Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 130. Ортан жіліктің мойын тұсында, туберкулезді ошақта секвестр(өліеттенген сүйек фрагменті анықталады).




 

Сүйектегі біріншілік туберкулезді остит көбінесе, жалғыз ошақ түрінде сүйектің метаэпифизінде орналасады, ошақтың айналасында склерозды зона болмай, сүйек жұқарады (остеопороз) және сүйектің жұмсақ қабығы қалыңдап, периост дамымайды. Сүйектен туберкулезді қабыну буынға тарап, сұйықтық түзілсе, рентгенде буын саңылауы кеңейіп, буын шеміршегінің желінуін байқауға болады. Динамикалық рентгендік зерттеу арқылы қабынудың ағымын бақылауға болады.

Сүйек – буын туберкулезінің болжамы: дер кезінде дұрыс диагноз қойылып, тиісті ем жүргізілсе, науқастардың 90%-көбі толық жазылады. Асқынған жағдайларда буын сүйектерінің орнынан таюы, патологиялық сынықтар, секвестрлер орын алуы мүмкін. Буынның деструкциясында оның қимылы шектеледі (контрактура) немесе буын қимылы толық жоғалады (анкилоз). Адам өлімі туберкулез ауруының сепсис, амилоидоз, милиарлы туберкулез сияқты асқынуларынан 1 – 3% науқастарда кездеседі.

Емі.Сүйек - буын туберкулезімен ауырған науқастар ұзақ уақыт, арнайы туберкулезге қарсы ем жүргізілетін диспансер және санаторийларда емделеді. Бұл диспансерлер, санаторийлар қаланың шетінде, қарағай ішінде орналасады.Ауруларға кешенді ем тағайындалады - консервативті және оперативті.

Консервативті емдеуде туберкулез микобактерияларына қарсы арнайы антибиотиктер (рифампицин, циклосерин, канамицин, стрептомицин, изониазид, ПАСК, салюзид, тубазид т.б.) тағайындалады. Аурудың жалпы жағдайын, иммунитетін күшейту үшін жоғары калориялы, ақуызға, витаминдерге, микроэлементтерге бай ет, сүт, көкөніс, жеміс – жидек тағамдары беріледі. Емделу барысында науқастарға таза ауа, күн шуағы өте пайдалы. Жалпы еммен қоса науқастарға жергілікті ем жүргізіледі: аурудың қозу кезеңінде зақымдалған дене мүшесінің қимылын шектеу үшін шиналар, корсет, тутор, гипс таңғыштар, гипс төсектерді қолданады. Аурудың қарқыны қайтқанда науқастарды абайлап аяғына тұрғызады.

Оперативті ем ретінде іріңдіктерді пункциялау, оларды тіліп ашу, буынға резекция, ортопедиялық операциялар, ампутациялар жасалады. Пункцияны диагностика және емдеу үшін қолданады. Диагностикалық пункцияда сорылып алынған экссудат зерттеледі. Емдік пункцияда іріңді эвакуациялап, буынға, абсцесс қуысына 500000-1000000 бірлік стрептомицинді 3-5 мл. 0,5% новокаин ерітіндісімен немесе 10-15мл. 10% ПАСК ертіндісін енгізеді. Пункциядан кейін жыланкөз қалыптаспас үшін пункцияны абсцестің үстінен вертикалды емес, бүйірінен қиғаш жасау керек, сонда инені алғаннан кейін канал, жиырылған тіндермен жабылып қалады (131-сурет).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных