Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жиілікті-модуляциялық анализі




Радиосигнал қысымының лездік мағынасы жалпы көріністе мынаған тең: U=Umsinφ, мұндағы ωt=const. Амплитудалық модуляцияда кернеу Um-сигналдардың басқаруы мен уақыт бойынша өзгереді 2,6.а-сурет, ал фазалық бұрыш (φ) – бұл сигналдарға тәуелді емес. Егер Um түрақты болса, φ бұрыш сигналдың басқаруы мен өзгеретін болса, онда модуляция бұрыштық дп аталады. Бұрыштық модуляция өз кезегінде екіге бөлінеді: фазалық және жиілікті.

Фазалық модуляция дегеніміз – Δφ фазалық бұрыштың ΔUτ сигналдық басқарумен пропорционалды өзгерісін айтады. Жиілікті модуляция дегеніміз-сигналдық басқару өзгерісі ΔUI, Δω жиілікті пропорционалдық өзгертеді, ал фазалық бұрыш φ жанама өзгертеді. ω=dφ/dt, егер фазалық тербелістің жиілігі t уақыт бойынша өлшемі өзгеретін болса, онда бұрышты интеграл арқылы анықтаймыз:

 

Φ= ƒ0ωdt егер;

Uу= U0+ Uумcos Ωt;

ω = ω0+ Δωmcos Ωt, онда

φ= ƒ0ωdt = ƒ00+ Δωmcos Ωt) dt =

=ƒωdt+ ƒ0 ω mcos Ωt dt= ω0t+Δω m/ Ωsin Ωt,

 

мұндағы Δωm / Ω-жиілікті модуляцияның индексі деп аталады.

 

 

Сурет 2,6.а. Кернеудің уақытқа байланысты өзгерісі

 

М= Δω m/ Ω, бұдан Ω=2πF, мұндағы, М жиілікті модуляцияның индексі фазалық бұрыштың амплитудасын береді және ол радианмен өлшенеді.

Аналогты байланыс және сигналдар. Жалпы тұтынатын телефон желілері алғашқыда адамның даусын жеткізу үшін қолданған. 1840 жылы телефон қысқа сөзді алмасуға арналған. Ал 1870 жылы телефон байланысы пайда болғаннан кейін үлкен арақашықтықпен сөйлесу мүмкіндігі туды. Адамның даусы толқынды дыбыстық тербелістерге жатады. Осындай толқын тәріздес үздіксіз тербелістер аналогты сигналдардеп аталады. Адамның сөйлесуі аналогты сигнал түрінде телефон желілерінде 1960 жылдың соңына дейін қалыптасты. Бүгін кәдімгі телефон желілері сандық беріліс тәсіліне көшті бірақ, сонда да байланыс қызметің көпшілігі және телефон желілері аналогты болып қолдануда және де үйдегі телефон резеткасына қосылған телефон аппараттары да аналогтық қондырғылар қызметін атқарады. Халық тұтынатын телекөсеткіштер, жергілікті автоматты қондырғылар, ұялы телефондар, көптеген әр түрлі стансалар, ғарыштық алыс қашықтықпен байланысады. Сонымен,сигнал саны көбейген сайын, келетін деректердің үлкен көлемін және сыйымдылығын кеңейтіп ақпаратпен алмастыру үшін, осы аналогты сигналды арнайы құрылымдарда өңдейді. Демек сандық байланыстың аналогтық айырмашылығы деректерді алмастыру кезінде жылдамдығын үлкейтеді, өте кең өткізу жолағы пайда болады және ол кезде беріліс қателердің пайда болу ықтималдығы аз болады. Бүгінгі таңда ақпаратты және деректерді беру (AC) JSDN – Integratede Servise digital Network (цифровая сеть с интеграции услуг).

Аналогты сигналдар байланыс торабында электро магнитті толқын ретінде таратылады. Олар тербелістер жиілігі мен сипатталады

Жиілік дегеніміз- кейбір шаманың (мыс: кернеу) Тербелістерінің толық циклінің сандарын айтамыз немесе бұл 1-секунд ішіндегі толық цикл саны. Басқа сөзбен айтқанда жиілік біршаманың секунд ішінде өзінің үлкен мәніне жеткізгендегіне көрсетеді. Толық цикльді немесе периодты келесі суретте көрсетілгендей тербелмелі қозғалыс кернеудің өзіндік мәнінен басталғанын көреміз. Тербеліс жылдамдығы үлкен болған, сайын уақыт бірлігінде цикл үлкен болады. Жиілік Гц белгілейміз.

 

 

Сурет 2,6.б. Кернеудің уақытқа байланысты графигі

 

Бұл 2,6.б-суретте 1Гц тең болатын аналогты толқын тербелісінің 1 периодын S әріпінен көреміз.

Қорытынды, әр аналогтық сигналдың түрлерінде өзінің жиілік диапазоны болады. Аналогты жиілікке кіретін мысалдар:

1) 1 кГц, тербеліс = 1000 Гц тербеліс;

2) 1 мг.Герц, тербеліс = 1 миллион тербеліс. Мыс: (кабельдік телевидине аналогты сигналы (54/750 мгГц = 540 миллион);

3) 1 г.Гц, тербеліс = 1 секунд ішіндегі миллиард тербеліс. Мыс: (көптеген сымсыз жоғарғы жиілікпен жұмыс істейтін аналогты датчигтер).

Деректерді берудің арналары:

1. Деректерді беру – бір-бірімен әсерлесіп, мәліметтерді жіберетін желілер жиынтығы (желі қондырғылары, олар деректер станцияларына кірмейді).

2. Деректерді беру желісі-деп керекті бағытта ақпарат желісімен сигналдар ды тарататын құралды айтамыз.

Деректерді беру желісіне жататындар: симметриялы кабель, коаксиальды кабель, екі (қос) сым және жарықөткізгіш оптикалық кабель.

Деректерді беру желісінің қауіпті,жағымсыз жағдайының бірі- сигналдың өшіп қалуы. Ол қашықтық пен жиілікке байланысты, сигналдың өшуінің бірлігі, Халық аралық жүйе бойынша, децибелл мен (ДБ) анықтайды. 1 ДБ = 10 lg(Р12) мұндағы Р1Р2- желідегі кіріс және шығыстық сигналдың қуаты. Берілген ұзындықтағы желіде өткізу жолағы бар. Өткізу немесе жіберу жолағы, ақпарат берілісімен жылдамдығына байланысты, екі түрге бөлеміз:

1. Бод-модуляциялы.

2. Ақпаратты жылдамдық, оларға Amplitude modulation – амплитудалы, Freduency modulation- ФМ жиілік, Phase modulation- фазалы (уақыт, кеңістік, кодты, импульсті) модуляция жатады.

Бод жылдамдығы - бодпен өлшенеді, демек дискретті сигналдың уақыт бірлігіндегі өзгерісі.Сонымен тек қана бод жылдамдығы желінің өту жолағын анықтай алады.

Мысалы: егер бод интервалында (арақашықтық) (көрші сигналдың өзгеріс арасы) N бид жіберілсе, онда модульденген параметрлер тасығыштары 2N-ге тең.

Мысалы: толқын саны 16, толқын жылдамдығы 1200 бод, 1 бодқа – 4 бит/с сәйкес келеді, олай болса ақпараттық жылдамдық неге тең. ν =4800 бит/с.

4800 бит/с қанша уақытқа тең?

Арна (канал) – бір жақты деректерді бере алатын құралдарды айтамыз. Мысалы: желідегі жиіліктер жолағы, радио байланыста бір датчикпен беріледі. Кейбір желіде бірнеше байланыс арнасын туғызуға болады. Әрқайсысында өзінің ақпараты бар. Сонымен деректердің бөлінуінің екі әдісін білеміз:

1. Уақытша мультиплексирлеу.

2. Жиіліктік бөліну.

Осы бөліну кезінде бірнеше жиіліктер жолағы бөлінеді (радио, ТВ,сөйлесу). Ақпарат көріну тәсіліне байланысты оларды электрлі сигналдарға қатысты: аналогтық және сандық беріліс арнасы деп екіге бөлеміз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных