Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жақын адамдармен эмоционалдық әрекеттесу – баланың толық дамуының негізгі бұлағы.




Қоршаған ортаның ең маңызды элементі адам мінезінің дамуын анықтайтын танымдық процесс – ерік. Педагогика және психологияда осы уақытқа дейін толық қаралмаған, күрделі құбылыс еріктегі қажеттілікті мамандар бір қорытындысын – адамдық қажеттілікті айтады.

Психологиялық тұрғыда ерікті – адамның өз мінезін, жасаған іс-әрекетін және т.б. саналы түрде меңгере алуының қабілеті деп айтуға болады.

Жағдайяттар, балаға немесе үлкен адамдарға күйесіздікті сезіну, босаңдық және қорғанышсыздық бала бойында қатыгездікті және садизмді тудыруына әкеп соқтырады. Осындай жағдайға Фромм шақырылатын қорқыныш сезімін жатқызады. Бұл «авторитарлы» жазалау болуы мүмкін. Өмірлік күштін әлсізденуіне әкеліп соқтыратын басқа ең бір маңызды жағдай жанның қайыршылануы болып табылады. Бала қуанышсыз атмосферада, қатты қарым – қатынаста және жанның керексіздігіде өмір сүргенде, ол іштей «тонады» не, болмаса «қатады». Эмоционалдық жылулықтың, махаббаттың болмауы баланы жігерсіздікке, мұңаюшылыққа әкеледі. Соның салдарынан бала өатыгез болып шығады. Тұлға дамуының бұзылуын шақыратын мінез, құндылық қалып – күй, бағдарлау негізгі бөлігі болып табылатын әлеуметтік ортасы маңызды факторы ьолып табылады. Әлеуметтік топ (отбасы, мектеп) балаға үлкен әсерін тигізеді. Американың белгілі зерттеушісі психоаналитикалық бағдарлаушы Карен Хорни тұлғаның дамуында әлеуметтік ортаның алатын орны зор – дейді. Карен Хорни негізгі түсініктемесі – «негізгі қорқыныш» түсінігі. «изоляция сезімі және қорғансыздығы болады» Осы сезімдер көп жағымсыз ортаның факторларының туындауына: түзу және түзу емес қалыптасу, айырмашылықсыздық, мінезінің тұрақсыздығы, бірбеткейлік, баланың индивидуалдық қажеттілігіне сыйлаудың жетіспеушілігі, жетекшілік етудің жетіспеушілігі жатады. Баланың дамуның ең басты ахлуалына, эмоционалдық бұзылу, мінез-құлқының бұзылуына байланысты. Олардың жүру механизмін олардың бұзылу себептері қарастыратын арнайы Отандық зерттеушілер көп мәліметтер жинады. Соған А.И. Захаров, М. Раттер, А.Е. Личко, Г.М. Бреслев т.б. жатады.

Лекция Тақырып: Дамуында ауытқушылықтары бар балалармен коррекциялық педагогикалық жұмыс жүргізудің негізі. Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың түрлері мен жіктелуі.

Жоспар:

1. Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың түрлері мен жіктелуі.

2. Интеллектіде бұзылушылығы бар балалармен түзету- тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі.

3. Туа біткен және жүре пайда болған естудің бұзылушылықтары.

4. Көрудің және сөйлеудің бұзылуының себептері мен жіктелуі: соқыр және құлақ мүкістігі.

5. Деменция – психикалық дамуының бұзылуы.

Біздіңше, балалармен жас өспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылықтар мына себептерге байланысты болуы ғажап емес.

- дұрыс тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

- жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

- психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

- ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспағандығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;

- қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік – психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуы, т.б. жағымсыз жәйіттер. Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік педагогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл иен мағынаға ие.

Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмытылуына алып келеді. Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың түрлері мен жіктелуі.

Ақылдары кемтар балалардың дамуы екі түрге бөлінеді психикалық және

физикалық кемшіліктері баланың барлық дамуына әсер етеді. Кемшіліктің түріне қарағанда, оның басталуы уақытында кейбір кемшіліктерді емдеуге болады, кейбіреуі тек қана жартылай емделеді. Кемшіліктің басталуы барысында психологиялық-педагогикалық жұмыстарын өткізсе, оның (жұмыстарын) нәтижелі болуы мүмкін. Дамуында кемшіліктері бар балаларға психо- педагогикалық коррекция және реаблелитация тек қана сол жағдайда керек баланың дамуына бір ауытпалық бар болса В.В. Лебединский психологиялық дизонтегенез мәселесін қарастырған. «Дизонтогенез» термині жетілу түрінен индивидтің айырмашылығын яғни онтогенездің бұзылуының әр түрлі формасын білдіреді.

Дизонтогенез сипаттамасы белгілі бір психикалық параметрлерден тұрады:

- Бұзушылықтың функционалдық локализациясының ерекшелігі. Бұзушылыққа қарай дефекті екі түрге бөлінеді – жеке (жетілмеушілік немесе анализаторлық жүйелердің жеке бұзылуы) және (миқыртыс және миқыртыс астындағы жүйелердің реттеуішінің бұзылуы) жалпы;

- Зақымдану уақыты. Зақымдану уақыты ерте басталса, психикалық жетілмеушіліктің де көбірек болуы мүмкін;

- Бірінші және екінші дефектінің арасындағы өзара байланыс. Алғашқы бұзушылықтар дефектінің биологиялық мінезінен пайда болады (естудің, көрудің бұзылуы, және т.б.). Екінші бұзушылықтар онамалды жетілудің процесінде пайда болады;

- Функция аралық өзара әрекет етушілік. Оларға оқшаланудың, патологиялық фиксацияның механизмдері жатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных