Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Электрдоғасымен пісіруге арналған нәрлендіру көздерінің жалпы сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар




Пісірілген жалғастың қалыптастырылуы үш сатыдан тұрады. Бірінші, пісірудің басталуы кезінде доғаны жалындату және оның тиянақты жалындануы орын алуы. Екінші сатыда доғаның жалындауын тұрақты ұстау мен доғаны пісіру жігінің ұзындығы бойынша жылжыту. Үшінші сатыда пісіру процесін аяқтау операциялары орын алады. Жоғарыда аталған пісіру сатыларының әрқайсысы белгілі мақсатты операциялардан тұрады, атап айтқанда: электрод пен пісірілетін мсталл жиектеріне электр кернеуін келтіру, электр доғасын жалындату, пісірілетін металл жиектері мен жік қалыптастыратын қосымша металды немесе электродты балқу температурасына дейін қыздыру, пісіру аумағына электродты немесе қосымша олардың балқу жылдамдығына сәйкес жылдамдықпен келтіріп тұру, электр доғасын пісірілетін жиектерді бойлай қозғалту, пісіру аяқталарда жікті балқыма ойықсыз етіп қалыптастыру. Осы операцияларды іске асыру үшін электр доғасы белгілі бір талаптарға сай болуы керек, яғни злсктр доғасы технологиялық шарттарды қанағаттандыруы тиіс. Электр доғасына қойылатын технологиялық шарттар төмендегідей:

а) электр доғасы токтың төменгі және жоғары мәндерінде де тиянақты жалындауы керек;

ә) пісіру процесін ұзын не қысқа доғамен жүргізу мүмкіндігі болуы керек;

б) доғаны пісіру аумағында жылжыту, демек пісіру процесін белгілі бағытта, қажетті жылдамдықпен жүргізу мүмкіндігі. Іс жүзінде екі электрод (пісірілетін бөлшек пен электрод) бір мезгілде қозғалтылмайды. Электрод белгілі мөлшерге жылжытылғанда, екінші электродтың белсенді дағы соған сай өздігінен орын ауыстырады. Бұл қозғалыс үзіліссіз өтуі қажет, қозғалыссыз электродтың белсенді дағы жаңа орынға ауысу кезінде доға жылжытылған электрод бағытында созылып барып, екі электродтың белсенді дақтары тиянақты сөйкес орналасады. Мұны — доғаның созымталдыгы деп атайды. Үшінші технологиялық шартты орындау үшін электр доғасы созымталдық қасиеті болуы керек.

Ток тұрақты болғанда доға кернеуі элетродтардың арақашықтығына түзу сызықты тәуелділікте болады (6-сурет). Доға кернеуі пісір тогының шамасына да тәуелді. Доға ұзындығы тұрақты болғанда, доға кернеуі мен ток шамасының арасындағы тәуелділік доғаның вольт-амперлік сипаттамасы деп аталады (7-сурет).

6-сурет. Доға кернеуі мен оның 7-сурет. Доғаның статикалық вольт-

ұзындығы арасындағы тәуелділік амперлік сипаттамасы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных