Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ион түрінде кездесетін кандай элементерді білесіңдер олардың жасушадағы мөлшері қандай қызыметер атаныз




Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады.

Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.

44 жасушада су мөлшерінің көп болу сесбебі неде Су ерітінділерінде барлық тіршілікке қажетті процестер жүреді. Судың молекулалық құрылысының таңғаларлык күпия касиетінің бірі — оның асимметриялығында. Сутек атомы оттекатомымен тік сызык бойымен байланыспай, =105° бұрышпен қосылған. Асимметрияның өсерінен теріс зарядталған оттек және екі оң зарядталған сутек әр түрлі жазықтықта орналасады да, судың молекуласы полюсті болады. Сондықтан да суда полюсті және зарядталған молекулалар ериді.Суда еритін заттар гидрофилді (гр. хидор — су және гр. филео — сүйемін) заттар деп аталады. Бұған иондық байланысты (мысалы, тұз) және кейбір молекулалық байланысты (мысалы,кант, нәруыз) заттар жатады. Мысал ретінде тұздың еру процесін көрсетуге болады. Суда тұз натрийдің оң зарядталған катионына және хлордың теріс зарядталған анионына ыдырайды. Натрийдің оң зарядталған ионына су молекуласы теріс полюсімен тартылса, ал хлор ионына оң полюсті жағымен жақындайды. Қорытындысында, әрбір ионның айналасында қабықша пайда болады. Оны гидрат қабығы деп атайды. Зарядталмаған молекулалар суда ерімейді.Суда ерімейтін заттарды гидрофобты (гр. хидор — су және гр. фобос — қорқу, жек көру) деп атайды. Оларға бензин, керосин, бензол, липидтер, көксағыз, полиэтилен және баска пластмассалар, т.б. жатады.Бір су молекуласы құрамындағы оттек атомы келесі молекула құрамындағы сутек атомымен сутектік байланыс түзеді. Сутекті байланыс су молекулалары арасындағы көптеген байланысты қамтамасыз етеді. Суды қыздырғанда, энергияның азын-аулақ белігі сутекті байланысты ажыратуға жұмсалады. Сутекті байланыстың ажырауы 70°С температурада басталады. Ал 100°С температурада қайнағанда, барлық сутекті байланыс толықтай ажырайды.Сутекті байланыстың арқасында судың жылу еткізгіштігі артады. Суытқанда, керісінше, жылу белінеді, себебі жаңадан сутекті байланыс пайда болады. Бұл касиеттеріне қарап, судың жылу өткізгіштігі жоғары екендігін білуге болады.Су жасушаның физикалық қасиеттерін анықтайды: көлемін; серпімділігін; физиологиялық ортада атқаратын қызметін және биохимиялық процесін; фотосинтез кезінде оттектің бөлінуін; химиялық қосылыстарды; осмос және термореттеушілікті.Су органикалық және бейорганикалық заттарды жақсы ерітеді. Судың еріткіш касиеттері оның молекулалық құрылымының ерекшеліктерін де айқындайды. Суда бейорганикалық заттардан — тұздар, кышқылдар, сілтілер, ал органикалық заттардан — аминдер, көмірсулар, нәруыздар жақсы ериді. Жасушадағы химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген сұйықтық түрінде болады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың өнімдері, тек еріген түрінде болуы тиіс.Сусыз тіршілік жоқ. Жасуша массасының көп бөлігін су кұрайды. Адамның эмбриондары мен ми жаеушаларынын 80%-ы су. Адам организміндегі 20% суды жоғалтса, өліп қалуы мүмкін. Сүйек ұлпасының жасушасында 20 % су, бұлшықет жасушасында 76 % су болады.

45.Су жасушаның қандай қасиеттерін анықтайды? Тіршіліктің негізі болып табылатын су молекуласы жасушаның негізгі бөлігін құрайды. Жасушаның 80%-ы судан тұрады. Су ерітінділерінде барлық тіршілікке қажетті процестер жүреді. Судың молекулалық құрылысының таңғаларлык күпия касиетінің бірі - оның асимметриялығында. Сутек атомы оттек атомымен тік сызык бойымен байланыспай, =105° бұрышпен қосылған. Асимметрияның өсерінен теріс зарядталған оттек және екі оң зарядталған сутек әр түрлі жазықтықта орналасады да, судың молекуласы полюсті болады. Сондықтан да суда полюсті және зарядталған молекулалар ериді.

Су жасушаның физикалық қасиеттерін анықтайды: көлемін; серпімділігін; физиологиялық ортада атқаратын қызметін және биохимиялық процесін; фотосинтез кезінде оттектің бөлінуін; химиялық қосылыстарды; осмос және термореттеушілікті.

Су органикалық және бейорганикалық заттарды жақсы ерітеді. Судың еріткіш касиеттері оның молекулалық құрылымының ерекшеліктерін де айқындайды. Суда бейорганикалық заттардан - тұздар, кышқылдар, сілтілер, ал органикалық заттардан - аминдер, көмірсулар, нәруыздар жақсы ериді. Жасушадағы химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген сұйықтық түрінде болады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың өнімдері, тек еріген түрінде болуы тиіс.

Сусыз тіршілік жоқ. Жасуша массасының көп бөлігін су кұрайды. Адамның эмбриондары мен ми жаеушаларынын 80%-ы су. Адам организміндегі 20% суды жоғалтса, өліп қалуы мүмкін. Сүйек ұлпасының жасушасында 20 % су, бұлшықет жасушасында 76 % су болады.

46.Жасушада кездесетін қандай тұздарды білесің,олар жасушада қандай маңызды қызмет атқарады? сумен бірге тұздар да жасушаның бейорганикалық заттарына жатады. Жасушаның тіршілік процестері үшін тұздардың құрамына енетін кальций, натрий, калий, магний, және фосфат иондарының маңызы зор. Жасушаның қалыпты қызмет атқаруы және жасуша ішінде үнемі реакция жүруі үшін де иондардың маңызы ерекше. Бейорганикалық заттар жасушада, тек еріген күйінде емес, сондай-ақ қатты заттар күйінде де кездеседі. Атап айтқанда, сүйек ұлпасының катты әрі беріктігі кальций фосфатының, ал былқылдақ денелілер бақалшықтарының беріктігі онда кальций карбонатының болуына байланысты. Кальций иондары биологиялық процестердін реттелуіне және канның ұюына да қатысады.

Na+, К+ иондары жасуша мембранасына әр түрлі заттардың енуіне және жүйке талшықтарының тітіркеністерді өткізуіне көмектеседі. Фосфат иондары нуклеин қышқылын тұзуге қатысады және энергетикалық процестерді, қозғалыс қызметін жүзеге асыруға ат салысады.Темір иондары да оттекті тасымалдауда үлкен рөл атқарады. Ал темір және мыс иондары тотығу-тотықсыздану процестерін қалпына келтіру реакцияларына атысады. Магний иондары нуклеин кышқылы мен рибосомды тұрақтандырады және хлорофилдің құрамына кіреді. Мырыш, молибден және кобальт иондары ферменттік процестерге қатысады.

Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных