Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП 3. ҮКІМЕТТІК ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕХАНИЗМІ




1. Үкіметтік шешімдерді қабылдау процесі.

2. Мемлекет және бюрократиялық нарық.

3. Лоббизм және әкімшілік рента.

 

Кіметтік шешімдерді қабылдау

Процесі

 

Әлеуметтік мағынада мемлекеттік реттеу - бұл саяси құрылымдардын ұлттық шаруашылық субъектілеріне ықпал етуі. Бірақ бұл жерде ұлттық менталитет пен әдет - ғұрыптарды, үкімет әрекеттеріне сенімділікті қамтитын әлеуметтік – психологиялық факторлар қарастырылады.

Саяси шешімдер мен оларды жүзеге асыру арасында, әлеуметтік - экономикалық фактор түріндегі байланыстырушы буын бар, яғни саясат пен экономика арасындағы тәуелділік тікелей болып табылмайды.

Саяси лагтар мәселесі көп қырлы. Ол «анықтау лагын, қауіптіліктің туындау белгілері мен (дағдарыс, т.б.) оларды саяси органдардың анықтауы арасындағы; шешімді анықтау және қабылдау арасындағы;шешім мен іс-әрекет арасындағы уақыт аралығын қамтиды.Одан кейін екінші акт басталады – оларға әлеуметтік ортаның бейімделуі, қоғамдық келісім дәрежесі жатады.

Кейде лагтың ұзақ болғаны соншалық, тіпті соңғы нәтиже бастапқыға қарама-қайшы келеді. Мысалы, лагтар АҚШ-ғы Кеннеди үкіметінің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін төмендетті. Мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың сызбасын құрайық (1 сызба).

Сайлаушылар кандидаттар бағдарламаларымен танысып, дауыс беру арқылы өз қалауларын білдіреді.

Заң билігін атқарушы үкімет, билікті атқарушылар билік үшін әрекеттер диапазонын анықтайды, ал шенеуніктер өз мандаты шегінде қандай- да бір акцияларды жүзеге асырады. Олар мемлекеттің салық салуын, оны пайдалануын басқарады. Сайлаушы нақты басқарушылық процестерге қатыстырылмайды, бірақ мүдделерді қорғаушы топтар жақ арқылы ықпал ете алады.

Жалпы сызба: сайлаушылар - заң шығарушылар – атқарушылар; дамушы ел немесе мемлекеттерде өткенмен азаматтық қоғам бастамаларын және нарықтық бостандықты біріктіретін саяси феномендер туындайды. Жалпымен қабылданған үшбұрыш ішінде құрылымдар қалыптасады (1 сызба).

Саяси құрылымдар арасында қаржы элитасының одақтастары үшін, оларға ықпал ету мақсатында жасырын немесе ашық күрес жүргізілді, БАҚ-тар, жарнамалар агенттіктер арқылы; шенеуніктердің кейіннен саясатқа қайта оралу мүмкіндігімен, қаржы-экономикалық құрылымдағы жауапты орындарға отырғызу тәжірибесі кең таралған.

 

 

Сызба


 

2. Мемлекет және бюрократиялық нарық

 

Француз тілінен шыққан «бюрократия» термині «кеңсе үстемдігі» дегенді білдіреді. Бюрократия – бұл қоғамдық өмірді ұйымдастыру бойынша нақты функциялардан шеттелінген мемлекеттің аппарат бөлігі. Бұл кез келген қоғамда мемлекет үлесіне тиетін міндеттерді орындаудан тәуелсіз түрде өз үстемдігін қолдауға бағытталған мемлекет аппараты ішіндегі басқарушы каста. Бюрократизм тамырлары – бұл қоғамның әлеуметтік құрылымынан, үстемдік ететін әлеуметтік–экономикалық және саяси қатынастардың мәнді сипаттамаларынан туындайтын себептер. Кестеде бюрократия себептері келтірілген (2 кесте).

Кесте

 

Басқарушы аппараттағы бюрократизмнің себептері

 

Себеп түрлері     Себептердің нақтылануы
Ұйымдастырушылық   Шаруашылық органдардың алмасуы, көптеген құжаттар көмегімен басқару процесін жүзеге асыру. Тәжірибелік іс- әрекетте шаруашылық басқару формалары мен әдістерін пайдалану. Процестерге деген қызығушылық.
Әлеуметтік Аппарат жұмысында демократиялық формалар мен әдістердің, жариялықтың, жұмыскерлерді бағалау жүйесінің дамымауы. Догматизм, басшылардың кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі. Олардың еңбек ұжымынан алыста болуы.
Құқықтық Шаруашылық органдары мен оның жетекшілері арасындағы өзара қатынастарды анықтайтын құқықтық негіздің болмауы.
Ақпараттық Ақпаратты жинақтау, өндеу,сақтау, оларды дамыту үшін қазіргі таңдағы техникалық негіздің болмауы.

 

Социолог Р. Мертонның пікірінше, бюрократиялық құрылымдардан туындайтын қиындықтар қызметкерлердің өз міндеттерін орындауын, осы ұйымның басқа бөлімшелерінің сұрауларын орындауды, сондай- ақ клиенттер мен қоғам мүшелерінің өзара әрекеттесуін қамтамассыз ететін стандартталған ережелер, процедуралар мен нормалардың маңыздылығын арттырумен байланысты. Егер бюрократиялық ұйым қызметкерлерімен іс- әрекеттерінің бірдей еместігін көрсетсе, онда олар клиенттер арасындағы өзара қатынасты құртуға әкелетін сәйкес ереже немесе нұсқамаға сілтеме жасайды.

 

Нарықтық қатынастарға өту кезеңі барысында бюрократиялық жүйе жойылып кеткен жоқ, және оның элементтері әлі де бар.

Бюрократияны мүлдем жойып жіберу мүмкін емес. Бюрократизмді жеңілдетудің құралдарын ұсынып, оны нақты жағдайда минимумға жеткізу моделін қарастырып көрейік.

Бюрократизмді жеңу үшін келесідей жағдайлар қажет:

- орталықтану мен орталықсыздану арасындағы өзгеріс;

- жаңа технологияларға көшу және басқарудың жаңа техникалық құралдарын пайдалану;

- басқару жүйелерінің рационалдандыру;

- басқарушы кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

- шаруашылық және қоғамдық салалар мен жұмыстың формаларын, әдістерін өзгерту;

Бюрократизмді басқару функциясын орындауға қатысты аппарат меншігі ретінде төмендегі шаралар арқылы оны жеңуге болады:

- экономикадағы меншік формаларының әртүрлілігі;

- экономикалық қатынастардың дамуы;

- құқықтық экономиканы құру;

- түрлі деңгейлердегі басқару аппаратын қысқарту.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных