Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЖЕДЕЛ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ.




Жедел спецификалық хирургиялық инфекцияға сіреспе, сібір жарасы, жаралар дифтериясы және құтыру аурулары жатады. Хирургиялық науқастарда сіреспе, сібір жарасы (сібір карбункулы) және жара дифтериясы сирек кездеседі.

Сіреспе (tetanus- грек тілінен аударғанда тырысу, сіресу) жедел спецификалық инфекциялық ауру. Қоздырғышы спора арқылы дамитын анаэроб Clostridium tetani таяқшасы. Негізінде сіреспе ауруын тудыратын сіреспе таяқшасының тетаноспазмин экзотоксины. Тетаногемолизин экзотоксины аурудың дамуында маңызды роль атқармайды. Ауру қоздырғыштары адам организміне жаралар арқылы түсіп, экзотоксиндер бөлгенде сіреспе дамиды. Сіреспе таяқшасы сапрофит ретінде сиыр, жылқы және адамның ішегінде мекендейді. Нәжіс арқылы топырақты ластандырады. Тыңайтқыштарды (малдың көңі) пайдаланатын егіндіктерде, саяжайларда, огородта сіреспе таяқшасы жиі кездеседі. Сондықтан топырақпен ластанған кездейсоқ жараларда сіреспемен ауыру қауптілігі өте жоғары. Ұлы Отан соғысында жараланған жауынгерлердің 0,6 – 0,7% - сіреспе ауруы кездескен, әсіресе қол аяқ жарақаттарында. Бейбітшілік уақытта сіреспе сирек кездеседі, көбінесе ауылды жерде, 14 жасқа дейінгі балаларда, себебі дәрігерлік көмектің дер кезінде көрсетілмеуі. Аурудың инкубациялық кезеңі 4 – 14 күн, кей кезде 4 – 5 айдан кейін дамуы мүмкін. Инкубациялық кезеңнің мерзімі жараға түскен микробтардың түріне, мөлшеріне, вируленттілігіне, жараның орналасқан жеріне, түріне, ауырлығына, адамның иммунитетіне байланысты. Неғұрлым инкубациялық кезең қысқа болса, сіреспе соншалықты ауыр түрде өтеді. Сіреспемен ауырған адамда тұрақты иммунитет қалыптаспайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных