Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.




Нарықтық қатынастар жүйесiне ену отандық салық салу жүйесiн құру қажеттiлiгiн туғызды. Механикалық елiктеу мен нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердiң, сонымен қатар экономикасы транзиттi мемлекеттiң салық жүйесiн Қазақстан экономикасына көшiру қайта құрылған басқару жүйесi мен қадағалау құралдарының көрiнiсi ғана болатын едi. Сонымен қатар қайта құрудың қысқа мерзiмдерi басқа мемлекеттiң салық салу жүйесiн құру мен жұмыс атқару тәжiрибесiн максималды есептеудi қажет етедi.

Дүниежүзiлiк тәжiрбиеде бөлу қатынастарының эволюция процесiнде салық салу жүйесiнiң үш моделiн бөлiп көрсетуге болады. Оларға:

ü Салық салу объектiсi ретiнде көбiнесе табыстарды қарастыратын модель;

ü Салық салу объектiсi ретiнде көбiнесе шығыстарды қарастыратын модель;

ü Салық салу объектiсi ретiнде көбiнесе табыстарды және шығыстарды қарастыратын модель;

Табыстар мен шығыстардың қатынасы салық функциялары арасындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етедi.

Бұл модельдер салық салу жүйелерiнiң эволюциясын көрсетедi. Салық жүйесiнiң даму динамикасы экономикасы тоқырау, салық базасы тар мемлекеттерде салық салу ретiнде көбiнесе шығындар қолданылады, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде - табыстар. Кәсiпкерлiктен түскен табыстарға немесе халық табыстарына тiкелей салық салынады. Жанама салықтар шығыстар мен тұтынуға салынады. Үшiншi модель экономиканың тұрақты даму теориясына әлдеқайда сай келедi. Салық салу жүйесiне қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға сай уақытылы енгiзiлген түзетулер жанама және тiкелей салықтар арасындағы тепе-теңдiктi максималды орнату арқылы экономиканың тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз етедi. Бұл мемлекеттiк бюджеттi қалыптастыру процесiнде салық төлеушiлер мен мемлекет мүдделерiнiң қосылуына әкелдi. Салық базасының қысқаруына және нақты салық формаларының оңтайлық мүмкiндiгiнiң қысқаруына әкелiп соғатын экономикалық дағдарыс кезiнде мүдделердiң сәйкестiгiне жету өте қиын.

Жанама салықтардың құрамында ең маңыздысы ҚҚС болып табылады.

Салықты француз экономисты Лоре шығарған. Лоре ҚҚС-н 1949 ж. ұсынған, бiрақ Франция үкiметi бұл салықтың экономиқалық мазмұнын талдап, гипертрофиялық экономика, өндiрiстiң құлдырауы мен тауарлы аштыкден мiнездемеленген сол тарихи кезеңде оны енгiзудiң маңызы жоқ деп шештi. Бiрнеше жылдар өткен соң ғана (1954 ж.) мемлекеттегi экономикалық жағдайы жақсарғаннан кейiн ҚҚС қайта қарастырылып енгiзiлдi. Лоре сол кезеңде мемлекетте айналымнан алынатын салықты ауыстыра алатын ҚҚС-ң әсерiнiң үлгiсiн көрсеттi. Мұндай қажеттiлiк айналым салығына сай (касқадты эффект) қарқынды әсерiн жою мақсатымен туындады. 1968 21 Францияда ҚҚС-ын толық енгiзу жүргiзiлдi. Бұған дейiн салық таза күйiнде ешбiр мемлекетте қолданылған жоқ. Бiрақ, 1968 ж. бастап салықтың тартылуы интенсивтi қарқын алды. Оған әсер еткен 1967 ж. сәуiрiнде Европалық Одаққа (ЕЭС) кiретiн мемлекеттерде ҚҚС-ын жанама салықтың негiзi түрiнде енгiзудi қабылдаған бiрiншi және үшiншi Еуропалық Одақ Директивасы болды және енгiзу мерзiмi анықталды (1972 жылға дейiн). Болашақта қауымдастыққа кiруге мүдделерi бар мемлекеттерге ҚҚС жүйесiнiң жұмыс iстеуi мiндеттi болды. ҚҚС-ын қолдану нұсқаулары төртiншi Директивамен анықталды.

Салық базасын кеңейту мен өз бюджеттерiн толтыру мақсатында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерi ҚҚС-на сәйкес салық базаларының мөлшерлерi келiсiлдi. ҚҚС-нан 1%-мөлшерiндегi жылдық аударымдар арқылы толтырылатын ортақ қаражат қорын құрды. Орташа алғанда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерiнiң бұл салықтан түсетiн табыс бөлiгi ортақ салық түсiмдерi де 15-17% немесе ЖЮ-ң 7%-ын құрайды. ҚҚС мемлекеттiң фискалды саясатын жүзеге асыру барысында қолданылады.

Қосымша құн салық салуы - жанама салықтың маңызды формасы. Көп жағдайларда ҚҚС-ын Батыс Еуропалық интеграция процесiнiң дамуы мен орнатылуында алатын ролiне көңiл бөлiп Европалық Одақ мемлекеттерiнде ҚҚС-ғы Европалық Одақ бюджетiн базасының табыс көзi болып табылады. Бұл мемлекеттерде салық мөлшерлемелерi 5% тен 33% ке дейiн ауытқуда. Айналыс ҚҚС қайта құру негiзiнде Францияда енгiзiлген ҚҚС-ғы басқа мемлекеттерде өндiрiс салығы ретiнде қолданыла бастады. ҚҚС фискалды саясатты iске асыруда қолдануына қарамастан, оған нақты ынталандыру функциялары да тән. Европа мемлекеттерiнде негiзгi капиталға инвестицияланған қаражаттар босатылады. Банктер, қаржы мекемелерi, бiлiм беру мекемелерi, дәрiгерлер мен қорғаушылар, тұрғын үйлердi зайымға беру салықтан босатылады. ҚҚС «нейтралды» салық болып табылады. Көптеген сырт мемлекеттердiң үкiметтерi бюджет дефицитын жабу ең алдымен ҚҚС-нан түсетiн түсiмдердiң көлемiн ұлғайту арқылы жүргiзедi. Себебi бұрын табыстарға пргрессивтi түрде салық салу қорлану процесi мен қызмет белсендiлiгiне негативтi түрде әсер еттi.

Еуропалық Одақ мемлекеттерiнiң салық жүйесiн өзгертудiң негiзгi уәждеуi (мотивация):

ü ҚҚС жаңа техника арқылы салық операцияларын құжат айналым жүйесiнiң реттелуiн дәл және тез жүргiзуге мүмкiндiк бередi (компьютерлiк техникалық жарақтарсыз ҚҚС жүйесiн қолдану мүмкiн емес);

ü Ортақ нарыққа мемлекеттердiң кiруiне ҚҚС-ын енгiзу мiндеттi;

ü Тауарлар мен қызметтердiң бiр түрiне салықтардың жеңiлдiк жағдайын жасау мақсатында ҚҚС бөлшеқ сауда сатуларынан салық пен салыстырғанда әлдеқайда тиiмдi;

ü ҚҚС бюджеттiк түсiмдердi әлдеқайда көтередi;

ü Сонымен қатар, осы факторлардың iшiнде саяси аргумент болып - ортақ нарыққа кiру шарты табылады. Дәл осы аргумент еуропалық мемлекеттер арасында осы салықтың қең тарауына түрткi болды. Қазiргi кезде Еуропалық Одақ мүшелерiнiң барлығы қөрсетiлген салықты енгiздi.

ü Мемлекеттердiң ҚҚС-на көшу макроэкономикалық тұрғыдағы ортақ нарық реформа кезiнде iске асырылды. Көшу процесiнiң өзi мыналарды қажет етедi:

ü Салық жүйесiнiң есебiнiң тиiмдiлiгi;

ü Жанама салық жүйесiнiң түбегейлi талдауы (салықтың бiр түрлерiнiң сақталуы);

ü Шетел мемлекеттерiнде жұмыс iстеу стажы бар кәсiби мамандарды дайындау;

ü Жаңа жүйеге көшу мерзiмiн анықтау (2-5 ж. арасында);

ü Ә р сату операцияларына счет-фактура толтыру мiндеттiлiгi;

ü Ақпараттар мен құжаттарды өңдеудi автоматтандыру;

ü ҚҚС-ын есептеудi банк функциясына тiркеу;

ü Кеден есебiн компьютеризациялау (себебi экспорт тауарлары ҚҚС-нан босатылады, ал импорт тауарларына салынады);

ҚҚС-ын талдау еуропалық мемлекеттердiң және басқа мемлекеттердiң көбiнде жанама салық салудың қең тарағанын көрсеттi. Осы салықтың артықшылығы туралы сұрақ бiртектi болып табылмайды. Қосымша құн салығына өту базасы болып табылатын жақсы дамыған жанама салық салу жүйесi барлық елдерде бiрдей емес. Бұл салық түрiне көшу, өз есебiнен шешiмнiң әбден қабылдандығын және үлкен дайындықтан өтудi қажет етедi. Мысал ретiнде АҚШ-мемлекетiн алсақ болады. Бұл шешiмдi қабылдау үшiн, олар 2 жыл бойы конгрессте дайындық жүргiздi. Соңғы нәтиже шығарғанда, барлық кемшiлiктер мен артықшылықтарды салмақтағанда, АҚШ-қа бұл салық түрiнiң тиiмсiздiгiн көрдi. Бұндай шешiмге Жапонияда келдi.

ҚҚС-ң рөлi мен орны бiрқалыпты емес: тәжiрибелер жүргiзушiлердiң ойынша, бұл салық түрi мемлекттiк бюджеттiң тапшылығының басым бөлiгiн толтырады деп есептейдi, ал аналитиктер ойы бұл салықтың тiптi жоғары фискалдығын, салық базасының дайындығының жоқтың қасы және пайыздық мөлшердiң тiптi жоғарғы қарқындылығын көздейдi. ҚҚС Қазақстан экономикасында өтпелi кезiнде тiптi тәуекелiнiң жоғары болуын көздейдi, өйткенi ол оның салық жүйесiндегi кемшiлiктерi мен ҚҚС-ң есептеудегi техниканың жетiспеушiлiгiн қамтиды. Қосымша құн салығы тауарға деген сұранымды реттеп отырады. Бұл модель батыс экономикалық жүйелерiнде үлкен роль атқарады. Бұл салық түрi дүние жүзiнiң 60 мемлекеттерiнде салық жүйесiнiң құрама элементi болып табылады.

Қазақстан Республикасында ҚҚС-ғы 1992 жылы қаңтарында енгiзiлдi. Советтiк қоғам кезiнде жүрiп жатқан процестерге бұл салық түрiнiң енгiзiлуi, артынан iз қалдырады. Нақ осы кезде Қазақстан егемендiгi туралы статус алған едi. Қаржы-Несие Кеңес үкiметiнен мұра болып қалған қаржы несие жүйесi нарықтық даму жолына түскен жас мемлекеттiң талабына сай келмедi, себебi ол әкiмшiлiк бұйрыққа негiзделген болатын. Сондықтан ең бiрiншi заңдық актiлердiң, Республиканың жоғары кеңесiмен қабылданған «Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы» және «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы» заңдарымен, қаржы жүйесi реформалары қоймай, сонымен қатар дүниежүзiлiк тәжiрибеде прогрессивтi тенденцияларға қарсы сәйкес жаңа салық жүйесi қалыптасты. Жанама салықтың механизмiн зерттеуде көп мүшелерде Қазақстанның жанама салығының дамуын, әсiресе қосылған құн салығына көңiл бөлудi қажет етедi. Өйткенi бұл Қазақстан экономистердiң қосылған құн салығына көз қарастары емес. Кей экономистер ҚҚС-н бағаның өсуi мен «құнның натуралдық түсiндiрмесiне» сүйенедi. Сонымен қатар 1996-1997 ж.ж. салықтың айналымынан қайтаруы және салық кодексiнiң түзетулердi көздедi. Қазақстан Республикасында ҚҚС-тың жақтаушылары да, қарсылығын бiлдiрушiлер де болды. Қарсылығын бiлдiрушiлер ойынша, ҚҚС-н енгiзу төлемақының сұранысына байланысты төлемдерге тура келдi, бұл «экономиканың қызуын» тоқтату үшiн қолданылады, өйткенi «экономианың қызуын» өндiрiстiң құлдырауына әкеп соғады. Кей жағдайда олар батыс дамыған елдердiң тәжiрибиесiнде сүйенедi, олардың ойынша ҚҚС экономиканың басым бөлiгi болып табылмайды және үлестiк мөлшер 20%-ке жетпейдi.

Қазақстанда қосымша құн салығын енгiзу ұсынымының қысқаруына әкеп соқты және өз есебiнен өнеркәсiптiң құлауы бiрiншiден, келешекте ұсыныс бағасының жоғармалауына әкеледi, екiшiден сұранымның төмендеуiне және сатып алу қабiлетiнiң төмендеуiне әкеледi. Нәтижесiнде өндiрiстiк және ауылшаруашылық кәсiпорындар өзiн-өзi қаржыландыруға немесе қайта өндiруге қабiлеттерi төмендейдi. Осыдан мемлекеттiк бюджеттен көптеген қаржылық ресурстарды бөлу нәтижесiнде дефицит пай да болды және жоғарғы қарқынды инфляцияға тура әкеп соқты. Бұдан бiз өтей алмау кризисiн, инвестициялық бағдарламаның тоқтатылуы, өндiрiстiк өнiмнiң, яғни, экспорттың қысқартылуы және жұмыссыздықтың өсуiн және тағы басқаны көруге болады. Бұл экономикалық сана жүйелерiнiң және бөлек компонеттердiң балансының болмауынан туып отыр. ҚҚС-ның қарсылығын бiлдiрушiлер үшiн бұл өте күрделi католизатор болып табылады. Нақ осы жерде олар ҚҚС-ның табиғаты мен жұмыс жүргiзу механизiмiн түсiнбейдi. Мысалы, ҚҚС-ң қолдамаушы ғалымдардың ойынша, өндiрушi өнiмдi қарқынды өндiру кезеңiнде, қосымша құн салығын толық көлемде төлейдi. Сонымен қатар жаңа операция өткен сайын ҚҚС үстiнен өсе бередi, ал оның арасындағы айырмашылығының ол бюджетке мiндеттi түрде үстiнен төлеп отыру қажет. Әр тауар бойынша әр кез бойынша (яғни әр этап бойынша) қосымша құн салығы жүрiп жатады. Соңында өнеркәсiптiң айналым Қаражаты, ҚҚС аударымымен тең боуы керек, және оны активтiк айналымнан алып тастауымыз қажет. Бұл жиындық өз есебiнен бюджетке бармай, тұтынушылардың тұтыну өнiмiнiң жоғары баға арқылы сатумен жинақталады. Нәтижесiнде екi керi әсер пайда болады: бiрiншiден, бұл өндiрушiнiң айналымдағы қаражатының активтiк көлемi азаяды, ал екiншiден ҚҚС жиынтығының әсерiнен тұтынушылардың сұраным 25

қабiлеттiгi төмендейдi. Екеуi де экономиканың реформалаудың негiзгi мақсаттарына қайшы келедi, сонымен бiрге екеуi де өндiрiстiң көлемiнiң төмендеуiне және сұраным қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соғады. Бюджетке неғұрлым ҚҚС-нан көп түсiм түскен сайын, соғұрлым ол экономикаға зиянын тигiзедi. Әсiресе, ҚҚС «қарсылығын бiлдiрушiлер» ойынша, жаңа жоғары қарқынды технологияға керi өсерiн тигiзуде. Техникамен қамтылмаған және артта қалған кәсiпорындарға қарағанда, өздерi шығаратын өнiмнiң құны ҚҚС-нан жоғары. Қазiргi кезде жоғары қарқынды кәсiпорындар үшiн ҚҚС-ғы пайдасыз болып табылады. Мониторлық саясат пен ҚҚС-ң арасында байланыс жоқ, өйткенi инфляцияның болуы, қаржы ресурсының тыстан асып кетуiнен оны өндiру үшiн материалдың жоқтығынан болады. Осының негiзiнен ҚҚС-н алып тастауды талап еткен, оның орнына, өндiрiсте өнiмдi шектеп шығаруды ұсынады. Экономика жүйесiнiң дамуындағы ең маңызды сәт болып айналымға салынатын салықтың орнына өндiрiлген ҚҚС болды. Бұған әртүрлi әсерлер болды. Нарықтық қатынастардың дамуы меншiктiң түрлерiнiң көбеюiне әкелдi, шаруашылық серiктестiктердi дамытты, аралас өндiрiс түрлерiн құруға әкелдi, осыған байланысты бұрынғы салықтың түрiнiң алынуы қиын болды. Делдалдық қызметтердiң өсуi де (ол да құнды өсiрдi) әмбебап салықты керек еттi. Ол осы өсiмнен мемлекеттiк қазынаға тартуды керек еттi.

Әкiмшiлiк-әмiршiлiк жүйедегi басқару жүйесiндегi айналымнан алынатын салық өзiнде реттеушiлiк қызметтi атқармады. Айналымнан алынатын салық әрбiр аймақтардан түсетiн түсiмдердiң бiркелкi сақталмауына әкелдi. Тұтыну заттарын өндiру жақсы дамыған аймақтардың бұл үстемдiгiне әкелдi, ал базалық салаларды қыспақта қалдырады.

Осындай жағдайда айналымнан алынатын салықты пайдалану аймақтар арасындағы қарама-қайшылықтарды көбейттi, аймақтық тәуелсiздiгiне кедергi келтiрдi. Жоспарлы экономикадан бас тарту ҚҚС-ң артықшылықтарын қарастыруға мүмкiндiк бередi, социалистiк қаржылар теориясында жанама салықтардың орны болмағандықтан оларды объективтi бағалау мүмкiн болды.

ҚҚС алудың айтарлықтай артықшылықтарды өндiрiстiң базалық сатыларындағы салық базасы кеңейе түстi. Осы салықтық артықшылықтарын көрсететiн мәндi аргумент оның әсерлерiн тәжiрбиеде пайдаланылады.

Дамыған шетелдiк тәжiрибеде көрсеткендей жанама салықтар бiрыңғайлылыққа ұмтылған, қосымша құнға олар бiрдей салық салады. Өкiнiшке орай ҚҚС бiздiң республикамызға ендiргенде оның басқа елдерде көп жылдық тәжiрбиесi жетерлiктей зерттеледi.

ҚҚС - бұл салықтың бiр түрi, кез келген кәсiпорынның iс-әрекетiндегi тауарлар мен қызметтiң кез келген түрiн сатып алынғандағы құнның өсуiнен алынады.

Тауарлар мен қызметтердi ҚҚС-нан толық босатылуы үшiн, олар ҚҚС нөлдiк мөлшер бойынша есептелуi керек. Бұл жағдайда тауар өндiрушiлер мен қызмет көрсетушiлер төленген ҚҚС-ң барлық соммасына салық несиесiн талап етуi мүмкiн. Бұл мемлекеттiк кiрiстi едәуiр түрде қысқартып қана қоймастан, аса үлкен мөлшерде ҚҚС алуға жұмсалатын шығындарды молайтады. Есептеулер көрсетiп отырғандай, нөлдiк мөлшерлеме бойынша ҚҚС тамақ өнiмдерiне салық салу салық базасының 40% қысқартуы мүмкiн. Киiм кешек сатып алуға жұмсалатын шығын халықтың жұмсайтын шығындарының 10%, тұрғын үйлерге шығындарының 10-15% құруы мүмкiн. ҚҚС нөлдiк мөлшердеме бойынша кеңiнен қолдану тиiмдi құрал болып табылады. Өйткенi, оны пайдалану кезiнде әуелi орасан салық соммасы алынады, бұдан соң келiп түскен мемлекеттiк кiрiстердiң едәуiр бөлiгi нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынған тауарлармен сауда жасаушыларға қайтарылады. Бұл қызметтiң барлығы толып жатқан құжаттар толтырылады, үлкен әкiмшiлiк шығындарды туғызады.

ҚҚС енгiзу заң базасын елеулi түрде өзгертудi талап етедi. Атап айтқанда, тауарлар мен көрсетiлген қызметтердi жөнелту сияқты ұғымдарды нақтылай түсу қажеттiлiгiн туғызады: мәселен, жөнелту сәтiн, жүк тиеу сәтi, тауарды жеткiзу, тауарға ақы төлеу дегендей. Бұл қызметтердiң қай түрiне салық салуға болады, қай қызмет нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады, ҚҚС төлеу бойынша қандай жеңiлдiктер ұсынылады. Бұл орайда бюджет мәселелерi жөнiндегi халықаралық валюта қоры басқармасының мамандары өтпелi экономикасы бар елдерге елеулi түрде техникалық және консультациялық жәрдем көрсететiн болады.

ҚҚС оқшау алмай күллi салық жүйесi элементтерiнiң бiрi ретiнде қарастыру керек. ҚҚС мемлекеттiк кiрiстiң өсуiн қамтамасыз ететiн бейтарап, тиiмдi салық ретiнде енгiзiледi. Ол кiрiстердiң немесе жағдайлардың теңсiздiгiн түзетуге, орнын толтыруға арналмаған, бұл мiндеттi салық жүйесiнiң басқа элементтерi бiрiншi кезекте жеке адам табысына салынатын прогрессивтi салық атқарады. Сондықтан ҚҚС-ң қолданылуы жайында бардық салық жүйесiнiң қолданылуын есепке ала отырып айтуға болады.

ҚҚС салық жүйесiне енгiзiлуiн әр түрлi көзқарас тұрғысынан қарастыруымыз мүмкiн.

Кеңес Одағы ыдырап, бұрынғы одақтас республикалар арасында экономикалық байланыстар үзiлгеннен кейiн жаңа ғана өз алдына отау тiккен елдер өз қамын өзi жей бастады. Ендiгi жерде өзге республикалар сияқты егемендiк алған ҚР да нарықтық қатынасқа бет түзедi. Бұл қатынасты дамыту жолында бiрқатар шаралар белгiлендi. Бiзде жеке меншiктiң алуан түрi пайда бола бастады, елде баға ырықсыздандырылды, басқарудың директивалық ҚҚС қабылдау бiрден бiр дұрыс шешiм болды деп санауға болады.

ҚҚС-ң басты нәтижесi - салық салу базасының төлем түсiмдерiнiң тұрақты түрде түсуi. ҚҚС енгiзудiң тәжiрбиесiн ескерiп, салық саясатындағы бүгiнгi басымдылық тұрғысынан сөз еткенде ҚҚС-ты енгiзу мәжбүр етiлген шара болды деп айтуымыз мүмкiн, бұған қоса асығыстық жасағанымызды да жасыруға болмайды. Әсiресе, ешбiр ақталуға болмайтын үлкен мөлшерлеменi - 28% қолдандық.

Жоғарыда келтiрiлген талдаудан мынадай қорытындылар жасауымыз мүмкiн:

- бiздiң экономикалық жағдайымызда экономиканы реттеушi ретiнде ҚҚС-н қолдану қиын болды.

- бұл даму сатысында ҚҚС-нан бюджеттiк кiрiске тұрақты түсiмдердi қамтамасыз ету ғана талап етiлдi.

Салық жүйесiн реформалау барысында ҚҚС-ның терiс ықпалын жұмсарту мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргiзiлiп келедi. 2002 ж. қаңтарынан берi қолданыла бастаған жаңа салық ел iшiнде қызу тартыстар әр түрлi көз қарастар туғызғаны мәлiм.

Салық кодексiн жасаушылардың мiндетi Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасына сай келетiн заң актiсiн жасау ғана болды.

 

II. ҚР-ДА ҚҚС ҚЫЗМЕТIНIҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТӘЖIРИБЕСI: САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ МЕХАНИЗМI ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIҢ БЮДЖЕТ КIРIСТЕРIН ҚҰРУДАҒЫ САЛЫҚТЫҢ РӨЛI.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных