Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ДУГЛАС КЕҢІСТІГІНІҢ АБСЦЕСІ




Дуглас кеңістігінің абсцесі жамбас қуысында орналасқан мүшелердің іріңді қабынуында немесе жедел іріңді аппендицитте, асқазанның тесілген ойық жарасында инфицирленген экссудат төмен ағып жамбас қуысына түзілгенде дамиды. Аталған аурулар ішінде аппендициттен кейін жиі орын алады. Бұл жағдайды әрбір хирург үнемі еске сақтап, міндетті түрде іш қуысының жедел хирургиялық ауруларында тік ішекті, әйелдерді қосымша қынап арқылы зерттеп, жамбас қуысында түзілістердің бар жоқтығын анықтауы қажет.

Диагноз қою. Бұласқынудаіштің төменгі бөлігі қатты ауырады, дене қызуы көтеріліп, лейкоцитоз орын алады. Саусақпен ректалды, вагиналды зерттеуде кіші жамбас қуысында қатты ауыратын инфильтрат анықталады.

Емі. Инфильтрат толық шектеліп тік ішекке, қынап күмбезіне жақындап жұмсарғанша, антибактериалды, дезинтоксикациялық, иммундық терапия және тік ішекке емдік шөптермен (ромашка) ыстықтау клизма, қынап қуысын осы шөптермен жиі жуу сияқты комплексті консервативті ем жүргізіледі. Іріңдік толық қалыптасқан уақытта тік ішек не қынап арқылы жұмсарған жерінен пункция жасалады (96 (1,2)-суреттер, ірің анықталса сол иненің бойымен абсцесс тілініп ашылып, қуысын санациялап, 3 – 4 күнге силикон түтікше дренажы қойылады. Біртіндеп іріңді қуыс, тік ішектің
жарасы жабылады.

Сурет 96. Жамбас астауының іріңдіктерін пункциялау. 1- Ерлерде қуық тікішек аралығындағы абсцесске тікішек арқылы пункция жасау; 2- әйелдерде жатыр тікішек аралығындағы абсцесске тікішек немесе жатыр қынабы арқылы пункция жасау.

ПЕРИТОНИТ

 

Перитонит – құрсақ қуысы ішастарының (серозды қабаттары) жедел немесе созылмалы қабынуы. Перитонит терминін 1906ж. Шпренгель енгізген.

Этиологиясы, инфекция түсу көздері: қоздырғыштарының 85 – 90% іріңдіктер тудыратын микроорганизмдер болып табылады. В.Д. Федоров, Б.Д. Савчук мәліметтері бойынша перитонит кезінде іш қуысындағы экссудатты бактериологиялық зеттеуде ішек таяқшасы 65,2%, стафилококк 19,1%, протей 8,2%, спорасыз дамитын анаэробтар 2,7, осы микробтар ассоциациясы 27% анықталған. Көп жағдайларда қурсақ қуысындағы мүшелердің іріңді қабынуы (жедел аппендицит, жедел холецистит, ішек өтімсіздігі, қысылған жарықтар, асқазан, ұлтабардың тесілген ойық жаралары, жедел панкреатит, жедел гинекологиялық аурулар) немесе аталған қуысты мүшелердің зақымдалуы перитонитпен асқынады. Себебі анықталмаған перитониттер криптогенді деп аталады. Құрсақ қуысына операциялар жасалғанның өзі жарақат болып есептеледі. Ауыр операциялар ұзаққа созылғандықтан, құрсақ қуысындағы мүшелердің кебуі, құрғауы, температурасының төмендеуі, қолданылатын химиялық антисептиктердің іш пердесін тітіркендіруі асептикалық қабыну тудырып, ас қорыту жүйесіне кері әсерін тигізеді – іштің ауырсынуы, кебуі, жүрек айнып құсуы болады. Перитонит ағымында қоздырғыштарына байланысты ерекшеліктер байқалады: Стрептококты перитонит көбінесе шектелмейді, жайылмалы болып келеді, іріңі сұйық, құрамында фибрин аз болады. Ішек таяқшаларынан туындайтын қабынуда түзілетін іріңде фибрин мол болғандықтан перитонит көбінесе шектелген, ошақталған болып келеді. Осы себепке байланысты стрептококті перитониттен кейін науқастардың өлімі, ішек таяқшасымен шақырылған перитонитпен салыстырғанда екі есе жоғары. Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының ішінде жедел аппендицит перитонитпен жиі асқынады, орташа есеппен перитониттің жартысынан көбі (50 – 72%) жедел аппендициттің асқынған түрлерінен кейін дамиды. Іріңді деструктивті қабынулар асқазан, ішектің қабырғаларының қан айналымын бұзады - қан тамырларының тромбозы ішек некрозына әкеледі, ішек қабырғалары ыдырап жұқарады, өтімділігі жоғарылап немесе тесіліп (перфорация) перитонит дамиды (97-сурет, 141-бет).

 







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных