Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Адвокатура алқасының ұйымдастырушылық – құқықтық мәртебесі, оның органдары.




Мазмұны:

5.1 Адвокаттар алқасы туралы ұғым және оның маңызы, мәртебесi, мақсаттары. Адвокаттар алқасының заңдық мәртебесi. Адвокаттар алқасының огандары. Адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысандары.

5.2 Адвокаттар алқасына қабылдау тәртiбi. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтық мәртебесi. Адвокаттар алқасына қабылдау, оны тоқтату. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi: негіздері, тарту, босату тәртібі.

5.3 Қазақстан Республикасының Адвокаттар Одағының қызмет және құқықтық мәртебесі. Адвокаттар одағына мүшелік. Одақ органдарының құрылу тәртібі және құзіреті.

5.4 Адвокаттардың халықаралық Одағы (достастығы). Халықаралық адвокаттар одағына (достастығы) мүшелік. Одақтың басқару органдары және олардың құзіреті, құрылу тәртібі.

Тапсырмалар: 1. Адвокаттар алқасы органдарын атқаратын өкілеттіктеріне байланысты жіктеп, кесте сызыңыз.

2. Адвокаттық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандарын атаңыз.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Адвокаттар алқасының ұйымдық-құқықтық нысаны «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 20- бабында көрсетілген. Осы тақарыптағы адвокаттар алқасының заңдық мәртебесіне анықтау үшін оның органдарының жалпы жиналысы, адвокаттар алқасының төралқасы, тексеру комиссиясының орнын анықтау керек. Сонымен қатар, заң консультациясының негізгі мақсаттарына да тоқталған жөн.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

2. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.

3. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

4. Адвокатура нормативтiк құқықтық актiлердiң жинағы. - Алматы: 1999 жыл.

 

№ 6 практикалық сабақ

Тақырып: Заң консультациясы, адвокаттық кеңсе: адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі.

Мазмұны:

6.1 Адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандарының әртүрлілігі адвокаттық мамандықты жүзеге асырудағы бостандық кепілі ретінде.

6.2 Заң консультациялары – адвокаттар алқасы президиумымен ұйымдастырылатын адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшелері (филиал), заң консультациясы туралы ереже осы қызметтің құқықтық негізі.

6.3 Адвокаттық кеңсе – мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Адвокатық кеңсенің тағайындалуы. Адвокаттық кеңсені құру жағдайы мен тәртібі. Жарғы, құрылтайшылық келісім-шарт – адвокаттық кеңсе қызметінің құқықық негізі.

6.4 Құқықтық және заңдық көмек: ұқсастығы мен айырмашылығы. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша заң көмегін көрсетудің нысандары. Әртүрлі юридикциялық өндірісте өкіл және қорғаушы ретіндегі әртүрлі нысандарда адвокатпен заң көмегін көрсетуді бекітетін заңнаманың перспективасы.

6.5 Қорғаушылық пен өкілдікпен байланысты шығындарды өтеу, адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің төлемақысы. Заң көмегінің төлемақысының мөлшерін белгілеу.

Тапсырмалар: Заң консультациясы, адвокаттық контора; адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандарын талдау нәтижесінде аталған ұйымдастырушылық нысандардың ерекшеліктерін суреттейтін тезистер құрастырыңыз.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: тақырыпты зерттеу барысында студенттер біріншіден адвокаттық қызметтің ұйымдаструшылық нысандары ұғымын қарастырып, оның ішіндегі нақты формаларды жіктеп алғандары жөн. Кейіннен негізгі үш нысаны Заң консультациясы, Адвокаттық контора және адвокаттық қызметті жеке дара жүзеге асыру ерекшеліктеріне тоқталу керек. Олардың ерекшеліктерін есере отырып қысқаша тезистер жазған жөн.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

2. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.

 

№ 7 практикалық сабақ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных