Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Анықтама беті




1. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: “М.Жұмабаевтың поэзиясының көркемдік ерекшеліктері.”

2. Бақытнұрқызы Әдемі

3. Академик Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мектеп-интернатының 11 Ә сыныбының оқушысы. Алматы қаласы, М.Ғабдуллин көшесі 45.

4. Баяндамашы туралы мәлімет: Бақытнұрқызы Әдемі атындағы Алматы облыстық академик Ш.Смағұлов мектеп-интернатында 1995-96 оқу жылынан бастап оқып келеді.

Оқушыны М.Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиеті, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.

 

 

Бұл тақырыпты алудағы мақсатым неде:

Ақындық қасиет екі адамның бірінде кездеспейтін ғажайып асыл таланттылық. Ақындар өздері өмір сүрген ортаның тірі пішінді бейнесі әрі шежіресі. Олардың жазып қалдырған туындыларынан өз халқымыздың сол дәуірдегі өмірінің көрінісін, адами мұраттардың қалай қалыптасқандығын, жалпы тарихи-әлеуметтік жағдайдың қалай өрбігендігін, халықтың мәдени, рухани өсуінің, сөз өнерінің даму өресін көруімізге болады.

Суреткерлік шеберлік өмір айдынының әр алуан толқынын ойлы сөзбен өріп, образдар арқылы бере білумен қатар адам жанының эстетикалық (әсемдікке баулушы) тәрбиешісі.

М.Жұмабаев поэзиясы- қазақ поэзиясындағы ерен құбылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, сөз өнеріне қойған талаптарының биігіне шығып, толық жауап бере білген ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі айтулы ақындарымыздың бірі. Бүгінде оның поэзиясы жан-жақты зерттелуде, алайда оның ақындық ерекшелігі, қазақ поэзиясына қосқан үлесі толық ашыла қойды деуге болмайды.

Ана тіліміздің керемет сөз байлығын мейлінше еркін пайдаланған ақынның ақындық мәдениеті, суреткерлік шеберлігі әлі талайды тамсандырары сөзсіз.

Егер де ана тіліміздің белсенділік деңгейін көтереміз десек, тілдік шеберлігі мол, көркемдігі күшті туындылар мен олардың авторларының шығармалары, өмір жолы кең көлемде талданып, шығармаларының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктері туралы үнемі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы жұртқа жарияланып, қажетті жағдайда шет ел тілдеріне де аударылып отырылуы тиіс.

М.Жұмабаев поэзиясы шет ел тілдеріне өз мәнінде аударылса, өзінің көркемдігімен талайды таң қалдырары сөзсіз. Бұл болашақтың жұмысы болып қалар да.

Біз өзіміздің осы жұмысымызда өз қандастарымызбен ой бөлісумен шектеліп отырмыз.

Адам жанының өсіп толығуы, қанығып тоғысуының қайнары-көркем әдебиет. Ендеше, адам тәрбиешісі - көркем туындыны дүниеге келтіруші қаламгер кім болуы керек?

 

Ол - қиялы жүйрік, ойы - ұшқыр, қаламы – жүрдек ғажайып қасиет иесі, ол - өз халқының ана тілінің мол байлығын қапысыз меңгерген ғажайып суреткер!

Суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап қарамайды, оны бәрі тебірентеді. Ол осының бәрін өз жүрегінің елегінен өткізеді. Көргені мен білгенін әділетті жүректің сынына салады. Жүректің сөзін сөйлейді. Ұлы Абай айтқан: “Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің ” дегенімен жүреді. Адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлай жүріп, адамның ақыл-ой, парасатының тәрбиешісі де бола алады. Себебі “естіліердің сөзін ескеріп жүрген адамның өзі де естілердің қатарында жүреді”. (Абай)

Кей кездерде “жазушы”,“ақын”,“қаламгер” деген сөздердің орнына кейде “суреткер”, сөзін балама ретінде қолданып жатамыз. “Суреткерлік биік” деген ұғым да бар тілімізде.

Мағжан - суреткер ақын.

Осы суреткерлік биікке қалай жетті?

Ең бірінші мақсатым - осыған көз жеткізу.

Екінші, Мағжанның сырлы да сұлу поэзиясы- қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көркем арна. Бұл – біздің ұлттық мақтанышымыз.

Үшінші, суреткерлік шеберлік - мәдениет сарайының жарқын айнасы. Мәдениеттің - айнасы суреткерлік туралы біраз ой бөліскім келеді.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – бабам тілі сен қалдың!-деп, жайдақ ақыл, жалаң үгіт, жалаңаш идеяның талантты тұсап, қанатты қайырып тұрған кезеңінде ана тілімізді қорғап,үн көтерген, оның мол байлығын еркін меңгерген зергер ақынның шығармашылығы туған халқымыздың көркем сөз өнерінің асыл мұрасы, ал Мағжанның айтулы тұлға екедігін өз шамамша дәлелдеу.

Қашанда әдебиет - ардың ісі. Көркем әдебиет - адам жанының ұлы тәрбиешісі екенін жоғарыда айтып өттік.

Адамға ой салып, жақсылық пен жамандықты таразыға салғызар, көзін ашып, көкірегін оятар көркем туынды жазу үшін ақын я жазушы болсын көп ізденіп, тер төгеді.

Әдебиет сарайы көлденең келген салт атты, сабау қамшылыға

есігін айқара ашқан емес. Сондықтан әдебиет жолы - қиын да ауыр азапты жол. Осы жолда әдебиет жаршысының көп қиындықпен, ізденістің ащы терімен халық құрметінің, махаббатының шыңына шыққан ,“өлмейтұғын артына сөз қалдырған” талант иесінің халқының тарихы беттерінен, ақыл-ой- парасатының санасынан ешқашан өшпейтіндігін айту- соңғы мақсатым.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных