Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






IV типті күй диаграммасы




Қорытпа құраушылар сұйық күйде бірі екіншісінде толық еріп, қатты күйде тұрақты химиялық қосылыс түзеді. Ni — Аl, Аg — Sі т. б. системалар IV типті күй диаграммасы бойынша кристалданады. Түзілген химиялық қосылыстарды құраушы ретінде қарастырсақ, күй диаграммасының бұл түрін екі диаграммаға бөлуге болады (19-сурет). Система А және В құраушыларынан тұрады. Бұл қоспа құраушылары концентрациялары белгілі мөлшерге жеткенде химиялық қосылыс түзеді. Ат Вп химиялық қосылысының балқу температурасы А және В құраушыларының балқу температураларынан не жоғары, не төмен болуы мүмкін. Сондықтан мұндай системаның күн диаграммасын I типті екі күй диаграммаларынан құралады деп қарастыруға болады. А'Е1 сызығы бойынша А— Аm Вп системасының кристалдану процесі жүреді. АЕ1 сызығы бойынша А құраушысы, Е1 С сызығы бойынша Ат Вп химиялық қосылыс кристалданады. Қорытпаның кристалдану процесінің аяқталуы D Е1F сызығы бойынша жүреді. Ат ВпВ системасының қорытпаларының кристалдануы СЕ2В сызығы бойынша жүреді. СЕ2 сызығы бойынша Ат Вп химиялық қосылыс, ал Е2В сызығы бойынша В құраушы кристалданады. Соңғы қорытпалардың кристалдануының аяқталуы КЕ2L сызығына сәйкес келеді. Е2 нүктесінс сәйкес келетін эвтектикалық қорытпаның структурасы Ат Вп системасынан құралады, ал Е1 нүктесіне сәйкес келетін эвтектиканың структурасы А+Ат Вп системасынан тұрады.

 

Академик Н. С. Курнаков алғаш рет күй диаграммаларының типтері мен қорытпалар қасиеттерінің арасындағы байланысты ашты. А.А.Богвар Н.С.Курнаковтың ілімін өз еңбектерінде онан ары дамытты.

Қорытпаның құрамы, құрылысы және қасиеттерінің арасында мынадай байланыстар бар:

1. Құраушылары механикалық қоспа түзетін (I типті күй диаграммасы) қорытпалардың физика-химиялық қасиеттері (электр өткізгіштігі, қаттылығы) концентрациясына байланысты түзу сызықты заңдылық бойынша өзгереді (20-сүрет).

3-тақырып. Темір-көміртек қорытпасының күй диаграммасы

Темірдің негізінде алынған қорытпалар болат пен шойын қорытпаның әсер ететін кремний, марганец, фосфор және күкірт қоспаларын өзіне қосып алады. Бірақта болат пен шойын қасиеттері айтарлықтай дәрежеде көміртегі құрамына байланысты болады. Көміртегі металға жатпайтын элемент болып табылады, оның атомдық нөмірі 6, атомдық массасы 12,011, атомдық радиусы 0,77А, тығыздығы . Графит модификациясы мен алмастың метатұрақты модификациясында бола алады. Көміртегінің мөлшеріне байланысты теміркөміртегі қорытпалары болат және шойын деп бөлінеді. Теміркөміртегі қорытпаларының күйін диаграммалар арқылы зерттеудің негізін орыс ғалымы Д.К.Чернов қалаған болатын, ол болаттың беріктігі ондағы көміртегінің құрамына байланысты екендігін анықтап, қазіргі диаграмманың негізін қалады. Темір- цементит Fe – С қорытпасы жүйесі күйінің диаграммасы 0-ден 6,67 % С-ге дейін, яғни 0-ден 100%-ке дейін Fe,С құрамында көміртегінің мөлшері көп қорытпалар морт сынғыш болғандықтан, оларды қолданбайды. Демек аталған жүйедегі қорытпа құрамдарын темір мен Fe3С химиялық бірлігі, карбид пен темірден құралатын ондай құрылымды цементит деп атайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных