Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сыртқы сауданы тарифтік реттеу




Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жүйеленген жиыны. Кедендік тариф түсінігі көбінесе кедендік баж түсінігімен сәйкес келеді.

Кедендік баж – экспорт пен импорт барысында алынатын және импорт немесе экспорттың шарты болып табылатын міндетті жарна.

Кедендік баждар түрлі белгілер бойынша жіктеледі.

Салық салу объектісі бойынша:

- импорттық – бұл елдің ішкі нарығында еркін айналысқа түсе алатын импортты тауарларға салынатын баждар;

- экспорттық – бұл экспортты тауарларға салынатын баждар. Олар әлемдік нарықта тауарларды қымбаттатындықтан аса сирек қолданылады;

- транзиттік – бұл аталмыш ел территриясы арқылы транзитпен өткізілетін тауарларға салынады.

Сипаты бойынша:

- маусымдық – маусымдық сипаттағы өнімді шұғыл реттеу үшін қолданылатын баждар;

- антидемпингтік – бұл елге неғұрлым төмен бағамен тауар енгізгенде салынатын баждар;

- компенсациялық – бұл қандай да бір тауарларды өндіру барысында тікелей немесе жанама субсидиялар қолданылғанда салынады.

Пайда болуы бойынша:

- автономды – елдің мемлекеттік билік органдарының біржақты шешімдері негізінде енгізілетін баждар;

- конвенциялық (шарттық) - ГАТТ сияқты екі жақты немесе көп жақты келісімдер негізінде орналытаны баждар;

- преференциалды - әдетте әрекет етуші кедендік тарифпен салыстырғанда неғұрлым төмен ставкаларға ие баждар.

Алу тәсілі бойынша тарифтердің үш түрін атап өтуге болады:

- спецификалық;

- адвалорлы;

- комбинацияланған.

Спецификалық – тауардың салмағынан, көлемінен есептеледі, мысалы, астықтың әрбір центнеріне шаққанда 1 доллар көлемінде.

Адвалорлы – тауар бағасына қатысты пайызбен есептеледі.

Комбинацияланған - жоғарыда аталған кедендік тарифтің екі түрін қамтиды.

Ставка типтері бойынша:

- тұрақты;

- ауыспалы.

Есептеу тәсілі бойынша:

- номиналды – кедендік тарифте көрсетілген тарифтік ставкалар;

- тиімді – соңғы тауарларға есептелген кедендік баждардың нақты деңгейі.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных