ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сурет 120. Сібір жарасы (сбір карбункулы).Жарада іріңдеу және ешқандай ауырсыну сезімі болмайды, көпіршіктер ішіндегі қанды сарысуды бактериологиялық зерттеу кезінде аурудың қоздырғышы анықталады. Науқастың жалпы жағдайында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, тек қана инфекцияның жайылған түрінде ауыр интоксикация орын алады. Ауру малдың етін жегенде сібір таяқшалары ішекке, мал терісін, жүнін өңдегенде ауа арқылы өкпеге түсіп, түйнек ауруын тудыруы мүмкін. Түйнектің бұл түрлері науқасты тез арада өлімге әкелуіне байланысты диагноз анықтала қоймайды.Аурудың емі тек консервативті, операция жасалса қабыну айналасындағы грануляциялық шектеу бұзылып, процесстің жайылуына әкеледі. Міндетті түрде антибиотиктер тағайындалады (пенициллин, стрептомицин, т.б.). Арнайы ем ретінде күйдіргіге қарсы сарысудың 50-100мл., және 0,6-0,9 г. сальварсанды көктамыр арқылы енгізу. Жара дифтериясы Жараларға дифтерия таяқшалары (Лефлер таяқшасы) түскенде дамиды. Қабынудың ерекшелігі жараның бетінде, қиын алынатын сұр немесе сұр-сарғыш түсті қабықтың болуы. Жараның айналасындағы тіндер қызарып ісінеді (121-сурет). Ағымы баяу, бактериологиялық зерттеуде аурудың қоздырғышы анықталады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|