Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Психологиялық аспект проблемасы ( норма – аномалия).




Психологиялық әдіс - анализге нормалық дамуда, жалпы психологиялық және жасаралық психологиялық аспект қарастырылады. Психологиялық даму барысында жұмыс істеген Л.С. Выготский. Психологиялық дамуда оның түсінігінше процесс білімді (кризис), периодтық структуралық түр. Онда негізгі ұғым критикалық жас. Ол баланың психикалық жетілуінің бірнеше критикалық, құбылысты пунктерді бөліп алды. Кризистер - жетілудің қажетті кезеңдері (этаптары) деп санады. Оның кезеңденуінде келесі жастар мен кризистер ұсынылған: бір жастың кризисі, үш жастың кризисі, жеті жастың кризисі, үшінші жастың кризисі, он жеті жастың кризисі. Оның көзқарасына сай, баланың тұлғасы тұтас өзгереді. Осы тұтастықтың заңының өзгеруі әр психикалық функцияның өзгеруін анықтайды. Әрбір жастық кезең сананы толығымен ерекше құруды мінездейді. Әрбір жаста басқалар да ие болатын орталық жаңа пайда болу бар. Аталған мәселені шешуде талантты ғалым – психолог Д.Б. Эльконин (1904 – 1984) маңызды еңбек сіңірді. Ол баланың психикалық жетілуінің жастық кезеңденуінің ұтымды концепциясын әзірледі. Ол оның негізіне өсіп келе жатқан адамның жетілуінің заңдылығын салды, яғни бастаушы іс - әрекет. Психикалық жетілудің механизмін зерттей отырып, Д.Б. Эльконин адамдар қатынасының жүйесінің анализіне тоқталады. Екі қарым – қатынас жүйесі бар: адам – зат жүйесі және адам – адам жүйесі. Жетілуде осы екі жүйе бала – қоғамдық зат және бала – қоғамдық ересек жүйелері көрінеді. Ересек адам бала үшін затпен жаңа және одан да қиын тәсілдермен пайдалануды үйрету ретінде қызмет атқарады. Баланың тұлғасын қалыптастыру бала – қоғамдық зат және бала – қоғамдық ересек жүйелерінің ішкі әрекет етулері арқылы жүзеге асады. Балалық жетілу Д.Б Элькониннің гипотезасына сай кезеңденеді. Баланың жетілуінің барысында тапсырмаларды игеру, дағды және адамдар арасындағы қарым – қатынас нормалары кездесетін кезеңдер ауыстырылады. Игеру мазмұнында әрбір кезеңнің өзіндік орны бар. Баланың психикалық жетілуінде Д.Б. Эльконин екі кезеңді атап көрсетеді. Олар әдебиетте үш жастың кризисі деген атпен белгілі ерте балалаықтан мектепке дейінгі жас және жыныстық жетілудің кризисі деп аталатын бастауыш мектепке дейінгі жастан жас өспірімдікке көшу кезеңі. Осы екі көшу кезеңінде өзін- өзі басқару тенденциясы күшейеді. Үш жастың кризисін ғылыми түрде Л.С. Выготский бейнелеп берді. Ол оның оң және теріс жақтарын бөлді. Кризис туралы бірінші симптом – баланың негативизмі, яғни ересек адамның тарапынан болған талаптарды орындаудан бас тарту. Бала ересек адамның сауалына, оның мазмұнына теріс әрекет етеді. Екінші симптом – бұл бірбеткейлік, бала бір нәрсені көңілі соққандықтан емес, оны ол қажет етуіне байланысты сұрауы. Келесі симптом – шапшаң болып табылады. Ол бір беткейлікке қарағанда басты мінезге ие. Өмірдің қатып қалған нормаларына қарсы бағытталған. Төртінші симптом - өзіндік еркіндік, бала бұл жағдайда дербестікті талап етеді. Ол бәрін де өзі жасағысы келеді. Басқа симптомдарды Выготский екінші кезектегілер деп санайды. Баланың мінез – құлқы наразылық білдірудің кей жерлеріне ұқсай бастағанда, тұрақты конфликт болған кезде бұл наразылық білдіру – бүлік. Құнсыздану симптомы балалар дөрекі сөздерді сөйлей бастаған кезде болады. Бір балалы отбасында деспотизм формасында білдірілетін симптом көрінсе, бірнеше балалы отбасында басқа балалардың қарым – қатынасында қызғанушылық түрінде байқалады. Бірақ барлық осы симптомдардың ішінен Л.С. Выготский позитивті түрін де көреді. Бұл ересектен бөлектену, психологиялық жаңаның пайда болуы, яғни мен- өзім, дербестіктің пайда болуы. Мектепке дейінгі жас -тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңі. Баланың балалық шағында жетілу теориясын құрастыруға әрекет еткен академик А.Н. Леонтьев мектепке дейінгі жаста мәнез – құлықтың тұлғалық механизмдері қалыптасады деген қорытындыға келеді. Мектепке дейінгі жаста жүре пайда болатын мінез – құлық пайда болады және болған мақсатты ұстай алуды және ереже бойынша әрекет етуді, өзіне таныс жағдайда әрекетті жоспарлай алуды, оның нәтижесін көруді білдіреді. Мектепке дейінгі оқушы этикалық норманы игереді. Оның моральдық бағасы, өмірдің оқиғаларына белсенді қарым – қатынасы, қайғыру, қамқорлық қалыптасады. Жеті жастағы кризис тікелей кризис деп аталады. (Л.С. Выготский, Д.Б, Эльконин). Мектепке дейінгі жасқа көшу кезеңінде баланың мінез – құлқында біршама өзгерістер болады. Жеті жастағы кризистің маңыздысы деп Л.С. Выготский «бала тұлғасының ішкі және сыртқы талаптарының дифференциялануының басталуын» санайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных