Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокатура туралы ғылымының басқа заң ғылымдары арасындағы алатын орны.




1.4.Қазақстанда адвокатураның 1917 жылға дейінгі кезеңде қалыптасуы

1.5.Қазақстандағы адвокатураның кеңестік дәуір мен қазіргі уақытта ұйымдастырылуы және қызметі.

1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясында (II бөлім 12-бап) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

Азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарының сақталуын заңнамада көзделген органдар, соның ішінде мемлекеттік, атап айтқанда, құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан тұлғаның құқықпен қорғалуы, азаматтың қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерін орындай отыра, өзінің барлық құқықтарын пайдалануына толық мүмкіндік жасау алдыңғы сапқа шығады.

Констиуцялық кепілдерді толық жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-құқықтық институтпен де тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет кұру жолында және нарыктық экономиканың даму барысында қоғамның құқық қорғау жүйесінде адвокатураның ролі арта түсті. Адвокаттық қызметсіз барлық жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, азаматттар мен кәсіпкерлердің заңды мүддесін, құқыктары мен бостандыктарын тиімді қорғау мүмкін емес.

Оның үстіне күні кешеге дейін оқу орындарының оқу бағдарламасында сот, проқуратура сияқты кұкыққорғау органдарына қарағанда адвокатураға тиісінше назар аударылмады. Ресейдің «Адвокатура и современность» жинағының авторлары бұл пәнді енгізуді дұрыс көрсете білді. Олар «...бұндай теңсіздік студенттердің адвокатураға деген тұрақсыз қатынастарын қалыптастырады. Адвокаттық қызмет туралы сұрақтар тек қылмыстық іс жүргізу, сот және проқуратура органдарын ұйымдастыру курстарында қаралғаны жеткіліксіз болады. Сондыктан болашақ құқыққорғау қызметкерлерінің қызметіне дұрыс көзқарае қалыптастыру үшін адвокатура жайлы жеке оқу курсы керек.»

Заң оқу орындарының стуленттеріне тек қана адвокаттардың қорғау қызметіне жақсы көзқарас қалыптастыру үшін ғана емес, одан да кең аукымды жоспар бойынша адвокаттық қызметтің тек кылмыстық іс жүргізуде ғана қорғау функциясын жүзеге асырмай, азаматтық, әкімшілік іс жүргізулерде өкілдікті және тағы да басқа көптеген салаларда кәсіби заң көмектерін көрсететінін жүйелі турде олардың саналарына қальштастыра білу керек.

Болашақ судья, тергеуші, проқурор, адвокаттар мен баска да маман-заңгерлерге жүйелі қалыптастырылған білім беру бағытында «Адвокатура» оқу курсының алар орны ерекше. Оның үстіне соңғы жылдары жоғары заң оқу орындары да заң мамандарын даярлауда жан-жақты кірісуде.

Келешекте адвокаттарды да арнайы мамандандырылған оқу орындарында окытылуы, кәсіби білімін көтеру үшін адвокаттарда соттар сияқты яғни Сот Академиясында даярланатындай Адвокатура Академиясында окытылу керек деп ойлаймын. Өйткені қазіргі кезеңде Адвокаттардың мәртебесін сот және прокурордың мәртебесімен теңестіру алда кезек күттірмейтін істердің бірі.

«Адвокатура» оқу курсының пәні болып, Қазакстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызметтің және жеке адвокаттың кәсіби маңызды қасиеттері, адвокатура тарихы, адвокаттық қызметтің құқықтық, ұйымдық және этикалык негіздері, адвокаттың сотта сейлеу, шешендік өнері, сондай-ақ адвокаттар көрсететін әртүрлі кәсіби заң көмектерінің түрлеріне жалпы сипаттама бере отырып, осы мәселелерді зерттеуді айтамыз.

1.2. “Адвокатура” оқу пәнінің мақсаты – адвокаттық қызметті реттейтін ҚР қолданыстағы заңнамасыз студенттерге оқыту, сондай-ақ оларды ҚР-дағы адвокатураның мәні, міндеттері, жұмыс істеуі мен қалыптасу тәртібі, адвокаттардың құқықтары мен міндеттері туралы білімді қалыптастыру.

Курстың бағдарламасы студенттерді болашақ кәсіби қызметке бейімдеуге, оларға адвокаттар алқасы қызметтерінің негізгі бағыттары және азаматтар мен ұйымдарға көрсетілген заң көмегі туралы жалпы түсінік беруге бағытталған. Бұл курс сонымен қатар, ғылыми пән ретінде де қарастырылатындығын атап өткен жөн, мұнда адвокат қызметін реттейтін заңнаманы әрі қарай жетілдіруге байланысты мәселелерге назар аударылады. Бұған, сондай-ақ адвокатура мен адвокаттардың құқық қорғау органдарымен және лауазымды адамдармен өзара қатынасына байланысты мәселелерді зерттеу мен ұсыныстар әзірлеу жатады.

“Адвокатура” оқу пәнінің міндеті – оқылатын дәріс мұзмұны, практикалық сабақтарды өткізу әдістемесін жетілдіру негізінде және заң ғылымының жетістіктері мен практикасы ескере отырып, болашақ заңгердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық білімінің дәрежесін көтеру.

Осы пән студенттерге адвокатура туралы ұғым және оның алдына қойылған мақсаттар мен ұйымдастырылу тәртібі және Қазақстанда адвокатураның қалыптастыруы, революцияға дейінгі, кеңес заманында және қазіргі уақытта даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи тұрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың құқықтары мен міндеттері туралы жалпы түсініктер алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл пәнде адвокаттық қызметтің негігі бағыттары туралы айтылып, адвокаттың қылмыстық істерде қорғаушы ретінде, азаматтық істерде өкіл ретінде қатысу ерекшеліктеріне аса назар аударылады.

1.3. Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білудің негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кәсіби адвокаттық, қылмыстық қызмет азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және соттағы дәлелдеу теориясын, т.б. жетік және дәйікті игеруді талап етеді.

Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды констиуциялық принцип ретінде қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республиксы Констиуциясының 13-бабының 3-тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетіледі.

Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны – адвокаттар алқасы – білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу – адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.

Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді қаншалықты тиімді атқаратындығы белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның құқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты.

Әрбір азамат заңға қайшы емес барлық әдістерімен, соның ішінде адвокатқа – заңгерлік білімі және азаматтар мен ұйымдарды қорғау мен өкілдік ету бойынша қажетті дағдылары бар кәсіби заңгерге өзінің жүгіну құқығын пайдалана отыра, сотта өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы.

Заңгердің, оның ішінде болашақ адвокаттардың кез келген кәсіби қызметі теориялық терең білім мен қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесіне негізделуі тиіс. Осыған байланысты адвокаттық қызмет салалық заң пәндерін мүлтіксіз білуді талап етеді. Осы курс барынша терең игеру үшін бұл пәнді оқытуға тікелей жол ашатын іргелі білім қажет, атап айтқанды: Мемлекет және құқық теориясы; ҚР-ның конституциялық құқық; ҚР-дағы құқық қорғау органдары; ҚР-ның Қылмыстық құқық; ҚР-ның Азаматтық істерді жүргізу құқығы; Криминалистика; Сот медицинасы; Жалпы заң психологиясы.

1.4. Қазақстандағы адвокатураның бүгінгі қызметі мен жәй-күйін оның қалыптасу, құрылу және даму тарихын мейлінше түсіну және қарастыру мүмкін емес. Өйткені бұларсыз осы маңызды қоғамдық-құқықтық институттың алдында тұрған міндеттердің мәнін түсінуге болмайды. Ақыр аяғында бұл бізге құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда адвкатураның орнын, ролі мен маңызын анықтауға мүмкіндік береді.

Адвокатураға жүктелген міндеттердің орындалу ерекшеліктеріне және құқықтық қатынастар жүйесіндегі оның жағдайына орай тарихтың әр кезеңінде оған деген көзқарас қоғамның саяси жүйесіне, оның экономикалық деңгейіне, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасына және көптеген басқа жәйттарға байланысты өзгеріп отырады.

Адвокатураның қалыптасу жолы қиын болды және қоғам дамуының жекелеген кезеңіне адвокатура ұйымдары қызметінің нысанын, тәсілдері мен әдістерін жетілдірудің сан түрлі жолдары іздестірілді.

1917 жылға дейінгі мерзімде кәсіби адвокатураның өмірге келуі Ресей империясындағы (құрамына Қазақстан кірген) заңдылықтың қалыптасу және даму тарихымен және 1864 жылғы озық сот реформасының жүргізілуімен тығыз байланысты.

Сол дәуірдегі заң терминалогиясында “адвокат” ұғымы 1864жылы пайда болды, алайда тіпті кеңестік дәуірдің өзінде 1939 жылға дейін қолданыстағы заңнамада пайдаланылған жоқ. Адвокаттар алқасы сияқты адвокатура қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанына келсек, ол еш уақытта да дамыған демократиялық елдегідей (АҚШ, Германия, Франция және т.б.) қоғамдық-құқықтық маңыз бен корпоративтік бірлікке еш уақытта да және бүгінгі күнге дейін ие болған жоқ.

1864-жылғы сот жарғыларымен (Сот ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы; Азаматтық сот ісінің жарғысы; Татуластырушы судьялар қолданатын жазалар туралы Жарғы.) төлтума және тиімді сот төрелігі жүйесі құрылды.

1864-жылғы 20-қарашада Билік етуші сенаттың Жарлығымен бекітілген Сот ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы адвокатураны Ресейдің жаңа заң мекемесі етті.

Қазақ қоғамына Ресей империясының басқа заңдары сияқты присяжной сенімділері институтының кіруі өте баяу жүрді. Бұл 1867-1868 жылдардағы реформалар барысында өзінің ұлттық және жергілікті ерекшіліктерін ескере отырып, нақты мәселелерді шешкен билер соты мен қазылар сотының сақталғандығымен және ішінара отаршылдық міндеттер мен мақсаттарға бейімделгендігімен түсіндіріледі. Дау-дамайды шешу кезінде билер соты ғұрыптық құқық пен шариғат қағидаларын, ал қазылар соты тек шариғат тәртіптерін басшылыққа алды, алайда соңғысы қазақтарда исламның жеткіліксіз ықпалынан және басқа да белгілі жәйттардан (қазақтардың шаруашылық және әлеуметтік салтынан ерекшелігі, ғұрыптық құқық-әдеттің үстем болуы, Ресей мемлекетінің саясаты және т.б.) қанат жая алмады.

Облыстық басқармалар соғыс және уездік соттарға жатпайтын барлық азаматтық және қылмыстық істерді қарады. Сонымен қатар жоғарыда келтірілген актілермен негізі қаланған адвокаттық қызмет негіздері белгілі бір деңгейде заң күшіне ие болды және ара-тұра қазақ қоғамының сот төрелігіне енгізілді.

XIX ғасырдың аяғында Қазақстандағы сот құрылысы 1886 және 1891 жылдары Түркістан және Дала өлкелерінің басқармалары туралы қайта бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылды. 1898 жылғы сот реформасы адвокатура қызметін реттеуді және қызметінің құқықтық негізін қарастырды. Мысалы, 1989 жылғы 2-маусымдағы “Уақытша ережелерінің” 24-бабында адвокаттық қызметті жүргізуге куәлікті округтық соттардың беретіндігі қарастырылды. Осы куәлік адвокаттық практиканы бітімгершілік соттарда да жүргізуге құқық берді. Осы куәлікті алған тұлғалар 75 рубль көлемінде алым төлеуге тиіс болды. Бұл соманың жартысы мемлекет қазынасына, ал қалған жартысы жергілікті земстволық қаражатқа айналды.

Сөйтіп, осы Ережелер мен отаршылдық соттар құрылды, олар қазақтың ғұрыптық құқығының қолданылу аясын тарылтты. Ресей империясының сот билігі бүкіл Қазақстан халқына қолданылды және тиісінше сот ісіне присяжной сенімділері белсенді тартылды. Присяжной және жеке сенімділер институты осындай күйінде 1917 жылға дейін өмір сүрді.

1.5. Кеңестік саяси жүйе орныққан кейін адвокатура айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 1864 жылғы реформа бойынша құрылған присяжнойлық және жеке адвокатураның қызметі олар жаңа социалистік мемлектті құру принципіне қайшы болғандықтан, Кеңес үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды. Адвокатура біртіндеп кеңестік сот төрелігінде қосымша қызмет атқара бастады. Қорғау институтын ұйымдастыру мен сотқа қатысушылардың қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Бір нысанды жоққа шығара, ал екіншісін енгізе отыра, кеңестік заңнама тоталитарлық режим талаптарымен нығайту мақсаттарына жауап беретін қорғаушылар қызметінің ұжымдық нысанын орнықтыра бастады.

Солай болса да, азаматтық істер, қылмыстық істер мен өкілдік бойынша қорғаудың жаңа ұйымының көп жыл бойы ізденуі нәтижесінде адвокатура дамуын жалғастырды. Белгілі практикалық және теориялық тәжірибе жинақталды. Адвокаттық қызметтің жаңа нысандары пайда болды, оның құқықтық нормативтік базасы және т.б. нығайды. КСРО ыдырап, жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін кеңестік кезінде жинақталған жақсы тәжірибе ұлттық адвокаттар қызметіне негіз болып қаланды.

Кеңестік дәуірдегі адвокатураның ұйымдық нысаны, сондай-ақ мемлекет тарапынан оған деген көзқарас бойынша революцияға дейінгі адвокатурамен көптеген ортақ тұстарының болғандығын атап өткен жөн. “Екі адвокатурада жергілікті деңгейде ұйымдастырылды, оларда орталық аппарат пен идеялық тұғырнама болған жоқ, соның салдарынан патшалықтың немесе Кеңес үкіметі саясатының жетегінде кете беретін. Екі адвокатура да өз әрекеттері үшін Әділет министрлігінің қырағы қадағалауына, судьялардың немқұрайлы қарауына, өздерінің сотқа дейінгі сатыдағы ролінің төмендеуіне мойынсынуға тиіс болды. Қос адвокатура да өз құқықтары мен міндеттерін анықтауда бәрі бір мемлекетке тәуелді болды.

РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) 1917 жылғы 24-қарашадағы N1 сот туралы декретімен присяжной және жеке адвокатура институты таратылды.

1918 жылы 7-наурыздағы N2 сот туралы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) декретімен жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттары Кеңестері жанынан қоғамдық айыптаушы, қоғамдық қорғаушы ретінде құқықтық делдал болғысы келген тұлғалар алқасының құрылуы қарастырылды.

1918 жылғы 30-қарашадағы халық соты туралы ережемен айыпталушыға немесе азаматтық процеске қатысатын талаптар мүдделеріне қатысты істегі барлық жәй-жапсарды барынша толық дамыту үшін сотқа жәрдемдесуге жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңестері уездік атқару Комитеттері жанынан (уездік қаланы қоса алғанда) және жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңестері губерниялық атқару комитеттерінің жанынан қорғаушылар, айыптаушылар және азаматтық процестегі тараптар өкілдерінің алқасы құрылуға тиіс болды.

Қорғаушылар алқасының ұйымдастырылуын жақсарту жөніндегі бірқатар шараларға қарамастан, соңғысының қызметі өзіне жаға мемлекет қойған талаптарға жауап бере алмады. Сондықтан 1920 жылғы 21-қазандағы халық соты туралы Ереже қорғаушылар алқасын таратты және сот қорғауының жаңа нысанын белгіледі. Сот органдарымен қорғаушы ретінде осы міндетті атқаруға қабілетті азаматтар тартылды (олар негізінен кеңес өкіметіне берілген немесе жақтаған адамдар еді), бұл үшін аудандық, қалалық және уездік атқару комитеттері Әділет халық комиссарлары нұсқаулығына белгіленген тәртіппен ерекше тізімдер жасады.

Қорғаушы міндетін атқара алатын азамматтар 1920 жылғы 23-қарашадағы сотта айыптау мен қорғауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулыққа сәйкес жасалынған тізімге енгізілді.

1922 жылғы 26-мамырдағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) Қаулысымен бекітілген адвокатура туралы Ереже адвокаттық қызметті тікелей реттейтін алғашқы нормативтік құқықтық акті бола тұра, адвокатураны алғашқы рет еңбекшілерге азаматтық дауларды шешу кезінде заң көмегін және қылмыстық сотта қорғауды қаматамасыз ету мақсатында құрылған, өзін-өзі басқаратын ұйым ретінде анықтады.

1936 жылы КСРО (СССР) Конститутциясы қабылданған кейін 1939 жылғы 16-тамызда КСРО ХКК (СНК СССР) бекіткен жаңа Адвокатура туралы Ереже қабылданды. Нақ осы ереже адвокатураның кеңестік құқықтық жүйедегі орнын түпкілікті анықтады және адвокаттар алқасы Әділет халық комиссариятының мекемелерінің біріне айналып, оның нұсқауларын қатаң орындап отырды.

1977 жылы кеңестік заңнама тарихында КСРО конститутциясында алғаш рет адвокатураның құқықтық жағдайы бекітілді (161 бап). Сөйтіп, мемлекет ресми деңгейде адвокатураны конститутциялық орган, ал адвокатты сот ісін жүргізу кезінде тікелей қатысушы ретінде мойындады.

1979 жылғы 30-қарашада КСРО-дағы адвокатура туралы Заң қабылданды. Осы нормативтік құқықтық актімен жалпы одақтық көлемде кеңестік адвокатураның ұйымдық және қызмет мәселері реттелді. Осы заң негізінде әрбір одақтас республикада “Адвокатура туралы Ереже” әзірленді (Қазақстанда мұндай Ереже 1980 жылғы 13-қарашада бекітілді). Осындай актілерді қабылдау адвокаттар қызметін бір ізді реттеуді қамтамасыз ету және сонымен қатар адвокаттар алқасының рөлін көрсету, кейбір мәселелерде адвокаттарға үлкен дербестік беру қажеттігінен туындады. Сонымен қатар адвокатураның мемлекетке тәуелділігі күшейді.

Кеңес қоғамын қайта құру және оңтайландыру дәуірінде, 80-жылдардың екінші жартысында заң саласын дамыған коперативтік қозғалыс өрістеді. Барлық жерлерде халыққа ақылы барлық мүмкін заң қызметтерін көрсететін әртүрлі кооперативтік-құқықтық ұйымдар, қауымдастықтар, одақтар және т.б. пайда болды.

Қылмыстық сот ісінің алғашқы сатысындағы қорғау құқығы заңдық тұрғыдан 1989-жылғы 13-қарашадағы сот құрылысы туралы КСРО және одақтас республикалары заңнамасы Негіздерінде бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12-ақпандағы Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (негізгі бағыттар) бекітілді. Онда республика заң жүйесінің терең дағдарысты өткеріп отырғандығы, оның құқықтық ревормалардың нарықтық эканомиканың дамуынан, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін, қазіргі парламенттаризм және өзге де демократиялық институттардың қалыптасуынан айтарлықтай арта қалуынан ушыға түскендігі атап өтіледі. Осындай жағдайларда мемлекет халыққа құқықтық қызмет, құқықтық көмек саласындағы қызметті құқықтық реттеуден шет қала алмайды. Реттеудің мақсаты, ең алдымен, құқықтық қызметтер нарығын әрбір азаматқа оның қорғануы үшін конститутциялық құқығын жүзеге асыруына кепілдік беретін жоғары сапалы құқық қоғау жұмыстарымен қамсыздандыру болып табылады.

Құқықтық реформаның тұжырымдамалық бағытталуы адвокатура институтының республика құқық қорғау жүйесінде лайықты орын алып, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес ұйым ретіндегі дербестігін сақтайтындығы. Ал бұл үшін адвокат өзінің кәсіби парызын орындауға тиісті іс жүргізу құқықтары мен міндеттемелерін алуға тиіс.

Сөйтіп, адвокатура шын мәнінде мемлекеттің қажетті қоғамдық-құқықтық институтына айналды, бұны адвокаттар еңбегінің ролі мен беделінің артуы айғақтайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. -Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). -Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Адвокатура курсының мақсатын не?

2. Адвокатура курсының міндеті не?

3. Адвокатура қызметінің ұғымы

4. Адвокатураның мәні және оның міндеттері.

5. «Адвокатура» қандай орган?

6. Адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары қандай?

7. Адвокатура туралы ғылымының басқа заң ғылымдары арасындағы алатын орны қандай?

8. Адвокатура» курсының басқа да пәндерінің жүйесінде алатын орыны?

9. Адвокатура туралы ұғым қашан пайда болды?

10. Адвокатура институтының пайда болуының алғышарттары?

11. Қазақстанда адвокатураның 1917 жылғы кезеңге дейін қалыптасыуы?

12. ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қорғау институтының ерекшеліктері?

13. Кеңес заманындағы адвокатураның даму кезеңдері және қазіргі заманға адвокатураның даму мәселелері?

14. Қазіргі уақытта адвокатура дамуы қаншалықта жетілдіріліп жатыр?

Лекция №2. Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі, мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары

Мақсаты: Адвокатураның және адвокаттық қызметінің түсігінін, мәнін мақсатын ұғындыру, адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары мен нысандарын зерделеу

Түйінді сөздер: адвокатура, адвокаттық қызмет, тәуелсіздік кепілдіктері, адвокатураның жариялығы және диспозитивтілігі.

Қаралатын сұрақтар:

2.1. Адвокатура және оның міндеттері

2.2. Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары

2.3. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері

 

2.1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде “Адвокатура” термині 1) ұйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді.

Заңи әдебиетте және қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20-бапта тек адвокаттар алқасы ұғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра және осы ұғымды кеңейте отыра, өз түсінігімізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.

Адвокаттар алқасы – адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өкілдік ету үшін кәсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес және коммерциялық емес құрылым.

2.2. Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары әртүрлі заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:

· шешілімі кәсіби заң білімін талап ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;

· талап қою арыздарын, шағымдармен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;

· адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қорғаушылары, жәбірленушілердің, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы;

· соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілдік ету;

· азаматтар мен ұйымдарға заңда тиым салынбаған басқа да заң көмегін көрсету.

Заңды қолдану мәселесі бойынша кеңес беру адвокаттар қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Оның мәні – қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу және басқа заңдардың нормаларын дұрыс түсіндіру мен дәл қолдану бойынша түсініктеме беру.

Консультация:

· даудың материалдық-құқықтық астарын;

· азаматта талап қою құқығының бар-жоғын (процессуалдық астар);

· іс бойынша түпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін заңды негіздің бар-жоғын және қандай нысанда екендігін (соттық, әкімшілік және т.б.), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.

Құқықтық кеңес:

· заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға және оны дәл қолдануға, құқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге және т.б.;

· мазмұндау нысаны бойынша жеңіл, яғни түсінікті;

· нақты: жалпы құқық және оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мәселені шешудің ықтимал жолдарын көрсетуге;

· нәтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашағын анық көруге тиіс.

2.3. Адвокатура қызметін ұйымдастыру және тәртбі құқықтық принциптерге негізделген. Принцип [лат.негіз, бастау] – 1) қандай да бір теорияның, ілімнің алғашқы жағдайы және т.б.; жетекші идея, қызметтің негіхгі тәртібі; 2) ішкі ұғым, мінез-құлық нормасын анықтайтын заттарға көзқарас.

Адвокатураның принциптері ретінде барлық іс жүргізу нормаларын қамтитын негізгі құқықтық идеяларды және азаматтар мен ұйымдарға білікті заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ететін адвокатура және адвокатура қызметінің осындай құрылымын анықтайтын институттарды атаған жөн.

Адвокатураның негізгі принципі заңдылық болып табылады, ол ҚР Конституциясын, “Адвокаттық қызмет” туралы ҚР заңын және осыларға сәйкес қабылданған заңдарды мүліксіз сақтау ретінде анықталады. Бұл орайда республика Конституциясының жоғары заңдық күшке ие екендігін, оған тек мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың ішкі ұйымдық актілері де сәкес болуға тиісілігін атап өту қажет. Бұдан адвокат алқасы мүшелерінің, органдарының және лауазымды тұлғалардың актілері мен шешімдерінің ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес болу керектігі адвокатура қызметіндегі заңдылықты іске асыру принципінің мәні екендігін көреміз.

Заңдылықтың конституциялық принципінің азаматтың заң көмегін алудағы субьективтік құқығын іске асыруда шешуші маңызы бар. Осы құқықпен адвокаттар алқасы мен олардың мүшелерінің заң көмегін көрсету міндеттемесі ұштасады. Адвокаттар алқасы органдары мен лауазымды тұлғалардың адвокаттар мен заң көмегін алуға мұқтаж адамдардың заңды құқықтарын іске асыруына ешбір шектеу қоюға қақысы жоқ. Мысалы, істің шақырылған адвокат жұмыс істейтін облыстан (қалада) басқа жерде қаралып немесе тергеліп жатқандығын сылтау етіп, адвокатқа көмек көрсетуге шек қою заңсыз. Мұндай әрекет заң көмегінен заңсыз бас тартуды, азаматтар құқығын бұзуды айғақтайды. Егер заң консультациясының немесе адвокаттар алқасының лауазымды тұлғасы заң көмегінен заңсыз бас тартса, онда бұл туралы сотқа шағым беруге болады.

Адвокатураның тәуелсіздігі прокуратура, сот, анықтау және алдын ала тергеу органдары, өзге мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, басқа ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан, тікелей заң актілерінде көзделген реттерді қоспағанда, оның қызметіне ешбір араласпауына жол берілмейтіндігі жөніндегі заңда белгіленген тәртіптерді білдіреді.

Азаматтар мен ұйымдарды жоғарыда аталған мемлекеттік және қоғамдық органдар мен лауазымды адамдардан тәуелсіз адвокатура сияқты қоғам – құқықтық институт қана қорғап мүддесін білдіре алады. Бұл міндет кәсіби заңгерлер ұйымы – адвокаттар алқасына нақты жүктеледі.

Бұл қағида адвокатура ұйымдары мен қызметінің негізгі құқықтық және демократиялық принциптерінің бірі, адвокат тәуелсіздігін және оның ісіне мемлекеттік және өзге араласушылыққа жол бермеудің кепілі болып табылады.

Алайда, тәуелсіздік адвокаттар ұйымының мемлекет органдары мен өзара байланысының толық жоқтығын білдірмейді. Қазіргі уақытта адвокатура мемлекеттік атқарушы органдармен, оның ішінде Әділет министрлігімен ынтымақтастық жасайды. Осы министрліктің құқықтық көмекті ұйымдастыру мен заң көмегін көрсету саласындағы міндеттерінің бірі – адвокаттық қызметті лицензиялау; адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығына лицензия беру; адвокатураға әдістемелік басшылық және азаматтар мен ұйымдарға көрсетілген заң көмегінің сапасына бақылау жасау.

Заңда тиым салынбаған әдістермен және құралдармен адвокаттық қызметті жүргізудің кесесі принципі – оның негізіне адвокаттық клиенттің заңды мүддесін қорғауды немесе өкілдікті тек заң құралдарымен жүргізетіндігі (заңды соттың, пркурордың, процеске өзге қатысушылардың бұзуына, егер бұл бұзушылық айыпталушының (сезіктінің), құқықтарын аяққа басса дереу жауап қату); соттың, басқа құқық қорғау органдарының және т.б. шешімдеріне клиенттің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша (немесе келісімімен) шағым жасау міндеттемесінің жататындығы.

Адвокатураның негізгі принциптерінің бірі – прокуратура, сот, анықтау және алдын ала органдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың, заң актілерінде тікелей көздеген жағдайларды қоспағанда, адвокатура қызметіне араласуына жол бермеушілік болып табылады. Бұл адвокаттың заңдық қызметін жүргізуге заңсыз араласуға жол берген, кедергі жасаған не азаматтарды қорғау және оларға заң көмегін көрсету бойынша адвокаттың, адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттар кеңесінің заңдық қызметін жүргізу үшін олардың кәсіби міндеттемесін іске асыруға қажет құжатты, материалды немесе мәліметті жазбаша салауы бойынша заңда белгіленген мерзімде тапсырмау және бас тарту арқылы кедергі келтіруі, егер бұл әрекеттердің қылмыстық жазалану белгісі болмаса, жиырма айлық есеп көрсеткішіне дейінгі көлемде айыппұл төлеуге әкеліп соғады.

Егер осы әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүддесіне, я болмаса қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне айтарлықтай залал келтірсе, оған жол берген тұлғалар бес жүз айлық есеп көрсеткішіне дейінгі көлемдегі немесе бес айға дейінгі мерзімге сотталған адамның жалақысы немесе өзге кірісінің көлеміндегі айыппұлмен, я болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеумен жазаланады.

Адвокатураны ұйымдастырудың және қызметінің келесі принципі кәсіби мінез-құлық нормалары мен адвокат құпиясын сақтау болып табылады. Заң көмегін көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін білікті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында адвокат қолданыстағы заңнама мен алқа Жарғысын, сондай-ақ кәсіби әдеп орнықтырған нормаларды және адвокаттық кәсіптік қызметтің практикасында жинақталған тәртіптерді басшылыққа алуға тиіс.

Қолданыстағы заңнама талаптарын адвокаттардың сақтау кепілдіктері қорғауды жүргізуге және өзге заң көмегін көрсетуге байланысты айтылған мәліметтердің құпиясын сақтау және көмек сұраған адамның келісімінсіз оны жарияламау міндеттемесі болып табылады. Бұл талаптар міндетті шарт болып табылады және адвокаттың азаматтық іспен қатар қылмыстық немесе әкімшілік істер бойынша бүкіл қызметіне қолданылады және “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен, адвокаттар алқасының Жарғысымен, адвокаттар алқасының Жалпы жиналысының (конференциясының) шешімімен қабылданатын адвокаттың кәсіби әдебінің Ережелерімен реттеледі.

Негізгі принциптерінің бірі, өкінішке орай, қолданыстағы заңнамада көрсетілмеген, алайда адвокатураны ұйымдастыру негізінде қаланған және практикада іске асқан – бұл тәуелсіз өзін-өзі басқаратын ұйымдардың жиынын; басқарудың орталық және жоғары тұрған органының жоқтығын; адвокаттар алқасының бір-бірінің ісіне араласпаушылығын білдіретін орталыққа бағынбау принципі. Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағына, Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) Қазақ филиалына, адвокаттар ұйымының өзге нысандарына (қауымдастыққа, бірлестікке, корпорацияға және т.б.) келсек, олар адвокаттар алқасына басшылық жасамайды және олардың кәсіби қызметіне араласпайды.

Осы құқықтық принциптердің жүйесі адвокатураның мәнін және оның қоғамдағы басқа құқық қорғау жүйесі элементтерінен – мемлекеттік құқық қоғау органдарынан, ҚР құқық қорғау қоғамдық ұйымдарынан (мысалы, Халықаралық Хельсинки Федерациясы жүйесіне кіретін құқық қоғау ұйымы ретіндегі Алматы Хельсинки Комитеті, адам құқығы жөніндегі Алматы Қоғамдық Ассоцияциясы, сондай-ақ адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақ-Америка Бюросы және т.б.) ерекшелігін анықтайды.

Адвокат азамматтың (немесе заңсыз сотталған не, талабынан негізсіз бас тартылған адамның) құқығын қорғаған кезде, ол тек осы нақты адам үшін ғана емес, жалпы бүкіл қоғам үшін маңызды бір қызметті жүргізеді, сол арқылы қате сот шешімдерінің жолын кеседі, заң мен құқық тәртібіне деген сенімді нығайтады.

Нақ сондықтан, заңға сәйкес адвокаттың жеке адамның құқығын білікті және жігерлі қорғау азаматтың, қоғам мен мемлекеттің мүддесіне жауап береді. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру үшін тиімді әрекет ететін мемлекеттік органдармен қатар күшті, тәуелсіз және білікті адвокатура қажет.

Адвокат – айыпталушының немесе басқа тұлғаның өкілі, алайда адвокаттың қызметі жеке сипатта ғана емес, оған айыпкермен қатар істі жүргізетін мемлекеттік органдар да мұқтаж. Сондықтан адвокатураның жұмыс істейтін қатаң заңға сәйкес сот төрелігіне жолдаудың маңызды шарты ретінде қарастыра отырып, оның рөлін арттыру қажет. Басқаша айтқанда, адвокатура, адвокаттар алқасы қызметінің міндеттері белгілі бір шекте мемлекеттік құқық қорғау органдарының міндеттеріне ұқсас.

Сонымен, құқық қорғау органдары мен ұйымдарының арасында жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді атқаруға тиіс кәсіби заңгерлердің тәуелсіз ұйымы – адвокатура мен адвокаттар алқасы маңызды орын алады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. -Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. -Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). -Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Адвокатура қызметінің ұйымдастыруның қандай қағидалары бар?

2. Қағида дегенді қалай түсінесіз?

3. Заңдылық қағидасының мәні неде?

4. Тәуелсіздік кепілдіктері дегенімізді түсіндіріңіз?

5. Адвокатураның жариялығы және диспозитивтілігі дегеніміз не?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных