Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Холецистэктомия. холецистэктомия.




 

Бауыр асты инфильтратымен асқынған іріңді холециститте, өт жолдарын зақымдап алмас үшін, холецистэктомияны түбі жағынан жасаған қаупсіз. Іріңді холециститте сарғаю, холангит орын алса қосымша холедохотомия жасап өт жолдарына тексеру жүргізіп, қажет болса олар дренаждалады. Операция міндетті түрде іш қуысына дренаж қоюмен аяқталады. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарға дезинтоксикациялық, антибактериалды, инфузиялық, иммундық терапия жалғастырылады. Қосалқы аурулары бар науқастарда, асқынған іріңді холециститте операциядан кейін адам өлімі 4-10% кездеседі. Дер кезінде созылмалы, рецидивті холециститтерге радикалды операция жасау және жедел холециститке уақытында дұрыс диагноз қойып, тиісті ем қолдану, бұл қауіпті асқынулардың алдын алу болып есептеледі.

 

БАУЫР АБСЦЕССІ.

Бауыр абсцесі амебалық дизентерия және іріңді инфекциялардан (пилефлебит, іріңді холангит) кейін дамиды. Ыстық климатта орналасқан елдерде амебалық дизентерия жиі кездесетініне байланысты бауырлық абсцесс жиі дамиды, барлық хирургиялық аурулардың 5% құрайды. Бауыр абсцессінің себебі ретінде екінші орында жедел аппендицит. Өте сирек 0,03 – 0,05% жағдайларда іріңді – гангренозды аппендицитте өсіндінің шажырқайында тромбофлебит (пилефлебит) дамиды, ары қарай инфекция қақпалы венамен (V. Portae) бауыр абсцестеріне әкеледі. Бауырда іріңді метастаздар септикалық эндокардит, остеомиелит, фурункул, сепсис сияқты іріңді процестерде кездесуі ықтимал. Бауырдың ашық және жабық жарақаттары, ішек жолдарының паразитарлы ауруларында бауыр абсцесі сирек болса да кездеседі. 88-суретте бауыр абсцессінің сыртқы көрінісі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных