Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нарықтың атқаратың қызметтері мен принциптері.




Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге болады. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:

1) Нарықтың ақпараттық қызметі - нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады.

2) Нарықтың делдалдық қызметі - нарықтың тұтынушыға өзіне қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы сатып алушыны тандай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады.

3) Нарықтың баға белгілеушілік қызметі - нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады.

4) Нарықтың реттеушілік қызметі - нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады.

5) Нарықтың сауықтырушылық қызметі - нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы.

Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:

1) Маржиналды (шекті) талдау принципі - нарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді.

2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі - берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей баламалы нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.

3) Экономикалық ұтымдылық принципі - рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.

Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных