Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Заң көмегінің төлемақысының мөлшерін белгілеу.




 

7.1. Заң көмегі–адвокаттың консультация, түсініктеме беру талап қою өтініштері, шағымдарды, қолдау хаттарды және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды құрастыру, сот ісінде, сондай-ақ одан тысқары басқа іс әрекеттерді белсенді жасау жолымен азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүддесін қорғаудың барлық заңды құралдары мен әдістерін пайдалану.

Құқықтық көмек–бұл сот, әділет және тергеу органдарының екі немесе бірнеше мемлекет жасаған шарттар нагізінде бір-біріне азаматтық, отбасылық және қылмыстық істерді шешу үшін жәрдемдесу жөніндегі қызметі.

Заңда тыйым салынбаған өзге де заң көмегі–Жарғылар әзірлеу және заңды тұлғалар құжаттарынтіркеуге даярлау; заң кеңесшілері жоқ ұйымдарды заң көмегімен қамтамасыздандыру және заң көмегі ретінде заңда аталғандардан басқа заңда тыйым салынбаған өзге де осындай қызмет түрлерін көрсету.

Яғни, заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:

1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;

2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгi мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

7.2. Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерiктi, бұған адвокат оған тегiн заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды. Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Қорғау–қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс-жүргізу қызметі.

Кәсіби қорғау–адвокат-қорғаушының айыпталушыны, сезіктіні қорғау міндеті тәртібімен заңда белгіленге құралдармен және әдістермен жүзеге асыру жөніндегі қызметі, бұл қызметтің мақсаты олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қорғану тарабы– сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі.

Қорғаушы–заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.

Қорғаушылар–адвокаттар, айыпталушылардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері.

7.3. ҚР еңбек туралы заңнамасы қоғамдық ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың еңбегін реттемейді, жоғарыда айтқанымыздай, оған адвокаттар алқасы жатады. Осыған келіп осы тұлғалардың еңбек қатынастарының және қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасына туындайтын өзара қатынастарының субьектілері болып табылмайтындығын көреміз.

Сондықтан, адвокат еңбегі заң консультацияларының ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және адвокат кеңселерінің жарғыларымен, сондай-ақ, егер олар өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке дара жүргізсе, адвокаттармен дербес реттеледі.

Адвокаттың кәсіби қызметі сан қырлы және бір қатар ерекшеліктері бар:

· заң көмегін көрсете отыра, әртүрлі істі шешуге жәрдемдесе отыра адвокаттың, егер бұған заңды және обьективті негіздеме болған жағдайларда, істердің кейбір санаттарын жүргізуді өзіне қабылдамауына болады;

· бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікке бару және көмекке жүгінген тұлғаға консуьтаця беру қажеттігі;

· белгіленген жағдайларда тегін заң көмегін міндетті түрде көрсету немесе бұл республикалық бюджет қаражаты есебінен төленген езде тағайындау бойынша қылмыстық істерге қатысу және т.б.

Сөйтіп, адвокат еңбегінің негізгі мәнісі, оның салалануына қарамастан заң көмегін көрсету болып табылады.

Адвокаттар еңбегі заң көмегін көрсеткені ұшін заң консультацияларына, адвокат кеңесіне азаматтар мен ұйымдардан түскен қаражаттан төленеді. Адвокаттар еңбек ақысын төлеу үшін негіздеме адвокат пен заң көмегіне жүгінген тұлға арасындағы келісім болып табылады.

Келісім – бұл адвокат пен заң көмегіне жүгінген тұлға арасындағы өзара міндеттемені белгілейтін шарт, онда істің түрі мен жүргізу сипатына байланысты шарттар және қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ адвокат еңбекақысының көлемі анықталады.

Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, қорғаумен және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша келiсiмде белгiленедi. Келісім жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша бюджет қаражатынан жүргiзiледi.

Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:

1) алимент өндiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;

2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;

3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;

4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi. Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi. Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескерiле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады. Осы бапта көзделген жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. -Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). - Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Заңдық көмек дегеніміз не?

2. Заң көмегін көрсетудің нысандары?

3. Заң көмегінің төлемақысының мөлшерін белгілеу?

4. Құқықтық және заңдық көмек: ұқсастығы мен айырмашылығы неде?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных