Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Коррекциялық педагогика адам туралы ғылымның жүйесі.Коррекциялық педагогика курсының пәні және міндеті, нысаны.




Лекция.

Жоспар:

1. Коррекциялық педагогика ғылымының жүйесі.

2. Коррекциялық педагогиканың пәні мен нысаны.

3. Коррекциялық педагогиканың міндеттері.

4. Педагогикалық коррекцияның негізгі категогриялары.

Коррекциялық педагогика ғылыми түсінік бойынша қазіргі педагогикалық ғылымда өзінің статусын алып отыр. Бұл баланың мінез – құлқындағы ауытқушылықтардың пайда болу себептерін, заңдылықтарын және оны түзетудің тәсілдері мен жолдарын әзірлейтін педагогикалық ғылымның саласы. Коррекциялық педагогика өмірдің қажеттілігіне қарай яғни балалар мен жас өспірімдердің тәрбиесіздігінің жоғарлауына қарай пайда болады. Сонымен қатар педагогикалық ЖОО-да корекциялық педагогика ғылым ретінде әлі де кеңінен мәлім бола қоймағанымен, ғалымдар және түрлі ғылым саласындағы мамандар дефектологияға аса зор маңыз беріп отыр. Дефектология- бала дамуындағы әр түрлі ауытқулар мен денсаулықтың бұзылуын зерттейтін ғылым. Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизімдерін танып белуге үлкен көңіл бөлінуде. Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан және ақыл - ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттігінен дәрігерлер, физиологтар және медицина-биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде. Психологтарға келетін болсақ, олардың назарын қашан да аномальды балалардың аударып келгені мәлім. Педагогтар аномальды балаларды оқытудың әр түрлі жүйесін қолданып, бар күш-жігерлерін

жұмсауда. Содықтан да аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш – ХVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында басталды. Бұл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тәсілі орын алды. Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қоймайды, сонымен қатар орталау және орта білім беретін сыныптарда жұмыс істейді. Арнаулы мекемелердің құрылыуымен бірге дефектологиясы дами берді. Сондықтан дефектологтар алдында аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндеті тұрды. Аномальды баланы оқытып, тәрбиелеу үшін, оның даму заңдарын білу керек. Сондықтан оны оқытып, үйрету процесі бізде өз ара байланысты екі жүйеден – ғылым негіздері ілімімен қаруландыруда, баланың өсіп- дамуын толықтырудан тұрады. Дефектологтар жасап, қарастырып жатқан екінші мәселе – компесация (өтеу, толықтыру) теориясы деп аталады. Егер керең бала сөзді естімейтін болса, оған ешқандай аппарат көмектесе алмаса, онда компенсация күшіне кіреді. Алайда ғылым бір орында тұрып қалуы тиіс емес.Бұған дефектологтардың компенсация теориясы, дифференциальды (бөліп) оқыту мәселесін шешуі дәлел. Бұл қайғыға өсіп келе жатқан адам туралы терең білімдер арқылы жаңа ұрпақ қарсы тұруы керек. Коррекциялық педагогика нысанына психофизиологиялық дамуда (сенсорлық- қозғалмалы, соматикалық, зерде – сөйлеу сферасы) немесе мінез – құлқында ауытқушылығы бар баланың тұлғасы жатады. Оның негізгі міндеттері:

  1. Мінез-құлық пен жетілудегі ауытқушылықтардың пайда болуларының себептерін (жағдайлары, факторлары) анықтау.
  2. Ауытқушылығы бар мінез-құлықтың пайда болуының заңдылығын анықтаудың факторларының кешенді анализі.
  3. Тәрбиедегі «норма» ұғымын әзірлеу және оның ауытқушылығы бар мінез-құлқықты түзетудің әдісіне, формасына, түрінің анализіне қолдану.
  4. Әртүрлі жастағы топтардың оқушыларымен түзету жұмыстарының практикалық әдістерін әзірлеу.

Коррекциялық педагогиканың негізгі категориялары: Қалыптастыру, жетілу, жетілудегі ауытқушылық, жетілудегі түзету, тәрбие, әлеуметтік мағынадағы тәрбие, кең, тар, оқыту, білім, ауытқушылық мінез-құлық, мінез-құлықты түзету, түзету әдісі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных