ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сурет 38. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы1 – тері астында; 2 – интрамаммарлы; 3 – ретромаммарлы; 4 – галактофорит. Клиникалық көріністері, диагноз қою. Маститтің бастапқы кезеңінде дұрыс диагноз қойылып, тиісті ем жүргізілсе, қабыну тоқтап, кері қайтуы әбден мүмкін. Жедел маститті лактостаздан ажырата білу өте маңызды. Лактостазда екі омырау бірдей сүтке толып, керіп ауырады, пальпация ауырсынусыз, сүт жеңіл сауылады, омырау сүттен босағаннан кейін керіп ауырғаны басылады. Қанның анализдерінде өзгерістер байқалмайды. Жедел серозды маститте науқас аяқ астынан қалтырап тоңады, дене қызуы күрт жоғарлап, терлейді, әлсірейді, қабынған омырау қатты ауырады, ісінеді, пальпациялағанда ауырсыну күшейе түседі, шектелмеген инфильтрат анықталады. Сүтті сауғаннан кейін де жағдайы жеңілдемейді. Қанның анализінде лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі. Жедел инфильтративті маститте қабынудың клиникалық көріністері ауырлай түседі, дене қызуы 38 – 39°С дейін жоғарылайды, пальпациялағанда шекарасы айқын инфильтрат анықталады. Микроскопиялық зерттеуде сүт құрамында көптеген лейкоциттер кездеседі, қандағы сілтілі фосфатазаның белсенденуіне байланысты сүттің қышқылдығы жоғарылайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|