Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Й шаруашылықтары табыстарының теңсіздік деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау




 

2001 жылдан 2010 жылдардағы кезең бойынша СҚП бойынша халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ үлесі 16 203,3 АҚШ долларын құрап үш есеге өсті, 2010 жылы жедел деректер бойынша орташа жан басына шаққандағы соңғы тұтынуға шығыстар 744,4 мың теңгені құрады, бұл 2001 жылдағы (118,5 мың теңге) көрсеткіштен 6,3 есеге жоғары. Ұлттық экономика көрсеткіштерінің өсу көрінісінде атаулы ақшалай табыстардың өсімі байқалуда. Осылайша, атаулы ақшалай табыстардың деңгейі (бұдан әрі - ААТ) 10 жыл ішінде орташа жан басына шаққанда айына 5,3 есеге өсті және алдын-ала деректер бойынша 40 473 теңгені құрады.

Елдің экономикалық дамуының оң серпіні әлемдегі қаржылық жағдайдағы тұрақсыз айқындамасына қарамастан республикадағы кедейлік деңгейіне оң әсерін берді.

2001 жылдан бергі кезеңде ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі - ЕТКД) төмен халық үлесі жалпы республика бойынша 7,2 есеге қысқарды және 2010 жыл қорытындысы бойынша қалалық және ауылдық өңірде оң серпінін сақтай отырып, 6,5%-ды құрады.

1.МДМ-ның «Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар адамдардың үлесін екі есеге дейін қысқарту» 1 міндетін Қазақстан 2004 жылы орындады, алайда ел үшін кедейлік едәуір күрделі мәселе болып қалуда, әсіресе ауылдық өңірлерде. Осыған байланысты, 2008 жылы ел алдында МДМ «1+»: ауылдық өңірде тұратын ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар адамдардың санын екі есеге қысқарту жаңа міндеті қойылған болатын.

 

Кесте басы

Көрсеткіш атауы                    
СҚП бойынша халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ доллары 5566,7 6213,7 6920,4 7742,6 8700,1 10992,0 13172,5 15173,0 15092,5 16203,3
Халықтың атаулы ақшалай табыстары, орта есеппен халықтың жан басына шаққанда, бір айда, теңге (бағалау) 7 670 8 958 10 533 12 817 15 787 19 152 25 226 32 984 34 282 40 4731)
Орташа айлық атаулы жалақы, теңге 17 303 20 323 23 128 28 329 34 060 40 790 52 479 60 805 67 333 77 611
Тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері (жылдың соңына)3), теңге 4 947 5 818 8 198 8 628 9 061 9 898 10 654 13 418 17 090 21 238
Тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері (жылдың соңына), теңге 3 630 4 095 4 394 4 602 6 627 7 528 8 366 11 319 12 888 14 037
Тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері (жылдың соңына), теңге - -           1 162 1 130 1 194
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы4) (орта есеппен халықтың жан басына шаққанда), теңге 5 655 6 003 6 457 6 785 7 618 8 410 9 653 12 364 12 660 13 487
Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасымен арасалмағы4) (орташа жан басына шаққанда), пайызбен:
жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 135,6 149,2 163,1 188,9 207,2 227,7 261,3 266,8 270,8 300,1
орташа айлық атаулы жалақысы 306,0 338,5 358,2 417,5 447,1 485,0 543,7 491,8 531,9 575,5
тағайындалған айлық зейнетақысының орташа мөлшері2) 87,5 96,9 127,0 127,2 118,9 117,7 110,4 108,5 135,0 157,5
                     
                     
1) Жедел деректер 2) Тұтыну бағасының индексіне түзетумен              
3) Әлуетті құрылымдарды есепке алғандағы деректер,базалық зейнетақы төлемдерін есептемегенде 4) Осы жерде және бұдан кейінгі кестелерде 2006 жылғы деректермен салыстыру мақсатында, 2006 жылғы 1 қаңтарда бастап енгізілген, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасын есептеудің жаңа әдістемесіне қайта есептелген 2001-2005 жылдардағы деректері көрсетілген

 

Алайда, кедейлікті қысқартудағы қол жеткізілген ілгерілікке қарамастан республика халқының едәуір бөлігі төмен табыстарға ие болып, кедей халықтың санаты қатарында қалып қою қаупі бар. Бұл ретте, ауылдық кедейліктің неғұрлым айқын көрінісімен барлық өңірлерде өңірлік кедейліктің саралануы байқалуда. Осы уақытқа дейін ауылдық кедейлік едәуір жоғары деңгейде сақталып, қалалықтан үш есеге дейін артық (1 диаграмма).

 

 

1 диаграмма

 

Халықаралық ұсынымдарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы халықтың кедейлік деңгейін есептеу кезіңде эквивалент шкаласы, үй шаруашылықтарының әр түрлі мөлшерлеріндегі орташа табыстардың қажет деңгейлерін түзететін түзету коэффициенті қолданылатынын атап өту қажет. Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,8-ді құрайды. Эквиваленттілік шкаласы үй шаруашылықтары шығыстарының үнемделуін олардың мүшелерінің бірігіп тұрунуының әсерінен есебінен ескереді. Егер кедейлік деңгейін бағалауда эквиваленттілік шкаласын қолданбаса оның мәні жоғарылайды.

Мысалы, 2010 жылғы халықтың 20-пайыздық топтары бойынша (квинтильдер) табыстардың бөлінуін қарастырып ең төменгі күнкөріс деңгейі 13 487 теңгені құраған кезде 20% үй шаруашылықтары 11 252 теңгеден кем емес табыстарға ие болды деген қорытынды шығаруға болады. Ал эквивалент шкаласын қолдану кезіңде кедейлік деңгейі 6,5% құрады, яғни үш есеге төмен.

Табыстарды квинтильді бөлу халықтың жан басына шаққандағы орташа айлық табыстарының аз өсімін соңғысынан басқа бастапқы 4 квинтильдегі халықтың жан басына шаққандағы көрсетті. Ендеше, 3 және 4 квинтильдегі жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,5-1,9 есеге арта отырып, бұл іс жүзінде республика тұрғындарының 80%-ның екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарға ие екендігін көрсетеді және олардың жартысының кедейлер санатында болып қалу қаупі бар.

 

2 диаграмма

 

 

Кедейліктің сипаты ұлттық тұтынудағы халықтың ең кедей қабатының квинтилі үлесі болып табылады. 2001-2010 жылдарда Қазақстанда ең бай халықлықтң квинтиль үлесі 5,97 пайыздық бірлікке төмендеген уақытта халықтың ең кедей қабаттары квинтильдері үлесінің жүйелік өсімі жалпы 3,1 пайыздық бірлікке байқалуда. Нәтижесінде соңғы және бірінші квинтильдердегі халық табыстарының арасындағы арақатынас 6,94-тен 4,02 есеге төмендеді.

Сонымен қатар, табыстар деңгейі және халықтың экономикалық теңсіздік шамасы бойынша қоғамның бөліну үдерістері халықтың ең көп және ең аз қамтамасыз етілген топтарының арақатынасын сипаттайтын арнайы саралау коэффициенттерімен анықталады. Олардың бірі халықтың ең бай 10%-ның және ең кедей 10%-ның ақшалай табыстарының арақатынасын көрсететін қорлар коэффициенті болып табылады. 2001 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде ол 1,5 есеге қысқарып, 5,7 құрады.

 

Халықтың 20 пайыздық топтары (квинтильдік) бойынша табыстардың үлесі*

пайызбен

  Квинтильдік топтар бойынша халықтың табыстар үлесі
бірінші (ең төменгі табыстармен) топ екінші топ үшінші топ төртінші топ бесінші (ең жоғары табыстармен) топ
  6,33 10,98 15,86 22,92 43,91
  7,71 11,92 16,30 22,67 41,40
  7,94 12,22 16,74 23,08 40,02
  8,41 12,44 16,75 22,85 39,55
  8,45 12,45 16,81 22,81 39,48
  8,44 12,50 16,37 22,01 40,68
  8,54 12,55 16,45 21,92 40,54
  9,23 13,01 16,76 22,11 38,89
  9,72 13,56 17,24 22,46 37,02
  9,43 13,24 16,95 22,44 37,94

* Баламдылық шкаласыз, қалыптасқан табыстармен.

 

Сонымен қатар, халықтың кедейлігінің нақты сипаттамасын алу үшін кедейліктің тереңдік және өткірлік көрсеткіштері қолданылады. Кедейліктің тереңдігі елдің барлық халқы бойынша есептелген, кедейлік деңгейіне жетпей тұрған кедейлер табыстарының орташа шамасын көрсетеді. 2001 жылдан 2010 жылдар кезеңі бойынша кедейлік тереңдігі 13,5 есеге қысқарып, 1,1%-ды құрады.

Кедейлік тереңдігінің қосымша сипаттамасын кедейлер арасындағы теңсіздікті, яғни кедейлер табыстарының олардың орташа мәнінен шашылу дәрежесін көрсететін кедейліктің өткірлік көрсеткіші көрсетеді. Кедейліктің өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты «кедей» екендігін көрсетеді, яғни кедей халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 2001 жылдан кедейлік өткірлігі 21,7 есеге қысқарып, 0,3% құрады.

Табыстар бойынша халықтың теңсіздік көрсеткіштерінің басқасы табыстарды бөлудің әркелкілік коэффициенті (Джини индексі)1 болып табылады. Бұл көрсеткіштің мәні табысты топтардың децильдік (10%-дық) аралықпен 0,339-дан 1,2 есеге қысқарды, ол 0,278-ге дейінгі айтарлықтай теңсіздікті сипаттайды, яғни бірқалыпты теңсіздік. 0,4-0,5 шегіндегі Джини индексінің мәні қоғамдағы табыстардың едәуір теңсіздік индикаторымен есептеледі.

 

                     
Кедейлік тереңдігі, % 14,8 13,3 10,2 8,3 7,5 3,9 2,4 2,3 1,3 1,1
Кедейлік өткірлігі, % 6,5 5,5 3,9 2,9 2,5 1,3 0,8 0,7 0,3 0,3
Қорлар коэффициенті, есе 8,8 8,1 7,4 6,8 6,8 7,4 7,2 6,2 5,3 5,7
Джини индексі1) (децилдер бойынша) 0,339 0,328 0,315 0,305 0,304 0,312 0,309 0,288 0,267 0,278

 

1) Табыстарды шоғырландырудағы коэффициент немесе Джини индексі теңсіздік дәрежесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Халықтың сандық тұрғыдан тең топтары бойынша табыстарды нақты бөлудің оларды біркелкі бөлудің сызығынан ауытқу дәрежесін белгілейді. Табыстардың теңдігінің статистикалық өлшемі 0-ден 1-ге дейін ауытқиды, 0-де халықтың барлық топтарындағы табыстардың шүбәсіз теңдігін білдіреді, 1-де барлық табыс адамдардың бір тобына тиесілі болған жағдайда табыстрадың шүбәсіз теңсіздігін білдіреді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных