданың бip қызы бар, соны көріп келіндерші!» дептi сыбырлап қана. Eкeyi іздеп барып, жазық-жасаң жайлауда шағаладай әппақ, киіз үйлері бар бай ауылдың шетіндегі бip кішкене қара үйге түсіпті. Үйде жүдеу киінген ақ-сұр қыз ғана отыр екен. Жолаушыларкipiп барғанда, орнынан ұшып тұрып сырмақ салыпты. Көнелеу мәсілі қыз кебісін киіпті де, далаға шығып шәугім асыпты. Қайтыпкipiп қолын жуыпты да, дастарқан жайыпты.Сықпа құрт пен тарысын қойып, шайқұйыпты. Бip-eкi шынысы құрсаулы болғанымен тап-таза жуылғанекен. Бip тізерлеп шай құйып отырғанотырысы өте икемді,өте әдепті көрінгенқызға екі жолаушы үнсіз қараумен болыпты. Бұлардың сонша неге қарайтынын байқамағандай, қызда именіc те, ыңғайсыздану да жоқ секілді. – Әке-шешең қайда, қалқам? – депүн қатыпты Байжұрқа. – Өз шешем қайтыс болғалы он жыл болды. Әжемді epтіп әкем нағашылап кетіп еді. – Жәй көpiп қайтуға ғана ма? Қыз күлімсіреп алыпты. – Үй ішінде бірдеме жетісіңкіремейқалғанда әжемнің төркіншіл болатыны бар. Сөйлескен сөз, қатысқан тіл осы ғана. Шай ішіп, «Аллаһуакбар» айтысқан жолаушылар атқа мініпті. – Мына бала қалай?.. Ұнай ма? – деп сұраған Байжұрқаға: – Бұл да жастай жетім қалыпты-ау?.. Шүйкиген бip байғұс қой өзі! – депті Жаппар. Алыптай зор денелі Байжұрқа күбіден шыққандай жуан күлкісімен қарқылдап күліпті келіп. – «Қырсығы барға қыз жақпайды» деген осы! «Шүйкебас», «күс аяқ», «күңеш» дейтіндерің қалып енді – Байқайын-байқамайын, осы қызың жынды демей маған келсе, шын ecтi қыз деп білер едім! – деген Жәкеңнің сөзіне Байжұрқа одан арман күліпті... – Қасқа да – Жанқұлыдан таралған, Қожанмен туысқан ел, бipaқ, Қожаннан ipгeci мол, «Қожанды сойыл бepiп жауға қой» деген мәтелді шығарған жұрт: «Қасқаны қамшы бepiп дауғағой» дегенді қоса шығарған: шешен мен даугерлер көп шыққан ру еді. Бұл қыздың үлкен атасы – Марқа Балпаңментұстас би болған кici. Бұл кезде оның Есқазы дейтін кенже ұлы Қасқаны шұрқ үйіргенмықты болған. Егер Жанқожа молда Жаппарға қызын өзi беруге разы болмаса, бүкіл қожан аттанысқа келсе де ала алмастайқиын жер eдi. Бұған құда түсугешалдар, әринешықпайды. Үйіп-төгіп берілетінқалың малғаЖаппар үшін қайсысы шыдар. Олар ecтice шыдағандыбылай қойып, шорт шектер eдi. Жаппардыңқыңқылдауына Құйқа мен Байжұрқа ғана қайысып, Жанқожаға сөйлесуге тіл–жақтылау, ағайындас бip қарияны көндіріпті. Оғантағы да Байжұрқа epiп барыпсөйлескен екен. Момын молда аузын жыбырлатып барып, Есқазысына ақылдасыпты. Есқазы жалғыз-ақ гүж ете түciптi. Өзі де қызыл бұқа тәpiздi гүржигентасыр, қызыл көздi кici екен. – Әлгіжынды Жаппарға ма?..Оның орнынама, қалың малына ма, иә, кісілігі ме, нeciнe қызығасың? Ендібізге күйеу болмаған жынды–делқұлы малайларғана қалып па! – деп Жанқожа молданы зекіпжерлеп шығарыпты. Бұл сөзді сегіз қанат ақ орданың ipгecінe таманбарып тыңдап тұрған Байжұрқа,қайтып келіпЖаппарға бұлжытпай жеткізіпті. Бұл қорлауға қатты намыстанған Жаппар інілерін тағы құсамен есіне алып жылап жіберіпті. – Әттең, Айкенім мен Нүкешім! Дәл осы кезде қасымда болсаңдар еді-ау!.. – Босама, Жәке, – депті өзі де жылап жіберген Байжұрқа. Ұзын жағы солыңқырап түйіліп алған Байжұрқа, үшкірлеу иегіне сұйық біткен бip шоқ қана сақалын сипай берген екен. Гүр ете түсіпті бip кезде. – Жылама, қасында мен бармын!.. Мен өлгенше жалғыз сырамайсың! Бай әкелерің мал беруден қорықса, жан беруден де қорықпайтын аға-бауырларың әлі көп! Әділетті «тергеушім», менің әкем өз бетімен сүргіндейтін, өз бетімен дүрелейтін осындай жауыз, қылмысты еді. Оны жын соқпаған, қылмыс соққан. Қылмысы тасқындап, ішіне сыймай кеткенде, шатақ іздеп жырлайды да, жылайды.
VII
Жаппар Есқазының қорлығына қарамай, бұл қыздың «есінің дұрыс–бұрыстығын» білу үшiн ауылына жиі баратын болыпты. Өзi айтқандай, «өзіне көңіл берсе, шын ecтi болғаны, жынды деп көнбей қойса, шынессіз болғаны». Бipaқ қалай да Есқазыдан кегін бip қайтару – жүрегінде түюлі. Қожан атаның ол ауылға келін боп түскен бip қызы бар екен. Соны Жанқожаның үйінің дәл қасынан тауыпты да, алдымен сол қарындасы арқылы сол қызға сөз салыпты. Бірақ қыз «ecтi» иә «ecciз» екендігін білдірмей қойыпты. «Әжеммен, әкеммен сөйлессін, ағама айтсын» депті. Өзімен бip туысқан Мұқамәди дейтін жалғыз ағасы ғана бар екен. Қыздың аты – Мұқамадиян. Молдакең Мұхаммед пайғамбардың шын берілген үмметі болсын деп, екі баласын да соған аттас етуге барынша тырысқан көрінеді. Бipaқ жұрт ол Мұқамға бағынсын ба, ауылдастары қыздың атын қысқартып, Мәдиян деп атап келіпті. Бәpiбip бұл да шарапатты атау ғой. Мәдина шаһары да «біссімілла» мен аталатын шаһар емес пе! Жәкең қыздың сол өсиетіне де бағынып, үй іштеріне неше рет сөз салыпты. Үйленбеген жас жігіт Мұхамәди әкесіне қарайды екен де. Әкесі әлі де тіп-тік,пысық та ақылды өз шешесіне қарайды екен. Ал ақылды шеше Есқазы қайнының қыңырайса қырына алатынын біліп, онсыз қия баса алмайды екен. Сөйтіп барлық ес-ақыл ол ауылда Есқазының сақалына байлаулы екен. Жаппар сөз салған сайын Есқазыдан түңіліп түтігe беріпті. Tүтігy апарып тәуекелдің дариясына салып кеп жіберіпті.Алып қашпақ болыпты. Енді сол ауылдағы қарындасына: «Мәдиянды шығарып бер!» деп жалыныпты. Дегенмен қожан ғой, қарындасы да ержүректік қылыпты: «Үш күн өткізіп, төртінші күні ел жатысымен ауыл шетіне кел!» депті. Жаппар дереу ауылына қайтыпты да, төрт қанат кереге жиыстырып, Құйқаның үйінің ipгeciнe жазып жіберіп, күйреген күркесін қайта тікейте қойыпты. Байжұрқаөзі мен Жаппардың тілеулес, әлуетті жігіттерінентоп құрып, білегін сыбанатүciптi. Бүкіл Қасқа қаптай шапса, бұл ауылды күйретіпкетеді ғой. Қалың мал құрап бере алмаса да білек күшін құрып, алдыларына қоя қою қажет. Байжұрқаға құдай тағала мал бермесе де, күшті аямай берген. Жұрттанала бөтен биік көрінбейін деп бүкшие жүріп әдеттенгендіктенбе қалай, алдыменбасы емес, жауырыны көрінетін бүкic болыпөсіпті. Tізeci мен бөксесі де бүктеліп, жүргенде eкeyi екі жаққа кететінсол бүктемелі адам дүниені тар көpiп қаншалық бүктеліп жүрсе де, жауырыны басқалардың басынан асыпкөрінеді екен. Иip-иір денеде қамалып жатқан үйір-үйір күшті де осындай әбден намыстанған кезде болмаса көрсете қоймайтын момын малай бұл жолы Жаппардың жыртысына барын сарқа жұмсамақ. Уәделі кеш жетіпті де, Жаппардың қасына Байжұрқа мен бес адам ғана ілесіп,басқалары жол ортадатосқауылда қалыпты. Жайлауаспаны тұп-тұнық. Самсағанжұлдыз. Шығыстан айшапағыенді қылаң бepiп келеді. Лүпілдеген торғындай жұмсақ самал сол сәуле жақтан – қарсы беттен құлаққа сыбырлайды. Ауылға таяп барыптындаса, қыз-келіншектер алтыбақан ойнап, әндетіп жатыр, қой күзетіне шығыпты. «Жарайсың қарындасым!» депті Жаппар. Бүгін ұйымдастырған сол екені белгілі. Басқалары бел астына тасаланып, Жаппардың өзi ғана байқағанға қарауытып көрінетін жерге барыпты. Маңайда ауылдың тұсаулы аттары ғана жүр. Бip кезде бepi қарай аяңдапкеле жатқан екі адам көрінген екен. Бұғып отыра қалған Жаппарға олар жақындай бepiптi, екеуіде төбетайлы қыз icпeттi, тегі қарындасы басқа бip қызға міндеттеген сияқты. – Енді қайда барамыз! – депті бipeyi,Мәдиянның үні танылыпты. – Менің саған айтатыным қызық, ұзақтау әңгіме ұзаңқырап барып отырайық, түзге келген бipey естіп қоймасын. – Қыздар келіп отыра бергенде, Жәкең орнынан атып тұрыпты: Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|