Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша-несие саясатының мәні




Экономикалық ғылымда тарихи сахнадан алтын-монеталы ақша жүйесін ығыстырып, қазіргі экономиканы «тотальды монетарлы» экономикаға айналдырған монетаризм атты тұжырым бар. Бұған таңқалуға болмайды: алтынды «табиғи» жабдықтауға, ақшалай материалға қарағанда символикалық ақшалардың пайда болуымен бірде-бір экономикалық процесті «монетарлы жағдайға» келтірмей түсінуге болмайды.

Экономикалық саясат монетаризмге, яғни аралас экономиканың ақшалай портретіне сүйенетін монетарлық экономикалық саясат сияқты белгілі экономикалық тұжырымдамаға сүйенеді.

Экономика кең ауқымды болғанмен, оны «жөндеуге» арналған құралдар саясаткерлерде шектеулі. Сондықтан экономикалық саясатты «миксер» ретінде пайдалануға болады – ол макроэкономикадағы көп рет кішірейтілген эффект («мультипликация») құрайтын неғұрлым әдемі де арзан өзгеру құралын іздеуі керек. Мысалы, фискалды саясат құрлдары салық пен трансферттерге әсер етуші құрал ретінде қолданылады және макроэкономикалық ресурстар мен тауарлар саясатын күшейтеді.

Монетаризм теориясы өзге құралды пайдалана отырып, ақша массасын өзгерту арқылы (монетаризм бойынша «ақшалар» бұл айырбас құралына емес, байлық құралына әкелу) осыған қол жеткізуге тырысады. Егер бұл осылай болса, ендеше ҚР-да жүргізілетін монетарлық саясат нарықтық трансформацияның алдын-ала алмайды, бірақ ол үшін нарықтық реформаны ілеспелі түрде жүзеге асыру керек.

Осылайша, монетаризм бір нарықтық институтты басқаға қарама-қарсы қою арқылы экономикалық өсімді реттеудің жанама принципін жүзеге асырады: яғни ақша массасының көлемін өзгерту арқылы жиынтық инвестициялардың динамикасын реттейді.

Минималды шығындармен жиынтық ЖІӨ-ні максимизациялап, инвестиция көлемінің өсіміне тікелей тәуелді болатын экономика тиімді болып есептеледі. Экономикалық теория мен практика алдында инвестиция ағынының үнемі өсуі үшін не істеу керек деген негізгі мәселе туындайды?

Классикалық экономикалық теория тұрғысынан жауап мынандай: инвестиция – қор жинаушыдан инвесторға қарапайым түрде жылжитын ақша жинақтары болғандықтан уақытында қарызды қайтарып беру және табыс алу мүмкіндігінде инвесторларға қарыз алу тиімді болады. Бұл жағдайда неғұрлым пайыз жоғары болса, соғұрлым қор жинаушыларға пайдалы, ал кредиторға пайдасыз және керісінше пайыз неғұрлым төмен болса, соғұрлым инвесторға пайдалы – қор жинаушыға пайдасыз.

Мұндай жағдайда екі жақтың да пайдаға қол жеткізуінің амалы – пайыз деңгейі, яғни қоғамдық өндіріске қатысушылардың түрлі топтарының қызығушылықтары сәйкес келмейтін «саяси-экономикалық» жағдай туындайды. Классиктер бүкіл қызығушылықтарды қанағаттандыру мүмкін бе деген сұраққа – «иә», тепе-тең пайыз көмегімен қол жеткізуге болады деп жауап берді. Пайыз тепе-теңдігін табудың абстрактілі әдістемесі – бұл егер абсцисса осін мүмкін болатын қор және инвестиция көлемі деп алсақ, онда қор жинаушылар мен инвесторлардың тәртібі графикте сәйкес келетін екі қисық арқылы белгіленеді – оң мәнді қабылданған қор және теріс мән қабылданған инвестиция.

Демек, өспелі қор қисығы пайыз неғұрлым жоғары болса, соғұрлым инвесторға қарыз бергісі келетіндер көп болатынын көрсетеді. Және керісінше, кемімелі инвестиция қисығы инвесторға пайдасыз болады. Тепе-теңдік нүктесі кредиторлар мен борышкерлер арасындағы пайыздың деңгейін көрсетеді.

Монетаризм инвесторлардың классикалық тұжырымына қарағанда күрделірек, себебі ол нарықтық экономиканың объективті шарттарынан, яғни екі түрлі қор формаларының бәсекесінен – ақшалай (қолда бар – купюрлік) және ақшалай (өтімді-активті) туындап отыр. Әр формадағы үнемі өзгеруші тиімділік қор жинаушыларды қарызға беру тиімді ме, әлде жоқ па деген сұрақтарға ойлануға әкеледі. Осылайша, монетаризм ақша массасы көлемінің өзгеріс механизмі арқылы жиынтық инвестицялар динамикасын реттейді. Бұл инвестиция көлемі мен ақша қорының көлемі кері тәуелді екендігін білдіреді.

Сонымен монетаризм түсінігі:

1. «Жинақтау» инвестициялау болып қана табылмайды, сондай – ақ ақшалай табыс бөлігін сақтау да – инвестициялауға тең келетін және онымен бәсекелестікке түсетін жинақтау болып табылады;

2. Қор жинаушының мақсаты – «классиктер» ұсынғандай ақшалай табыс бөлігін инвесторға міндетті түрде беру болып табылмайды. Бірақ нақтысына келсек, жинақтаушы инвесторға ақша беру ме, әлде «жинақтаушы» роліне өзі түсуі тиімді ме деген мәселелерді өзі таңдайды.

3. Нәтижесінде барлық инвестициялаулар қор жинаушы мен инвесторлар арасындағы қатынастар саласынан тікелей ақшалай жинақтау немесе жанама ақшалай емес жинақтауды өзі таңдайтын жинақтаушы іс-әрекеті саласына ауысады. Осыдан қорытынды шығарсақ, қолда бар қаржы формасындағы қор инвестициялық формадағы бағалы қағаздар түріндегі қорға қарағанда тиімсіз болып табылады.

Бұл классиктерді, кейнсиандықтарды және монетаристерді біріктіретін ортақ пікірдің туындауына әкелді. Ол:

- Инвестициялар көлемі мен ЖҰӨ шамасы тәуелді болатын пайыз деңгейі. Бірақ бұл пікірлерді біріктіретін тұжырым пайыз деңгейін реттеудің тиімді құралын таңдау жайлы сөз қозғалғанда оларды қайта бөледі – классиктер мұндай құралға нарықтың өзін-өзі бөлу механизмін жатқызады;

- Кейнсиандықтар – фискалды мультипликатор десе, монетаристер оны ақша массасын өзгерту дейді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных