Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Макроэкономикалық бағдарламалау




 

Макроэкономикалық бағдарламалау (саясат) - экономика жағдайындағы алға қойған мақсаттарға жету құралдарының жиынтығы. Ол экономикалық дамуға бағытталған болуы мүмкін, бір жағынан пайда болған шешімдерді жөндеу үшін бағытталған болуы мүмкін

Макроэкономикалық бағдарламалар келесідей түрде жіктеледі:

1. ағымды бағдарлама елдің макроэкономикалық дамуын орта мерзімді жоспарлау немесе болжау бағдарламасы;

2. тұрақты бағдарлама –1-1,5 жылға - баланстарды жөндеуге бағытталған экономиканың терең құрылымының мәселесімен байланысты жоқ бағдарлама;

3. ұзақ мерзімді бағдарлама –3-4 жыл мерзіміне құрылымдық өзгерту, демонополизациясыз, жекешелендірусіз және экономиканың реттеу механизіміне өзгеріс енгізусіз, экономикадағы құрылымдық баланстарды жөндеуге бағытталған бағдарлама.

Мінездемесі жағынан олар активті және пассивті болып келеді. Активті бағдарлама бүгінгі және өзекті мәселелерді шешеді. Пасситі бағдарламалар - ірі экономикалық дамуды бар тұрақты коньюктуралды елдерде қолданылады. Активті және пассивті бағдарламаны іске асыру тәжірибесінде үкімет өзекті мәселеге жедел шараны талап етумен бетпе-бет келеді. Осыдан макроэкономикалық бағдарламалар негізінде ағымдағы және өткен жылдарға талдау жасай отырып, болжамдау арқылы ағымдағы және бірнеше жылға арналған алдын ала дамуды қарастырады.

Болжам деп ағымды және тарихи ақпараттар негізіндегі болашақ экономикалық тенденцияларды болжамдаудан және есептеуден тұратын макроэкономикалық болжамдаудың құрамдық бөлігін айтады.

Макроэкономикалық бағдарламалар өзіне келесідей элементтерді қосады:

- мақсаттар – іске асыруға дейін анық айқындалған болу керек;

- уақытша шектеулер – бағдарламаның ұзақтығын дұрыс айқындау;

- стратегияны анықтау, яғни сұраныс пен ұсынысты бақылағанда қандай шараларды пайдалану негізіндегі теория;

- құралдар немесе мемлекет басқаратын экономикалық тұтқалар жиынтығы;

- кезектесу, яғни жағдайларды тұрақтандыру үшін тек құралдар көмегі ғана емес, сонымен қатар кезектілікті де қолдануға болады;

- бағдарламаны қолданғаны үшін бақылауды үкімет, парламент, президенттік құрылымдар іске асырады, халықаралық құлалдарды енгізу арқылы халықаралық қаржы ұйымдарына бақылау жасайды.

Макроэкономикалық өзгеріс (корректировка) – анықталған экономикалық саясатты жүзеге асыруға мақсатты бағытталған ашық экономиканың іскерлік заңы негізіндегі, ішкі және сыртқы жағдай мен өзгеретін, экономикаға икемделген процесс.

Өзін - өзі тексеруге және қайталауға арналған тестілік сұрақтар:

1. Экономикалық саясат – бұл:

а) экономиканы мемлекеттік реттеу;

б) экономикалық жүйені үкіметпен өңделген бағдарлама бойынша бір динамикалық жағдайдан екіншісіне ауыстыру;

в) экономикалыө жүйе;

г) экономикалық стартегия;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

2. Позитивтік экономика:

а) нақты фактілері бар және субъективтік бағалаушы пайымдаулардан ерікті;

б) қандай да бір экономикалық құбылыстың қандай болуына қатысты біреудің бағалаушы пайымдауларын сипаттайды;

в) экономикалық реформа;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

3. Экономикалық стратегия – бұл:

а) ірі ауқымды шешімдер мен көзделген іс - әрекет бағыттарының жүйесі;

б) экономикалық – саяси іс - әрекет тәсілдері мен формаларының жиынтығы;

в) өзекті экономика – саяси мазмұнға ие мәселелер бойынша қоғамның санасы;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

4. Экономикалық саясаттың объектісіне мыналар жатады:

а) экономикалық жүйе;

б) әлеуметтік – экономикалық ақпаратты талдау мен жүйелеу тәселдері;

в) экономиканы мемлекеттік реттеу;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

5. Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына жатпайды:

а) мемлекеттік реттеудің ғылыми қамтамасыз етілуі;

б) күнделікті басқару;

в) нарықтық өзін - өзі реттеу тәсілдерімен үйлесімділікте қолданылатын мемлекеттік реттеу әдістерін өңдеу, қолдану және түзету;

г) кадрларды іріктеу;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных