Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.




а) буынға пункция арқылы микроирригатор енгізу;

б) буынды антисептиктермен үздіксіз жуу.

Іріңді артрит параартикулярлы флегмонамен асқынғанда іріңдікті тіліп ашып, дренаждау, санациялау. Іріңді артриттің алдын алу шараларға: буын жараларына дер кезінде мұқият біріншілік хирургиялық тазарту жүргізу, ортопедиялық операцияларда асептика заңдылықтарын бұлжытпай орындау, буын айналасындағы тіндердің іріңді процестерін дұрыс емдеу.

Бурсит (bursitis) -буындардың синовиалды қалталарының қабынуы. Бұл синовиалды қалталар дәнекер тіндерден тұрады, ішкі қабаттары эндотелиймен қапталған. Егер де синовиалды сұйықтық іріңдесе іріңді бурсит дамиды (82-сурет).

 

Сурет 82. Бурсит.

 

 

Аурудың қоздырғыштары іріңдікті тудыратын стафилококктар мен, стрептококктар. Сирек жағдайда бурситті арнайы (жеке) микробтар – гонококк пневмококк, туберкулез, ішек таяқшалары шақыруы мүмкін, онда қабыну спецификалық бурсит деп аталады. Буын қалталарына инфекция лимфа жолдарымен жақын ораласқан іріңді ошақтардан (тілме, флегмона, карбункул, фурункул, остеомиелит және т.б.) түседі. Ангина, грипп, ревматизм ауруларында инфекция синовиалды буын қалталарына қан арқылы таралады. Іріңді бурсит буын жарақаттарында да кездеседі, және іріңдік жайылып флегмонамен, созылмалы жыланкөзбен асқынады. Тізе, иық, шынтақ буындарында іріңді бурсит жиі дамиды.

Клиникалық көріністері. Буын қалталарының проекциясында домаланып келген көлемді ісік байқалады, пальпация кезінде аурсыну, жергілікті температура көтеріліп, ісінген жерде флюктуация анықталады. Кейде қолмен аяқтың қимылы аздап шектеледі. Науқастың жалпы жағдайы ауырлап, дене қызуы 38 – 38,5º дейін көтеріледі, қан анализінде лейкоциттер өседі.

Диагноз клиникалық көріністеріне, анамнезіне сүйене отырып, буынның қабынған синовиалды сумкасына пункция жасау, алынған экссудатты лабараториялық зерттеу арқылы қойылады. Іріңді бурситтің іріңді артриттен айырмашылығы: бурситте буынның қимылы толық сақталады.

Емі. Қабынудың бастапқы кезеңінде пункция жасап, экссудатты сорып алып, антибиотиктер енгізу, қабынған жердің қимылын шектеу. Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда әр түрлі операциялар қолданады: а) буын қалтасын тіліп ашып, іріңнен тазартып, ары қарай іріңді жараны емдейді; б) буынның синовиалды қалтасын ашпай, жергілікті жансыздандырумен қалтаның бүйірінен тіліп, оны сылып алып тастап, жараны ашық емдеу немесе жараға антибиотик сеуіп тігіс салу; в) қалтаны тіліп ашып, санациялап, қуысына 5% карбол қышқылын немесе йод ерітіндісін енгізу.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных