Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 78. Иық буынының іріңді артриті кезінде іріңдіктердің таралуы.




а-иықтың алдыңғы беті: 1- бұғана үстіне; 2-дельта тәрізді бұлшықет астына; 3 -иық буынына; 4-қолтық астына; 5-иық алдына; 6-шынтақтан төмен білек алдына; 7 - субпекторалды іріңдік; 8-іштің алдыңғы қабатына; б-иықтың артқы беті: 1-дельта тәрізді бұлшықет астына; 2-қолтық астына; 3-иық артына; 4-шынтақтан төмен; 5-жауырын үстіне; 6-жауырын тұсына; 7-трапеция тәріздес бұлшықет астына; 8-арқаның жалпақ бұлшықеті астына.

79-суретте тізе буынының іріңді артритінде іріңдіктің таралу жолдары көрсетілген.

 
 

Сурет 79. Іріңді гонит кезіндегі іріңдіктердің таралуы.

1-санның алдыңғы бетінің терең қабаттарына таралуы; 2, 3-санның артқы бөлігіне таралуы; 4-тізеден төмен m.gastocnemius et m.soleus аралығына таралуы; 5-тізеден төмен балтырдың терең фасциясының астына таралуы; 6-m. soleus және балтырдың терең фасциясының аралығына таралуы; 7-балтыр сүйектері аралық мембрана сыртына таралуы; 8-балтыр сүйектері аралық мембрананың алдыңғы төмен бөлігіне таралуы.

Клиникалық көріністері. Қабынған буында қатты ауырсыну, қызару, қимылдың шектелуі, тіндердің инфильтрациясы анықталады. Буынның пішіні өзгеріп, флюктуация симптомы пайда болады. Науқастың жалпы жағдайының төмендеуі: дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, қалтырау, бас айналу мазалайды, анемия орын алады. Диагноз қоюда анамнезін сұрастырып, буынның зақымдалғанын анықтау қажет, егер де буын жарақаты болмаса онда гематогенді артрит болуы ықтимал. Қарап тексеруді сау буынмен салыстырмалы түрде жүргізеді, айырмашылықтарына көңіл аударады. Пальпацияда жергілікті гипертермия, флюктуация симптомы, буын қимылының шектелуі, ауырсынуы байқалады. Буында сұйықтық болса пункция жасалып, экссудатты микробиологиялық, бактериологиялық тәсілмен зерттейді. Қабынудың қоздырғыштары және олардың антибиотиктерге сезімталдығы анықталады. Қан анализдерінде лейкоцитоз, нейтрофиллез, диспротеинемия, ЭТЖ өсуі сияқты қабыну белгілері нақтыланады. Іріңді артритте рентгнограммада буын сүйектерінің арасындағы саңылауы кеңейіп, жілік эпифизінде остеопороз орын алады. Іріңді артриттің емі жергілікті және жалпы болып келеді: 1) буынға пункция жасап, антисептиктермен жуып, соңында антибиотик енгізу. 80-суретте көрсетілгендей.


 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных