Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шенген визасының типі мен спецификасы




Шенген визасы қалай рәсімделеді?

1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.

Шенген визасы Шенген аймағы елдері үшін виза болып табылады. Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония. [В].

ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?

Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі. [17].

Шенген визасын алудың талаптары:

•Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;

•Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;

•Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);

•Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;

•Сауалнама толтырылуы тиіс.

Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:

•Шетелдік құжат;

•Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;

•Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;

•Валюталық шотыңыз туралы анықтама;

•Әуебилет;

•3,5х4,5 фотосурет (2 дана);

•Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.

Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?

•Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.

•Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.

•Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.

•Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.

•Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.

Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары

· Егер Сіз Шенген аймағының тек ғана бір мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекет Франция болған жағдайда, виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

· Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттердің бірінде болатын мерзіміңіз басқаларына қарағанда ұзағырақ болса, аталмыш мемлекеттің Елшілігі немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

· Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттерде болатын мерзіміңіз бірдей болған жағдайда, Сіз сапарыңыз басталатын мемлекет Елшілігіне немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

· Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз, бірақ Сіздің негізгі баратын мемлекетіңіз Франция болған жағдайда виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

Шенген визасының жаңа түрі

Еуропа Парламентінің және Еуропа Одағы Кеңесінің 2010 жылдың 5- сәуіріндегі жаңа қаулысына сай Шенген визасын алуға талапкерлер сауалнаманың жаңа түрін толтыруы тиіс. Үлгі виза алуға өтініш тапсырушымен ағылшын және француз тілдерінде талап етілген ретте толтырылуы тиіс екендігіне назар аударыңыз.

Ұлыбританияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:

1.Төлқұжат

2. төлқұжаттық үлгідегі 2 фотосурет (4/5-ке 3/5 ақ фонда)

3. он-лайн сауалнамасының және аппедикс № 8 қосымшасының қағазға басылған түрі

4.шетелдің жоғары оқу орны берген ‘Visa Letter' хатының түпнұсқасы

5.Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы

6.Орта білім туралы аттестаттың (бакалаврлар) және дипломның (магистрлер) нотариалды куәландырылған көшірмесі.

7.Консулдық жинақ (сома құжаттарды тапсыратын күні төленеді)

Британдық виза дайындау ұзақтығы 5-тен 10-ға дейінгі жұмыс күнін алады.

Ұлыбританияға виза ресімдеу жүйесінің ерекшеліктері: визаға құжаттарды Алматы қаласындағыВиза Орталығында, биометриялық деректерін тапсыруға байланысты жеке өзі келген кезде тапсыруға болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных