ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ату процесіндегі температуралық көлемдік өзгерістің бетон құрылымына әсері. 8Қату процессінжегі температуралық деформация Қату процесінің барысында, әсіресе алғашқы күндері цементтің экзотермиялық жылуынан бетон қызып, онан ары қату процессінің жалғасуынан бетонның температурасы төмендеп суйды. Осының нәтижесінде бетон массасында температуралық деформация орын алады. Деформацияның мөлшері температура және компоненттердің температуралық ұлғаю коэффициенттеріне, цементтің түріне, маркасына, бетонның көлеміне байланысты өзгереді. Температуралық деформацияның әсерінен бетон массасында орын алатын деффекттер: - бетонның ішкі қабатындағы температуралық ұлғаю коэффиценттердің айырмашылығынан толтырғыштармен цемент тасының байланысуының нашарлауы; - орта температурасының күрт төмендеуінен бетонның беті суып ішкі температурасы жоғары қабатты сығу нәтижесінде бетонның бетінде сызаттардың пайда болуы. Сызаттардың пайда болуы механизмі – бетонның сыртқы бетінде созу кернеуі пайда болып, оның мөлшері бетонның созылу кернеуінің шегінен асқанда бетон бетінде сызаттар пайда болады. Температуралық сызаттардың болмауын не болмаса азайту шаралары: - компоненттердің температуралық ұлғаю коэффициенттерінің жақындау болуы; - бетон температурасымен қоршаған орта температурасының айырмашылығын төмендету (жылумен өңдеуден кейін); - көлемі (массасы) үлкен гидротехникалық сооружениелерді бетондағанда маркасы төмен цементтерді не болмаса ұнтақталған қоспаларды пайдалану; - жан-жағы қырсауланған қалыптарды пайдалану. Көлемдік деформация туралы қысқаша түсініктеме Бетонның шөгуіне әсер ететін факторлар Цементтің ролі: - цемент шығыны; - цементтің түрлері ПЦ, ШПЦ, ППЦ; - цементтің белсенділігі (маркасы). Қату жағдайы: - қалыпты жағдайда қату; - жылумен өңдеу жағдайында. Толтырғыштардың ролі: - шығыны (концентрациясы); - физикалық, геометриялық ерекшеліктері: - гравий, щебень, ірілігі; - су сіңіргіштігі (водопоглощение). Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|