ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сурет 129. Кеуде омыртқаларының туберкулезі, зақымдалған омыртқалалар айналасындағы туберкулезді агымды абсцестер.
Мысалы жамбас буын туберкулезінде ағымды абсцесс санда немесе тізе буынының тұсында анықталады. Бел омыртқалар, төменгі кеуде омыртқалар туберкулезінде абсцестер мықын аймағына дейін таралуы мүмкін. Буын туберкулезінің жалпы симптомдары бастапқыда айқын болмайды. Науқастардың тәбеті төмендейді, тез шаршайды, жүдейді, дене қызуы көтеріледі, осы белгілердің бәрі жалпы туберкулезді интоксикацияға байланысты. Сүйек – буын туберкулезінде диагноз қою үшін науқасқа кешенді зерттеулер жүргізілу қажет: шағымына, ауру тарихына, туған туыстар арасында туберкулезге шалдыққандар болуын, олармен қарым – қатынасын анықтау, науқасты мұқият қарап деформация, атрофия, Александров сиптомын, буынның қимылының шектелуін анықтау. Лабораториялық зерттеуде перифериялық қанда лимфоцитоз, туберкулин сынамаларының оң болуы, қоректік ортаға іріңді сепкенде, туберкулез таяқшаларының анықталуы. Диагнозды нақтылауда екі проекцияда жасалған рентгендік зерттеудің маңызы өте зор.Туберкулезді ошақта дамитын грануляциялық тін сүйекті деструкциялайды, рентген суретінде деструкцияланған жерде сүйектің құрылымы жоғалып, дефект (ақау) пайда болады. Қабыну ошағының ортасында қарайған секвестр байқалады. 130-суретте рентгенограмма: ортан жіліктің мойын тұсында туберкулезді ошақта секвестр анықталады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|