Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокаттық кеңсе




6.1. Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға, не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокат кеңселерін, сондай-ақ осындай қызметті заңды тіркемей-ақ жүзеге асыру құқылы.

Адвокаттар алқасының ұйымдық құрылымын алқа төралқасының қаулысымен құрылатын және ҚР Конституциясының, ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының, адвокаттар алқасы Жарғысының және алқа жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын заң консультациялары туралы Ереженің негізінде іс әрекет ететін заң консультациялары құрайды.

Кәсіби қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.

Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.

Адвокатта қызметтің осы нысаны кезінде банктерде есеп айырысу және өзге де шоттары, адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, нақты адвокаттар алқасына тиістілігі мемлекеттік және орыс тілінде көрсетілген жеке мөрі және адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығын беретін мемлекеттік лицензияның нөмірі, сондай-ақ мөр табандары мен жеке бланкілері болады.

Өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жүзеге асыратын адвокаттың артықшылығы – осы арада құрылтайлық құжаттардың талап етілмейтіндігінде.

6.2. Заң консультациялары қалалар мен елді мекендердегі азаматтарға және үйымдарға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокаттар қызметін ұйымдастыру үшін құрылады. Адвокаттардың көпшілігі заң консультациясында жұмыс істейді.

Заң консультациялары адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады және заңды тұлға құқығы жоқ.

Заң консультацияларына алқа мүшелері қатарынан адвокаттар алқасы, төралқасы қаулысымен тағайындалатын меңгеруші басшылық етеді.

Заң консультациясы меңгерушісінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бар.

Заң консультациясының негізгі мақсаты мыналар:

ü Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және өзара қарым-қатынастарында олардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;

ü Қылмыстық істер бойынша қорғауда адвокаттар қызметін, азаматтық, шаруашылық, әкімшілік және өзге істер бойынша өкілдік етуді ұйымдастыру;

ü Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда тегін заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру;

ü Адвокатруа туралы заңнамаға сәйкес өзінің және басқа да міндеттерді атқарған уақытында адвокаттардың заңды құқықтарын және мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру;

ü Заң консултацияларының жұмысын ұйымдастыру және оның мүшелерінің адвокат мінез-құлқының кәсіби нормаларын сақтауына және олардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруына бақылау жасау;

ü Заң консултациялары мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық және ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету және т.б.

Бұл төралқаның, адвокаттар алқасы мүшелері Жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерді қоспағанда, тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отырып, адвокаттар алқасы қызметінің барлық күнделікті мәселелерін шешетіндігімен байланысты.

Меңгерушінің құқықтары мен міндеттері заң консультациялары туралы Ережемен тәртіптеледі. Меңгеруші құзыретіне заң консультациясының қызметін ұйымдастыру; заң көмегін көрсету туралы азаматтармен келісімдерді және кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен заңдық қызмет көрсету жөніндегі шарттарды жасау; алдын ала тергеу органдары мен соттың талабы бойынша қорғауды жүзеге асыру үшін адвокат тағайындау және т.б.

Заң консультациясының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарында көзделген жағдайларда тұлғаларды қорғауды уақытында жүзеге асыру мақсатында адвокаттар кезекшілігін ұйымдастырады. Кезекшілік кестесі алдын ала ілінеді, адвокаттар кезекшілігі кестесінің бір данасы тиісті анықтау және тергеу органдарына тапсырылады.

Заң консультациясында штаттық лауазымда отырған алқа мүшелерінің жалақысы адвокаттар алқасының төралқасы анықтаған көлеммен және адвокаттық қызмет үшін түскен сомамен есептелетін лауазымдық еңбекақыдан тұрады.

 

6.3. Адвокат алқасының мүшелері адвокат кеңселерін құруға (ұйымдастыруға) құқылы.

Адвокат кеңсесі – бұл адвокаттардың білікті заң көмегін көрсету үшін материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оның құрылтайшылары (адвокаттар) құрған және қаржыландыратын мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

Адвокат кеңсесі–адвокаттардың білікті заң көмегін көрсетуі үшін материалдық ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында меншік иесі (адвокат) құрған және оның өзі қаржыландыратын мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

Адвокат алқасының мүшесі (мүшелері) адвокат кеңселерін құрады (ұйымдастырады).

Адвокат кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) – ҚР азаматы, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және 1997 жылғы 5-желтоқсандағы ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” Заңымен тәртіптелінетін шекте кәсіби негізде заң көмегін көрсететін адвокат (адвокаттар).

Адвокат кеңсесі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады. Адвокатар кеңесі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Адвокаттар кеңесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты қажет емес, өйткені бұл кез келген адвокаттың адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандарының бірін, оның ішінде адвокатық кеңсені таңдау құқығы.

Адвокат тек бір ғана адвокат кеңсесінің құрылтайшысы бола алады, бұл заң көмегін көрсету саласындағы монополияға жол бермеуге көмектеседі. Бұл жағдайда ол өз қызметін қолданыстағы заңнамамен қатар жарғы негізінде жүргізеді.

Адвокат кеңсесін екі және одан артық адвокат құрған кезде құрылтайлық шарт та кеңсенің құрылтайлық құжаты болып табылады.

Құрылтайлық шарт – бұл құрылтайшылар (адвокат) келісімі, онда адвокат кеңсесін құру жөніндегі бірлескен қызметтің тәртібі, өз мүлігін оның меншігіне (жедел басқаруға) беру және оның қызметіне қатысу шарттары, сондай-ақ адвокат кеңсесінің қызметін басқару, құрамынан құрылтайшылардың шығу шарттары мен тәртіптері және ҚР заңнамасына қайшы емес өзге де мән-жайлар анықталады.

Адвокат кеңсесінің жұмыс тәртібін ҚР заңнамасында көзделген талаптарды ескере отырып құрылтайшылар анықтайды. Адвокаттар кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) ол тиісті органдарда мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн мерзімде бұл туралы адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және оның құзырына адвокат кеңсесінің құрылтайлық құжаттарын тапсырады.

Адвокат кеңсесінің мөрі, дербес балансы, банктерде есепшоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде атаулары көрсетілген бланкілері, заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті басқа да белгілері бар, олардың үлгілері заңнамада көзделген тәртіппен бекітіледі және тіркеледі.

Адвокаттар кеңсесі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Адвокаттар кеңселерінің иелері мен онда еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтін адвокаттарға заң консультацияларында жұмыс істейтін адвокаттардың барлық құқықтары мен міндеттері таратылады. Адвокаттар алқасының мүшесіне бір уақытта заң консультациясының штатында тұруға және адвокат кеңсесінің иесі болуға немесе онда еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Адвокат кеңсесінде жұмыс істейтін алқа мүшелерінің жалақысы жарғымен және еңбек шартымен анықталады.

Адвокат кеңсесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты қажет емес, өйткені бұл кез келген адвокаттың қызметті ұйымдастыру нысандарының бірін, оның ішінде адвокаттық кеңсені таңдау құқығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. - Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). - Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Заң консультацияларының құқықтық жағдайы?

2. Адвокаттық кеңстің құрылу тәртібі?

3. Құқықтық көмек дегенімізді қалай түсінесін?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных