Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лекция 12. Адвокаттық қызметтің психологясы




Мақсаты: адвокаттық қызметтің психологиясы ұғымын талдап, адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілерімен танысу

Түйінді сөздер: психология, психотехника, психологиялық құрал, психологиялық әсер ету, анализ

Қаралатын сұрақтар:

Адвокаттық қызметтің психологиялық ерекшеліктері. Адвокаттың психологиясы.

Адвокаттық қызметтегі психологиялық әрекеттер және психологиялық құралдар. Заңгердің және адвокаттың психотехникасы. Адвокаттың қарым қатынас психологиясы.

12.1. Айыпталушыға қорғану құқығын қамтамасыз ету - қылмыстық істе объективтік шындықты анықтауда үлкен роль атқарады. Ал осы шындықты айқындауға тек белсенді, белгілі бір мақсатты көздей отырып, жан-жақты, толық және объективті түрде іс материалдарын талдау арқылы,айыпталушының жазасын жеңілдету немесе айыптың мүлдем жоқ екендігін дәлелдеуге көмектеседі.

Қылмыстық істе қорғаушы ретінде қатыса отырып,адвокат маңызды іс атқарады:мәселен,айыпталушыға тағылған айыптан қорғау. Тұрақты, жан-жақты, жоғары дәрежедегі қорғау - бірде-бір кінәсіз адам сотталмайды және ешқандай сот немесе сот органдарының шешімі айыпталушының құқығы мен заңды мүдделерінің бұзылмйтындығының кепіл болып табылады.

Айыпталушының мүдделерін қорғау әділеттілікті қамтамасыз етудің бірден- бір маңызды бөлігі болып табылады.

Дулов әділеттілікті қамтамасыз етудің психологиялық анализін бере отырып,маңызды белгілерін айқындап берді.Олар:тану, ұйымдастыру, тәрбиелік, құрастырушылық, үйлесімдік, куәландырушылық. Аталған компоненттердің куәландырушылық компонентінен басқасы, қорғаушылық қызметке тән.

Қорғаушылық қызметтті жүзеге асыруда адвокат айыпталушыны жан-жақты танып,көптеген факторлар мен оқиғаларды зерттеп, оның өткені мен қазіргі жай-күйін талдау арқылы қорғауды жүзеге асырады, яғни айыпталушының жазасын жеңілдету немесе айыптың мүлдем жоқтығын дәлелдеу үшін барлық жағдайларды қолдану керек.

Адвокаттың жұмысының жемісі көбінесес оның адаммен қарым-қатынас жасай білуіне байланысты: қорғаушы, тергеуші, прокурор, сот және басқа да қылмыстық іске қатысушылармен дұрыс байланыс орнату, оның ішінде қорғанушымен психологиялық байланыс орнату,оған психологиялық көмек көрсетудің заңды және нақты мүмкіндіктерін іздестіру, ал кей жағдайларда-нақты психологиялық әсер етіп, қолдау көрсету керек.

Аврах осының барлығы қорғаушылық қызметтің үйлесімдік мазмұнын құрайды деп белгілейді. Үйлесімдік - бұл қылмыстың жасалу себептерін терең зерттей отырып,қылмыскердің жеке тұлғасын сипаттау, қылмыстық істе дұрыс қарым-қатынас жасасу, жалпы адами және іс жүргізушілік байланыс орнату, алдын ала тергеу немесе сот тергеуі барысында пайда болатын оң және теріс жағдайлардың және даулы оқиғаның себептерінің сипатын зерттеу.

Үйлесімдік айыпкердің қорғаушысына бұл адамның жеке қасиеті ретінде сөзсіз қажет. Дәл осы қасиет адвокаттың адаммен дұрыс байланыс орнатып,қылмыстық іс жүргізу қызметінің субъектілермен қарым-қатынас жақсартуға көмектеседі.

Психологтар үйлесімдік қызметінің жемісі көбінесе адамның бір-бірімен үйлесуі,бір-бірімен келісімге келу, түсінісу және жеке қасиеттерінің жарасуына байланысты болады деп бейнелеп береді. Адвокаттың үйлесімдік қызметінде көрсетілген психологиялық құбылыс маңызды орын алады, үйлесімдік қағидасы бойынша айыпталушының қорғаушыны таңдау, одан бас тарту, қорғаушының айыпталушымен психологиялық байланысы мәселелері қаралады.Іс жүзінде айыпталушының қорғаушыдан бас тарту мәселелері көптеп кездеседі,оның себебі психологиялық сәйкес келмеуі.

Қораушы қызметіндегі үйлесімділігінің пайда болуына мүмкіндік туғызатын факторлардың қатары бар.Оған жататындар:

1)айыпталушы мен қорғаушының жеке-психологиялық қасиеттерінің жиынтығы;

2)қорғаушының білімі, тәжірибесі, іскерлігімен сипатталатын кәсіби дағдылары;

3)қорғаушының жалпы және кәсіби мәдениеті;

4)өзінің іс жүргізу жағдайлары туралы қорғаушының дұрыс түсінуі

Соңғысының маңыздылығы-адвокат іс жүргізуде айыпталушының заңды мүдделері мен сот әділдігін біржақты шебер тіркестіру, байланыстыру қажет.

Сол соттағы бірқалыпты арақатынастарды орнатуға мүмкіндік берген қырды тауып,іс бойынша ақиқатты анықтау процесінде пайда болатын жеке қайшылықтар мен сонымен бірге айыпталушымен дұрыс психологиялық қатынастарды қолдап отыруы керек.

Адвокат қызметінде ұйымдастырушылық компонент үлкен роль атқарады. Кез келген қызмет ең алдымен айқын ұйымдастырушылықты талап етеді. Алдын ала тергеу, сот атлқылауы қылмыстық іс жүргізудің құрмдас бөлігі ретінде Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің нормаларымен айқын реттелген. Тергеу амалдарын тәртібі, тергеу істерінің тізбегі және әрқайсысының нақты тәртібі көрсетілген.

Соттың тергеу әрекеттері және оның жеке бөлімдерінің орналасу тәртібі заңдармен қатаң анықталған.

Қорғау мәселесіне қатысты арнайы толық нормативтік регуляциясы жоқ әрине сөзсіз қажет. Мысалы,іс жүргізуге дайындық, қорғау жоспарының құрастырылуы, оларды айқын іске асыру, қорғау әдістері-адвокаттың тәжірибесінде қолданған, кәсіби іс жүзінде қолданған амалдары.

Осыған байланысты кейбір психологиялық тактика аспектілері мен қорғау әдістеріне тоқтала кетсек. Г.М.Шафирдің пікірінше, әдіс-бұл қорғаушының қызметінің жемісті болуы үшін міндетті түрде пайдаланатын жұмыс ережелерінің жүйесі мен қолданылуы.

Қорғаушының әпһрекетінің тактикасы-бұл жай ережелерді қолданудан маңыздырақ.бұл оларды жүзеге асыру өнері.Қорғау әдістемесі және өте тиімді тактика - бұл адвокат қызметінің ұйымдастыру омпоенетінің бір бөлігін құрайды. Бұдан басқа,бұл жерге қорғаушы жұмысының жеке нақты үлгісін (стиль) құрастыру мәседедерін қарастыру қажет.

Жеке стиль-психологиялық құралдардың жеке-жеке жүйесін қолдану арқылы өзінің жемісті қызметтерін жүзеге асырады.Жеке стиль бойынша,адвокат бірінші қылмыстық іс жүргізуде заң жүзінде тәуелсіз және жоғарғы және кәсіби тәжірибе иеленуге міндетті.

Адвокаттық қызметтің ұйымдастырушылық компоненті құрастыру қызметімен тығыз байланысты, яғни қорғаудың жоспарлы, айыпталушының тәртбінің және іс жағдайлары бойынша тактиканың бір стратегиясын таңдап алу болып табылады. Бұдан басқа Қылмыстық іс жүргізу Кодексі қылмыстық нормада белгіленген қылмыстық әрекеттің жағдайлары туралы ойлау операциялары кіреді. Құрастырушылық компонент іс жүргізу сатыларының бәрінің жиынтығы болып табылады. Яғни оған қорғаушы қатысып,сот талқылауында қорғау мүмкіндігі біршама жоғары.

Сот отырысына дайындық сатысына қатыса отырып,қорғаушы іске қатысты барлық мәселелерді шешіп, істі жақсы меңгеру керек,ал керек болған жағдайда алдын ала дайындалған жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Адвокат өзінің нәтижелі қорғауды жүзеге асыру үшін барлық білімін қолдануы тиіс. Ол сотқа шақырылған тараптардың қайсысын жауап алынуға тиіс, кімнің сот шақыруына келмеуіне байланысты сот ісін кейінге қалдыруға әсерін тигізгені туралы білуі тиіс. Қорғауға алдын ала дайындықтың мықты болуы,оны жүзеге асыру әдістерін нақты белгілеу, алдын ала жоспарын дайындау, адвокатқа тез әрі сотта қойылған сұрақтарға нақты пікірін жеткізуге,айыпталушының пайдасына олардың шешімдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Егер мәлімдеме беруге қажеттілік болса, оларды айқын ойлап және қисынды дәлелдеу керек. Айғақсыз өтініштердің үйіп тасталуы істің тез, объективті және жоспарға сай қаралуына кері әсер етеді. Егер адвокат өтініштің қажеттілігін таныса, ол заңдық жолын қарастырып,соттың наразылығына тап болмауы тиіс. Тұрақты және жалғаспалы қорғау сот тергеу барысында да,яғни адвокат соқа айыпталушыға жақсы жағдайлар жасауға көмектесуге тиіс болып табылады. Себебі сот тергеуінде зерттеу қызметінің көлемі кең болғандықтан,қорғауды мұқият жоспарлау керек. Жоспарға сот тергеуінің дайындық және қорытынды бөлігіндегі өтініш,сот тергеуінде анықталу керек қорғаудың басты пункттері,нақты әрекеттерінің нұсқауымен бірге кіруі керек.(тараптардан жауап алу, экспертке қойылатын сұрақ тізімі, құжаттардың жариялануы). Сөзсіз мұндай жоспар алдын ала құрылу керек.Тергеудің жүргізілуіне байланысты ол нақтылануды қажет етуі мүмкін,ал кейбір кездерде істің аяқ астынан күрделенуіне байланысты,ол түбірімен өзгеріске ұшырауы мүмкін. Адвокаттық қызметтің құрастырушылық компоненті қорғаушы сөздің нақты құрылымын болжайды, психологиялық анализ төменде көрсетіледі. Адвокаттық қызмет тәрбиелік бағытқа ие, ол қорғаушының өзінің іс жүргізу міндеттерін түсіну және жүзеге асыру барысында қалыптасады. Қорғау құралын таңдай отырып, адвокат ешқандай жағдайда өзінің қорғаушысы түгілі, басқа айыпталушыларға қарсы айыптаушы бола алмайды. Істің барлық материалдары жинақталып,дәлелдемелер мұқият тексеріліп,сотқа абыржымастан ұсынылып,сотта талқылану керек. Қорғаудың тәрбиелік эффекті көбінесе адвокаттың сенімді сөзіне, позицияның дұрыс таңдалуына,тұлғамен жеке қарым-қатынас дасай білуіне, жазадан босатуды талап етудің әділеттілігіне (егер шынымен сотталушы кінәсіз болса) байланысты болады.

Сот қызметінің тәрбиелік-ескерту психологиялық мәні мынада: ол сотталушы, куәгер, прокурор, қорғаушы сот отырысы болып жатқан сот залыныңбарлығын моральды-психологиялық атмосферасын құрады. Адвокат басқа да іс жүргізуге қатысушылармен бірге заңды және тактикалық ойластырылған жолмен осындай жағдай туғызуы керек. Бұл әрекетке дұрыс қылмыстық-құқықтық баға беру, тұлғаны жан-жақты зерттеу, оның сот процедурасына әсер етуі соттың анық шешім беруіне ықпалын тигізеді.

Қорғаудың жемісті болуы үшін, адвокаттан кейбір кәсіби маңызды психологиялық қасиеттер талап етіледі, оның ішінде үлкен роль атқаратын-адамгершілік-саяси компоненті. Адвокат-ең бастысы қоғамдық қызметкер, оның кәсібі әділеттілікті орнату. Сот этикасы деп аталатын әділеттілікті жүзеге асыруүшін іс жүргізушылык қызметтік,адамгершілік қасиеттері қызметтік қағидалары болып табылады. Бұл адамгершілік қағидалары барлық әділеттілікті жүзеге асырушыға қатысушылардан талап етеді. Бірақ қозғаушылық қызмет арнайы адамгершілік ережелерін қалыптастырады,яғни адвокаттардың этикасы. Бұл дегеніміз-қорғаушы қызметтің басқа заң қызметіне қарағанда қатал тұлға ретінде,яғни тек құқық нормалары ғана емес,сонымен қатар адамгершілік нормаларын, адамгершілік қағидаларын ұстануға міндетті.

Қорғаушы қызметіне байланысты адамгершілік проблемасының қиындығы бірінші адвокат қылмыс жасаған тұлғаны қорғау кінәсі белгілі болып тұрса, заңмен және адамгершілікпен сотталған адамды қорғаудан көрінеді. Осыдан адвокаттың кәсіби қызметінің адамгершілік мәні сипатталады, яғни ол қылмыс емес-адамды, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,айғақсыз соттау және әділетсіз жазаны ескерту болып табылады. Адвокат іс жүзінде азаматтың конституциялық құқығын қорғайды.

Сот өндірісінің тең құқылы қатысушысы бола отырып,осындай адамгершілік-психологиялық жағдай туғызып және қолдау арқылы өзінің міндетін сезіну керек, ал олай болмаған жағдайда,яғни құқықты сыйламау әрекеттері заңды қатаң бұзу деп танылады. Әрбір өзінің процессуалдық әрекеттерін адвокат тек заңдылық тұрғысынан ғана емес және адамгершілік тұрғысынан да баға беру керек.

Қорғау қызметі басқа қызметтерге, яғни сот, прокурор, тергеуші қызметтеріне қарағанда өзіне тәндік көптеген даулы жағдайлар туғызады. Әрбір қылмыстық процестің қатысушысы әрдайым өзінің ішкі сеніміне сәйкес істі өз позициясы бойынша анықтауға құқылы. Қорғаушы кейбір жағдайларда өзінің ішкі сенімі бойынша әрекет етуге тиіс болады:қылмыс жағдайы,қылмыскердің жеке тұлғасы, қылмыскер позициясы оның адамгершілік сезіміне қаншалықты жағымсыз болса да ол қорғаудан бас тарта алмайды.қорғанушыеның мүдделері көптеген жағдайларда шындықтың мүддесінен жоғары тұруы мүмкін, өйткені қорғаушы айыпталушыны әшкерелейтін жағдайларды жария етпеуі тиіс.

Бұндай қорғаушы-адвокат қызметінде әрқашан қорғаушы мен қорғанушы арасында даулы жағдайлар болып турады. Осылайжеке тұлғаның намысы,абыройы және қол сұқпаушылығы заңмен қорғалады. Бірақ шынайы өмірде, әсіресе сот өндірісінде мұндай моральдық құндылықтар сақтала бермейді. Олар қарама-қайшылықта әрекет етеді және тіпті кейбіреуллерін құрбандыққа әкелуге тура келеді. Мысалы, егер ол қылмыстық істе шындықты айқындауға кедергі келтіреді деген нақты дәлел табылса, айыпталушыға қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. Бойков анықтағандай, «оның кінәлілігі нақты белгіленбесе де,шындықтың құрбанына уақытша бостандық әкеледі, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына кедергі келтіреді».

Адвокат адвокаттық құпияны сақтауға міндетті болған жағдайда мемлекет мүддесі мен қорғанушының мүдделерін сақтау үшін ара-қатынастың ереше өткір болуын қамтамасыз ету керек.

Бойков өзінің адвокаттық тәжірибесінен келесі жағдайларды мысал ретінде көрсетеді. Айыпталушы өзінің өзінің дәлелі ретінде құжат ұсынады. Құжатты тексеру әрекеттері мұқият қаралмай,оның жалғандығы анықталмайды, бірақ мұны адвокат жақсы білген еді.егер айыпталушының кінәсіздігін мойындау үшін лсы құжатты пайдаланса,ол істің жақсы шешілуіне қол жеткізеді. Қорғау функциясы жетістікке жетеді. Үстірт талаптар заңдық құрал және қорғау әдістері бұзылмайды: құжатты адвокат ұсынған жоқ, құжаттардың жалғандығы тергеу әрекеттерімен тексерілгена, двокаттың құжаттың жалғандығын білуі қызметтік құпия болып танылады және заңмен және адвокат этикасының нормаларымен қорғаағн. Бірақ объективтік және шынайылылықтың адамгершілік талап етуі бар. Егер адвокат соған жүгінсе, қорғанушыны этика (қорғаушымен сотталушының арасындағы сенімділік қағидасы бойынша) және заң (қорғаушының біржакқты функциясы, белгіленген қорғаудан бас тартуға болмайтындығы), егер оның айтқанына көнбесе, оның әрекеті мораль бойынша даулы жағдайға әкеп соқтырады.

Қорғаушының жағдайының нақты қиындығы,оған берілген моральдық міндеттері болып табылады, адвокат прокурорға қарағанда тек қылмыстық жауапкершіліке тартушының кінәсіздігін немесе одан жеңілдету немесе тұлғаның міндеттілігін анықтайтын жағдайларды ғана анықтайды. Гиппократтың дәрігерлерге айтқан парыздарының бірі «зиян келтірме», ол нақты адвокатқа тиісті болуы мүмкін: өзінің қызметімен ол қорғанушының мүддесі мен позициясына зиян келтірмеуге міндетті. Бұл адвокаттан ұсынылатын адамгершілік талаптарының бірі болып табылады.

Адвокат қызметі одан қорғанушымен, оның туыстары және басқа да тұлғалармен қатынас арқылы оларға сенімгершілікпен қарауды талап етеді. Қорғаушы мен оның туыстарының сенімгершілікті теріс пайдалануы қаншалықты кері әсер еткенімен, ол істің әділетті қаралуының басты үміті болып танылады.

Адвокат өзінің ісі арқылы, адамды жауапкершілік сезімі жоғары, жоғары жала кәсіби мәдениетті адам ретінде тану керек.

Адвоккаттан сөзсіз талап ететін адамгершілік талаптарының бірі-сотқа, мемлекеттік айыптаушыға қорғаудағы жолдастарына деген өзгермейтін ұстанымдық және қатал түзулілік.

Аталған жеке қасиеттерден басқа адвокатқа белсенділік және әрекет етушілік, сын көзімендік, еңбекқорлық, ұйымдастырушылық, атқарушылық, шыдамдылық, ұқыптылық, тәртіптік.

Шындықты анықтап, жауаптылыққа тартылған тұлғаны ақтау немесе жазасын жеңілдету мақсатында қорғаушылық қызметтің тану компоненті адвокаттан дамыған ойлау қабілетін талап етеді. Бұл істің шешілуінің қиындығының мәні-оның сот әділдігі мен соталушының заңды мүдделерін қорғауды қолдан келгенше тіркестіру. Оның шешілуі мақсатқа қол жеткізушілікті, қажетті дәлелдемелерді іздеуді талап етеді. Адвокат-қорғаушының ойлау қабілетінің творчестволық бейнесі – оның дербестік, істің қиын жағдайларында бағдарлауға мүмкіндік беретін иілгіштікдурыс шешімді іздеу жолындағы өзгеріс болып табылады. Жазаның жоқтығына немесе жеңілдетілуіне негіз болатын, нақтыдан қосымшаны ажыратуға мүмкіндік беретін үлкен фактілерден ажырата білу ақылдың тереңдігін, талаптылығын, бақылаушылығын, есте сақтау қабілеттілігін талап етеді.

Көлемі бойынша үлкен және ауыр істерді қарауға қатысуда қорғаушыдан еріктілік сапасын,яғни батылдық пен табандылықты талап етеді. Батылдық оған уақытында,тез және сонымен бірге парасатты шешім қабылдау жағдайларында талап етіледі.

Көптеген жағдайлардақорғаушыға заңды және қисынды шешімге қол жеткізу үшін ұзақ уақыт бойы өзінің еркіне салмақ түсіруге тура келеді. Дәл осы жағдайда, көздеген мақсатына жету үшін оған табандылық пен мақсатқа қол жеткізушілік қажет.

Адвокаттың кәсіби парызы-қорғауды іске асыру және белгілі қағида бойынша қызмет атқару. Соттардың адвокаттармен көбінесе кінәнің дәлелсіздігіне,қылмыстарды тергеу және жаза тағайындауда келіспеушіліктері болып жататыны белгілі. Адвокаттар әрдайым бірінші инстанциядағы позицияны қорғай бермейді.

Бірақ адвокаттардың наразылығын кассациялық инстанция соттары қанағаттандырады. Көптеген адвокаттар кассациялық сот қабылдамаған кассациялық наразылықта көрестілген пікірлерін қадағалау инстанциясында қорғай бермейді. Бірінші инстанцияда айтылған адвокат пікірі айғақсыз болғандықтан емес, адвокаттардың қорғауды барлық іс жүргізу кезеңдерінде қорғау қызметін белгілі қағидаға және дәйекті түрде атқармауынан болады.

Қорғаушы-адвокат қызметінің жемісі тікелей оның адамгершілік әлпетінен,белгілі қағиданы ұстанушылымен, ақиқатқа риясыз тырысумен,әділеттілік жолына ынтығумен жүзеге асырылады.

12.2. Қылмыстық іс жүргізушілік қызмет субъектілерінің арасындағы байланыстың ішінде ерекше қызықтыратынын-адвокат-қорғаушы мен прокурор-мемлекеттік айыптаушының арасындағы қарым-қатынас. Осы байланыстың арқасында әртүрлі іс жүргізушілік функцияларды жүзеге асырушы қорғаушы мен прокурордың бір іске, яғни әділсоттылықты, ақиқатты анықтау мақсат етеді. Сондықтан, қарама-қарсы позицияларға қарамастан, араларындағы қалыпты іскерлік қатынастың міндеттілігі болуы мүмкін.

Қорғаушымен прокурордың позицияларының айырмашылығы нақты қылмыстық істе - бұл ерекше құбылыс, яғни іс жүргізу функцияларының мерзімділігінде.олардың арасындағы байланыс әрқайсысының берілген құқықтары мен қатаң міндеттерінен тұрады.

Аврах: адвокат және прокурор қызметі-құқықтық норманы творчестволық пайдалануы бойынша байланысты деп жазды. Ең соңғысы психологиялық негізді иеленіп, адамдардың қарым-қатынасын,арасындағы дауларды реттеп отырады. Сондықтан прокурор да, адвокат та адам өмірінің қиын кездерін ретке келтіріп, кәсіби дағдылану мен көңілдегі дөрекілікті көрсетпеу керек.

Сот тергеуінде прокурор-мемлекеттік айыптаушы және адвокат-қорғаушы сотқа өз дәлелдерін сенімді ұсынуға тырысып, дәледі, қылмыстың жасалуының нақты себептерін ашып, сотталушыға психологоиялық мінездеме беруі қажет.

Сот тергеуіне қатыса отырып, көрсетілген тұлғалардан жоғары мәдениеттілікті,өзара сыйластықты,дәлелдерге деген шынайы қарым-қатынасты, сот жарыссөздеріне кәсіби тактіні талап етеді. Кәсіби такт әділсот шешімін жақсы жүзеге асыру үшін қылмыстық процесс қатысушыларымен тез дұрыс қарым-қатынас орнатуды болжайды. Прокурор-мемлекеттік айыптаушының кәсіби тактісінің базасы-сот, қорғаушы, жәбірленуші, куәгерге терең құрметпен қарап,ақылды әрекет ете білу, шыдамдылықты көрсете білу, өз эмоцияларын баялата білу керек.

Прокурор тарапынан жөнсіз мінез-құлық көрсетуінен адвокаттың дөрекелігіне негіз болмауы тиіс. Адвокат оған берілген құқық негізінде тыныштық пен шыдамдлықты сақтай отырып, тек заң шеңберінде ғана әрекет етуі тиіс. Бірақ ұл қорғаушының ар-намысы мен абыройына сәйкес келмейді, ол тек адвокаттың ғана емес, бүкіл адвокатураның абыройын түсіреді. Бұндай жағдайларда қорғаушы сот төрағасы арқылы сот отырысынынң хаттамасына тіл тигізулердің фактілерін енгізуді талап етуге міндетті (ҚІЖК 264 б.) және егер прокурор жария түрде кешірім сұрамайиын болса, оны жауаптылыққа тартуды талап етуді сұрай алады. Әрине, өзіне сыпайы және тактикалық қатынасты талап ете отырып, қорғаушы өзі де прокурорға дәл сондай мінез көрсетуі керек. Адвокаттың прокурормен өз құқықтарын қорғауда дөрекілік сипаттағы әрекеттер көрсетіп, шамадан тыс қызбалыққа жол берілмейді.

Қорғаушы басқа процестің қатысушыларына басқа неғұрлым сыйластықпен қарап, осыған сәйкес егер басқа тұлғалардың әрекеттерімен келіспейтін болса, олардың абыройын түсіретін ешқандай репликалар мен арыздарға жол бермеуі қажет.

Процеске қатыса отырып, адвокат сот және сот төрағасыме ар-қатынасын дұрыс жолға қоя білу керек, өйткені қалған тұлғалар адвокатты заңды және қисынды сот шығаруынада шындықты қалпыптастырушы қылмыстық істі шешуде сенімді көмекші ретінде тани білуі тиіс. Бұндай қарым-қатынсаты орнатуға соттың жа тікелей қатысы бар,өйткені сот қорғаушының заңды жән емотивті өтініштеріне меірбанды және ықыласпен қарауы тиіс. Бірақ кейбір кезде сот тарапынан мұндай қарым-қатынастар бола бермейді. Қорғаушының сот талқылауына дейін іс материалдарымен танысуына бөгет жасалатын кездер де болады. Істі қолыына алуы үшін ол сотқа бірнеше рет жолығуына тура келетін жағдайлар да кездеседі. Көп жағдайларда дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеуде, өтініштерді беруде сот тарапынан ҚІЖК 245 бабымен нормалары сот талқылауының қатысушыларының теңдігі бұзылып жатады. Кей кездерде себептермен сот қорғаушының сотталушыға, жәбірленуші, куәгер экспертке қойған сұрақтарын негізсіз қысқартып, дәлелсіз себептермен өтініштерді қарамайды.

Сот талқылауының дайындалу сатысында сот тергеуінің жемісті болуы үшін сот және адвокат арасындағы қарым-қатынас өзара сыйластықты қолдап,бірі-біріне түсіністікпен қарауы қажет.

Сот тергеуінде адвокат барлық әрекеттерге қатыса отырып, өзінің қорғаушылық қызметін жалғастыра отырып,оның кінәсіздігін жоққа шығаратын немесе жазасын жеңілдететін жақсы жағдайлар туғызуы тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Адвокаттық қызметтің психологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

2. Адвокаттық қызметтегі психологиялық әрекеттер және психологиялық құралдар?

3. Заңгердің және адвокаттың психотехникасы?

4. Адвокаттың қарым қатынас психологиясы?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных