Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Макроэкономикалық тұрақтылық және ҚР – ғы экономикалық өсу жағдайларының жолдары




Тұрақтандыру саясаты – бұл үкіметтің, жалпы ұлттық өнім көлемін, оның потенциалды деңгейіне жақындату мақсатында және осы арқылы инфляцияның қалыпты деңгейін ұстап тұрып, жұмысбастылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында қаржы ағындары мен ақша айналысын реттеуді пайдаланады. Тұрақтандыру саясаты – экономиканың тұрақты жағдайына сәйкес келетін фискалдық саясатының неғұрлым нақты формасы. Ол, бір жағынан, тұрақсыз дағдарыстық жағдайға көшуді жоюға, екінші жағынан, макроэкономикалық көрсеткіштерді оңтайлы жағдайға келтіре отырып, қалыптасқан экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Қайта құрудың, экономиканың трансформациялануы мен тұрақтануының әлемдік теориясы мен тәжірибесі қайта құрудың және әлеуметтік - экономикалық тұрақты өсімнің барлық кезеңдеріне мемлекеттің араласуының қажет екендігін дәлелдеді.

Нарықтық экономикада макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді тікелей және жанама әдістердің көмегімен жүзеге асырады.

Қазір және болашақта әлеуметтік - тұрақты экономикалық даму мәселелерін шешу, негізінен, мемлекет пен жеке меншіктің өзара іс-қимылына, шаруашылық ету формаларына, өнеркәсіптік және аграрлық секторды қалпына келтіру мен дамыту үшін қажетті ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуды мемлекеттік бақылауға тәуелді болады.Мемлекеттік реттеудің объектілері - экономиканың тұрақтылық саясаты немесе антициклдық саясат, ақша айналысын, инфляцияны бақылау, яғни халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсекелестік жағдайын бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды шешу үшін мемлекеттік экономикалық бағдарламалар жасау мен жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

Сонымен қатар, кәдімгі және төтенше бағдарламалардың себептері.Кәдімгі бағдарламаларға, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру, төтенше бағдарламаларға Жапонияда «Автокөлік жолдарын салу бойынша төтенше шаралар туралы» заңның қабылдануын жатқызуға болады. Жапонияда мемлекеттің 10 институты нарықты дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды.

Қазіргі жағдайларда ақша айналысы мемлекеттің кез келген реттеуші шараларының негізі болып саналады. Тұрақты экономика үшін ақша айналысы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл макроэкономикалық деңгейдегі мемлекеттің маңызды реттеуші функциясы болып табылады.

Эконмиканың және экономикалық өсімнің тұрақтылығына жету үшін мемлекет сондай-ақ жеке секторларға күш салуы керек. Мемлекет жеке инвестициялардың ұлттық экономикадағы макроэкономикалық процестердің даму, айналыс саласына енуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі керек.

Осы мақсатта 1991 жылдың басында Қазақстан Республикасында «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданып, «Салықтар туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының экономикасындағы негізгі стратегиялық мақсаттар 1992 жылғы бағдарламалық құжатта тұжырымдалған: Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы». Ол экономика саласындағы стратегияны 3 кезең арқылы нарықтық жүйеге өтуін жалғастырудан тұрады:

- бірінші кезең макроэкономикалық тұрақтылықтың 2 негізгі процестері 1992 - 1995 жылдарды қамтиды: меншікті мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру және тұтыну,тауар нарығын толтыру;

- екінші кезең (1996 – 2005 ж.ж) экономиканың шикізаттық бағытталушылығын біртіндеп өзгертуді жалғаастыру, көлік түрлері мен телекоммуникацияның жылдам дамуы, сондай-ақ дамыған тауарлар және валюталық нарықтар, капитал нарығы, жұмыс күші, құнды қағаздар, интеллектуалдық меншік нарықтарын құру мәселесі;

- үшінші кезең (2006 – 2012 ж.ж) ашық үлгідегі экономика дамуының жылдам қарқынымен, осы негізде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсаттарына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы жағдайын нығайту және әлемнің индустриалды елдер қатарына енумен сипатталатын болады.

1997 жылғы Қазақстан Президентінің «Қазақстан - 2030» жолдауының өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары шығарылып, 2030 жылға дейін жүзеге асырылуға тиісті ұзақ мерзімді 7 басымдық мақсаттар мен түзетуші мерзімдер көзделіп, тежеуші факторлар анықталған болатын.

Қойылған мақсаттар 3 кезеңде: 1998 – 2000 ж.ж., 2001 - 2010 ж.ж. және 2011- 2030 ж.ж жүзеге асырылуы керек.

«Қазақстан - 2030» - ұзақ мерзімді бағдарламасында Президент Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің әлеуметтік нарықтың экономиканы құрып жатқанымыз жайлы тағы да атап өтті. Қабылданатын заңдар мен әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерін шешу біздің стратегиямыздың шегінен шықпауы керек.

«Қазақстан - 2030» - стратегиялық бағдарламасының бірінші кезеңінде (1998 – 2000 ж.ж) көзделген мақсаттардың жүзеге асырылуының нәтижелерін шығара отырып, ҚР- ның Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика үкіметімен кездесуінде осы бағдарлама әрбір жетекшінің басты қолданатын кітабына айналуы керектігін атап өтті.

Президент ұзақ мерзімді сратегиямен айқындалған реформалардың бірінші кезеңінің аяқталғаны жайлы айтып өтіп, ҚР – ның ХХІ ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық саясатының 5 басты бағыттарын атады: әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпкерлік іс-әрекетті әрі қарай дамыту; басқару тиімділігін арттыру; өндірістік секторларды несиелеу; экономиканың шикізаттық бағдарлануын өзгерту; аймақтық диспропорцияларды жою.

Әлеуметтік жағдайды жақсарту халықтың жұмысбастылық мәселесі сияқты басты мәселелердің бірі болып табылады. Жұмысбастылық мәселесін шешуде шағын және орта кәсіпкерлік ерекше орын алады.

Аталмыш бағдарламада шағын және орта бизнестің әрі қарай дамытылуы қарастырылады. Бұл бизнестің дамуындағы үлкен тәжірибе Балтық елдерінде жинақталған. Осы елдерде бюджет табысының жартысынан көбін шағын және орта бизнес есебінен алады.

Экономикамыздың шикізаттық бағытталушылығын өзгертуі ҚР-ның экономикалық саясатының басымдығы болып қала береді. Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты – бұл аймақтар дамуындағы және әсіресе, оңтүстік және солтүстік аймақтар дамуындағы диспропорцияларды жою. Негізгі диспропорциялар халықты кірісі мен қайыршылық деңгейі бойынша бөлуден байқалады. Осындай диспропорциялардың зардаптары халықтың, елде, неғұрлым қолайлы аймақтарында орын тебуінен байқалады.

Ең алдымен өнеркәсіптің және ауылшаруашылықтың іске қосылмаған жұмыс орындарын құруды қарастыратын көші – қон саясатын айқындау алға қойған мақсаттың бірі болып табылады.

Осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет пен оны әрі қарай дамыту, оны қорғау мәселесі тағы бір маңызды мәселелер қатарына жатқызылады.Өйткені мұнда халықтың жұмыспен қамтылу мәселелері, халық кірісі, нарық конъюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекелестікті жоғары деңгейде дамыту сияқты мәселелердің бастаулары қиылысады.

 


Өзін - өзі тексеруге және қайталауға арналған тестілік сұрақтар:

1. Макроэкономика – бұл:

а) адам, жанұя джәне кәсіпорын деңгейінде экономикалық даму қарқыны мен заңдылықтарын талдайтын экономикалық теорияның бөлігі;

б) ресурстардың және өндіріс факторларының шектеулілігі жағдайында адамдардың іс - әрекеттерін талдайтын ғылым;

в)мемлекет деңгейінде экономикалық дамудың заңдылықтары мен қарқынын талдайтын экономикалық теорияның бөлігі;

г) экономикалық ойдың қалыптасу негіздерін талдайтын ғылым;

д) бізді экономикалық заңдармен және категориялармен таныстыратын экономикалық теорияның бөлігі.

2. Нормативті макроэкономикалық талдау барысында мыналар жүзеге асырылады:

а) экономикалық субъект іс - әрекеті моделін теориялық негіздеу;

б) экономикалық субъект іс - әрекетінің макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне ықпал ету нәтижелерін талдау;

в) макроэкономикалық саясат құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстарды өңдеу;

г) теориялық ғылыми болжамдар дұрыстығын эмпирикалық тексеру;

д) шынайылықтан ғылыми абстракциялау.

3. Макроэкономика құралдарына жатпайды:

а) бюджет – салық саясаты;

б) ақша саясаты,

в) сыртқы сауда саясаты;

г) кадрлық саясат;

д) несиелік саясат.

4. Аталған элементтердің қайсысы макроэкономика құралдарының негізгі элементтеріне жатпайды:

а) индукция мен дедукция әдісі;

б) экономика – математикалық үлгілеу;

в) формалды логика;

г) абстракциялау әдісі;

д) қамшы мен тоқаш әдісі.

5. Макроэкономика қандай сұрақтарды талдаумен айналысады:

а) тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу;

б) экономиканың нақты және ақшалай секторларының өзара әрекет етуі;

в) инфляция мен жұмыссыздық себептерін талдау;

г) ресурстарды тиімді орналастыру;






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных