Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокат құпиясы.




 

8.1. ҚР Конститутциясында кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның бұзылуын болдырмауға және құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдесу адвокаттың кәсіптік міндеті мен адами борышы болып табылады. Осыған байланысты, адвокаттық кәсіп қолданыстағы заңнама талаптарын дәл және сөзсіз орындауды, адвокаттың мінез-құлықтық әдептік нормаларын бұзбауды, өзіне заң көмегі және әдістермен қорғауды талап етеді. Жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін алудағы олардың, конститутциялық құлықтарын қамтамасыз ету адвокаттардың кәсіби қызметінің ірге тасын қалайды.

“Адвокаттардың кәсіби әдеп” ұғымы азаматтармен, мемлекеттік органдар мен және лауазымды тұлғалармен, әр түрлі коммерциялық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ адвокатура органдарымен және әріптестерімен қарым-қатынаста мораль мен адамгершілік мәселелерін кең ауқымын қамтиды.

Адвокаттың әдеп нормаларын сақтауы – оның өз кәсіби міндеттері мен іс-әрекеттерін тиісті орындаудағы қажетті шарт.

Адвокаттың кәсіби қызметі беделінің түсуі адвокатура институтына қоғамдық сенімді жоғалтады және адвокат абыройын түсіреді.

Сондықтан, адвокат заң көмегін көрсету кезінде мынадай кәсіби тәртіптерді сақтауға тиіс:

1) көп күш-жігер не уақыт жұмсауды талап ететін қажетті әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс білдіру, бұл осы қызметті ешбір асығыстық жасамай және жеңіл-желпі қарамай, яғни тапсырылған істі адал, мұқият және білімдарлықпен орындап, кеткен уақытпен санаспай атқару керектігін көрсетеді;

2) заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымда адамдарға қатысты өзін әдепті ұстау, яғни оның сөйлеген сөзі, кепілдемесі, өтініші және басқа да іс-әрекеті мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде болуға тиіс;

3) өз кәсіби мінез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, істі негізсіз сөзбұйдаға салуға, заң көмегін көрсетудің саңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеуге, егер жүгінушінің талабы заңға қайшы болса немесе ол өз мүдделерін қорғау үшін заңға томпақ құралдар мен әдістерді қолдануды талап етсе, адвокат оған заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.

4) Көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделеріне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау, яғни адвокат жүгінушінің мүддесін қорғаудың барлық заңды құралдар мен әдістерін пайдалануға, ешбір жағдайда да бұрынғы, сондай-ақ енді өтініш жасаған адамдардың мүддесіне қайшы келетін әрекетке жол бермеуге, істің заңды шешілімі аяқталғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемеден жалтармауға тиіс.

Осы қағиданың бұзылуы кәсіби әдептің бұрмалануы, ал кейбір жағдайда тәртіптік жазаның қолданылуына әкеп соқтыратын кәсіптік парызды орындамау болып саналады.

8.2. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі адвокат қызметі адвокаттардың процесуалдық құқықтарын анықтайтын, сондай-ақ адвокатураның ұйымдастырылуы мен адвокаттық қызметті реттейтін заңнама нормаларымен тәртіптеледі (атап айтқанда, “Адвокаттық қызмет туралы” 1997- жылғы 5-желтоқсандағы ҚР заңы). Заң көмегін көрсету барысында адвокат.Сонымен қатар, кәсіптік әдептің орныққан нормаларын және адвокаттық кәсіптің қалыптасқан практикалық тәртіптерін басшылыққа алуға тиіс, олардың мақсаты азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін жақсырақ қорғауға жәрдемдесу болып табылады.

Адвокаттардың әрбір алқасының жоғары органы адвокатура жүйесінің ортақ принциптеріне сүйене отыра, өз тәртіптерін қабылдайды. Осыған орай, 1998-жылғы 20-тамызда Алматы қалалық адвокаттар алқасы адвокатураның Конференциясында адвокаттардың кәсіптік әдеп тәртібі қабылданды.

Бұл тәртіптер әрбір адвокатты заң мен кәсіптік әдеп нормаларын басшылыққа алуға міндеттейді. Заңдылықтың кез келген бұзылуына төзбеушілік, имандылық, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтық табандылық, адалдық, әрбір заңгердің, әсіресе адвокаттың кәсіптік қасиеті болуға тиіс.

Адвокат заң көмегін адал көрсетуге, моральдық тазалықтың үлгісі мен адами мінез-құлықтың сүйеніші болуға, өзінің кәсіптік машығын ұдайы жетілдіруге, құқықтық білімдер мен қолданыстағы заңнаманы белсенді насихаттауға тиіс.

Адвокаттар процесінің тең құқықты кетінде өз кәсібінің абыройы мен беделін ұстауға тиіс.

Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде:

-қоғам мүддесіне қайшы келмейтін азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау ғана ортақ мүддеге сай келетіндігін ескеруге;

-заңнама нормаларын дұрыс және дәл қолдануға;

-заң көмегіне жүгінушіге оның құқықтары мен міндеттерін, құқықтық жүйе қызметі принциптерін түсіндіре отырып кеңес беруге;

-өз клиентінің мүдделеріне іш тартуға тиіс.

Адвокаттың мінез-құлқы ол заң көмегін көрсету кезінде де, күнделікті тіршілігінде де заң мен адамгершілік принциптеріне сай болуға тиіс.

Адвокат кәсіби мінез-құлықты ережелерінің рухын әрдайым ұстау керек. Оның негізгі қағидалары:

1. жеке адвокаттың тиіссіз міне-құлықтары адвокатураның және сот төрелігі жүйесінің қоғам алдындағы беделіне зиян келтіруі мүмкін. Сол себептен адвокат жаңылысып, лайықсыз болып көрінетін мінез-құлықтан қашық болуы қажет

2. Сот жүйесі барлық істерді әділ және өз мәнінде қарау үшін арналған. Адвокат сот жүйеісне өзгертулер туралы адвокаттың өзінің және де заң кәсібінің, сондай-ақ сот төрелігінің қоғам алдында беделін түсіретін пікірлер мен ұсыныстардан қашу керек.

Сөйтіп, адвокаттық әдеп – бұл адвокатура туралы қолданыстағы заңнама, адвокаттар алқасы Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік этика Тәртіптері шеңберінде реттелетін және адвокаттық мінез-құлқы нормасынан туындаған практика. Оның мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен міндеті абыройлы қорғау.

8.3. Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.

Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Адвокат клиент айтқан немесе тапсырысты орындау барысында белгiлi болған жағдайлар мен фактiлерге қатысты мәлiметтi, сонымен бiрге кез-келген клиенттің оған кеңес сұрап келген фактiсiн қатал құпияда ұстау керек және клиенттен айқын және бiр мағыналы тапсырыс берiлмейiнше және заңмен талап етiлген немесе заңмен қаралған жағдайлар туылғанға дейiн бұндай ақпаратты қатал құпияда ұстау керек.

Негiзгi қағидалары.

1. Клиент пен адвокаттың арасында өзара толық түсiнушiлiк орнатылмайынша адвокат клиентке нәтижелi кәсiби көмек көрсете алмайды. Сонымен қатар клиент адвокатпен қаралатын мәселелер және адвокатқа айтылған мәлiметтер клиент жағынан арнайы талапсыз немесе шартсыз құпия түрде сақталатындығынан шығатын әрекеттер жасауға шексiз сенiмдi және мүмкiндiктi сезiну керек.

2. Жасырын құпия туралы этикалық ережелер басқа тұлғалардың осындай ақпаратқа ие бола алатын фактiсiне қатыссыз қолдануы керек.

3. Негiзгi ереже ол: қаралып жатқан мәселенiң негiзiнен туындағанша кеңес алып жүрген немесе тапсырыс орындауға шақырып жүрген тұлғаның аты-жөнiн ашпауға тиiс.

4. Адвокат кез келген клиентке қатысты, ол тұрақты клиент болсын немесе бiр реттiк көмек алуға келген болсын, жасырын құпияны сақтауға тиiс. Бұл мiндет құқықтық (заңды) мәселелер бойынша қарым-қатынастардың тоқтатылғаннан кейiн де сақталады және клиент пен адвокаттың арасында қандай келiспеушiлiк туындағандығына қарамастан клиентке құқықтық көмек көрсетудiң тоқталған кезiмен шектелмейдi.

Жасырын құпия ақпаратты қолдануға жол бермейтiн жағдайлар.

1. Адвокат пен клиент арасындағы сенiм қатынастары адвокатқа этикалық ережелерiмен қарастырылған құпия ақпараттың қайсысын болса да жеке пайдасына немесе үшiншi тараптың пайдасына немесе клиенттің зиянына пайдалануға жiбермейдi. Әдеби қызметпен айналысатын, өмiрбаянын еске түсiру, немесе осы тәрiздiнi жазып отырған, немесе оқыту, ғылыми жұмыспен айналысып жүрген адвокат бұл жағдайларда да жасырын құпия ақпараттың таратылуына жол бермеуi керек.

2. Адвокат бiр клиенттен алынған немесе оған қатысты жасырын құпия ақпараттың басқа клиентке таратылу мүмкiндiгiне жол бермеу керек. Екiншi клиент адвокаттан осындай ақпаратты талап еткен немесе күткен жағдайға қарамастан, ол ақпаратты жариялаудан не қолданудан бас тарту керек.

3. Адвокат клиенттің iсiне қатысты мәселелер бойынша абайсыз қатынастардан, тiптi жұбайымен (зайыбымен) немесе жанұя мүшелерiмен ұстану керек және нақты орындап жүрген тапсырыстарға қатысты клиенттің атын атамай немесе клиентпен ұқсату мүмкiндiгi бар басқа әңгiмелерден абай болу керек. Адвокат клиенттің қара басы туралы және оның жұмыстары туралы байқаусызда естiген немесе оған айтылған өсектi және ақпараттарды қайтып айтуға болмайды. Адвокаттың абайсызда айтқандары және үшiншi адамның естiгенi клиенттің мүддесiне зиян келтiруi мүмкiн болғандықтан, үшiншi тұлғаның қатысуында адвокаттар арасында кәсiби мәселелердiң талқылануы, әсiресе клиенттердiң атын атап немесе нақты iстердiң жағдайларын айтылмағандығы дұрыс болып саналады. Сонымен қатар бұл қатысушының адвокаттың кәсiпке және жалпы юриспруденцияға деген сыйластығына әсер етуi мүмкiн.

4. Адвокат көмекшiлерiмен, ассоциацияларымен хатшыларымен және заң кеңесiнiң, адвокаттық бюроның (фирманың) басқа қызметкерлерiмен осы ереженiң тезистерiн сақтауына барлық қажетті шараларды қолдану керек.

5. Адвокат кәсiптiң мәртебесiн өз дәрежесiнде ұстауға қолдау көрсету керек және осы мақсатқа жету үшiн маңызы бар қызметтiң әр түрiне қатысу керек.

Егер кәсiби қабiлетi құлдыраған адвокатты iстi жаңа бастап келе жатқан кезiнде тоқтатпаса, бұл клиентке маңызды шығын мен зиян келтiруi мүмкiн. Азғантай бұзуды айғақтайтын әрекеттердiң артында маңызды бұзулар болуы мүмкiн немесе клиентке маңыздылау бұзуға әкелуге мүмкiндiк туғызатын адвокаттың мiнез-құлығын көрсетуi мүмкiн. Сондықтан аумақтық алқаның басқарушы органына адвокатқа белгiлi басқа адвокаттың кәсiби этиканың ережелерiн және мiнез-құлық үлгiлерiн бұзуы туралы мәлiмдеуге болады және бұл жалпы корпорацияның талабына сай. Кәсiби мiнез-құлықтың ережелерiн бұзуы маңызды зиян келтiру мүмкiндiгiне (мысалы, сенiмдi мүлiктi басқаруға байланысты шығындар туралы iс) алқа мүшелерінің әрекеттерiнде қылмыс құрамының нышаны барын дәлелдейтiн негiзделген болжам болған жағдайларда бұл бұзу туралы хабарлау – адвокаттың кәсiби мiндетi, егер бұған заңмен тыйым салынбаса.

Әр адвокаттың міндетіне аумақтық алқаның басқарушы органының құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жолдауларына дереу жауап қайтару кіреді.

Адвокат өз қызметінде клиенттермен бақса адвокаттармен немесе тағы басқа тұлғалармен айыптаушы, қорқыту немесе қорлау түрінде немесе басқа да түрде хат алысу адвокаттың мінез-құлқының кәсіби нормаларымен сиыспайды.

Қоғамды тәуелсіз және құзырлы заң кеңесімен қамтамасыз ету үшін адвокат құқықтық жүйенің әдеттегі және нәтижелі жұмыс істеуіне көмектесу жағынан барлық мүмкіндікті жасау керек. Бұл мағынада қызметтің мынадай түрлерінде: құқықтық реформа, заң білімін жалғастыру, оқыту, құқықтық көмек бағдарламасы, қоғамның кедей мүшелеріне құқықтық көмек көрсету, тиісті кәсіби мінез-құлық және тәртіп, аумақтық алқаның басқарушы органы қызметінің басқа түрлерін де басқа мамандықтардың өкілдерімен жергілікті немесе жалпы мемлекеттік деңгейдегі қарым-қатынастар кішті, тәуелсіз және қоғамға пайдалы мамандықты қолдауына міндетті түрде қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. -Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). - Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Адвокаттың кәсіптік әдебі түсінігі?

2. Адвокаттық кәсіби мінез-құлық норма туралы ұғым?

3. Заң этикасының негізгі категориялары?

4. Адвокаттың кәсіби этикасы және адвокаттық қызметтің мінез-құлық негіздері?

5. Кәсіби мінез-құлық нормаларының түсінігі және пәні, олардың этикалық нормалармен арақатынасы?

6. Адвокат құпиясы туралы түсінік?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных