ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Негізгі ұғымдар:.«Тың және тыңайған» жерлер, ғылыми-техникалық прогресс, реформа, этнодемографиялық құрлым.Мақсаты: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру тарихын таныту. Еңбек сүйгіштікке тәрбилеу. Жоспар: 1. Бейбіт тұрмысқа өтуі. 2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы. 3.Ауыл шаруашылығы. 4.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру. Лекция 1. Бейбіт тұрмысқа өтуі. Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығыньщ үштен бірінен айрылды.Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру максатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация): • 1945 жылдың шілде - қыркүйегі - бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. • 1945-1948 жылдар - 8,5 млн. адам босатылды. • 1946 жылғы 18 наурыз - 1946-1950 жьтдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды. Міндеттері: 1. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру. 2. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез карқынмен дамыту. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға каржы бөлінді. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт түрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Бесжылдық құрылыстары: • 1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара жэне түсті металлургия, тау-кен жэне көмір өнеркэсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. • Теміртау металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды. • Актебе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. • Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты салынды. • Екібастүзда көмір кесіндісінің қүрылысы аяқталды. • Маңғыстауда жаңа мұнай кэсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай ендіру-52%-ға артты. 50-жылдардыц басында республикадағы кәсіпорын саны -65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды: • Семей илеусығынды зауыты өнім бере бастады. • Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. • Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды. Көлік жүйесі кеңейе түсті: • 1950 жылы үзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жолы салынды. • Жамбыл-Шолақтау темір жолы іске қосылды. Байланыс ісі жақсартылды: • Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. • 1949 жылғы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. • Радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ыкпал етті: 1945 жылы - 1.044 мың, 1950 жылы - 1. 403мың. Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан зиян шеккен аудандарға көмек керсетті:- 1945 жылы Украинаға 500 трактор, ауыл шаруашылық машиналары, 140 паровоз жіберіліп, 100-ден астам ауылшаруашылық мамандарыаттандырылды. - Жеңілдетілген бағамен 1 млн. астам ірі кара, жылқы, қой сатылды. - 17,5 мың ірі қара, 22 мыңдай жылқы, 350 мың қой тегін берілді. Шаруашылықта жұмыс қолының жетіспеуінің себептері: 1. Соғыс көзінде көшіп келген мамандар туған өңірлеріне қайтты. 2. Жүз мындаған қазақстандықтар майданда қаза тапты. (603 мындай) 3. Соғыста тірі калғандардың бір бөлігі елге оралмады. 4. Қазақ шаруалары ашаршылық жылдары аштықтан қырылды және басқа елдерге көшіп кетті. 5. Жұмысшылардың кәсіби даярлығы төмен болды. Республикадағы жұмыс қолдарының жетіспеуін жою, жұмысшы-мамандарды көбейту максатында еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылды. КСРО-ның соғыста қираған шаруашылығын қалпына келтіру аса күрделі жағдайда жүргізілді. АҚШ пен КСРО арасындагы қарым-қатынас шиеленісе түсті: • Сталиндік басшылық КСРО дұшпандық пиғылдағы капиталистік қоршауда отыр деп есептеді. • Ел қаражаты әскери-өнеркәсіптік кешенді жетілдіру мақсатына жүмсалды. 1952 жыл - Сталиннің « КСРО-дағы социализмніц экономикалық проблемалары» еңбегі жарияланды. - Тауар-ақша қатынастары өнімдер айырбасымен алмастырылады. - Халыктың өскелең талабы өндірістің мүмкіндіктерін басып озады. Осы жазылған «экономикалық зандылықтары» арқылы тауар тапшылығының үстемдік етуін ақтап берді. Көсемнің «өнімдер айырбасы» туралы данышпандық тезисін БК(б)П XIX съезі қолдап, социалистік қоғамның капитализмнен «сөзсіз артықшылығы» туралы идеяны насихаттады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|