Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бағдарламалы тексерушілер




Бағдарламалы тексерушілер құралдар мен электр энергиясын тұтыну қауіпсіздігін қамтамассыз ету және автоматтық өндіріс желілерін басқару үшін қолданылады. Бұл құрылғылар өздерінің икемділігімен ерекшелінеді және оларды іс жүзінде кез келген өндірістік процесті автоматтандыруға пайдалануға болады.

ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында арифметикалық нұсқаулардың қайсыбір ретін сақтайтын шағын есептеу құрылғысы –прграммаланатын калькулятор жасалды. 80-жылдардың басында IBM ФИРМАСЫ ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР (ДК) ұғымын кеңінен қолданады, ол арзан, шағын ЭЕМ тобына жатты. Дегенмен дербес компьютер де,программаланатын калькулятор (ПК) да тұтастай өндірістік технологиялық процесін басқаруға арналған ПК түрі болып табылмайды. Тек қана ПК зауыт құрал-жабдықтарын автоматтандыруға, әсіресе, өнеркәсіптік жабдықтармен автоматтық желілерді басқару жүйесін жүзеге асыруғаүлкен мүмкіндік туғызады.

ПК кәдімгі электр желісінен қоректенеді.Алайда ол аса қуатты басқару схемасын 380 В, тіпті одан да жоғары кернеумен қоректендіре алады. ПК-мен бірге алмалы-салмалы модуль-программатор пайдаланады.ПК құрамындағы интерфейс құрылғылары мен мәліметтерді ендіру-шығару құрылғылары қосалқы алмалы-салмалы модуль ретінде болады. Програм-маланатын контроллерді ЭЕМ-нің бір түрі деп есептеуге болады. Себебі ПК-да ЭЕМ тәрізді орталық процессоры (ОП) бар. Шынында да программаланатын калькулятор, дербес комппьютер және программаланатын контроллер – бәрінің базалық элементі ретінде микропрцессорлық неігізде тұрғызылған ЭЕМ кіреді. Әйтсе де, ЭЕМ мен ПК арасында айтарлықтай ерекшеліктер бар. Мысалы ЭЕМ, операция тізбегін үлкен жылдамдықпен орындайды. Осындай тізбектегі жеке командалар микросекундта, тіпті оның үлестерінде орындалады. Әйтсе де осындай тізбектегі командадан құрылған толық программаны орындау үшін олардың күрделілігіне орай секундтар, минуттар тіпті сағаттар келеді. Ал ДК-да толық программаны орындау үшін секундтың үлестері кеткенімен, сол программаны жеке қадамдары орындауы ЭЕМ-нен жылдам емес. Сол себепті программа қысқа әрі оңай болуы керек. Программа қысқарту және оңайлату қиындық туғызбайды, өйткені дербес компьютердің негізгі мәселесі көптеген деректерге күрделі арифметикалық есептеулер жеткізу емес, тек “иә – жоқ” түріндегі логикалық шешімге келу.ДК командасын барлық тізбегінің орындалуы тез өтетіндіктен оны жүзеге асыру процессі бір сәттік деп қарастырылады. Сонымен, ДК технологиялық процессті бақылайтын түрлендіріп бергіштерден алынған деректерді үздіксіз әрі кідіріссіз талдап, логикалық шешімді қалыптастырады да, шығыстық деректерде басқарушы сигнал ретінде осы процессті басқаратын органға береді.

ЭЕМ мен ПК арасындағы тағы бір айырмашылыққа атқару программасын басқару және көрсету жатады. ЭЕМ-де программа команда бойынша беріледі де 1-2 рет орындалады, сосын келесі программа беріліп (загрузка), ол да орындалады, т. с. с. Машиналық уақыттың басым бөлігі ЭЕМ-геәртүрлі тұтынушы ендірген жаңа программаларды сұрыптаға кетеді. ЭЕМ күн сайын тұтынушының сұранымына сай әртүрлі программалар жиынтығын орындайды. Сол себепті кәдімгі ЭЕМ әмбебап құрылғы болып табылады. Ал ПК сағат сайын, күн сайын қайта программалана алады. Бірақ ПК өз қызметі кезінде бір рет қана программалануы да мүмкін.

ПК-ға басу, перфотаспадан санау құрылғылары, дисководтар, дисплейлер немесе әмбебапты клавиатуралы пульттерінің қосылуы көзделмеген. Прогамматордың өзі де ПК-ға статционарсыз қолданады.

ПК жәрдемімен автоматтандырылған технологиялық процесті басқарудың екі әдісі бар. Кері байланысты басқару негізіндегі әдісте технологиялық процестің кейбір параметрін түрлендіріп бергіштер арқылы бақылау қарастырылған. Түрлендіріп бергіштен технологиялық процесті бсқарудың берілген командасының орындалуының аяқталғаны туралы сигнал беріледі. Бұл келесі команданың орындалуының басын білдіреді. Екінші әдіс командалардың тізбекті орындалуын кері байланыссыз қарастырады. Бұл орайда ПК құрамына кіретін таймерлер пайдаланылады. Таймер бір команданың әрекетінің аяқталғанын және программаланатын ретке сәйкес келесі команданы іске ендіруді анықтайды.

Кері байланысты басқарудың артықшылығы сол, ол арқылы басқару операциясының уақыт мерзімі реттеледі де берілген әр команданың толық орындалып шығуына мүмкіндік туғызады. Басқаша айтқанда, әрбір команданы толық орындап шығу үшін алдын ала оған жеткілікті уақыт қарастырылады. Кері байланыссыз басқаруда кейбір команданың қарастырылған уақыттан ерте аяқталуына байланысты, ПК-ның бос жүрісіне уақыт текке шығындалады. Бұл кемшілік кері байланыссыз басқаруды пайдаланудың қажеті жоқ деген ұғым туғызбауы керек.себебі, бұлай басқарудың да өзіндік артықшылығы бар, айталық ол қарапайым және әр команданы орындауды бақылайтын қымбат бағалы түрлендіріп бергіштерді керек етпейді. Кейбір ПК-ларда көп контурлы жұдырықшаларды модельдейтін таймер сияқты арнаулы құрылғылар болады. Мұндай таймерлер уақыт функциясында командалар тізбегін басқаруға арналған тиімді құрал болып табылады. Енді осы арнаулы құрылғыларының кейбірін қысқаша қарастырайық.

ПК-ның арнаулы құрылғылары ПК-ның негізгі қызметіне логикалық кірістерді жоғары жылдамдықпен сканирлеу (шоғырландыру), сатылы схема негізінде программаланған логикаға сәйкес шығыстық күйін анықтау мақсатындағы логикалық қатнастарды бағалау, программаланған логикаға сәйкес шығыстық күйін анықтау жатады. Кейбір жағдайда ПК көрсетілген қызметті таймерсіз, санаушысыз, аналогты-цифрлық түрлендіргішсіз және басқа да арнаулы құрылғыларсыз орындай алады. Егер мұндай құрылғылар қажет болса, ПК үшін сыртқы түрде болады да, ПК-ға оның кірістері және шығыстары арқылы қосылады. Көрсетілген құрылғыларды қосу үшін ПК арнайы программамен қамтамассыз етіледі, ол программа контроллердің тұрақты есте сақтау құрылғысында алдын ала жазылып қойылған.

ПК-ның арнаулы құрылғыларының бірі – таймер. Таймер уақытты тура және кері бағытта санауды және бақыланатын құралдың қызметінің бірі немесе бірнеше цикілінің уақытын санауды жүзеге асырады. Ал, таймер сырт құрылғысы болғандықтан, ол басқарудың кәдімгі релелік жүйесінде де қолдануы мүмкін. Осы тұрғыда таймер қарастырылған болатын. Ондағы қарастырылған таймерлердің барлық сипаттамалары ПК-ға енгізілген таймерлерге де тарайды.

Барабан текті таймерлер. Тізбекті әрекетті таймер қондырғысы, кері байланыссыз контроллер, жұдырықша текті таймер болып саналады. Айналмалы бірлік – сағат білігінің қызметін атқарады. Жұдырықшаның ұзына бойындағы сонғы ажыратқыш жанаспалары орнатылған, олар жұдырықшамен жанасқанда программаның бағытталуына сәйкес іске қосылады. Мұндай қондырғыны көбінесе барабан текті таймер деп атайды. Барабан текті таймерді программалау кәдімгі механикалық баптауға сәйкестендіріп, реттеу бұрамасын пайдалануға негізделеді. ПК-да шын мәнінде барабан не механикалық жұдырықша болмайды, бірақ барабан текті таймерлердің жұмысын модельдейтін кірмелі таймерлер пайдаланылады. Мұндай құрылғы – таймер программалауды жылдам орындауға мүмкіндік береді. ПК-ға орнатылған таймер электрондық құралдармен орындалады, механикалық таймердің жұмысын модельдеу резидентті программалық қамту көмегімен ПК-да тікелей жүзеге асырылады.тұтынушыға программалау жолымен жүзеге асырылатын модельмен әрекет жасауға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда тұтынушы әр “жұдырықшаның” басылуына орай қосылатын ақырғы ажыратқыштарды модельдердің не барабанның білігінің айналу жиілігін (жиілік айналмалы параметрмен берілуі ықтимал) және барабанның модельденген айналысының әрбір дербес қадамы үшін алынған шығыстық күйінің (қосылған-ажыратылған) конфигурациясын (маскасын) сәйкестендіреді.

Дискретті қадамдар ұзақтығымен (уақыт бірлігінде) ажыра-тылуы ықтимал, өйткені бір қадамға деген импульстер саны берілгенболуы мүмкін. Импульстер сканирлеудің ішкі жиілігімен немесе ПК жұмысының циклімен өзара тұрақты байланысты болады. Мысалы ПК циклінің ұзақтығы 50 Гц жиілікпен үлессе, онда ПК-ның барабанды таймерінің ең кіші қадамы 1/50 с не 20 мс жиілігіне сай келеді. Барабанды таймер уақыттың мұндай қысқа аралығында сигнал беруі үшін, «импульстер саны / қадам» функциясын 1 деп анықтау қажет. Берілген 60 импульс / қадам барабанды таймер қадамның 1 с ұзақтылығына, ал берілген 3600 импульс / қадам – 1 мин ұзақтығына сай келеді. Осылайша импульс санының мәнін қадамға сәйкес өзгерте отырып барабан айналысының жиілігінің әртүрлі мәнін үлгілеуге болады.

Санауыштар. Таймерлермен тығыз байланысты құрылғы санауыштар болып табылады. Іс жүзінде таймер генератор тудыратын импульстер санауышы тәріздес. ПК-ға енетін санауыш-тардың өзіндік ерекшеліктері болады.

ПК-ға енетін санауыштар, сыртқы жартылай өткізгішті санауыштар тәрізді, адам мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары деңгейдегі жиіліктегі электр импульстерін санай алады. Осының арқасында, басқа жағдайда автоматтандыруды ешқашан жүзеге асыру мүмкін емес процестерді автоматтандыруға жағдай туады.

Жоғары жиілікпен келетін импульстерді құруды және санауды қамтамассыз ететін жартылай өткізгішті құрылғылар өндірістік роботтар мен автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын импульстік қалып түрлендіріп бергіштерін және т.б. құрылғыларды жасауға игі әсер етті.

Импульстердің ең жоғарғы жиілігі импульстік қалып түрлендіріп бергіштермен жұмыс істейтін санауыштардың негігі параметрі болып табылады.негізінде ПК мұндай қызмет атқаруға пайдаланылмайды. Текті ПК-дағы кірмелі санауыш технологиялық процесті бақылайтын түрлендіріп бергіштің жіберген импульстерін санауға арналады. Санауыштағы мәлімет программаланған мәліметтің мәніне жеткенде шығыстық сигналы қалыптасады. Санауыштың шығысынан берілетін бұл сигнал программа бойынша ПК шығысының «Қосылған» және «Ажыратылған» күйін басқара алады, басқаша айтқанда технологиялық процесті басқаруға «релелік жанаспа» не басқа элементі ретінде іштен басқару үшін пайдаланылады. ПК санауыштары санауды тура не кері бағытта жүзеге асырады. Бұл жағдайда санауыштың бір кірісі импульстерді тура, екіншісі кері бағытта санауға пайдаланылады. Мұндай санауыштар реверсивті деп аталады.

 

Модемдер

Мұндай құрылғылар деректерді электрлі сигналдарға түрлендіреді немесе соңғы аппараттармен байланыс торабын жалғастырады. Соңғы аппарат қызметін ЭЕМ атқарады. Сонымен «модем» сөзі «модуляция және де модуляция» сөздерінен құралады. Демек сигнал параметрлерін байланыс торабына келістіреді. Байланыс торабына келген сигнал модульданады. Ал байланыс сызығынан шығатын сигнелдар кері түрленуге тура келеді. Біз соңғы қондырғы ретінде компьютерді алсақ оның қабылдағыш датчигі болады. Оны микросхема құрайды. Бұл микросхема көп қолданылатын UART (universal, asinchrone, resiviers, transmitteere) тасмалданатын датчик компьютердің тізбектелген порттары арқылы модемге қосылады. Мұнда 15 м дейінгі арақашық-тықты 9,6 килобит/секунд жылдамдығымен қамтамасыз етіледі. Келесі 5,1.а-суретте модемнің көмегімен байланыс желісінің торабын көреміз.

 

 

Сурет 5,1.а. Т – терминал; М – Модем; Кк – Кластерный контраллер

 

Бұл суретте 100 м дейінгі ара қашықтықтағы 1000 кбит/секундқа дейін өте жоғарғы жылдамдықпен модемнің жұмыс істеуі көрсетілген.

69.а-суретте көрсетілген екі желі арна бойынша келісілген торапты ұштарында кездесетін кедергіге қарамастан байланыс торабына жақсы ықпал етеді. Осы кезде сигналдың модульданған амплитудалы модуляциясы жүзеге асады. Келесі суретте көрінетіндей мұндай сигналдар кейбір өткізу жолағын иеленеді. Сондықтан модульданған тербеліс спектрінде осы суретте шекті жолақтары пайда болады. 69.б, в-суретте. Тасығыштар қызметін сигналы.

 

 

б) в)

Сурет 5,1.б, в

 

Амплитудалы модуляция кезінде сигналдардың бұрмалануы болмайды. Осындай шарттың орындалуы байланыс торабы үшін стандарт болуы мүмкін. Олай болса модемдерде жиілікті қосалқы түрлендіру керек.

Ең бірінші тасығыштарды модуляция жасау керек. Тасығыштар қызметін сигнал атқарады, 69.б, в-суретте.

Қорытынды егер өткізу жолағында беріліс жылдамдығы үлкен болса онда амплитудалы модуляция қызметінің атқарылу себебі модем көмегімен болады деп есептейміз, яғни мүмкін болатын немесе пайда болатын сигналдардың дискретті түрі қолданылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных