Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Макроэкономикалық саясаттың құралдары




Қаржылық және қаржы - бюджеттік деп аталатын фискалдық саясат өзінің іс-әрекетімен мемлекет қазынасының (фискалдың) негізгі элементтерін таратады. Ол мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттік ақшалай кірістер және шығыстармен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бөлігі. Фискалдық саясат қаржылық саясаттың бюджет, салық, кірістер мен шығыстар саясаты сияқты ірі формаларын қамтиды.

Жалпы алғанда фискалдық саясат мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқаруды ұйымдастырады, елдің әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешу мақсатында пайдаланады.

Фискалдық саясаттың маңызды мәселелерінің бірі экономикалық саясат мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орталықтандырылған ақша қаражаттарын құру көздерін іздеуден тұрады. Қаржылық – бюджет саясатын жүргізу арқылы мемлекет елдегі өте ауқымды экономикалық процестерді реттейді, қаржылардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік сектордың қаржыландырылуын қамтамасыз етеді, өндірістік – экономикалық және ғылыми - техникалық потенциалдың дұрыс қолданылуына ықпал етеді. Фискалдық саясаттың құралдарын мемлекет жалпы экономикалық конъюктураға, экономикалық жағдайдың тұрақтануына ықпал ете отырып, экономикалық параметрлердің ауытқуларына қарсы тұратын және дағдарыстық құбылыстардың пайда болуына кедергі жасайтын антициклдық шараларды пайдалану арқылы, жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұранысқа ықпал ету үшін пайдаланады.

Тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардағы мемлекеттік сектордың үлесі айтарлықтай зор. Мемлекет нарықтық экономика дамыған елдерде, жалпы ішкі өнімнің жартысына жуығын құрайтын қаржыны жұмсайтын ең ірі сатып алушы ретінде қатысады. Осылайша мемлекет жиынтық сұраныс құрылымы мен көлеміне ықпал етудің зор мүмкіндіктеріне ие болады.

Тұрақтандыру саясаты - бұл үкіметтің, елдің жалпы ұлттық өнім көлемінің, оның потенциалды деңгейін жақындату мақсатында және осы арқылы инфляцияның қалыпты деңгейін ұстап тұрып, жұмысбастылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, қаржы ағындары мен ақша айналысын реттеу мақсатында әрекеттер жүргізеді. Тұрақтандыру саясаты - экономиканың тұрақты жағдайына сәйкес келетін фискалдық саясаттың неғұрлым нақты формасы. Ол, бір жағынан, тұрақсыз дағдарыстық жағдайды жоюға, екінші жағынан, макроэкономикалық көрсеткіштерді оңтайлы жағдайға келтіре отырып, қалыптасқан экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Автоматты және реттелетін тұрақтылық болады. Автоматты(орнатылған) тұрақтандырғыштар автоматты түрде үкіметтің араласуынсыз тұрақты жағдайдан ауытқуға ықпал етіп қозғалған кезде, ел шаруашылығын тұрақты жағдайға келтіруге мүмкіндік беретін экономикалық тұрғыдан әрекет ететін ережелер мен нормаларды білдіреді. Автоматты тұрақтандырғыштар алдын – ала ойластырылған, экономикалық іс - әрекетті реттейтін заң актілеріне енгізілген, нормативті құжаттарда сипатталған.

Мысалы, табыс төмендегенде, табыстан алынатын салық көлемі автоматты түрде төмендетіледі. Егер, адамдар жұмысы мен еңбекақысын жоғалтатын болса, оларға үкіметтің нұсқауынсыз жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар төленеді. Белгілі жасқа жеткенде автоматты түрде зейнетақы алуға құқық беріледі.Директивті түрде бекітілетін ең төменгі еңбекақы деңгейі болады. Бұрынырақ әрекет еткен жағдайлардан ауытқитын жаңа жағдайлардың туындауы барысында экономикалық катаклизмдердің туындауына жол бермейтін көптеген автоматты тұрақтандырғыштар болады.

Жоғары экономикалық конъюнктура жағдайында бюджеттің потенциалды артықшылығы бұрынғы қарыздарды өтеуге, компенсациялық резервтік қорларды құруға, қосымша әлеуметтік шараларды жүзеге асыруға бағытталуы мүмкін.Іскерлік белсенділіктің төмендеуі жағдайында мемлекеттік билік органдары дағдарысты жеңіп, экономикалық процестерді тұрақтандыру үшін жиынтық сұранысты ұлғайтуға тиісті.

Мемлекеттің бюджеттік саясатының міндеті - бюджеттік тапшылықтарды жою. Мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемінің 5 % шегіндегі және жалпы ішкі өнімнің 1-2 % шегіндегі бюджеттік тапшылықтар қауіпті болып есептелмейді. Бірақ егер, бюджет тапшылығы ЖІӨ- нің 10 % - ға жуық шамасына жетсе, бұл бюджет тұрақтылығына деген қажеттілікті білдіреді. Ірі бюджеттік тапшылықтың болуы ішкі мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі, ал ол өз алдына мемлекеттің ақша жүйесін тұрақсыздандырып, инфляцияға әкеледі.

Мемлекеттің бюджет тапшылығын ақша эмиссиясымен жабуға деген ұмтылысы инфляцияға әкеледі, ал бюдеттік тапшылықты жою құралы ретінде мемлекеттік құнды қағаздарды шығару және сату болашақ қарызға әкеледі, себебі қағаздарды өтеп, олар бойынша пайыз төлеуге тура келеді. Сондықтан баланстанған мемлекеттік бюджетке жету үшін, бюджеттік саясат мемлекеттің кірістер және шығыстар саясатымен тығыз байланыста болуы керек.

Мемлекеттік шығындар саясаты ең алдымен, мемлекеттік сектор сұранысын қанағаттандыруға бағытталған, яғни мемлекеттік мұқтаждықтарға шығындар жұмсау қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сонымен қатар, көптеген мемлекеттік қажеттіліктердің(қоғамдық, әлеуметтік) үздіксіз өсіп отыратындығын ескеру қажет, сондықтан оларды басқа қажеттіліктердің басымдылығына байланысты шектеу қажет. Мемлекеттік шығындардың басты шектеушісі бюджет кірістері болып табылады.

Мемлекеттік бюджет, негізінен, салық түсімдерінен толықтырылып отыратындықтан, мемлекет кірісінің қалыптасу саясаты салық саясатымен тығыз байланысты болады.

Салық саясаты - салық түрлерін, салық салу объектілерін, салық ставкаларын, салықтар алу шарттарын, салық жеңілдіктерін белгілейтін фискалды экономикалық саясат бөлігі. Осы параметрлардің барлығын, яғни салықтарды төлеу есебінен ақша қаражаттарының түсуін, мемлекеттік бюджеттің қаржыландырылуын қамтамасыз етуді мемлекет қадағалайды. Бірақ мұнда салық және фискалдық саясаттың басты қайшылықтарымен кездесуге тура келеді.

Салық көлемі неғұрлым жоғары болса, салықты төлеу ынтасы соғұрлым төмен болады. Сондықтан мемлекеттік салық саясатының негізі жоғары емес, рационалды салық ставкалары.

Мемлекеттің салық саясаты тек бюджетке түсімдерді қамтамасыз етумен ғана байланысты емес, сондай-ақ жүргізілетін құрылымдық - инвестициялық саясатпен байланысты.

Осылайша, мемлекеттік экономикалық саясаттың ең қуатты бағыты бола отырып, фискалдық саясат қаржыландыру, бюджеттеу, салық салудың алуан түрлі құралдарын қамтиды.

Қайта қаржыландыру саясаты, ашық нарықтағы операциялар саясаяты, резервтеу саясаты, өтімділікті қамтамасыз ету саясаты, мемлекеттік монетарлық саясаттың құралдары болып табылады. Осы барлық құралдар айналыстағы ақша массасын және жекелеген ақша агрегаттарын қадағалап, осы арқылы нарықтық бағалар динамикасына, инфляция деңгейіне, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тауар – ақша қатынастарына, нарықтық айырбасқа, нарық нарық субъектілерінің кірістері мен шығыстарына жанама түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Есептік саясат деп атайтын қайта қаржыландыру саясаяты пайыздық ставканың көрінісі болып табылады.Ол несие ресурстарының көлеміне пайыздық ставкалар көмегімен, орталық банкпен өзара байланысуға негізделген. Орталық банк пайыздың есептік ставкасын бекітіп, соған сәйкес коммерциялық банктерден вексельдерді қайта есептеп, оларға несие береді. Неғұрлым кең жоспарда коммерциялық банктер орталық банктен несиелік ақшаларды сатып алып, содан кейін қайта қаржыландыруды жүзеге асыра отырып, оларды қарыз алушыларға қайта сатады. Сондықтан орталық банк қаржылық нарықта несиелік ақшалар бағасына ықпал етуге қабілетті. Бағаны көтеріп, өзінің есептік ставкасын арттыра отырып, орталық банк несиеге деген сұранысты бәсеңдетіп, айналыстағы ақша ақша массасын қысқартады, ал керегінде ставканы төмендете отырып, қайта қаржыландыру үшін шектеуші контингенттерді орнатады.

Қайта қаржыландыру саясаты тек орталық банк және коммерциялық банктермен ғана емес, сондай – ақ ақшаны пайызға қарызға беретін кез – келген несие берушілермен жүргізілетін пайыздық ставкаларды реттеудің, пайыздық саясаттың құрамды бөлігін білдіреді. Алайда, соңғы жағдайда мемлекеттік монетарлық саясаттың шегінен шығу орын алады.

Орталық банк ашық нарықтағы операциялар көмегімен ақша айналысына ықпал ете отырып, мемлекеттік құнды қағаздарды сатушы мен сатып алушы ретінде қатыса отырып ақша массасын реттеуге қабілетті. Облигациялар мен қазынашылық міндеттемелер түрінде осындай құнды қағаздарды шығару, мемлекеттік монетарлық саясат актісі болып табылады. Мемлекеттік құнды қағаздарды сатып ала отырып және ашық нарықтағы сату мен сатып алуды ұйымдастыру арқылы, орталық банк белгілі ақша саясатын жүргізуге ықпал етеді. Құнды қағаздарды сата отырып, орталық банк айналыстағы ақшаны жинайды, ал ашық нарықтағы құнды қағаздарды сатып алу арқылы, орталық банк қосымша эмиссияны жүзеге асыра отырып, ақша массасын кеңейтеді.

Мемлекет орталық банк арқылы резервтеу саясатын жүзеге асыра отырып, белсенді ақша массасының көлеміне тиімді ықпал ете алады.Орталық банк коммерциялық банктерді орталық банктегі пайызсыз резерв түрінде өз активтерінің белгілі бөлігін ұстауға міндеттеуге құқылы. Осындай резервтер нормасы неғұрлым жоғары, соғұрлым коммерциялық банктер өз ақша қаражаттарымен операция жасаудың төменгі мүмкіндіктеріне ие болады, яғни ақша массасы азаяды. Резервтеу нормасының төмендеуі айналыстағы ақша массасының ұлғаюына әкеледі. Айналыста ақша массасы жетіспесе, резервтеу нормасын азайту керек.

Коммерциялық банктер тарапынан ақша ұсынысы орталық банк шығаратын ақшалардың болуына тәуелді болады. Сондықтан орталық банк коммерциялық банктердің операцияларын жүзеге асыруы үшін олардың иелігіне берілетін ақша көлемін өзгертеді, өтімділікті қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктер ақша массасының ұсынысын реттеу мүмкіндігіне ие болады.

Мемлекет орталық банкті пайдалана отырып, өз қолында ақша массасына ықпал етудің мықты құралына ие болса да, дағдарыстық жағдайларда ол әлсіз болуы да мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных