Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Франциядағы Адвокатура. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары: жеке тәжірибе, біріккен адвокаттық конторлар.




14.1. АҚШ тың адвокатурасы. АҚШ- тың күрделі құқықтық жүйесі, американдық қоғам өміріндегі құқықтық реттелудін дәстүрлі үлкен рөлі басқа кәсіптік топтарға қарағанда адвокат мамандығына негізгі орын беріледі.

Заңгерлер АҚШ-та экономика және мемлекеттік саяси механизмінде көптеген негізгі қызметтермен айналысады.Бүкіл әлемдегі заңгерлердің санынан 62% АҚШ-та жұмыс жасайды. Келесі көрсеткіштер АҚШ -та жұмыс жасайды. Келесі көрсеткіштер АҚШ-ғы заңгер дипломын игергендер әлеуметтік саяси рөлін көрсетеді. АҚШ-ң 42 президенттер ішінде 25- сі заңгер болған, сенаторлардан екіден үші және АҚШ-ң конгресс палата өкілдерінің жартысы заңгерлер болып табылады.

Адвокаттық іс- тәжірибеге патент алушын, заңгерлік оқу орнының жас түлегіне қосымша аттестация өту міндетті, соның ішінде адвокатадвокаттың іс- тәжірибе қай жерде өтіледі, сол штатта ғана адвокаттық іспен айналысуға патент беріледі.

Адвокаттық іс- тәжірибе өтудін шарттарын әдетте штаттың соты бекітеді, бірақта адвокатураға өтудің өзі арнайы комиссиямен шешіледі, ол штаттың адвокат ассоциациясымен құрылған, немесе штаттың губернаторы, не болмаса сотпен белгіленеді.

Адвокаттың іс- тәжірибе өтудің шешімдерін шешуде комиссия кондидаттың моральдық қасиеттеріне және өткізіліп жатқан экзамен нәтижелеріне сүйенеді.

Экзамен ауызша және жазбаша жұмыстарынан тұрады. Жазбаша жұмыс, ережеге сәйкес бірнеше күнге созылады, сол күндер ішінде талапкер 20-30 сұраққа жауап беруге міндетті.

Комиссия шешімі сотта штаттағы адвокаттыңм іс -тәжірибеге жіберілгендерге, автоматты түрде федералды соттарда істі жүргізуге рұқсат берілед.

Заңгерлер ассоциациясы екі мақсатты көздейді. Біріншісі құқықтың дамуына және жалпы әділдікті нығайтуы, азаматтардың құқықтық тәрбиеленуі т.б. Екіншісі, өз мүшелеріне көмектесу, американдық заңгерлерінің кәсіби деңгейін көтеру, заңгерлік мамандықты дамыту.

Заңгерлердің ассоциациясы кәсіби ұжым болып есептелінеді, және ешқандай іс тәжірибелік заңгерлік іспен айналыспайды. Заңгер ассоциасында мүшелік жарна заңгерлердің кірістеріне, заңгерлік ведомство немесе фирмада жұмыс атқаратындарынада ешқандай қатысы жоқ. Айтып кетерлік, адвокат ассоциациясының мүшесі болып жалғыз іс- тәжірибеде жүрген адвокаттар ғана емес, сол қатарлы прокуратурада жұмыс жасайтын заңгерлер, жәнеде заңгерконсульт болып жұмыс атқаратын тұлғаларда кіреді.

Ресейдегідей АҚШ- тада адвокаттың төлем ақысын реттейтін нақты орнаған жүйе жоқ. Гонорар төлемі клиентпен келіскендей бекітіледі. Ең көп тараған еңбек ақысы, ол сағаттық жүйе. Тағыда мынадай еңбек ақысы тараған, ол сотта істі ұтқанда ғана еңбек ақысын ала алады.

14.2. Франция адвокатурасы. 19 ғасырдың аяғынан бастап Францияда адвокаттық кәсіптін тәуелсіздік қағидасы орнатылды, ол елдін қоғамдық өмірінде дәстүрлі түрде абыройлы орын алатын. Қазіргі таңда Францияда 35 мыңға жуық адвокаттар бар.

1992 ж. адвокат және заңгерлік кеңесшілер жаңа бір адвокаттық кәсіпке қосылды.

Қазіргі таңда адвокаттардың үш дәрежесі бар, олардың сотта шығып тұруларына құқықтары бар: солиситорлар, барристерлер, Совет алдындағы барстер.

Солисторлар бірінші инстанция сотында өкілдік ете алады, барристерлер аппеляциялық соттарда, кассациялық соттарда және мемлекет Совет алдында – Совет алдындағы барристер.

Айта кетерлік, Францияда «адвокат» термині атақты білдірмейді, ол іс тәжірибе өтуші тұлғаның кәсіп түрін білдіреді. Сондықтанда адвокат квалификациясын әр адам бірақта адвокатурада жұмыс атқармайтын, басқа құқық саласында жұмыс жасайтын болса,ол адвокат деп айтылмайды.

Францияда адвокат мамандығына жету шарттары қатаң, әрі ол 1972ж декретпен айқындалған.

Алдын ала француздық азаматтық және жоғарғы оқу орнының дипломы (минимум құқық магистрі) болу қажет, одан әрі, адвокат ассоциациясының мүшесі болғысы келген тұлғаның соттылығы және дисциплинарлық немесе әкімшілік істерге жазаланбауы тиіс, тағыда қандайда болсын фирма немесе өндірістің банкроттық істің бірге қатысушысы болмауы керек.

Көрсетілген талаптарға сай келген тұлға экзаменді кәсіптік даярлау орталығында өту қажет(ауызша және жазбаша), сол жақта бір жыл оқу, теоретикалық курсты және практикалық стажировканы өту, содан кейін шығарылымдық экзамен тапсыру қажет (1жазбаша және 3 ауызша).

Сол шарттар сақталынған кезде ол адвокат ассоциациясына қабылданып присяга қабылдайды.

Адвокат ассоциациасының басшысы төраға болады,ол ассоциация мүшелері (соның ішінде стажерлар) жасырынды дауыспен 3 жылға сайлайды.

Адвокаттар өзіндік немесе басқа да адвокаттармен әріптес шарттар негізінде бірігіп жұмыс істеуіне құқылы. 1992ж бастап оларға комерциялық ұжымдарда жұмыс жасауға болады. Одан басқа адвокаттар басқа да адвокаттарды жалдауға құқылы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). Алматы, Данекер, 2002.

Бақылау сұрақтары:

1. АҚШ-ғы адвокатураның қорғаушының тегін қызметті көрсету нысандары талдап бер, мысалы тағайындалуы, контракт арқылы, «копшілік қорғаушылардың» ведомства есебінен.

2. Франциядағы адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары қандай?

3. Шетелдердегі адвокаттық қызметтегі жеке тәжірибе, біріккен адвокаттық конторлардың ерекшеліктері неде?

4. Шетелдік адвокаттық қызметтің біздің еліміздің тәжірибесіне алып қосары бар ма?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных