Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зерттеу жұмыстарын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар




Зерттеу жұмысы: Зерттеу жұмысы жасалынған жеке жоспар бойынша зерттеудің өзіндік мақсатына сай және дара орындалады. Жеке жұмыстың мазмұны мен көркемділігіне төмендегідей талаптар қойылады:

1. Зерттеу жұмысын орындаудың міндетті шарты тәжірибелік материалдарды пайдалану;

2. Зерттеу жұмысының мазмұны оның жоспарына сай болып, тақырыптың мәнін ашуы қажет;

3. Бірінші тарау зерттеудің негіздемесін айқындауға арналған теориялық мазмұнды болуы қажет. Онда проблема, мақсаты мен міндеті және зерттеудің әдістемесі айқындаудалуы қажет. Теориялық сұрақтарды баяндау әдебиеттерге шолу сипатында болады.

Мәні және көлемі жөнінен негізгі болып табылатын екінші тәжірибелік бөлімде зерттеуге талдау жасалынып, баға беріледі. Үшінші бөлімде ұсыныстар мен қорытынды пікірлер жазылады:

1. Зерттеу жұмысында кесте, сызба диаграммалар қолданылады.

2. Алғашқы бетіне оқу орнының атауы, тақырыбы, студенттің аты-жөні, оқытушының аты-жөні, оқу тобы және тапсыру мерзімі жазылады (жылы).

3. Зерттеу жұмысы сауатты, таза, анық жазылуы тиіс.

4. Зерттеу жұмысының соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілуі қажет.

5. Зерттеу жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі тиіс.

6. Кешіктірілген зерттеу жұмысының бағасы төмендетіледі

7. Сапасыз зерттеу жұмысын орындау есепке алынбайды.

8. Зерттеу жұмысында міндетті түрде сілтемелер көрсетілуі қажет.

Рефератты орындау бойынша нұсқаулар:

- реферат студентке бекітілген тақырыпқа сәйкес орындалуы тиіс;

- Алғашқы бетіне оқу орнының атауы, тақырыбы, студенттің аты-жөні, оқытушының аты-жөні, оқу тобы және тапсыру мерзімі жазылады (жылы).

- рефераттың көлемі 10-13 бет болуы тиіс;

- рефератта 3-тен кем емес әдебиет қолданылуы тиіс;

- рефераттың соңғы бетінде тақырып бойынша схема берілуі тиіс.

- Зерттеу жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі тиіс.

- Кешіктірілген зерттеу жұмысының бағасы төмендетіледі

Сапасыз зерттеу жұмысын орындау есепке алынбайды

 

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

 

Әдiстемелiк ұсыныстар. «Адвокатура» курсы бойынша бақылау жұмысын орындау «Құқықтану» мамандағы бойынша бiлiм алушылардың барлық категориялары үшiн қарастырылған. Бақылау жұмысы «Адвокатура» курсының барлық тақырыптары өзара байланысты болғандықтан және келесi тақырып мазмұндары алдыңғы тақырыптың теориялық ережелерiне негiзделетiндiктен, оқытушы дәрiс курсының негiзгi бөлiмiн оқып бiткеннен кейiн орындалады.

Бақылау жұмысы сессия басталардан бiр апта бұрын кешiк-тiрiлмей кафедраға өткiзiлуi тиiс. Бақылау жұмысын қорғаудың уақыты мен тәртiбi оқытушымен анықталады.

 

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ВАРИАНТТАРЫН ТАҢДАУ

 

Бақылау жұмысының варианты студент тегiнiң алғашқы әрiпiн ескере отырып, келесi ереже бойынша таңдалады:

 

Бақылау жұмысы тақырыбының Студенттiң тегiнiң алғашқы әрпi

варианты нөмiрi

 

№1 вариант А,Ә,Б,В,Г,Ғ

№2 вариант Д,Е,Ж,З

№3 вариант И,К,Қ,Л,М

№4 вариант Н,О,Ө, Ұ,Ү,П,Р

№5 вариант С,Т,Ю,У, Ф

№6 вариант Х,Ц,Ч,Ш

№7 вариант Щ,Э,Ю,Я

 

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛАР

 

Бақылау жұмысын орындау кезiнде бiлiм алушы алдымен нормативтiк-құқықтық актiлерге, оларға берiлен түсiндiрмелерге, оқулықтарға және қалыптасқан құқық қолдану тәжiрибесiне сүйенуi керек. Сұрақ жауабы толық, негiзделген және анық болуы тиiс.

 

Бақылау жұмыстарының тақырыптары

№ 1-вариант

1. Адвокаттардың көресететiн заң көмегiнiң түрлерi.

2. Адвокатураның түсiнiгi мен оны ұйымдастыру қағидалары.

3. Адвокаттар алқасы коммерциялық ұйым ретiнде.

4. Адвокаттар алқасы тәуелсiз ұйым ретiнде.

 

№ 2-вариант

1. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 5 желтоқсан 1997.

2. Адвокаттың қылмыстық сот өндiрiсiне қатысуы заң көмегiнiң түрi ретiнде.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың бiлiктi заң көмегiн алу құқығы туралы.

4. 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi адвокаттық қызметтi реттеу заңнамасының қайнар көзi ретiнде.

 

№ 3-вариант

1. 1999 жылдың 13 шiлдесiндегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi адвокаттық қызметтi реттеу заңнамасының қайнар көзi ретiнде.

2. 2001 жылдың 15 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексi адвокаттық қызметтi реттеу заңнамасының қайнар көзi ретiнде.

3. Адвокатураны сот-құқықтық реформасы жағдайында жетiлдiру мәселелерi.

4. 19–20 ғасырлардағы Қазақстандағы қорғау институтының ерекшелiктерi.

 

№ 4-вариант

1. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы 2002 жылдың 20 қыркүйегiндегi №949 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен мақұлданған.

2. Қазақстан Республикасындағы адвокат.

3. Адвокаттың заңды тұлғаларды тiркеусiз дербес қызметi.

4. Адвокаттың iс жүргiзуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасының этикасы.

 

№ 5-вариант

1. Қорғаушының қылмыстық iс жүргiзуге мiндеттi қатысуының негiздерi.

2. Адвокат қорғаушының қылмыстық iс жүргiзуге қатысуының ұйымдастыру-құқықтық нысанын жетiлдiру мәселелерi.

3. Азаматтардың сотқа жүгiну және сотта өкiлдiкке құқығы.

4. Адвокаттың жағдайындағы заматтық iстi жүргiзуге тапсырма алу шарттары.

 

№ 6-вариант

1. Адвокат-сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң азаматтық iс бойынша өкiлеттiгi.

2. Адвокаттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерге қатысуы.

3. Адвокаттың шаруашылық дауларды қарауға қатысуы.

4. Адвокаттың сот қаулыларын шағымдау мен қайта қарауға қатысуы.

 

№7-вариант

1. Қазақстан Республикасының адвокаттар одағы мен адвокаттардың халықаралық қызметтестiктерi.

2. Адвокаттың азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық жауаптылығы.

3. Адвокаттың заңнамамен тыйым салынбаған әдiстер мен құралдармен қорғау функциясын жүзеге асыруы.

4. Адвокаттың iсте қорғаушы ретiнде қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар.

Глоссорий

Құқық қорғау органдары дегеніміз -өзінің бүкіл қызметі мен заңның негізінде және тиісті нысандарда демократиялық принциптер арқылы заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге азаматтардың, ең биік ұжымның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтан сақтандыру мен оның алдын алуға және заңдылық пен құқықтық тәртібін бұзған адамдарға мемлекеттік күштеу немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдануға тиісті мемлекеттік органдары, қоғамдық ұйымдар.

Адвокат кеңсесі (Адвакатская контора) –адвокаттардың білікті заң көмегін көрсетуі үшін материалдық ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында меншік иесі (адвокат) құрған және оның өзі қаржыландыратын мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

Адвокат құпиясы (Адвокатская тайна) –адвокатқа жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған адамман және басқа да адамдармен жасаған ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделерінде жасалатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ адвокаттың заң көмегін көрсетуіне қатысты өзге ақпарат.

Адвокат пен заң көмегіне жүгінген тұлға арасындағы келісім (Соглашение между адвокатом и лицом, обратившимся за помощью) – бұл адвокат пен заң көмегіне жүгінген тұлға (клиент) арасындағы өзара міндеттемені белгілейтін шарт, келісімде істің түрі мен жүргізу сипатына байланысты шарттар және қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ адвокат еңбекақысының көлемі анықталады.

Адвокаттар алқасы (Коллегия адвокатов) –жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау, “Адвокаттық қызмет туралы” заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсіби, өзін өзі басқаратын және өзін өзі қаржыландыратын ұйым.

Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтата тұру (Приостановление членства в коллегии адвокатов) – ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” заңында көрсетілген мән-жайлар бойынша адвокаттың адвокаттар алқасының мүшесі ретіндегі құқықтары мен міндеттерінің уақытша тоқтатылуы.

Адвокаттар алқасының органдары (Органы коллегии адвокатов) - жоғары органы- алқа мүшелірінің жалпы жиналысы (конференциясы); оның атқарушы органы- төралқа; бақылаушы органы –тексеру комиссиясы.

Адвокаттар алқасының өзін-өзі басқаруы (Самоуправление коллегии адвокатов) - алқаның ұйымдастырылуы мен қызметіне, оның ішінде мүшелікке қабылдау, сандық құрам, мүшелікті тоқтату, тәртіптік жауапкершілік және мүшеліктен шығару туралы шешімдерге қатысты барлық күнделікті мәселелердің шешімін дербес қабылдау құқығы.

Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері (Виды юридической помощи, оказываемой адвокатами) – шешілімі кәсіби заң көмегін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беру; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау; анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттар, мемлдекеттік және өзге де органдарда және азаматтармен қарым қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігін білдіру мен оларды қорғауды жүзеге асыру; азаматтар мен ұйымдарда заңда тыйым салынбаған басқа да заң көмегін көрсеті.

Адвокаттарды аттестациялау (Аттестация адвокатов) – адвокаттар алқасының төралқасы бес жылда бір рет ұйымдастрып өткізу кезінде адвокаттың уәсіби білімі мен дағдыларын негізгі өлшем ретінде қолдану арқылы адвокаттың заңнама нормаларын білуін тексеру және бағалау.

Адвокаттардың халықаралық одағы (достастығы) органдары (содружество) адвокатов) – халықаралық ынтымақтастық саласында адвокаттардың заңды құқықтары мен мүдделерін білдіріп қорғайтын, нәсілдік және ұлттық тегіне, азаматтығына, тіліне, жынысына, діні мен әлеуметтік шығуына қарамастан еріктілік, мүшелік, өзін-өзі басқару, заңдылық, жариялылық және оның мүшелерінің теңдігі принциптеріне негізделген адвокаттардың халықаралық қоғамдық ұйымы (Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина).

Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығы) органдары (Органы Международного союза (содружества) адвокатов) – ассамблея (съезд), төралқа, басқарма мен тексру комиссиясы.

Адвокаттық әдеп (Адвокатская этика) – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін барынша жақсы қорғауға жәрдемдесу мақсатында қолданыстағы заңнама, адвокаттар алқасының Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік әдеп Ережесі шеңберінде реттелген және практика жүзінде қалыптасқан адвокаттың мінез құлқының нормасы.

1995ж. 5-желтоқсандағы “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (Закон Республики Казахстан от 5-декабря 1997 года “Об адвокатской деятельности) – ҚР Парламенті қабылдаған, адвокаттық қызметтің құқықтық нормаларын реттеу тәртібі мен мазмұны және осыдан туындайтын құқықтық қатынастар біріктіріліп жүйеленген заңнама актісі.

Адвокаттық қызметке кедергі жасау (Воспрепятствование адвокатской деятельности) – бұл анықтау, алдын ала тергеу, сот, мемлекеттік және басқа да органдарда, ұйымдарда, сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынастарда заңды және жеке тұлғаларға өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асыратын адвокаттың заңды қызметіне әртүрлі тосқауыл қою, иә болмаса, егер бұл әрекет азаматтар мен ұйымдардың немесе заңмен қорғалатын қоғамның не мемлкеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі залал келтірсе, дербестік пен тәуелсіздіктің басқаша бұзылуы.

Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң көмегін көрсетуге арналған лицензия (Лицензия на оказание платных юридических услуг, не связанных с адвокатской деятельностью) – заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын нақты жеке тұлғаға осы қызмет түрімен шұғылдану құқығын айғақтайтын құжат.

Адвокаттық қызметпен шұғылданғысы келетін адамдарды аттаестациялау (Аттестация лиц петендующих на занятие адвоктской деятельностью) - әділет Аттестациялау комиссиясы ұйымдастырған тетілеу өткізу жолымен қоданыстағы заңнама туралы үміткерлер білімін тексету және әңгімелесу өткізу жолымен үміткерлердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын анықтау.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия (Лицензия на право занятие адвокатской деятельностью) – бұл әділет аттестациялық комиссиясы шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензияда көрсетілген адамға осы қызметпен шұғылдану үшін беретін рұқсат.

Әділет аттестациялау комиссиясы (Аттестационная комиссия юстиции) – адвокаттық не матеиалдық қызметпен шұғылданғысы келетін үміткерлерді аттестациядан өткізу туралы ҚР заңдарына, ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес тестілеу және әңгімелесу негізінде заңнама нормалары туралы білімді тексеру және бағалау, сондай –ақ осының негізінде үміткер адамға қатысты белгілі бір шешім шығару мақсатында құрылған тәуелсіз мекеме (құрамына ҚР Әділет органдары, ҚР Адвокаттар одағы, Республикалық нотариалдық палата өкілдері, ҚР Парламенті қос палатасы депутаттары және ғалым-заңгерлер санатындағы жеті адам кіреді).

Адвокаттық қызметті реттейтін заңнама (Законодательство, регулирующие адвокатвою деятельность) - адвокаттық қызметтің тәртібі мен мазмұнын анықтайтын ретте, Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілер жиыны.

Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары (Формы организации адвокатской деятельности) - адвокаттың өз қызметін заң консультациясы немесе басқа да адвокаттар мен бірлесіп адвокат кеңсесін құру арқылы не дербес, сондай-ақ заңды тұлғаны тіркемей жеке дара жүзеге асыру құқығы.

Адвокаттың құқықтары (Право адвоката) –адвокаттың өзін өзі басқаратын ұйымның мүшесі және азаматтар мен ұйымдарға білікті заң көмегін көрсететін тұлға ретіндегі “Адвокаттық қызмет туралы ” ҚР заңында қарастырылған құқықтары.

Адвокаттың процессуалдық құқығы (Прцессуальное право адвоката) – адвокаттың тиісті занама актілерімен реттелетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік іс-жүргізуге кіріскен сәттен басталатын құқығы.

Адвокаттың тағылымдамадан өтушісі (Стажор адвоката) – бұл жоғары заңгерлік білімі бар және адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша білікті және тәжірибелі адвокаттың жетекшілігімен тағылымдамадан өткен Қазақстан Республикасының азаматы.

Адвокатура (Адвокатура) – азаматтар мен ұйымдарға білікті заң көмегін кәсіптік негізде заң шегінде көрсететін тұлғалар қызметінің ұйымдық нысандары мен мазмұнын айқындайтын қоғамдық құықықтық институт.

Адвокатура міндеттері (Задачи адвокатуры) –қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастыру.

Адвокатураның және адвокаттар қызметінің принциптері (Принципы адвокатуры и адвокатской деятельности) – адвокаттар мен ұйымдарға білікті заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ететін, барлық процессуалдық нормалар және адвокатура мен адвокаттық қызметті құрылымын анықтайтын институттарды қамтитын негізгі құқықтық идеялар.

Адвокатураның орталықсыздандыру принципі (Принцип децентрализаии адвокатуры) - әрбір адвокаттар алақасындағы өзін-өзі басқару мен тәуелсіздік және олардың қызметіне араласпау, сондай-ақ алқалардың және оларды басқаратындардың үстінен қарайтын орталық басқару органдарының жоқтығы.

Адвокатураның тәуелсіздік принципі (Принцип незовисимости адвокатуры) - оның қызметіне прокуратура, сот анықтау және алдын ала тергеу органдары, өзге мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, басқа ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, тікелей заң актілерінде көзделген реттерді қоспағанда, оның қызметіне ешбір араласпауына жол берілмейтіндігі жөнінде заңда белгіленген тәртіптер.

Заң көмегі (Юридическая помощь) –адвокаттың консультация, түсініктеме беру талап қою өтініштері, шағымдарды, қолдау хаттарды және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды құрастыру, сот ісінде, сондай-ақ одан тысқары басқа іс әрекеттерді белсенді жасау жолымен азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүддесін қорғаудың барлық заңды құралдары мен әдістерін пайдалану.

Құқықтық көмек (Правовая помощь) – бұл сот, әділет және тергеу органдарының екі немесе бірнеше мемлекет жасаған шарттар нагізінде бір-біріне азаматтық, отбасылық және қылмыстық істерді шешу үшін жәрдемдесу жөніндегі қызметі.

Заңда тыйым салынбаған өзге де заң көмегі (иная юридическая помощь оказываемая адвокатами) – Жарғылар әзірлеу және заңды тұлғалар құжаттарынтіркеуге даярлау; заң кеңесшілері жоқ ұйымдарды заң көмегімен қамтамасыздандыру және заң көмегі ретінде заңда аталғандардан басқа заңда тыйым салынбаған өзге де осындай қызмет түрлерін көрсету.

Қорғау (Защита) –қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс-жүргізу қызметі.

Кәсіби қорғау (Профессиональная защита) – адвокат-қорғаушының айыпталушыны, сезіктіні қорғау міндеті тәртібімен заңда белгіленге құралдармен және әдістермен жүзеге асыру жөніндегі қызметі, бұл қызметтің мақсаты олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қорғану тарабы (Сторона защиты) – сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі.

Қорғаушы (Защитник) –заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.

Қорғаушылар (Защитники) – адвокаттар, айыпталушылардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері.

Лауазымды адамдар (Дожностные лицы) – мемлекеттік функцияларды (өкімет өкілінің функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкілдік немесе әкімшілік шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар.

Тапсырма бойынша сотта өкілдік етуші (Представителей по поручению в суде) – адвокаттар; заңды тұлғалардың қызметкерлері-осы заңды тұлғалардың істері бойынша; кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары-құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік органдар жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметшілердің сондай-ақ басқа адамдардың істері бойынша; заңмен,жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамадардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі; іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар.

 

 

11. Оқу, өндірістік және диплом алды іс-тәжірибелерден өту және есеп беру құжаттарының үлгілері бойынша әдістемелік нұсқаулар

Қазақстан Республикасының барлық жоғарғы оқу орындарында студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейлерін айқындау мақсатында практика ұйымдастырылады. Практика студентке өзін танып білуге, жұмыс берушімен жақын танысуға және болашақта алға қандай кәсіби мақсаттар қою керегін түсінуге көмектесетін бірден-бір әдіс. 5В030100-«Құқықтану» мамандығының студенттеріне кәсіптік практиканы ұйымдастыру мақсатында сот органдарында (Қызылорда облысы бойынша Облыстық соты, Қызылорда қалалық соты, Қызылорда Облысы бойынша Сот актілерін орындау департментінде) келісім шарттарға сәйкес тәжірибе өту жоспарланған. Мұнда студенттер «Адвокатура» курсы бойынша қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және т.б. істер бойынша адвокаттың іске қатысу тәртібін және кәсіби әдебін үйреніп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастырады (5В030100-«Құқықтану» мамандығының студенттеріне үшін оқу танысу және өндірістік іс тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар).

Білім алушылар:

- Іс жүргізу бойынша нормативті құжаттармен жұмыс жасауды үйрену, еңбек ұжымында жұмыс жасап үйренеді;

- Құқық қорғау саласында жұмыс жасайтын тұлғалардың қызметтік инструкцияларымен танысады;

- Құқықтық пәндер бойынша теориялық білімдерін тереңдетіп, жүйелеп, оларды тәжірибеде қолдануды үйренеді;

- Мамандық бойынша тәжірибе жинақтау, адамдармен жұмыс жасауда немесе ұжымды басқаруда біліктілікті көрсете білуге бейімделеді.

 

 

12. Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных