Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокаттық қызметтің құқықтық реттеудегі негізгі қайнар көздері.




 

4.1. Адвокаттық қызметті реттейтін заңнама адвокаттық қызметтің рәсімдерін реттейтін және оның жүзеге тәртібі мен мазмұнын анықтайтын, Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілер болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы заңнама көздерінің түрлері туралы мәселе ҚР Конституциясының 4-бабы және “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның 2-бабының нармотивтік ұйғарымдарына сәйкес шешіледі. Конституция 4-бабының 1-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық Конститутцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конститутциялық кеңесі мен Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. “Адвокаттық қызметі туралы” заңның 2-бабында адвокаттық қызмет тәртібінің осы Заңмен және адвокаттық қызметті реттейтін өзге заңдармен тәртіптелетіндігі белгіленген.

Жеке және заңды тұлғалар істері бойынша адвокаттар өздері қорғау мен өкілдік етуді жүргізген кездегі іс жүргізушілік құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді, олар:

- 1997 жылғы 13-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексі,

- 1999 жылғы 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексі,

- Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік кұқық бұзушылық кодексі 30 қаңтар 2001 жыл.

- «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы Ереже»ҚР Әділет Министрінің 1998 жыл 21 каңтар №19 бұйрығымен бекітілген.

- 1999 жылғы 30-наурыздағы Қазақстан Республикасының “Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы” заңы және т.б.

3.2 Жоғарыда тізбелінген заңнама актілерінің ережелеріне сәйкес адвокаттық қызметті реттейтін заң негіздеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы;

2. адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған конституциялық заңдар;

3. “Адвокаттық қызмет туралы” заң;

4. адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған өзге де заңдар;

5. адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндалған заңға негізделген нормативтік актілер;

6. адвокаттық қызметке қатысты нормалар мазмұндалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге міндеттемелері;

7. адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары;

8. адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

Бұл негіздер нормативтік құқықтық актілер деңгейін, яғни, нормативтік құқықтық актілер сатысындағы нормативтік құқықтық актілердің орнын ескере отырып, оның заңдық күшіне байланысты тікелей реттілікпен орналасады.

Адвокаттық қызметті реттейтін нормалар қайнарларына адвокаттар алқасының жоғарғы органдары қабылдаған құқықтық құжаттарды, адвокаттар алқасының Жарғысын және адвокаттардың Кәсіби әдебінің тәртіптерін жатқызуға болады. Алай да бұл құжаттар заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылмайды, өйткені олардың нормативтік құқықтық мәртебесі жоқ және сондықтан осы тараудың аясында қаралады.

Адвокаттық қызметтің кәсіби стандарты - бұл қолданыстағы зандар мен халықаралык актілерде көрсетілген, адвокаттардың тиімді негіздерде жалпы және нақты бір істер бойынша адвокаттар қызметінің ұйымдастыру кұралдары мен адвокаттық практикамен пісіп-жетілген тәсілдерді адвокаттардың іс жүргізуде қолданудағы сапасына койылатын талаптарды айтамыз.

Адвокаттар қызметінің, кәсіби сапасына қойылатын ең маңызды және жалпы талаптар Нью-Иоркте 1990 жылы тамыз айында өткен қылмыстарға ескертпелер негізінде БҰҰ-ның сегізінші конгресінде қабылданған Адвокаттар ролінің Негізгі Ережелерінде бекітілген.

Бірақ бұл Ережелер адвокаттардың кылмыстық және әкімшілік істерге қатысуы бойынша қарастырылса да ол адвокаттардың азаматтық және баска да істерге қатысуына қолданылады.

Халықаралык Пакте азаматтардың азаматтық саяси кұкықтарымен бірге экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарында БҰҰ Жарғысына сай адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және кұрметпен қарау мемлекеттің міндеті екені баса айтылған.

Біздің мемлекетіміздің ең басты қазынасы - адам және адамның өмірі, кұқыктары мен бостандыктары болып есептелінеді.

Қазақстан мемлекеті өз азаматтарының белгілі бір іс әрекетінің заң жүзіндегі мүмкіндіктерін таниды және оларға кепілдік береді. Адам мен азамат құкығы - Қазакстан Республикасы Конституциясының іргелі категориясы, ол адамды казақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретінде орнықтырады.

Қазақстан азаматтары өз кұқыктары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін әдістермен қорғауға кұкығы бар. Қазаңстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазакстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдің азаматтығы бар шетелдік азаматтар Қазаңстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.

Адвокаттық қызметті реттейтін нормативтік актілердің қайнар көзіне жатпаса да адвокатураны ұйымдастыру мен қызметін реттеуде тиісті зандар негізінде жасалған адвокаттар алқасының Жарғысы мен оның Жалпы Жиналысының шешімдері үлкен маңызға ие болады.

Адвокаттардың барлығы осы заң талаптарымен басқа да құқыктық нормативтер, заң актілеріне сүйенеді.

Жақсы адвокат болу оңай емес. Ол үшін білімді, білікті, жоғары мәдениетті болумен бірге ҚР заңдарын терең білу кажет. Сонда ғана оның беделі өсіп, мәртебесі биіктей түседі, азаматтар құқығының нағыз қорғаушысы, тағдырымыздың арашашысы бола алады. Сонда ғана адвокатқа деген адамдардың сенімі артады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. -Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). - Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Адвокаттық қызметтің құқықтық реттеудегі негізгі қайнар көздерін ата?

2. «Адвокатық қызмет туралы» ҚР Заңын талдап беріңіз?

3. Адвокаттық қызметті реттейтін заң негіздеріне қандай нормативтік актілер жатады?

4. 1997 жылғы 13-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексінде адвокатқа қатысты не айтылған?

5. - 1999 жылғы 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексінде адвокатқа қатысты не айтылған?

6. - 30 қаңтар 2001 жыл.Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік кұқық бұзушылық кодексінде адвокатқа қатысты не айтылған?

Лекция №4 Адвокаттардың құқықтық жағдайы. Адвокаттық қызметті лицензиялау тәртібі –

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы адвокаттың және адвокаттың көмекшілері мен стажерларының құқықтық мәртебесіне түсінік беру, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының мәнін айқындау

Түйін сөздер: Адвокатура, Адвокат, Адвокат көмекшісі, Адвокат стажері, Лицензия, Адвокаттық лицензия, Құқықтық көмек

Қаралатын сұрақтар:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных