Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Жалпы білім беретін мектептардегі психикалық дамуында кемістігі бар балалар.




Жоспар:

  1. Психикалық дамуында кемістігі бар балалар.
  2. ПДК бар балалардың педагогикалық төмен кетушілік және ақыл - ойдан артта қалушылыққа сипаттама.
  3. ПДК барлық нұсқаларының бір-бірімен ерекшелігі.

Психикалық дамуындағы кемістік (ПДК) – психикалық дамудың қалыпты темпінің бұзылуы. Оның нәтижесінде мектептік жасқа жеткен бала ойын қызығушылығында, мектепке дейінгі балалардың ортасында қала береді. ПДК болған кезде балалар мектептің жұмысына кірісе алмайды. Мектеп тапсырмасын орындап оны қабылдай алмайды. Олар өздерін сыныпта бала бақшасындағы ойын жағдайында немесе отбасы жағдайында сияқты сезінеді.

Дамуда психологиялық уақытша кемістіктері бар балаларды кей кезде ақыл-ойдан артта қалғандар деп қате пікір айтады. Ол топтардың айырмашылығы екі тәсілмен анықталады.

ПДК бар балалар элементарлы сауаттылықты игеру кезінде тақпақтар мен ертегілерді есте сақтауға бейім. Бірақ оларда танымдық жұмыс жасау деңгейі төмен болып келеді.

Осындай мінездеме ақыл-ойдан артта қалған балаларға тән емес. Уақытша ПДК бар балалар оларға көрсетілген көмекті пайдалана алады. Жаттығуды орындау барысында принципті игереді.

Бұл олардың келешекте толық қанды жетілуге мүмкіндіктері барлығын көрсетеді. Себебі олар келешекте өздерінің үйренгендерінің арқасында дербес жұмыс атқара алатын болады.

Уақытша ПДК бар балалармен ұзақ уақыт бақылау жасаудың нәтижесі осы балалардың көрсетілген көмекті пайдалана алуларының арқасында келешекте жалпы мектептерде оқи алатындарын көрсетті.

Жалпы білім беру мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселесі педагогтардың, психологтардың, медиктердің назарын өзіне аударды.

ПДК-ті кешенді зерделеу 60 жылдары жүргізіле бастады. Себебі ол педагогикалық қажеттілікпен тығыз байланысты болды. Мектептің жаңа қиынырақ бағдарламаға көшуі үлгермейтін оқушылардың жағдайын төмендетіп жіберді.

ПДК бар балалар туралы клиникалық мәліметтердің алғашқы жинақталуды Т.А. Власова мен М.С. Певзнер жасады. ПДК мәселесін көп жоспарлы және тиянақты зерделеу нәтижесінде кейінгі жылдары құнды ғылыми мәліметтерді алуға көмектесті.

ПДК бар балалар педагогкаилық төмен кетушілікпен, ақыл-ойдан артта қалушылықпен кей белгілермен сипатталады. Оларда жеке анализаторлық бұзушылықтар болмайды. Бірақ соған қарамастан олар мектепте үлгермеушілікке тап болады. Бұл симптомдардың патогенезді негіздері орталық жүйке жүйесінің ауруы болып табылады.

Баланың орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары ми жүйесінің жетілуінің бұзылушылығы болып табылады.

ПДК бар балаларда энцефалопатиялық симптомдар – гипербелсенділік, алаңдау, агрессия және т.б. кездеседі. Бұл орталық жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігін білдіреді.

М.С. Певзнер инфантилизмнің кейбір клиникалық нұсқаларын көрсете отыра, кідіріс симптомын эмоционалды-жігерлі сфераның ғана дамымауымен түсіндіреді. Бұл жағдайда баланы интеллектісі алғашқыда сақталған. Кей мамандар (Е.Г. Сухарева, М.С. Певзнер, Т.А. Власова, Е.С. Иванов және т.б.) церебральды астения, аффективті ықылас, психикалық бұзылушылықтарды еңбекке қабілеттілікті төмендетеді деп санайды.

ПДК бар балалар өте қиын емдеуді қажет етеді.

Мамандар ПДК–ның клиникалық әр түрлілігін көрсетеді. Және де ПДК бекемдігін эмоционалды жетілмеуде деп түсіндіреді. ПДК бар балалардың клиникалық ерекшеліктерін ғылыми мәліметтермен анықтай отыра, зерттеушілер (Т.А. Власова, К.С. Лебединская, В.И. Лубовский, М.С. Певзнер) бұл жағдайдың бірнеше нұсқаларын көрсетеді.

Психологиялық инфантилизм (эмоционалды жетілмеген балалар), ұзақ уақытқа созылған астеникалық күй жеңіл формаларды білдіреді. ПДК бар балалар осы формалардан біріншіден эмоционалды-жігерлі реттеуіштердің темпің бұзылуымен мүмкін болады. Ал осының аз еңбекке қабілеттіліктің негізінде тез арықтау, естің, зейіннің аритмиясы болады. Психиканың бұл ерекшеліктері балалардың оқуына кері әсер ете алмайды. К.С. Лебединския ПДК-ны этнопатогенетикалық классификация жасады.

Негізгі клиникалық типтер этнопатонегетикалық принцип бойынша бөлінді:

а) конституциялық шығу тегі;

б) самотогенді шығу тегі;

в) психогенді шығу тегі;

г) церебрастеникалық шығу тегі.

ПДК-ның барлық нұсқалары бір-бірінен ерекшелінеді. Екі негізгі компонеттің қатынасында: инфантилизмнің құрылымы; нейродинамикалық бұзылудың мінездемесінде айырмашылықтары бар

I. Психикалық дамудағы кемістік конституциялық шығу тегі (гармондық инфантилизм). Бұл нұсқада балалардың эмоционалды-жігерлі сферасы жетілудің ерте сатысында болады.

II. Психикалық дамудағы кемістік самотогенді шығу тегі. Бұл кезең әр түрлі шығу тектерінің ұзақ соматикалық жетіспеушіліктерімен негізделеді:

· Созылмалы инфекциялар;

· Аллергиялық жағдайлар;

· Туа біткен және жүре пайда болған дамулар;

· Балалық неврозда;

· Астения.

Осылардың бәрі психикалық тонустың төменденуіне әкеп соқтырады.

III. Психикалық дамудағы кемістік психогенді шығу тегі бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына әсерін тигізетін тәрбиенің жағымсыз жағдайларымен байланысты.

Ортаның жағымсыз жағдайлары баланың жүйке-психикалық сферасына әсер етеді. Біріншіден оның эмоционалдық дамуына әсерін тигізеді.

IV. Психикалық дамудағы кемістік церебрастеникалық шығу тегі. Бұл нұсқадағы балаларда орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзушылығының ауытқушылығы байқалады. Бірақ ол ақыл-ойдың артта қалуын білдірмейді.

ПДК бұл нұсқасы өте жиі кездеседі және аталған даму кемістіктерде негізгі орын алады.

 

 

9.Тақырып: Психикалық дамуында кемістігі бар балалармен коррекциялық жұмыстың жүргізу ерекшеліктері.

Жоспар:

  1. ПДК бар балалар арнайы коррекциялық мекемелерде жұмыс жүргізу.
  2. Коррекциялық жұмыс барысында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі.
  3. Соңғы жылдары коррекциялық педагогиканың негізін құрған ғалымдар.

XIX ғасырдың аяғында психологиялық – педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыт «педалогия», яғни, тура аударғанда «балалар туралы ғылым», «балатану» деген атқа ие болады. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педалогияны индивиттің сәби, жасөспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Жалпы ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – балалардың оқып білім алуға, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға және т.б. деген көңіл-күй қатынасы. Сонымен қатар оқыту жүйесіндегі ақаулардың бала психикасына жағымсыз әсері бүгінгі мектепте оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті мақсаттарының сәйкес келмеуінен күшейеді. Педагог пен оқушының бірлескен іс-әрекеті педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың тиімді тәсілі. Психикалық денсаулықтың бұзылуы жүйке- психикалық науқастардың пайда болуымен анықталады. Қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша жасөспірімдердің 50 пайызы жүйке ауруы, қан айналымы төмен, өкпе, т.б. аурулармен ауырады екен. Мүгедектер саны артып отыр. Олардың ішінде іштен туа пайда болатын науқастар да көптеп кездеседі.

Соңғы жылдары В. Кащенко және Л. Выготский емдік педагогиканың теоретикалық негізін қалады. Емдік педагогиканың мақсаты – ақыл-ойы артта қалған балалардың нығайып өсуі мен ақыл есінің дамуын, коррекциялық дамуын, яғни, психикалық жағынан мінез-құлқы, сөйлеуі, басқа да сезім мүшелерінің жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер жасау, сондай-ақ ақыл-ойы артта қалған балалардың коррекциялық арнайы жеке және топтық бағдарламалары мен әдіс-тәсілдерін жасау, олардың отбасы тәрбиесінің және психотерапиясының бағдарламасын жасау. Әрине, жүйке жүйесінің бұзылуы педагогикалық емдеуге әжептеуір қиыншылықтар туғызады, яғни, қоршаған ортаға қызығуының жоқтығы, өзгелермен қарым-қатынасының болмауы және т.б. Мұндай ақыл-ойы артта қалған балалармен дәрігерлік – психологиялық – педагогикалық және коррекциялық шараларды жүргізгенде мамандар мынадай маңызды ұстанымдарды сақтауы тиіс.

Балалар құқығы туралы. Конвенцияда бекітілген балалардың тұлғалық тәндік және ақыл – ойының дамуы, оның білім алу құқығын қатан түрде сақтау.

Жеке және топ арқылы олармен коррекциялық – дамыту сабақтарын жүргізу. Қимыл-қозғалысы мен ақыл-ойының жетілуін бағалап жетілдіре түсу.

Ақыл-ойы артта қалған балалардың психологиялық қауыпсіздігін сақтау, сол ортаға мейрімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылықтарын түсіну және жағдай жасау. Әр балаға жоспар мен бағдарлама жасап, оларды соған дағдыландыру. Мамандар олардың қуануына, тыныштықта болуына жағдай жасап, олардың жеке басының қызығуын арттыру. Баланың өзі жасаған жұмысын бағалай білуге дағдыландыру.

Балалармен атқарылатын коррекциялық жұмыс барысында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға міндетті түрде ерекше әдіс-тәсілдер қолданылуы тиіс: тәжірибелік құралдар, ойынға, еңбекке баулуға байланысты барлық көрнекі құралдардың түрлері.

Ақыл – ойы артта қалған балаларға емдік – педагогикалық көмекті ұйымдастыру негізінен үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – балаға алғаш дүниеге келген кезден бастап жүйке жүйесі бұзылған жағдайда арнайы көмек беріледі. Көмекті арнайы психоневрологиялық стационарларда, балалар невропатологі және психиатрында бақылауда болады және медициналық көмектер көрсетіледі.

Екінші кезең – мектепке дейінгі ақыл-ойы артта қалған балалар арнайы стационарлар, санаториялар, балалар бақшасы, балалар үйі, аймақтық емханалар және психоневрологиялық диспансерлерде қаралады.Балалар бақшасы мен балалар үйіне жолдаманы аймақтық ақыл-кеңесшілерден, мамандардан алады. Бұл кезеңде балалардың ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында тәрбиелік маңызы бар бағдарламалар жасалып, емдік шаралары өтеді.

Үшінші кезең – мектеп жасындағы жасөспірімдерге арналған стационарлар, санаториялық мектептер, арнайы мектептер мен мектеп – интернаттар, балалар үйі мен мүгедек балалар үйі болады. Оларды оқу және тәрбиеге баули отырып психологиялық кеңес беріледі.

Әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жөніндегі құралдың авторы В. Комиед балалардың ақыл-ойын арттыру үшін кеңесшіге тән сапалар тізімін көрсеткен.

Олар төмендегілер:

1. Эмпатия немесе түсінісу – басқа адамның көзімен әлемді көруге күш салу.

2. Құрметтеу – адамның мәселені шешу қабілетіне сену.

3. Нақтылық немесе анық болу қабілеті - өз ойларын айтуда терең анықтылық орын алатын, басқа адаммен қарым – қатынас жасаудағы ептілік қасиеті.

4. Өзіңді білу және қабылдау, сондай-ақ басқа адамға көмек беруге даярлық.

5. Шынайылық – қарым–қатынастарда шынайы болу қабілеті.

6. Конгруэнттілік – сөздік түрде айтылатын ойдың іспен сәйкес келуі.

7. Тікелестілілік (“immediacy” – бір нәрсені бірден, ешкімсіз, соңына қалдырмастан орындау қабілеті) – дәл осы уақытта кеңес беру үрдісіндегі тәжірибемен жұмыс.

Ақыл-ойы артта қалған балаларға психологиялық кеңес берудің негізгі ұстанымдарына мыналар жатады:

- ізгіліктік, яғни, адам мүмкіндігіне үміттілігі;

- шынайылық – шынайы мүмкіндікті және жағдайларды есепке алу;

- жүйелілік – адамды сау, дамушы субъект ретінде қарастыру;

- баламалық – кеңес беруге, тапсырысқа, кеңес алушының мүмкіндігіне және ұстанымына тәуелді кеңес беру кезіндегі мазмұнның, формалардың, тәсілдердің өзгеруі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных