Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Операциялық күшейткіштер




Операциялық күшейткіштер (ОК) деп, өте үлкен күшейту коэффициенті бар тұрақты тоқ күшейткішін айтады. Кері байланыс тармағын түзейтін сыртқы элементтері бар ОК шешуші күшейткіш деп аталады. Жалпы айтқанда, ОК түсініктемесі үшін төмендегі екі қағиданы да айта кеткен жөн.

1. Операциялық күшейткіш деп үлкен кірістік және аз шығыстық кедергілері бар дифференциалдық тұрақты тоқ күшейткішін айтады.

2. Операциялық деп өзі қосылған теріс кері байланыстың қасиетіне тәуелді құрылғылар торабын құруға мүмкіндік беретін күшейткішті айтады.

ОК-нің негізгі мақсаты – тұрақты күшейту коэффициенті бар сұлбаларды жасау. ОК басқару және реттеу сұлбалары, кернеу стабилизаторы секілді функционалды тораптарды құру үшін кеңінен қолданылады.

Принципиальды сұлбасының күрделілігіне қарамастан ОК тек екі блоктан: кірістік дифференциалды күшейткіштен және ОК-нің аз шығыстық қуат күшейткішінен тұрады.

ОК құрылымдық сұлбасы 4,8-суретте көрсетілген. Операциялық күшейткішті қоректендіру үшін кернеулерінің шамалары және бірдей екі симметриялы көз қолданылады; бұл күшейткіштің шығысында амплитудалары бір, шамалары теріс не оң сигналдар алуға мүмкіншілік туғызады. ОК-нің шартты сұлбалардағы белгіленуі 4,8.а-суретте, ал қорек көзі тізбегіне қосылу схемасы 4,8.б-суретте көрсетілген.

ОК-нің бір кірісін инвертирлеуші деп атайды да, минус таңбасымен белгілейді, ал екінші суретте операциялық күшейткіш типі К140УД8 күшейткіш интегралды микронобайдың шартты белгісі мен құрылымы көрсетілген. Шартты белгісі 4,8.а-сурет. ОК-нің сұлбалардағы белгіленуі.

Құрылыс нобайындағы транзисторлар 2 кас-кадқа бөлінеді.

 

Сурет 4,8.б. Тізбегке қосылу схемасы

 

Бірінші каскад Т1, Т11 және Т2, Т9 р-типті өрістік транзистор-лардан тұрады, оның арнасы симметриялы дифференциал болады, ал Т3, Т19 транзисторлары жүктеме қызметін атқарады. Т5, Т4 транзисторы каскадтағы исток тізбегінің тоғын стабилизациялауға арналған. Бұл транзисторлар трансформатор міндетін атқарады.

Екінші каскадтағы Т7, Т12 транзистордан жасалған екі эмитторлы қайталағыштан тұратын симметриясыз дифференциалдық каскад жатады.

Бірінші және екінші каскад арасына байланыс беру арқылы сигналдар жүрмейді, ал Т15, Т19 біріккен транзисторы кернеуді күшейтеді. Мұнда Т17 өрістік транзисторы жүктемелік қызмет атқарады. Микронобай шықпасындағы Т20, Т22 және Т23, Т24 транзисторларынан құралған трансформаторсыз қуат күші қолданылады.

К140УД8 микронобайы екі кірмеден және жетінші санды шықпадан тұрады.Жалпы шықпадан қосымша кернеу беретін +Е1, -Е2 шықпалары бар. Кедергісі 10 кОм-ды айнымалы регистор көмегімен микронобай балансировкасы (тепе теңдігі) екінші және алтыншы шықпадан жасалынады.

К140УД8 микронобайының амплитудалық сипаттамалары, ол шығу кернеуі мен кіру кернеуінің арасындағы ығысу кернеуі 1 мВ кері және теріс өсімшелері жүреді.

Мұндай ығысу тұрақты тоқ күшіне ғана тән болады.

Егер кірме кернеуі +-1 мВ ығысқанда микронобайдың күшейткіш-тер коэффициенті 10-ға дейін төмендейді. Күшейткіш коэффицинетінің өте көп мәнінде микронобай өзінің құлақшалар арқылы R2 және R10 тепе-теңдікке қолмен бұрап келтіреді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных