Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары.




Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі дәрежесімен анықталады.

Нарықтық құрылым- бұл фирмалардың салалық нарықта өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің жиынтығы.

Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның типін анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге болады:

1. Өндірушілердің шоғырлануы;

2. Сатып алушылардың шоғырлануы;

3. Өнімді ерекшелендіру дәрежесі;

4. Нарықтық ақпараттың толықтылығы;

5. Салага кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері;

6. Өндірушілердің бағаға бақылау жасай алу дәрежесі;

7. Фирмалардың өзара әрекеттесу сипаты.

Осы факторларды ескере отырып, нарық құрылымын негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады:

• Жетілген (таза) бәсеке;

• Абсолютті (таза) монополия;

• Монополистік бәсеке;

• Олигополия.

Жетілген бәсеке нарығыдегеніміз - нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.

Жетілген таза бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты ретінде бірқатар қатаң болжамдарга сүйенеді. Атап айтсақ, оның шарттары төмендегідей болып табылады:

1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны нарықта өте көп болады.

2. Фирмалардың салаға кіруі және одан шығып кетуі еркін және ол ешқандай тосқауылдармен шектелмейді.

3. Әрбір жеке фирманың нарықтық үлесі соншалықты мардымсыз болғандықтан олардың әрқайсысы бағаға бақылау жасай алмайды.

4. Сатушылар да, сатып алушылар да нарықтың әрекет ету жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толық ие бола алады.

Осындай нарықтық құрылымның аталған шарттарына байланысты оған жетілген бәсеке нарығы - бұл нарықтық бағаға әсер ете алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар әрекет ететін нарық құрылымының бір типі деп анықтама беруге болады.

Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс қисығы баға бойынша өте икемді болып табылады. Ол абсцисса осіне параллельді түрде өтеді.

Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары:

1. Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге асырылады.

2. Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді.

3. Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.

Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері:

1. Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға қабілетсіз болып табылады;

2. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды, өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу көп қаржыны талап етеді;

3. Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.

Сәйкесінше, осы аталған артықшылықтар мен кемшіліктер тек жетілген бәсеке нарығына ғана тән болады алады, яғни осындай ерекшеліктер нарықтық құрылымдардың басқа да типтері үшін сипатты болып табылмайды.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных