Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықтың кедейлігі және жұмыспен қамтылуы




 

Кедейлікті қысқарту және экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізудің негізгі факторы өнімді еңбекпен айналысу мүмкіндігі болып табылады. Еңбек нарығындағы жағдай негізінен екі топтағы көрсеткіштермен анықталады: жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық көрсеткіштері, яғни жұмыс орындарының қол жетімділік сипаттамасы және еңбекақы көрсеткіштерімен.

Республикадағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі өсу қарқынына ие: 2001 жылдағы 89,6%-дан 2010 жылы 94,2%-ға дейін. Сәйкесінше, жұмыссыздық деңгейі екі есеге дейін қысқарды, 2001 жылдағы 10,4%-дан 2010 жылы 5,8%-ға дейін. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2001 жылдағы 19,1%-дан 2010 жылы 5,2%-ға дейін айтарлықтай, яғни 3,5 есеге қысқарды, бұл ретте жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы 14,9-дан 8,9 айға дейін 3,5 есеге қысқарды.

Соңғы он жылда орташа айлық атаулы еңбекақы салалық саралауды сақтай отырып, 4,5 есеге өсті және 2010 жылы 77 611 теңгені құрады. 2010 жылы еңбекақының ең төменгі мөлшері бұрынғыдай ауыл шаруашылығында сақталып, 36 477 теңгені құрады.

 

 

 

 

Жұмыспен қамтылған халықтың неғұрлым әлсіз санаты өз бетімен жұмыспен қамтылған азаматтар болып табылады, олардың жұмыспен қамтылған халықтың санындағы үлесі соңғы он жылдағы (2001 жылдан) 9 пайыздық бірлікке төмендеуіне қарамастан едәуір жоғары болып қалып отыр, 2010 жылы – 33,3%. 2010 жылдағы өз бетімен жұмыспен қамтылған халықтың ең жоғары үлес салмағы елдің оңтүстік аймақтарында, яғни Оңтүстік Қазақстан (19,0%), Алматы (13,5%) және Жамбыл (10,6%) облыстарында байқалуда. Төмен өнімділік және осы жұмыспен қамтылу формасынан табыстар өз бетімен жұмыспен қамтылған халық үшін кедейліктің тәуекелін жоғарылатып, оны зейнеткерлік жүйеден, әлеуметтік қамсыздандырудан және жұмыскерлер құқығынан тыс қалдырады. Ауылдағы өз бетімен жұмыспен қамтылғандар табыстардың негізгі көзі ретінде қосалқы шаруашылыққа ие болып және атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығынан айрылып, кедейліктің жоғары тәуекеліне ұшырайды. 2010 жылы өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың бір пайыздан төмені мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылған.

Кедей болып қалудың жоғары қаупіне ұшырайтын ең әлсіз халықтың санаттары әлі де болса асырауындағы адамдар саны жоғары үй шаруашылықтары болып қалып отыр (құрамында балалар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, студенттер бар). 2010 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халықтың 79,5% 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары құрамында өмір сүрген болатын, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 14,8 пайыздық бірлікке жоғары. Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2010 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 60,9%-ын балалар құрады, 9,3% өз бетімен жұмыспен қамтылғандарға және 9,0% жұмыссыздарға тиесілі.

 

Орытынды

Жүргізілген талдау нәтижесінде соңғы он жылдағы халық табыстары негізгі көрсеткіштерінің саралануы және теңсіздігі жүзеге асырылды, аймақтар және үй шаруашылықтарының тұру орны (қала/ауыл) бөлінісінде кедейлік көрсеткіштері қарастырылды.

Зерттеуді қорытындылай келе, республикадағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі көрінісінде «кедейлік» феномені ауылдық жерлер және елдің кейбір аймақтары үшін әлі де өзекті екенін атап кеткен жөн. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қалалық әрі ауылдық өңірлердегі үй шаруашылықтарының едәуір үлесіндегі табыстар тұтынудың ең төменгі деңгейінен аспайды. Әлі де болса ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу және лайықты еңбекақы, сонымен қатар олардың халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларында қатысу мәселелері өзекті болып отыр.

Әрине, аталған сұрақты егжей-тегжейлі кешенді және жүйелі зерттеу үшін зерттеушілерге Агенттіктің сайтында орналастырылған (http://www.stat.kz/publishing/Pages/UZHN_2011.aspx) үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша қалыптастырылатын тұрмыс деңгейі бойынша едәуір кең түрдегі статистикалық жарияланымдарды қолданған жөн.

 

 

 

6. Ақпарат көздері:

 

1. 2001-2010 жылдардағы «Халықтың табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері» бюллетені, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Астана, 2011 жыл

2. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлемі туралы есеп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана, 2011 жыл

3. 2010 жыл бойынша Қазақстандағы Мыңжылдықтың даму мақсаттары туралы есеп, Астана, 2010 жыл

4. Қазақстан Республикасы Сататистика агенттігінің //www.stat.kz сайты

5. «Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі» жинағы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Астана, 2011 жыл

6. «Қазақстан Республикасындағы еңбекақы» жинағы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Астана, 2011 жыл

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных