Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Доғалы пісіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы




Электрдоғалы пісіруді пайдаланып жұмыс істеу барысында жұмыс істеушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті мынадай жағдайлар болуы мүмкін:

- электр тогына ұрынып қалу;

- көз бен дененің ашық жерлерінің сәулемен зақымдануы;

- бұйымды пісіруге дайындау және пісіру процесі кезінде мүмкін болатын жараланулар;

- балқыған металл мен қождың шашырауынан күйіп қалу;

- зиянды газдармен улану;

- қысымы бар ыдыстарды пісіргенде жарылыс болу қауіпі;

- оңай жанатын және жарылыс қауіпі бар заттардың жанында жұмыс істегендегі жарылыс қауіпі;

- балқыған металл мен қождың салдарынан өрт шығу қауіпі.

Электр тогымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінің адам денесі арқылы тұйықталуынан болады.

Мұндай тұйықталудың пайда болу себептері мынадай:

- пісіру сымдарының және аппараттың электрлі оқшаулағышының нашарлығы;

- пісіршінің арнайы киімінің және аяқ киімінің нашар күйде болуы;

- пісіру орнының сыз болуы;

- пісіру орнының тарлығы және т.б толып жатқан факторлар болуы мүмкін.

Тұйықталу кезінде адам денесі арқылы өтетін электр тогының шамасына байланысты мынадай жарақат түрлері болуы мүмкін:

- 0,6 -1,5 mA ток соққанда – қолдың аздап дірілдеуі;

- 5 - 7 mA ток соққанда – қолдың тартылуы;

- 8 - 10 mA ток соққанда – қолдың саусақтары мен бындарының құрысуы;

- 20 – 25 mA ток соққанда – қолдың жансызданы, тыныстың тарылуы;

- 50 – 80 mA ток соққанда – талып қалушылық;

- 90 – 100 mA ток соққанда – талып қалу, ал 3 с артық әсер еткенде жүректің тоқтап қалуы;

- 3000 mA ток соққанда және 0,1 с артық әсер етсе тыныс пен жүректің тоқтап қалуы және адам денесінің бүлінуі. Сондықтан өлтіретін ток шамасы 100 mA немесе 0,1А деп санауға болады.

Егер электр тогының жиілігі 500 Гц жоғары болса, онда оның қаіпті әсері едәуір кемиді.

Электр тогының әсері сонымен қатар дам денесінің кедергісіне де біршама тәуелді. Денедегі кедергі әр мүшеде әртүрлі шамада, мысалы, кедергісі ең жоғары жер құрғақ тері, оның ең беткі, қан тамырлары жоқ қабаты. Дененің кедергісі сонымен бірге ішкі жағдайға (қалжырағандық, психологиялық жабырқаңқылық және т.б.) және сыртқы жағдайға (температура, ылғалдылық, газданушылық және т.б.) байланысты. Кернеу шамасына байланысты адам денесінің кедергісі 1000 – 2000 Ом деп саналады. Қауіпсіз кернеу деп 12 В, ал құрғақ желдетілетін бөлмеде жұмыс істегенде 36 В шамасындағы кернеу саналады.

Электр тогымен зақымдандан қорғану. Пісіруші электр тогымен зақымданудан қорғану үшін мынадай талаптарды орындау қажет:

- нәрлендіру көзін және пісірілетін бұйымды жақсылап жерлестіру қажет;

- жерлестіру контурын кері сым ретінде пайдаланбау керек;

- электродұстағыш тұтқасын жақсылап оқшаулау қажет;

- құрғақ, жақсы арнайы киіммен және қолғаппен жұмыс істеу қажет;

- төбесі ашық жерде пісіргенде жауын-шашын болғанда жұмысты тоқтату керек;

- өз бетінше жабдықтар мен аппаратураны жөндеуге болмайды (мұндай жұмыстарды электрик жүргізу керек):

- қуыс ыдыс ішінде жұмыс істегенде резеңкелі төсемше мен кернеу шамасы 12 В аспайтын қолмен ұстайтын лампа алуды ұмытпау керек.

Жерлестіру. Қорғаныстық жерлестіру дегеніміз – электрлі құрылғы бөлігін металл сыммен жерге қосу. Жер - тұйықталу тізбегінде өткізгіш ретінде апатты жұмыс режімдерінде пайдаланылады. Электржабдығын дұрыс жерлестіргенде екі параллель электр желісі қалыптасады: біреуі төмен кедергілі (3 – 4 Ом), ал екіншісі (адам кіріп жұмыс істейтін орын) жоғары кедергілі (2000 Ом). Сондықтан абайсызда керенеуі бар нәрлендіргіш тұрқына адам денесі тиіп кеткенде ток дене арқылы іс жүзінде өтпейді деуге болады.

Жерлестіруді электрлік жүйелер мен кернеу шамасына байланысты әртүрлі тәсілдермен жүргізеді (оқшауланған нейтральмен немесе бітеу жерлестірілген нейтральмен)

Пісіру трансформаторының бітеу жерлестірілген нейтралымен желіге қосылған сұлбасы 1-суретте келтірілген.

 

1-сурет. Бітеу жерлестірілген нейтралымен желіге қосылған пісіру трансформаторының сұлбасы: 1 — қосушы пункт; 2 — пісір трансформаторы; 3 — электродұстағыш; 4 — пісірілетін бұйым; 5 —жерлестірігіш тармағы бар үш тармақты шлангалы нәрлендіруші сым; 6 —трансформатордың бірінші реттік орамасы; 7 — трансформатордың екінші реттік орамасы; 8 — трансформатор тұрқы мен қосушы пункттегі жерлестіруші бұранда; 9 — желінің нөлдік сымына кететін тармақ

 

Сұлбада бір фазалы пісіру трансформаторын нәрлендіру үшін үштармақты шлангалы кабель қолданылғаны көрсетілген. Кабель қосқыш пункттен трансформатор қорабына барып жалғанған. Кабельдің үшінші тармағының бір ұшы қосқыш пункт қорабына, ал екінші ұшымен трансформатор қорабының бұрандасына жалғанған. Төмен кернеулі орама қыспағы пісірілетін бұйымға жалғанады және сонымен бірге жерлестіргіш металл сыммен трансформатор тұрқысындағы жерлестіргіш бұрандаға жалғанады.

Негізгі әдебиет 1 [3-9], 3 [390-395]

Бақылау сұрақтары:

1. Пісіру процесі дегеніміз не?

2. Пісірудің қандай тәсілдері бар?

3. Электрдоғасы қай жылы ашылды?

4. Электр жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік шаралары ескерілуі керек?

5. Нәрленіру көздерін жерлестіру не үшін қажет?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных