Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Олайлы инвестициялық ортаның қалыптасуы




 

Инвестициялвқ саясаттың негізгі бағыты ретінде инвестициялық белсенділіктің артуына, өндірістік күштерді қайта құру мен жаңарту үшін жеке отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ықпал ететін қолайлы ортаны қалыптастыру қарастырылуы керек.

Инвестицияларға байланысты экономикалық өсімнің жаңа кезеңіне өтуді қамтамасыз еткен бірқатар елдердің тәжірибесі инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін келесі шарттар қажет екендігін көрсетеді:

– ұлттық және шетелдік кәсіпкерлікті қолдау бойынша құқықтық нормалар кешенін құру, осы нормалардың салыстырмалы тұрақтылығы және әсіресе маңыздысы – олардың тәжірибеде қолданыла алуы;

– шетелдік инвесторларға бұрындары тигізілген залалды бөлшектеп жабу;

– әлеуметтік-психологиялық жағдайды тұрақтандыру және ішкі саяси күрестің шектен тыс формаларынан бас тарту;

– ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;

– саясаттың, оның басты бағыттарының тұрақтылығы, нақты да тиімді басқарманың болуы.

Инвестициялық белсенділіктің артуына шетелдік инвестицияларға қатысты ұлттық заңнама ықпал етеді, сондай-ақ халықаралық және екі жақты келісімдер де ықпал етеді, инвестициялық іс-әрекетке шектеулерді алып тастау, шетелдік инвесторлар үшін тартымды салалар мен іс-әрекет бағыттарын айқындау, дивидендтер мен пайданы ауыстыру үшін тосқауылдарды алып тастау, шетелдік компанияларға өндірістік іс-әрекетпен айналысуға рұқсат беретін формальды жағдайларды жеңілдету, екі реттік салық алуды болдырма да айтарлықтай ықпал етеді.

Мемлекеттік инвестициялық саясатты құру барысында Үкімет инвестицияларды ресурс жинақтау мәселелерін шешуге бағдарлау бойынша шараларды қабылдауы қажет. Осылайша ресурс жинақтаушы саясат индикаторын енгізу шикізаттық және жанармай-энергетикалық салалардың дәстүрлі түрде басым болуын жеңуге, инвестицияларды өңдеуші және соңғы салалар пайдасына қызмет етуіне тартуға мүмкіндік береді.

Кез-келген мемлекетке шетелдік капиталдың ағыны, сондай-ақ капитал салымдарының тиімділігі реципиент-елдер экономикасының инвестициялық тартымдылық факторының болуымен анықталады. Олар: экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастыру-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, географиялық, сыртқы факторлар, олардың жиынтығы инвестициялық климатты (ахуал) білдіреді.

Инвестициялық климаттың жақсаруына потенциалды инвесторлардың қазақстандық экономика мен оның аймақтарының экономикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты шынайы ала алуын қамтамасыз ету ықпал ете алады.

Елде инвестициялық климат неғұрлым нашар болса, соғұрлым капиталды тарту бойынша шығындар жоғары болады, осыдан инвестициялық климат жағдайы абстрактілі түсінік емес, материалдық көрініске ие түсінік деген қорытынды жасауға болады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных