Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 39. Флегмонозды мастит.




Гангренозды маститте науқастың жағдайы өте төмен, дене қызуы 40-41°С, тахикардия 120-130, тыныс алуы 22-25 рет/минутына, сүт безі үлкейеді, терісінде геморрагиялық көпіршіктер, некроздар пайда болады. Бездің айналасындағы тіндер ісінеді, қанның анализдерінде лейкоцитоз, лейкоциттік формула солға жылжиды, зәрде белок анықталады.

Маститтіңіріңді, гангренозды түрлері лимфангиит, лимфаденит, жыланкөзбен (свищ) жиі асқынады, кейбір жағдайда сепсиспен асқынады.

Емі. Серозды, инфильтративті түрлерінде кең спектрлі антибиотиктермен (пенициллин, аминогликозидтер, цефалоспорин, макролидтер) бірге сульфаниламидтер тағайындалады, инфузиялы терапия ретінде қан алмастырушы сұйықтықтар, гемодез, белок препараттары, тұз ерітінділері құйылады. Иммундық жүйені реттеуде гамма – глобулин т.б. иммунопрепараттар қолданады. Міндетті түрде баланы уақытымен емізіп, қалған сүтті сауып отыру өте маңызды. Қабынуды тоқтату, кері қайтару мақсатында 70-80 мл. 0,5% новокаин ерітіндісіне 500мг. канамицин, 10 мг. трипсин қосып, ретромаммарлы майлы клетчаткаға блокада жасалады және физиотерапия жүргізіледі (УЖЖ, ультрадыбыс, ультракүлгін сәулесі). Кейбір ауыр жағдайларда эстроген, андрогендер гормодарын бірге тағайындап, омыраудың сүт қорытуын тежеуге тура келеді. Іріңді, деструктивті маститтерденаркоз беріліп іріңдіктерді кеңінен тіліп ашып, іріңін толық шығарып, өліеттерден мұқият тазартады. Интрамаммарлы орналасқан іріңдіктерді радиалды тілікпен, ретромаммарлы және терең интрамаммарлы орналасқан маститтердеомыраудың астынан жарты ай тәріздес Барденгейер бойынша тілікпен, субареолярлы іріңдіктіареола шеңберіне паралелді, доға тәріздес тілік жасалып, іріңдіктерді ашады, іріңді қуысты тазартып, антисептиктермен жуып, дренаждайды (40-сурет).

Операциядан кейінгі жараларды емдеу, жарадағы қабыну процесінің ағымына, кезеңдеріне сәйкес жүргізіледі. Жаралар тазарғаннан кейін ерте екіншілік тігіс салынса, емдеу мерзімі қысқарып, операцияның косметикалық нәтижесі арта түседі. Маститтің алдын алу ерте жүктілік кезінен басталғаны абзал. Болашақ аналардың денсаулығын мұқият тексеріп, эндогенді инфекция ошақтарына санация жүргізіледі.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных