Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылым танымның жоғарғы формасы ретінде Ғылыми проблема. Педагогика пәні және зерттейтін негізгі проблемалары.




Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасамай,

тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық

сана мен қасиеттерді дамытудың құралы ретінде көрінетінін жоғарыда

айтқанбыз. Осыдан, тәрбие зандылықтары, оның сипаты мен әдістемелік

негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие

адамның даму және қалыптасу заңдылық- тарына негізделеді. Сондықтан

педагогиканың шұғыл- данатын заты жеке адамның дамуы мен оның арасында

болған зандылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде тәрбиелік

жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни

педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып,

арнайы ұйымдастырылған ұрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін

айқындайды.

Келтірілген педагогиканың анықтамасын зерттеушілерді ғана емес,

солармен бірге мектеп қызметіне тікелей араласып жұрген практиктерді де жеке

тұлғаның даму процесін, сол даму мен тәрбие арасында жатқан терең астарлы

тәуелдік байланыстарды жан-жақты танып, тұсіну қажеттігіне бағдарлайды.

Мұндай қажеттіліктің пайда болуының себептері жаңашыл педагогикалық ой-

пікірлердіңтуындауына байланысты өрістейді.

Мысалы, көп уақытқа дейін жеке тұлға дамуының қозғаушы кұштері

ретінде тек сыртқы ықпалдар ғана назарға алынды. Ал адамның ішкі

жандұниелік кейіптері естен шығарылып, тіпті олар қажетсіз деп есептелінеді.

Келе-келе сыртқы әсерлердің өзінен-өзі керекті нәгиже- лерді бере бермейтіні

айдан-анық болып, бұл ықпалдардың педагогикалық тараптан адам

қалыптасуындағы ұнамды да, келеңсіз де, ал кей жағдайларда бейтарапта

сипатқа ие болатыны айқындалды. Іс жұзінде, тәрбиеленушінің тәлімдік әрекетті

қалайша қабылдайтыны, оған қалайша қатынастық байланыс жасайтыны ұлкен

маңызға ие. Осыдан педагогикада келесі теориялық идея бекіді: жеке адамның

дамуы мен оның мінез-құлқы тәрбиелік ықпалды қабылдау сипатына, бұл

ықпалдың адам жан дұниесі туғызатын сезімдік кұйге байланысты. Осы идеяның

қабылдануы педагогикалық теория мен тәрбие әдістерінің дамуын алға

ілгерілетті, мағынасын тереңдете тұсті.

Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып,

жеке адам дамуының астарлы, теренде жаткан тетіктерін және оның

дайындыгына қогам тарапынан койылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға

орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу процесін зерттейді. Бұл педагогика

зерттейтін негізгі теориялық проблемаларды боліп қарастыруға мұмкіндік береді.

Оңдай проблемалардың қатарына кіретіндер:

а) жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы

және қалыптасуының мән-мағынасы мен зандылықтарын зерттеу;

ә) тәрбиенің мақсатын анықтау;

б) тәрбиенің мазмұнын белгілеу;

в) тәрбие тәсілдерін зерттеу.

Сонымен, тәрбие - педагогикада мақсат болжау проблемасы.

Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс- әрекетіндегідей мақсат

қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жұргізіп жатқан ісінде мақсат

болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны

әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік

деп тұсіну керек.

Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты

мақсат адамның бар шығармашылық кұшіне қанат беріп, оны өрістете тұседі.

Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-

танушылық тудырады.

Тәрбие мақсаты — педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны

нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған

мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған

ісіндс қаншалықты сарсаңға тұсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай

шаршап-шалдыққанында бір-ақ тұсінеді.

Шынында да, кұнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс

көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті

естен шығарылады, осыдан "мақсатсыз тәрбие", яғни жол-жөнекей тәлім етек

алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың

қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мұмкіншіліктері іске

қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында тұңіледі, жұмысынан

қанағаттанушылық рахат көрмейді.

Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері -

мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын тұсіне білу

қажет.

Мақсат - субъект санасында онын қоршаған ортамен озара ықпал

байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек,

мақсат - жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатыңдықтан

— ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, ұніне зер салмаған

педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мұмкін емес т.б.

Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік категория,

себебі ол сана туыңдысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана-

сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі айтқандай: "Екі адам зат

жөнінде бір әңгіме айтуы мұмкін, бірақ бірінің әңгімесі екіншісіне ұқсамас". Бір

мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзін әртұрлі баламада тұсінеді,

себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға

береді. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы — тәрбиелі адамның идеалды

образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың

мұмкіндігінше нұсқасын анықтау — байсалды зердемен қоса, коп уақытта,

мамандық кұш салуды да талап етеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных