Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Доғаны айнымалы токпен нәрлендіру көздері. Пісіру трансформаторлары




Пісіру трансформаторлары электр желісінен алынатын кернеу мәнін доғаны тұтандыруға және жалындатып жандыруға қажетті шамаға дейін төмендетіп беруге арналған. Трансформаторлар фазалылығы жағынан бір және үш фазалы, сыртқы сипаттамасы жағынан күрт құламалы, көлбеу құламалы және қатаң болып келеді. Пісіру орындарының (постыларының) санына қарай бір және көп орынды болып жіктеледі.

Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты доғалы пісіруге арналған пісіру трансформаторлары негізгі екі топқа бөлінеді:

- магнит ағыны қалыпты (нормальды) таралған;

- магнит ағыны шашыраңқы таралған.

Негізінен магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлар кеңінен таралған.

Трансформатордың жалпы жұмыстық теңдеуі қарапайымдатылған эквиваленттік баламалық сұлба мен векторлық үшбұрыштан шығарылады (10-сурет).

Кернеудің доға тогына тәуелділігін векторлық көріністе мына түрде көрсетуге болады:

(18)

мұндағы ХТ 1 + Х2 – трансформатордың қосынды индуктивті кедергісі;

ХР – реактивті катушканың индуктивті кедергісі;

RТ =R1 + R2 – трансформатордың қосынды белсенді (активті) кедергісі.

 

10-сурет. Трансформатордың қарапайымдатылған баламалық сұлбасы (а) мен оның векторлық диаграммасы (ә)

Векторлық диаграммаға сәйкес доға кернеуі:

(19)

RТ, RР мәндері өте аз шамада болғандықтан оларды ескермеуге болады.

 

(20)

 

осыдан: (21)

Тікелей түйістірілген жағдайда Uд= 0

(22)

 

Келтірілген теңдеулерден көрінетіндей, доғаның тиянақты жалындауына қажетті индуктивтілікті трансформатордың өзінен (ХР ⋲ 0) қамтуға немесе пісіру желісіне қосылған реактивті катушкамен (ХТ ⋲ 0) қамтамасыз етуге болады. Индуктивтіліктің болуы трансформатордың күрт құламалы сыртқы сипаттамасын қалыптастыруды және пісіру режімінің тогын реттеуге мүмкіндік береді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных