Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокаттардың сот тергеуіне қатысуы.




 

13.1 Адвокат әрдайым этикалық қалыпты қолданады. Адвокат тактиканы қолдану барысында, рухани, адамгершілік және әтиқалық қалыпты бұзбауға тырісуы қажет.

"...Адвокат айыптауға қарсы тұру тактиканы қолдана білуі тиіс.

Қорғау тактикасы ұғымы жөніндегі жан-жақты қамтылған түсінікті алғаш рет 1967 жылы Шафир бергені белгілі. Оның пікірі бойынша тактиқа - бұл қорғаушының міндетін орыпдауға ең жақсы мүмкіндің беретін заңды қорғау құралының орналасуы мен үйлесім табу өнері. Қорғау тактикасы - бұл өнер ғана емес, кебіне көп қорғаушының жеке санасына байланысты әрекет.

Қорғау тактикасын ғылыми ережелер жүйесі және қорғауды үйымдастыру мен жоспарлау жөніндегі ұсыным негізделген, қорғау субъектісінің қорғау қызметі барысында процеске басқа қатысушылармен қатынасы және өзара іс-кимылын есепке ала отырып, тәртіп жүйесін тағдауы сондай-ак қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен қүрделі жағдайда сәйкес сөзіктінің, айыпталушының құқықтары мен мудделеріп тиімді қорғауға және заңи кемек беруге бағытталған басқа да ережелер мен тәсілдердің қатыстырілуы қорғау тактикасы - бұл ең алдымен қызмет тәсілі, іс-кимыл тәсілі. Тәсіл дегеніміз - әдіс, атап айтқанда, қызметті белгілі бір жағдайда ретке келтіретін мақсатқа жету әдісі.

Дәлелдеудің ауыр жүгін арқалаған адвокат жауапкершілікті сөзіне отырып, айыпталушы үшін жайсыз жағдайды жеңілдетуге, шамасы кел-се, ақтауға тырісады. Қорғау тактикасы ұсыным түрінде адвокаттың мақсатқа жету үшін қорғауды дұрыс және тиімді ұйымдастыруына көмектесуі тиіс қылмыстық сот ісін қарауда акиқатқа жету адвокаттың белсенділігіне байланысты.

Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада. Мақсат айыптаушыны қорғау міндеті жүқтелген адвокаттың шешім қабылдау сәтінде белсендірек іс-әрекет жасауға итермелейді. Қорғау мақсаты бағыттаушы, рет-теуші және жүйе қүру арқылы қорғау рөлін атқарады. Адвокат әрдайым қорғаудың осы құралдарі мен тәсілдеріп пайдаланды. Қорғау мақсаты қорғау қызметі қүрілымына елеұлі ықпал етеді, оған тұрақтылық және мақсаткерлік сипат береді. Мақсат пен міндетті дәл анықтау алға қойылған мақсат және тиісінше оны жүзеге асыру құралының заңды немесе заңсыз сипатын айкьындауға мүмкіндің туғызады.

Мақсат - бұл жүзеге асыруды қажет ететін ұмтылу мәні, ал міндет — бұл атқаруды, шешуді талап етеді. Мұндай жағдай адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық анықтауды қамтамасыз етуді, сондай-ак заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуды, қылмыстың алдын алуды құқықты қүрметтеу көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін қылмыстық іс жүргізу қызметінің мақсаты болып табылады.

13.2 Сот процесіне дайындалуда адвокат мынадай әрекеттер жасайды:

· дәлелдемелерді бағалау;

· дәлелдемелерде қарама-қайшылықтар шығару;

· заңның бұзылғандығын көрсете білу;

· айыптаудың заңдылығын;

· топтық істердің жауапкершілігінің нақтылығы.

Істі зерттеудегі дәлелдемелерді бағалау. Адвокат міндетінің шегінде істің материалдарын бағалайды.

Істі зерттей отырып адвокат дәлелдемелерде қылмыстың белгілерін ғана белгілейді, ал дәлелдемелердің шындыққа сәйкестігін алынған қайнар көзін қарастырмайды. Адвокат дәлелдеменің шындыққа сәйкестігін сотта ғана анықтай алады, басқа дәлелдемелермен салыстыру нәтижесінде. Осы процесте адвокат өзіне бір дәлелдемелердің сенімділігін, екінші дәлелдемелердің нашарлығын, үшінші дәлелдемелердің сенімсіздігін белгілеуі тиіс. Бұл жерде адвокат тергеу кезінде жиналған дәлелдемелерді топтастырады:

· айыптайтын және ақтайтын

· нық белгіленген деректер мен күмән келтіретін деректер

· заң жүзінде алынған және істе заңсыз пайда болған

· даусыз және даулы және т.б. дәлелдемелерде қарама-қайшылықтарды шығару ҚІЖК-нің 30 бабына сәйкес адвокат сот отырысында талқыланатын іс бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігін анықтайды.

Сонымен қатар бірқатар тексеріс жүргізеді:

1. қылмысты тергеу кезінде дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың зерттелгендігін;

2. тергеу органдарының шешімдерін іс бойынша жиналған дәлелдемелердің дәлелдейтіндігі;

3. алынған дәлелдемелердің қылмыстық іс жүргізу заңында кезделген тәртіпте алынғандығы.

Адвокаттардың міндеттері осылай орындалады.

Бірақ кей жағдайларда істі қарауға дәлелдемелердің жеткіліксіз болғанда іс тұлғаға қатысты тағайындалады. Мұндай қателіктер көбінесе жәбірленуші өзіне қауіп төндірген тұлғаны көрсете алмаған істерде жіберіледі.

Мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыстық істер бойынша, сонымен қатар жәбірленуші өзі мас болған жағдайда, басқа да себептер күштеп қауіп төндіру жағдайлары.

Адвокат сот талқылауына дейін істі зерттеуде іс бойынша дәлелдеуге жа-татын мән-жайларға қатысты қарама-қайшы келетін мәліметтерге назарын аударуы тиіс. Қарама-қайшылықтар дәлелдемелердің әр түрінде және бір түрінде болады, сонымен қатар әр түрлі қайнар кезден алынған дәлелдемелерде қарама-қайшылықтар болады. Көп жағдайда мұндай қарама-қайшылықтар жасаған әрекетті дәлелдеуге дәлелдемелердің жеткіліксіздігінен істі алдын ала тыңдауға кедергі келтіреді, адвокат осындай жағдайларда өтініш жазады. Егер адвокат тергеу органдары істегі қарама-қайшылықты байқамаса, немесе көрген жағдайда да шешпесе, ал шешкен жағдайда дұрыс шешпегенін анықтаса тиісті өтінішінде көрсетеді.

Мысалы, адвокат істі зерттей отырып сот психиатриялық сараптама ак-тісі қорғауындағы адамның психикалық жағдайына қарама-қайшы келеді. Адвокат өтінім жазады, өтінімді қарастырғаннан кейін сот істі сотталушының есімін дұрыстығын шешу үшін қосымша тергеуге жібереді. Адвокаттың заңның бұзылғанын табуда екі бағытты қолданады:

· сот отырысын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңының бүзылуын табу.

· заң бұзушылықпен алынған дәлелдемелерді табу.

Адвокат көңілін қылмыстық іс жүргізу заңының бұзылуына бөледі. Егер де осындай заң бұзушылық кезделсе, осындай бұзушылықты жою үшін қосымша тергеуге жібереді. Істі зерттей адвокат нақты қылмыстық спецификасы көрсетілген тергеу әрекеттеріне немесе толтырылған құжаттарға ерекше назар аударады. Сонымен қатар тергеу органдары айыпталушының процессуалдық құқықтарын шектейді. Тәжірибеде бұл заң талаптарын бұзу жиі кездеседі.

Тергеу органдары көбінесе айыпталушыға органдары, өтініш жасау құқықтарын түсіндірмейді. Жауап алу хаттамасында тергеу органының болжамына сәйкес келетін мәліметтерді ғана жазады. Айыпталушының басқа мәліметтері жауап алу хаттамасында керсетілмейді. Жазылған хаттамада айыпталушының заңға қайшы әрекетінің жасау себептері көрсетілмейді. Осыған қатысты адвокат көңілін аудара отырып қорғау тезисін айтады: «тергеуші тек қана айыптаумен айналысқан, ал басқа болжамдар қарастырылмаған да».

Басқа жағдайларда тергеу органдары айыпталушының жауабын жасаған қылмысын, себептерін, қылмыс жасауға итермелеген мән-жайлар, жәбірленушімен қарым қатынасын тиянақты жазады, бірақ мәліметтерді тексеру шарасын жүргізбейді. Соңында айыпталушының болжамы тексеріссіз қалады. Айыпталушының болжамын тексермеудің себебі, тергеу органдарының ойынша, «жасалған қылмысқа қатысты дәлелдемелердің жеткіліктігі», «әрекеті айқын» т.б.

Айыпталушының қоргану құқығын бұзу тергеу органдарының әр түрлі өтінімдерін қанағаттандырусыз қалдыруында байқалады. Айыпталушының өтінімдері - сот медициналық немесе сот психиатриялық сараптама тағайындауына, өзінің оң мінездемесі жазылған мәліметтері көрсетілген жазбаша құжаттар мен материалдар белгілі тұлғалардың жауал алу хаттамасы беттестіру жүргізуіне жазылады.

Адвокаттың қорғауындағы адамның құқықтарының бұзылғандығы, мына жағдайларда айқын көрінеді, айыпталушы қылмыс жасаған кезде жауапқа тартылмаған басқа да тұлғалардың қатысқаны жөнінде мәліметі, бұл мәліметті тергеу органы тексермегендіктен байқайды.

Айыптаудың заңдылығын бағалау. Қылмыстық іс жүргізу заңы міндеттейді қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеу органы адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығаруы туралы. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулыда мыналар керсетілуі тиіс:

- оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кім жасаған; айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі, аты-жөні, оның туған күні, айы, жыльг және жері;

- айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың жасалған уақыты, орны керсетілген сипаттамасы, сондай-ак КІЖК-нің 177 бабына сәйкес дәлелдеуге тиісті өзге де жағдайлардың сипаттамасы;

- аталған қылмыс үшін жауаптьглықты кездейтып қылмыстық заң (бап, бөлік, тармак).

Қаулыда жасалған қылмыс туралы мәліметтер адвокаттың қорғауындағы адамның жауаптылыгының шегін белгілейді. Бұл жауаптылықтың шегін тергеу орны жаңа айып тағылмағанша үзарта алмайды.

Адвокат мынадай жағдайларды белгілейді, айып тағылғаннан кейін тергеу органы жасалған қылмыс бойынша жаңа мән-жайларды табады, содан кейін жаңа айыптау тағайындамай, айыптау қорытындысына қоса салады.

Мүндай әрекеттер қылмыстық іс жүргізу заңына қайшы келеді. Адвокат істі зерттеу барысында осыған ұқсас айыптау шегін кеңіту деректеріп тапса, сот алдында тергеу органдарының айыптауға енгізген адвокатқа, қорғауындағы адамға көрсетілмеген мән-жайларды қысқаргуды және жаңа айыптау тағайындау мәселелеріп шешеді.

Кей жағдайда айыптау шегін заңсыз кеңітудің себебі, тергеуді жүргізген тұлғанын материалдық нормаларды және іс жүргізу құқық нормаларып жеткіліксіз білуі және әлсіз прокурорлық қадағалау.

Істе тергеушыпып жұмысын зерттеуде, адоқат тергеуші мен прокурордың - іс жүргізуде қарсы жақтар екенып білуі тиіс.

Топтық істердің жауаптылығының нақтылығы. ¥йымдасқан топ жасаған қылмыстық істер бойынша қылмыс жасағандағы әрекеттері мен белсендіктері ескермей, тексермей іске қатысушыларға, яғни, айыпталушыларға бірдей айып тағып құқықтарын бұзады.

13.2 Осындай жағдайлар сот тергеу барысында анықталады, көбінесе сот отырысында сотталушылар кімнің қандай қылмыс жасауда «үлестеріп» қосқандығын өздері айтады. Осылайша шындық белгілі болады, ал қоргану құқығы - қамтамасыз етіледі.

Адвокат сот тергеуінде мынадай міндеттердің шешілуін кездейді;

· қылмыстық оқиғасын белгілеуі

· қорғауындағы адамның кінәлілігін зерттеу.

Осы міндеттеріп жеке-жеке қарастырайық.

1. Қылмыстық оқиғасын белгілеуі. Қылмыстық оқиғаны толықанықтау үшін, адвокат сотталушы мен жәбірленушінің нақты жасаған әрекеттеріп алуы керек.

Мысалы, біреу жай өтып бара жатқан екыпші адамға тиіседі, екыпші адам - жауап ретінде бірыпші адамды балағаттап, соңында үрып жықты. Қылмыстық оқиғаны дұрыс қорытындылау үшін қылмыстық іске қатысушы тұлғалардың (сотталушы мен жәбірленушінің) әрекеттеріп анықтауы тиіс. Мұндай қорытынды қылмыстық істің нақты материалдарымен беріледі.

Қылмыстық оқиғаны анықтап отырып адвокат бір әрекеттерді қорытындылап қылмыстық әрекетке жатқызса, басқасы - құқыққа қайшы әрекеттер, үшінші - моральдық әрекеттер, төртыпшіден - жай түрмыстық.

Қылмыстық оқиғаны қорытындылауда адвокат қоғамға көмегі тиген әрекеттерге мән беруі тиіс.

Мысалы, адвокаттың қорғауындағы адам құқық бұзушыны ұстап алуы, ДТП - ісі бойынша жәбірленушіге сотталуышының көмегін көрсетуі т.б. Осыған ұқсас істерде әрқашанда қоргану мүмкіндіңтері бар., Сонымен қатар адвокат қорғауындағы адамның қолданылып жүрген заңға, қоғамға салқырт, тәқаппар екенып анықтауы керек.

Мұндай бағаны адвокат куәнің, жәбірленушінің жауап алу хаттамасының негізыпде анықтайды. Куә, жәбірленушінің берген мәліметтеріпде сотталушының әрекетыпде менсыпбеушілік, тәқаппарлылығы, қоршаған ортаны сыйламайтындығы көрсетіледі. Мұндай әрекеттер болса адвокатқа тәртіп, сыйласымдылық жағдайларып қозғамауына тура келеді.

Адвокат сотталушының, жәбірленушінің, куәлардың жауаптары секілді құжаттар негізыпде қылмыстық жағдайды белгілейді.

Адвокат қорғауындағы адамның жасаған әрекетыпде қылмыстық әрекеттердің бар немесе жок екенып өзі дәлелдеуі керек, егер де қылмыстық әрекет болмаса айыптаудан босатуды талап ете алады.

Қылмыстық оқиға әрқашанда нақты. Белгілі орыпда және белгілі уақытта жасалған қылмыс, нақты белгіленген қылмыс болып табылады. Тәжірибеде уақытын, күнін, тіпті сағатын белгілеуді талап етеді. Бұлар болмаса қылмыстық оқиға нақты болмайды.

Қылмыстың жасалған орны мен уақыты көз келген қылмыстарға сәйкес объективті жағы болып табылады. Сонымен қатар ауырлық дәрежесін анықтауға қажет. Кез келген қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылмайды, егер оның тәсілдері анықталмаса қылмыс әр түрлі тәсілдермен жасалынуы мүмкін. Куәлердің жәбірленушінің қандай тәсілмен қылмыстьщ әрекет жасалғандығын тергеу кезінде айтса, қылмыстық оқиғаның болғандығын дәлелдейтін дәлелдеме болады. Егер де мұндай дәлелдемелер болмаса қылмыстық оқиғаның дәлелденгендігіне адвокат қарсы шыға алады.

Сонымен қатар адвокат қылмыстық оқиға болған уақытта жәбірленуші мен сотталушының қарым-қатынасын білуі тиіс. Адвокат өз қарауындағы адамды, жәбірленушілерді, куәлерден жауап алған кезде нақты қандай құқықтарының бұзылғанын, шектелдгенін, қылмыстық құқыққа қайшы қандай әрекет жасалғанын, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына қандай дәрежеде қауып төнгенің анықтауы тиіс.

Қылмыстық іс әрекет жасай отырып субъект тұлғаның өзіне және мүлікке залал тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайда адвокат жасалған мүліктік залалдың сомасымен анықтауы тиіс. Бұл қылмыстық оқиғаны анықтаумен қатар қоғамға қаншалықты әсеріп тигізгенін шешеді. Адвокаттың нақты қанша материалдық залал келтіретінін анықтауы соттың қылмыстық әрекеттің дұрыс саралауына кемектеседі.

Атыс қаруын, ғаз қаруын, пышақты, қастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолданған қылмыстар да кездеседі. Сотта осы аталған заттар қару ретінде қолданылғаны анықталса қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылады. Мұндай заттарға қылмыс жасау мақсатында алдын ала дайындаған және қылмыс әрекетінде қолданамын депесетеген құралдар кіреді.

Егер де адвокат сотта қорғауындағы адам жәбірленушіге аяк астынан табылған затпен (таяк, отвертка) дене жарақатын салса да КР КК 257-бабының 3 бөлігі мен сараланбайды. Аяк астынан табылған, түрмыстық заттар қасақана дене жарақатын салуға арнайы арналған құрал болып табылмайды.

Адвокат қылмыстық оқиғаны, қолданылған құралдарды зерттеумен қатар өз қорғауындағы адамның кінәлілігін зерттейді. Адвокат қорғауындағы адамның есінің дұрыстығын және белгілі жасқа толғанын тексеруі тиіс. Көптеген қылмыстық істерде алдын ала тергеу органдары айыпталушыға сот-психиқалық сараптама тағайындайды. Сот-психикалық сараптаманың тағайындау негіздері: жасаған іс әрекеттің ауырлыгын айпталушының жасаған әрекетінің білмейтіндігі және психиатр тіркеуінде гүратындығы жөнінде жазған органдарыы. Бірак та мұндай сараптама жүргізу соңында айыпталушының жасаған әрекетінің білмеуі; есірткі заттарын қолданғаннан және спирт ішімдігінің мастығынан екендігі анықталады. Осындай жағдайларда сарапшы және мәжбүрлі түрде емдеу жүргізу жайлы белгілейді.

Қылмыстық іске тіркелген сот-психиатриялық сараптама ақтісі сотта қылмыс жасаған тұлғаның есінің дұрыстығын дәлелдейтін негізгі қайнар көз болып табылады. Сонымен қатар айыпталушының есінің дұрыстығы жәбірленуші мен куәлардың берген жауаптары дәлел болады.

КР КК 18 бабында көрсетілген «алқогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдәрынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды».

Тәжірибеде анық керсетіледі көптеген қылмыстық әрекеттерді тұлға мас күйінде өз-өзіне бақылау жүргізе алмайды, осының салдарынан қоғамға қауіпті іс әрекеттер жасайды. Мұндай жағдайда адвокат қорғауындағы адамның жасаған қылмыстық іс әрекетін алдын ала ойластырып жасамағандығын дәлелдеуі керек. Адвокат өз қорғауындағы адамның жауаптылығын жеңілдетуге қатысты мән-жайлар ұсына алады. Мысалы, қорғауындағы адам мас болған жағдайда да қылмыстық әрекетті алғаш рет және кездейсок жасағандығы, қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің адамгершілікке жатпайтын қылығы, шын жүректен өкінуі, айыбын мойындауы. Есі дұрыс, КР қылмыстық кодексінде белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.

Қорғауындағы адамның жасы туралы мәлімет негізгі қайнар көзі: берген жауабы, алдын ала тергеу органдарымен тіркелген жеке құжаты (паспорт, туу туралы куәлік).

Адвокат қорғауындағы адамның бұрын сотталғанын сотталмағанын анықтауы тиіс. Сонымен қатар кінә түрін анықтауы тиіс: қасақана ма әлде абайсызда жасалғандығы, қылмыстар қасақана, абайсызда және аралас болады.

Егер қасақана жасалды деп тапса адвокат қорғауындағы адамның барлық әрекеті қасақана жасалмағандығын дәлелдеуі тиіс. Мысалы, адам өлтіру, сотталушы адамды өлтіремін деп алдын ала ойластырмайды, қатты сокқы бергеннен адам өліп кетеді. Ол тек қана жеңіл дәрежеде денесіне жарақат келтіремін деп қасақана ойластырды, нәтижесінде кісі елімі болады.

Адвокат қылмыс оқиғасын зерттегенде сотталушының әрекетінің қоғамға қауіптілік дәрежесін білуі тиіс.

Қылмыстық оқиғаның жасалған орнын, уақытын, жасалу жолын, мативін, мақсатын, жасаған әрекет зардабын зерттеуі тиіс. Қоғамға қауыпті адвокаттың қорғауындағы адамның әрекетін сыртқы көрінісі қылмысқа ұқсағанымен маңызы шамалы (қауыптілік дәрежесі төмен) болса қылмысі қатарына қоспайды. Сонымен қатар қауыпті әрекет қылмыстық заңда міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Қылмыс жасаған кезде, сотталушы бірнеше кимыл жасайды. Ол жай ербендеген, берекесіз кимыл емес әлеуметттік мазмұнға ие болуы шарт, іс-әрекеттің белсенділігі осында. Сонымен қоса есі дұрыс адамның саналы түрде жасауы, әрі әрекет ерікті болуы тиіс. Өзі қаламай еркінен тыс (мысалы, мәжбүрлеумен) жасалған әрекет үшін қылмыстық жауаптылық жок.

Адамға белгілі бір зардап келтіремін деп үрейлендіріп, қоғамға қауыпті әрекет жасауға мәжбүрлейді. Мұндай тәсіл адамның өз еркінен әрекеттенуін жокқа шығармайтындықтан, кісіні жауаптылықтан босатпайды. Бірак жазасын жеңілдетуге ғана кісі жауапты болмайды.

Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады, қасақана немесе абайсызда, тиісінше екі түрге жіктеледі: тікелей және жанама қасақаналық, менмендің пен немқүрайлық.

Тікелей қасақаналық адам өз іс әрекетінің (әрекетсіздігін) қоғамға қауыпті екендігін ұғынып, оның қоғамға қауыпті зардаптары болуынын мүмкін екенін немесе бола қоймайтынын алдын ала біліп және осы зардаптың бол-луын тілеп тікелей ниетпен жасау. Ниеттің, пайда болуы уақыты кенеттен туындаған және алдын ала ойластырілған болады. Кенттен туындаған жай немесе аффектілі болуы мүмкін.

Кінәнің тағы бір нысаны - абайсыздық. Оның 2 түрі бар менмендің жән немқүрайлық, егер адам өз іс әрекетінің қоғамға қауып туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірак бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендіңпен жасалған қылмыс деп танылады.

Кей қылмыстар тек қасақаналықпен, ал кейбір қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалады, ал кейбір тек абайсыздықпен жасалады. Кейде бір қылмыстан кінәнің қос нысанын аңғарту болады. Олар әрекетті қасақана жасап, ауыр зардапта абайсызда ұрынады, ал зардап неғұрлым ауыр жазаға әкеп соғады. Бұлдай қылмыс негізінен қасақана жасалған деп танылады.

Осындай кінәнің нысанын адвокат алдын ала топшылап қорғау жоспәрын қүрып, сотталушының жазасын жеңілдетуге әсеріп тигізуі керек. Сонынен қатар адвокат сотталушының қорғаушысы болып қылмыс ниетін анықтап алуы тиіс. Яғни қорғауындағы адамның қылмыс жасағандағы шеті. Мысалы, пайдакүнемдің. Қазіргі уақытта көп адамдар жұмыссыздық себеп-термен, акша табу мақсатъшен, ұрлық жасайды, тонайды, тонау нәтижесінде жәбірленуші де денсаулығына зиян келтіреді. Бұл зардаптан адам өліп кетуі мүмкін. Сонда пайда табу мақсатымен кісі елтірген деп қорытындылайды.

Ниет пен мақсат жазаны жеңілдететін мән-жайы болуы мүмкін екенін адвокат есте сақтауы тиіс. Сонынен қатар қылмысты жан күйзелісі (аффект) күйінде жасаудың қауіптілік дәрежесі төмен деп есептеледі.

Мұнда адвокат қоргануындағы адамның қылмыстық іс әрекеті қылмыс жасау уақытында жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілік жат әрекеттері әсеріпен болды деп тұжырімдай алады. Тұжырмдап қана қоймай соған дәлел негіздер тауып, қорғауындағы адамның жазасын жеңілдетуге әрекеттер жасау керек.

Адвокат сотталушыдан жауап алу барысында психолгоиялық, логиқа, педағогиқа білімін пайдаланады. Жауап алу барысында ештенені жасырмай, іске қатысты мәліметтерді толық баяндауын талап ете ала-ды. Сотталушының жәбірленушімен қылмыс болар алдындағы қарым-қатынасын, келіспеушілігін, неден қандай себептерден қылмыстық оқиғаның туындауын, зардап келтірілгеннен кейін бірінші мендициналық кемек көрсеткенін көрсетпегенін, немесе қоргану барысында ауыр зиян келтіріп қылмыстық іс әрекет жасағандығын баяндап беруінен адвқат жа-засын жеңілдетуге шаралар жүргізе алады.

Сыртқы бейнесі қылмысқа ұқсағанымен адвокат қоргануындағы адам қажетті қоргану кезінде құқына қол сұкқан жәбірленушіге зиян келтіргенін өз сөзінде баяндауы тиіс. Мысалы, ер адам жас қызды зорламакшы болып қауып төндіргенде қыз оған басына таспен жарақат келтіреді. Ол жарақатты сарапшы денсаулығына ауыр зиян келтірілген деп қорытындылайды. Осын-дай жағдайларда адвокат қыздың өз құқын, ар намысын қорғау мақсатында әрекет жасағандығын дәлелдейді. Дәлелдеуде адвокат куә болған жағдайда куәнің жауабын және сарапшының қыздың денесіндегі жарақатын, көйлегін киімдеріп тексерген қорытындысын ұсына отырып дәлелдейді. Адвокат қажетті қорганғынын және қоргану шегінен асып кетпегендігін, егер адамның әрекеті шын мәнінде қоғамға қауыпті болғанын көрсетеді.

Адвокаттың мақсаты соттың шешім қабылдау сәтінде белсенділік іс әрекет жасайды. Адвокаттың міндетті айыптауды жокқа шығару; айыпта-уды жеңілдету; заңсыз қылмыстық кудалауға ұшыраған адамдарды ақтау. Адвокат қорғау тәсілдері мен құралдәрын пайдалануға, қорғаудың өзіндік тактикасын белгілеуге құқылы.

Адвокат өз болжамын ұсынады. Қорғаушы (адвокат) соттағы сөзіне сот тергеуінде мәлім болған деректерді келтіреді, бұларға баға береді, бір дәлелдемелерді сынаса екіншілернің сенімділігін дәлелдейді, өз болжамын ұсынып көбінесе айыптау нәтижесімен келіспейтін қорытындылар жасайды. Қорғау болжамы - бұл адвокаттың ғылыми болжам түріндегі нақты деректерге негізделген қылмыстық іс бойынша қорғау барысында ұсынған және тексерілген ой-тұжырымы. Адвокат қорғауда ағымдағы акпаратқа тұрақты түрде назар аудару қажет. Түскен барлық акпараттық қорғау үшін маңызды дегенін талдап, таңдайды.

Қорғаушы қызмет жоспары нәтижесінде барлық іс-кимыл мен құралдарды бір мақсатқа бағындырады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Қорғану тактикаларының түрлерін атаңыз?

2. Қорғану тактикаларын түрлерінің ерекшеленуі туралы не айтасыз?

3. Жалпы қорғану тактикасының үлгісін талдаңыз?

4. Жалпы шабуылдық тактикасының үлгісін айқындап беріңіз?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных